52-10-бап. Инвестициялық қызметті лизинг (жалдау) талаптары бойынша жүзеге асыру
1. Ислам банктері инвестициялық қызметті лизинг (жалдау) талаптары бойынша жүзеге асыруға құқылы.
2. Ислам банкінің инвестициялық қызметті мүлік лизингі (жалдау) талаптары бойынша жүзеге асыруы жөніндегі қатынастарына осы бапта көзделген ерекшеліктерімен қаржы лизингі туралы немесе мүлікті жалдау туралы ережелер қолданылады.
3. Ислам банкімен жасалған лизинг (жалдау) шартының талаптары жалға алынатын мүлікті сатып алу құқығын көздей алмайды. Жалға алынған мүлікке меншік құқығы жеке келісімнің негізінде лизинг алушыға (жалдаушыға) ауысуы мүмкін.
4. Егер ислам банкінің жарғысында немесе ішкі ережелерінде өзгеше көзделмесе, мүлік лизингі немесе жалдау бойынша мәмілелер осы Заңның 52-2-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес бекітілген Ислам банкінің операцияларын жүргізудің жалпы талаптары туралы ережеге сәйкес жасалады және исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңестің жеке бекітуін талап етпейді.
5. Шартта лизингтік төлемдерге ақы төлеу (жалдау төлемін) жөніндегі міндеттемелерді мүлік кепілімен қамтамасыз ету туралы талап көзделуі мүмкін.
52-11-бап. Ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезінде агенттік қызметті жүзеге асыру
1. Ислам банкінің банк операцияларын жүргізу кезінде ислам банкі агенттік қызметті жүзеге асыруға құқылы, оған сәйкес ислам банкі өз клиентінің агенті болады не үшінші тұлғаны өзінің агенті етіп тағайындайды.
2. Агенттік келісімге сәйкес агент клиенттің атынан және оның тапсырмасы бойынша не өз атынан, бірақ клиенттің тапсырмасы бойынша және соның есебінен өзінің жеке тәжірибесі мен білімі негізінде сыйақы үшін табыс алуға бағытталған белгілі бір заңды іс-қимылдар жасауға міндеттенеді.
3. Ислам банкінің агенттік келісімдеріне оның талаптарына байланысты осы бапта көзделген ерекшеліктері бар тапсырма немесе комиссия шарты туралы ережелер қолданылады.
4. Жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде банктер және өзге қаржы ұйымдары ислам банкімен жасалған агенттік келісім бойынша тараптар (клиент не агент) ретінде бола алады.
5. Агенттік келісімнің талаптарында агенттің сыйақысын анықтау және төлеу тәртібі белгіленуге тиіс. Клиент табысының кепілдік берілген мөлшері агенттік келісімнің талаптарында көзделе алмайды.
6. Агенттің сыйақы алу құқығы агенттік келісімнің орындалу нәтижелеріне қарамастан сақталады.
7. Агенттің кінәсінен залалдар туындаған жағдайларды қоспағанда, агент қызметі нәтижесінде келтірілетін залалдар тәуекелін агенттік келісімнің клиенті көтереді.
5-тарау. Есеп және есеп беру
53-бап. Банкінің қаржы (операция) жылы
Банкінің қажы (операция) жылы 1 қаңтарда басталып, 31-желтоқсанда аяқталады. Егер банкіні тiркеу 1 қаңтардан кейiн жүзеге асырылса, онда бірiншi қаржы (операция) жылы банк мемлекеттік тiркеуден өткен күннен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2010.19.03. № 258-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 54-бап өзгертiлдi; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 54-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
54-бап. Банктердегi есепке алу және есептілік
1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептiлiктiң тізбесін, нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті орган белгілейдi.
Банктер операциялар мен оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Банктер уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тысқары жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген кредиттердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және банк құпиясын құрайтын мәлiметтердi қоса алғанда, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
3. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде уәкілетті орган сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.
4. Уәкілетті органның қызметкерлері осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 54-1-баппен толықтырылды; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 54-1-бап өзгертілді; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 54-1-бап жаңа редакцияда; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңымен 54-1-бап өзгертiлдi; 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) Заңымен 54-1-бап жаңа редакцияда; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 54-1-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
54-1-бап. Банктің ірі қатысушылары мен банк холдингтерінің есептілігі
1. Банктің жеке тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде кірістері мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтитын есептілікті, сондай-ақ:
1) оның басқа тұлғалармен бірлесіп өз араларындағы шартқа орай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерге ықпал етуді жүзеге асыруы туралы, оның ішінде мұндай ықпал ету мүмкіндігін айқындайтын өкілеттіктер берудің сипаттамасы қамтылатын;
2) жарғылық капиталдарға (акцияларға) қатысудың өзіне тиесілі үлестерін көрсете отырып, ұйымдарда өзінің атқаратын лауазымдары туралы;
3) ұйымдардың жарғылық капиталына қатысудың өзіне тиесілі үлестері (акциялар), сондай-ақ оларды сатып алу көздері туралы;
4) жақын туыстары, сондай-ақ осы тұлғалар бақылайтын ұйымдар жұбайы және жұбайының (зайыбының) жақын туыстары туралы ақпаратты;
5) кірістер мен мүлкі туралы мәліметтерді, банктің ірі қатысушысы салық органдарына беретін жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін егер ол бар болса, беруге тиіс.
2. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы уәкілетті органға қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күннің ішінде жыл сайын қаржылық есептілікті және оған берілетін түсіндірме жазбаны, сондай-ақ үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы есепті табыс етуге тиіс.
3. Есептілікті табыс ету тәртібі және оның нысандары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
4. Банк холдингі уәкілетті органға:
1) есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік тоқсан күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны және есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
2) қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде, аудиторлық ұйым куәландырмаған, шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны;
3) үлестес тұлғалармен мәмілелер туралы тоқсан сайынғы есепті табыс етуге тиіс.
5. Банктің заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбада, сондай-ақ банк холдингінің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептілігіне түсіндірме жазбаларда мынадай ақпарат:
1) ірі қатысушының (банк холдингінің) қызмет түрлерінің сипаттамасы;
2) ірі қатысушы (банк холдингі) қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акцияларының саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы, ірі қатысушы (банк холдингі) ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылатын ұйымдардың қаржылық есептілігі, банк конгломератының құрылымы туралы есеп;
3) банктің ірі қатысушысының (банк холдингінің) ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталға қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйымның қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы және қаржылық есептілігі, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалар туралы, ірі қатысушыға бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, банктің ірі қатысушысын бақылайтын тұлғаның еншілес және тәуелді ұйымдары туралы мәліметтер;
4) банк конгломератының үшінші тұлғалар (тұлғалар тобы) алдындағы банк конгломератының меншікті капиталының он және одан көп пайызын құрайтын барлық міндеттемелері туралы есептер көрсетілуге тиіс.
Банкте банк холдингі болмаған жағдайда банктің ірі қатысушысы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей қаржылық есептілікті және осы тармақта көрсетілген ақпаратты табыс етуге тиіс.
Банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі басшы қызметкерлерінің құрамы өзгерген жағдайда банктің ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі уәкілетті органға көрсетілген өзгерістер болған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде растайтын құжаттарды тіркей отырып, басшы қызметкерлердің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді табыс етеді.
6. Егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы болып табылса, банктің ірі қатысушысы, банк холдингі осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1)-3) тармақшаларында көзделген ақпаратты береді, бұл ретте, егер банктің ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезеңге ұсынса, қаржылық есептілік және оған түсіндірме жазба табыс етілмейді.
7. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк холдингі қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз сексен күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес уәкілетті органға жылдық қаржылық есептілікті ұсынуға тиіс.
Қазақстан Республикасының резиденті емес-жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысына осы баптың 1-тармағының талаптары қолданылады.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысына осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк холдингіне қатысты көзделген талаптар қолданылады.
8. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 55-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 55-бап өзгертiлдi
55-бап. Банк және банк холдингі қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау
Банктер - жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда, шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Банктер тоқсан сайын уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай келетін бухгалтерлік балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық растауынсыз-ақ жариялап отырады.
Банк холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, сондай-ақ еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда - шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.
Осы баптың талаптары Қазақстан Республикасының банк холдингі болып табылатын резидент еместерге қолданылмайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 56-бап өзгертiлдi
56-бап. Құжаттарды есепке алу және сақтау
1. Банкiлер бухгалтерлiк есепте және есеп берудi жасау кезiнде пайдаланылатын құжаттардың қатаң есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Сақталуға тиiс негiзгi құжаттар тiзбесiн және олардың сақталу мерзiмiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
6-тарау. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген тұлғаларына аудит
11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 57-бап өзгертiлдi; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен 57-бап жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 57-бап өзгертілді
57-бап. Банктерге және олардың аффилиирлендірілген тұлғаларына аудит
1. Банк аудитін аудиторлық қызмет туралы заңдарға сәйкес аудит жүргiзуге құқылы және осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетiн аудиторлық ұйым (аудитор) жүргiзе алады.
1-1. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу банктерге, банк холдингтеріне және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмесі мен аудиторлық ұйымның ұсыныстарын осы құжаттарды алған күннен бастап немесе оларды банктерге, банк холдингтеріне және банк (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдарға бергеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде банктер, банк холдингтері және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымдар немесе аудиторлық ұйымдар уәкiлеттi органға табыс етуге тиіс.
Банктің және банк холдингінің шоғырландырылған жылдық қаржылық есебін банктерге аудит жүргізуге құқылы аудиторлық ұйым куәландыруға тиіс.
Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын бас ұйым мен оның еншілес ұйымдары ретінде банк конгломератына кіретін ұйымдардың аудитін бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Резидент еместердің бас ұйымы мен оның еншілес ұйымдарының аудитін, мұндай аудитті жүргізу олардың резиденттілік елі заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін жағдайларда, бір сол аудиторлық ұйым жүзеге асыруға тиіс.
1-2. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
1-3. Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын банк холдингі уәкілетті органға аудиторлық есептің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.
2. 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Банктерге аудит мыналарды анықтау мақсатында жүргiзiледi:
жүргiзiлген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезiнде, толық және дәлме-дәл көрсетiлуi;
жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңның және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi;
жүргiзiлген банк операцияларының оларды жүргiзудiң жалпы шарттарына сәйкестiгi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзу тәртібінiң банкінің iшкi ережелерiне сәйкестiгi.
4. Аудиторлық ұйым аудит нәтижелерін және өз қорытындыларын банктің директорлар кеңесі мен басқармасына, банк айқындайтын қажетті жағдайда банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға табыс етілетін есепте баяндайды.
Банктің немесе банк конгломератының құрамына кіретін басқа заңды тұлғалардың қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпия болып табылмайды.
5. Банк аудиторлық есептің көшірмесін оны алғаннан кейін он күн ішінде банк конгломераты құрамына кіретін басқа заңды тұлғаларға беруге міндетті.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6. Банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аудиторлық ұйым аудиторлық есепте көрсетілетін банктің немесе банк конгломератының қаржылық жағдайына әсер ететін жолсыздықтарды банк, банк холдингі және банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйым аталған есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкiлеттi орган жолсыздықтар жойылғанға дейін:
банк холдингіне, банк және (немесе) банк холдингі ірі қатысушылары болып табылатын ұйымға қатысты осы Заңның
Достарыңызбен бөлісу: |