Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысының экономика сериясы, №1•2019 37 есеп және аудит accounting and auditing учет и аудит



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата08.03.2023
өлшемі0.68 Mb.
#470515
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ХАБАРШЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА сериясы, № 1•2019
37
ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ
ACCOUNTING AND AUDITING
УЧЕТ И АУДИТ 
МРНТИ 06.35.31
Б.А. Алибекова, Д.Б. Джаксылыкова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан 
(E-mail: alibekova_ba@enu.kz, jaxylykovadana@gmail.com)
Мемлекеттік аудиттегі стандарттар жүйесі
Аннотация. Бұл мақалада Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудиттің норма-
тивтік-құқықтық реттелуінің екінші деңгейі, яғни мемлекеттік аудиттегі стандарттар жүйесі, оның 
ішінде халықаралық және отандық стандарттары қарастырылған. Жаһандану жағдайын ескере оты-
рып жаңадан қалыптасып келе жатқан отандық стандарттар жүйесінің халықаралық стандарттар 
талаптарына сәйкестендіру өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сол себепті, бұл мақалада 
отандық стандарттар жүйесінің бүгінгі күні нақты қолданыстағы бар стандарттары анықталып
мемлекеттік аудиттің отандық стандарттарының халықаралық тәжірибеге негізделген ISSAI стан-
дарттарымен интеграциялау деңгейлері қамтылған. 
Түйін сөздер: мемлекеттік аудит, мемлекеттік аудит стандарттары, мемлекеттік аудиттің 
халықаралық стандарттары, мемлекеттік аудиттің отандық стандарттары, INTOSAI, жоғары мемле-
кеттік аудит органдары.
DOI: https://doi.org/10.32523/2079-620X-2019-1-37-48
Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына 
Жолдауында елде мемлекеттік аудиттің ең озық әлемдік тәжірибесін негізге ала отырып 
кешенді жүйе құрастыруды міндеттенді [1]. Аталған міндетті жүзеге асыру арнасында 2015 
жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақы-
лау туралы» заңы қабылданып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы 
органдардың өкілеттіліктері мен қызметтерінің ұйымдастырылуын анықтайтын, осы са-
ламен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық реттеу жүй-
есінің бірінші деңгейі қалыптасты [2]. Өз кезегінде, заң талаптары, заманауи жаһандық 
жағдайында Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа бірігуін ескере отырып мемлекеттік 
аудит және қаржылық бақылаудың халықаралық стандарттарымен сәйкестендірілген отан-
дық стандарттар жүйесін қалыптастырып, қолданысқа еңгізуді өзекті мәселелер қатары-
на енгізді. Қазіргі таңда мемлекеттік сектордың аудиторлық қызметінің қатысушыларына 
бірдей ережелерді, қағидаларды, сипаттамаларды бекітетін нормативтік-құқықтық реттеу 
жүйесінің екінші деңгейі болып табылатындар – халықаралық және отандық стандарттар.
Елімізде алғашқы рет жарық көрген мемлекеттік аудит оқулығының авторлары атап 
өткендей, жалпы әлемдік тәжірибеде халықаралық станарттарды қолданудың үш нұсқасы бар:
1) Халықаралық аудит стандарттарын негізге ала отырып ішкі нормативтік құжаттарды 
әзірлеу;




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет