Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік органның құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
-
Мемлекеттік қызметті Әкімшілік орган көрсетеді.
Әкімшілік орган:
1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесі мен өсімдіктерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында
– Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті);
2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсімін
молайту және пайдалану саласында – Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Балық шаруашылығы комитеті) болып табылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет:
1) «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» (бұдан әрі – Конвенция) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңының;
2) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының
24-12) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары» кіші бөлімінде, сондай-ақ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіндегі және Балық шаруашылығы комитетіндегі стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайлардағы көрнекті орындарда орнатылады.
5. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсатты (бұдан әрі – рұқсат) қағаз тасығышта беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – бес жұмыс күні ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің жол берілітін ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспау керек;
3) мемлекеттік қызмет нәтижесін алу кезіндегі кезекте күтудің жол берілітін ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспау керек;
4) мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру мерзімі – екі жұмыс күні ішінде.
Осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде рұқсат берілмеген немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап ұсынылмаған жағдайда рұқсат берілген деп есептеледі және екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет алушыға берілуге жатады.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балық түрлерін, сондай-ақ олардың бөліктерін және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін мемлекеттік қызмет алушы бюджетке айлық есептік көрсеткіштен 200 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік бажды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен төлейді.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызмет
алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажетті құжаттарды дайындау үшін жағдай жасалады (күту креслолары, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен
оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады. Физикалық мүмкіндіктері шектелген мемлекеттік қызмет алушылардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын
үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мыналарды ұсынады:
1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) құрылтай құжатының және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмелері (заңды тұлға үшін);
3) сәйкестендіру нөмірімен мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (дара кәсіпкер үшін);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін);
5) жеке мақсаттарында әкетуді жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы осы әкетуді жасау туралы ниетін растайтын келісімшарттың немесе шарттың көшірмесі;
6) үлгі Конвенцияның 1 және 2-қосымшаларына енгізілген жағдайда импорттаушы ел рұқсатының көшірмесі;
7) ғылыми орган қорытындысының көшірмесі;
8) құрып кету қаупі төнген жануарлар мен бекіре балық түрлерін,
сондай-ақ олардың бөліктерін және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініш бланкісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің www.fhc.kz, Балық шаруашылығы комитетінің www.fisher.minagri.kz интернет-ресурстарында немесе Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің және Балық шаруашылығы комитетінің кеңселерінен осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің кеңсесіне Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс, 611-кабинет, телефоны: 8 (7172) 74-33-15 мекенжайы бойынша және (немесе) Балық шаруашылығы комитетінің кеңсесіне Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс, 367-кабинет, телефоны: 8 (7172) 74-17-43 мекенжайы бойынша тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызмет алушыға:
1) құжаттарды қабылдау нөмірін және күнін;
2) сұратылатын мемлекеттік қызмет түрін;
3) қоса берілген құжаттар санын және атауларын;
4) мемлекеттік қызметті алу күнін (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің
атын;
6) мемлекеттік қызмет алушының тегін, атын, әкесінің атын (жеке тұлға үшін) немесе атауын (заңды тұлға үшін), байланыс деректерін көрсете отырып, қажетті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға немесе сенімхат бойынша уәкілетік берілген тұлғаға жеке келген кезде рұқсаттар беру журналына қол қойғызып беріледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) өтінішті белгіленбеген нысан бойынша ұсынылуы;
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес деректердің болуы негіз болып табылады.
Құжаттардың сәйкессіздігін жойған кезде мемлекеттік қызмет алушы құжаттар пакеті бар өтінішті белгіленген құжаттар қабылдау мерзімінде әкімшілік органға қарауға ұсына алады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде тиісті Комитеттің лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
2) сыпайы және әдепті болу;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
4) қызмет көрсету мерзімдерін және күту уақытын қысқарту үшін күш салу;
5) мемлекеттік қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) мемлекеттік қызмет алушы белгіленген мерзімдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету бойынша жұмыс нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Тиісті Комитеттің лауазымды тұлғаларының жұмысы олар бойынша бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Тиісті Комитеттің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесуді тиісті Комитеттің заң қызметінің мамандары Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5 және
13-кіреберістер, 620 және 367-кабинеттер, телефоны: 8 (7172) 74-33-00 және
8 (7172) 74-26-95 мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172)
55-57-63, электронды пошта: info@minagri.kz мекенжайы бойынша беріледі.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің блогында баяндалуы мүмкін.
22. Сыпайы қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым тиісті Комитет Төрағасының атына Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5 және 13-кіреберістер, 611 және 367-кабинеттер, телефон: 8 (7172) 74-33-15 және 8 (7172) 74-17-43 мекенжайы бойынша беріледі.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі және мереке күндері.
23. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндері осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.
Шағым шағымда қойылған мәселелерді шешу құзыретіне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
Шағымда мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күні және мемлекеттік қызмет алушының қолы көрсетіледі.
Шағым берілген кезде әрекеттері немесе әрекетсіздігі шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, жүгіну себептері және талаптар көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымдардың кеңселерінде тіркеледі. Шағым қабылдануының растамасы шағым данған мемлекеттік қызмет алушыға күні және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегі және аты-жөні көрсетілген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиісті ұйым кеңсесінің лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
26. Мемлекеттік қызмет алушы қосымша ақпаратты тиісті Комитеттің кеңсесінде Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5 және 13-кіреберістер, 611 және 367-кабинеттер, телефоны: 8 (7172) 74-33-15, 8 (7172) 74-17-43 мекенжайы бойынша, сондай-ақ www.minagri.gov.kz, www.fhc.kz, www.fisher.minagri.kz интернет-ресурстарынан ала алады.
________________________
Достарыңызбен бөлісу: |