Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы
1997 ж. 28 сәуiрдегі № 97-1 Қазақстан Республикасының Заңы
(2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
I бөлiм Аударым вексельдерi мен жай вексельдер туралы (1 - 77 баптар)
1-тарау. Аударым векселiн жасау және оның нысаны туралы (1 - 9 баптар)
2-тарау. Индоссамент туралы (10 - 19 баптар)
3-тарау. Акцепт туралы (20 - 28 баптар)
4-тарау. Аваль туралы (29 - 31 баптар)
5-тарау. Төлем мерзiмi туралы (32 - 36 баптар)
6-тарау. Төлем туралы (37 - 41 баптар)
7-тарау. Акцепт емес немесе төлем жасалмаған жағдайда (42 - 53 баптар)
талап ету
8-тарау. Делдалдық туралы (54 - 62 баптар)
9-тарау. Даналарының көптiгi туралы және көшiрмелер туралы (63 - 67 баптар)
10-тарау. Өзгерістер туралы (68 бап)
11-тарау. Мерзiмi өткенi туралы (69 - 70 баптар)
12-тарау. Жалпы қаулылар (71 - 73 баптар)
13-тарау. Жай вексель туралы (74 - 77 баптар)
II бөлiм. Қазақстан Республикасындағы вексель айналысының тәртібі (78 - 98 баптар)
14-тарау. Жалпы ережелер (78 - 83 баптар)
15-тарау. Вексельдiң төлем және несие беру құралы ретiнде (84 - 89 баптар)
атқаратын қызметтерi
16-тарау. Қазақстан Республикасы резидент еместерiнiң (90 - 92 баптар)
вексель айналысы. Шетел валютасындағы
вексельдермен жүргiзiлетiн операциялар
17-тарау. Вексельдiк заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк (93 - 97 баптар)
18-тарау. Қорытынды ережелер (98 бап)
Бұрынғы ред. қара
Осы Заң 1930 жылғы 7 маусымдағы Аударым және жай вексельдер туралы бiрыңғай заңды белгiлейтiн конвенцияға, Аударым және жай вексельдер туралы заңдардың кейбір үйлеспеушiлiктерiн шешу мақсатын көздейтiн конвенция мен Аударым және жай вексельдерге қатысты елтаңба алымы жөніндегі конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасындағы вексель айналысын реттейдi және төлем құралы мен несие қаражаты ретiнде вексельдiң қызметiн белгiлейдi.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен ұғымдар толықтырылды; ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен ұғымдар өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
Осы Заңда қолданылатын ұғымдар
Аваль - вексель кепiлдiгi, соған орай оны жасаған тұлға вексель бойынша мiндеттi басқа тұлға үшiн вексель жөніндегі төлемдi жасауға (толық немесе бiр бөлiгiн) өзiне мiндеттеме қабылдайды.
Авальшы - аваль берушi тұлға.
Акцепт - вексель төлемiне берiлетiн жазбаша келісім.
Аллонж - индоссаменттер жасау үшiн вексельге қосымша парақ.
Қола вексель - ойдан шығарылған тұлғаға жазылған вексель.
Вексель валютасы - вексельдiң сомасы көрсетiлген ақша бiрлiгi.
Вексель берушi - вексель берген заңды немесе жеке тұлға.
Вексель ұстаушы - вексельде көрсетiлген ақша сомасын алуға құқығы бар вексель иесi.
Вексель - бiржақты сөзсiз ақшалай мiндеттеменi бiлдiретiн қатаң белгiленген нысандағы төлем құжаты.
Вексель қағазы - белгiлi бiр қорғалу дәрежесi бар және оған вексель жасауға арналған елтаңбалы қағаздың бiр түрi.
Грациялық күн - вексельде белгiленген төлем мерзiмi ұзартылатын жеңiлдiк берiлген күн.
Дисконт - төлем мерзiмi басталғанға дейiн вексельдердi есепке алу және қайта есепке алу кезiнде алынатын процент.
Домицияландырылған вексель - үшiншi тұлға төлеушiнiң атынан және соның есебiнен төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен өзге жерде төлеуге тиiс вексель, бұл жайында вексельдiң өзiнде көрсетiледi.
Достық вексельдерi - вексель берушiнiң ол бойынша төлем жасау ниетiнсiз, осы вексельдердi екiншi деңгейдегi банктерде өзара есепке алу арқылы ақша қарастыру мақсатымен ғана тұлғалар бiр-бiрiне беретiн вексельдер.
Индоссамент - вексель сыртындағы немесе аллонждағы табыстау жазбасы, бұл осы вексель бойынша иелену құқығының басқа тұлғаға берiлгенiн куәландырады.
Индоссант - вексельдi табыстаушы тұлға.
Индоссат - табыстау жазбасы бойынша вексель арнайы аударылатын тұлға.
Коммерциялық вексель - сатып алу-сату, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (қаржылық қызметтер көрсетудi қоспағанда) шарттарының негiзiнде берiлген вексель.
Куртаж - вексельмен мәмiле жасалған кезде делдалға төленетiн сыйақы.
Тұрғылықты жерi - жеке тұлғаның тұрғылықты жерi (почта мекенжайы) немесе заңды тұлғаның орналасқан жерi (почта мекен-жайы).
«Бұйрыққа емес» - вексель берушi вексельге енгiзетiн анықтама, бұл индоссамент арқылы вексель беруге тыйым салуды бiлдiредi.
«Шығынсыз айналым», «наразылықсыз» - вексель ұстаушының, индоссанттың, авальшының вексель мәтiнiне қосқан, вексель ұстаушыны вексель берушiнiң төлемегенi немесе акцепт жасамағаны үшiн вексель наразылығын бiлдiруден босататын ескертпе.
Вексель бойынша мiндеттi тұлғалар - вексельдi төлеу талап етiлуi мүмкiн тұлғалар: вексель берушi, индоссант, төлеушi, акцептант, авальшы.
Аударым векселi (тратта) - вексель берушiнiң (трассанттың) үшiншi тұлғаға (трасстқа) бiрiншi вексель ұстаушының (ремитенттiң) немесе оның бұйрығы бойынша алдағы белгiлi бiр уақытта не ұсынуы бойынша төлейтiн вексельде көрсетiлген ақша сомасының ешнәрсеге негiзделмеген ұсынысы (бұйрығы) бар вексель.
Сенім индоссаментi - вексельге вексель ұстаушы жазған және индоссант белгiлеген шекте вексель бойынша кейбір құқықтарды көшiру мақсатындағы жазба.
Жай вексель (соло) - вексель берушiнiң вексель ұстаушыға талап ету бойынша немесе алдағы белгiлi бiр уақытта төлейтiн вексельде көрсетiлген ақша сомасының ешнәрсеге негiзделмеген мiндеттемесi жазылған вексель.
Вексель наразылығы - акцептiң күнi көрсетiлмегенiн не акцептен немесе төлем төлеуден бас тартуды куәландыратын жазбаша акт.
Регресс - акцептелмеген немесе төленбеген вексель бойынша керi талап ету.
Рекамбио - вексельдi төлеген тұлғаның вексель бойынша мiндеттi тұлғалардың бiрiне вексель (керi тратта) түрiнде ресiмделуi мүмкiн талабы. Рекабиоға наразылық бiлдiруiне байланысты төленген вексель сомасы, процент, өсiм, шығындар кiруi мүмкiн.
Римесса - борышкердiң үшiншi тұлғадан ұлттық валютаға сатып алатын және өзiнiң шетелдiк несие берушiсiнiң алдындағы берешегiн өтеу үшiн оған жiберетiн шетелдiк валюта түріндегі аударым векселi.
Есеп кеңсесi - есеп операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар екiншi деңгейдегi банк (бұдан әрi - банк).
Қаржы векселi - ақша тарту мақсатында, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсету туралы мәмiлелер негiзiнде берiлген вексель.
Цессия - азаматтық заңдарға сәйкес мiндеттемедегi талаптарды азайту.
I бөлiм
Аударым вексельдерi мен жай вексельдер туралы
I тарау. Аударым векселiн жасау және оның нысаны туралы
1-бап
Аударым векселiнде мыналар болуға тиiс:
1) құжат мәтiнiнiң өзiне енгiзiлген және осы құжат жасалған тiлде айтылған «вексель» атауы;
2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық;
3) төлем төлеуге тиiс тұлғаның (төлеушiнiң) атауы;
4) төлем мерзiмiн көрсету;
5) төлем жасалуға тиiс орынды көрсету;
6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем төленуге тиiс тұлғаның атауы;
7) вексель жасалатын уақыт пен орынды көрсету;
8) вексель беретiн тұлғаның (вексель берушiнiң) қолы.
2-бап
Алдыңғы бапта аталған талаптардың бiреуi жоқ құжаттың аударым вексельдiк күшi болмайды, бұған төмендегi азатжолдарда белгiленген жағдайлар қосылмайды.
Төлеу мерзiмi көрсетiлмеген аударым векселi талап ету бойынша төленуге тиiс вексель ретiнде қарастырылады.
Арнайы көрсету болмаған ретте төлеушiнiң атауымен қатар белгiленген орын төлем орны және сонымен бiрге төлеушiнiң тұрғылықты жерi болып есептеледi.
Жасалған орны көрсетiлмеген аударым векселi вексель берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген орында қол қойылған деп танылады.
3-бап
Аударым векселi вексель берушiнiң бұйрығымен ақы төленуге тиiс деп берiлуi мүмкiн.
Ол вексель берушiнiң өзiне берiлуi мүмкiн.
Ол үшiншi тұлғаның есебiнен берiлуi мүмкiн.
4-бап
Аударым векселi үшiншi тұлғаның тұрғылықты жерiнде немесе төлеушiнiң тұрғылықты жерiнде немесе басқа бiр жерде төленуге тиiс болуы мүмкiн.
5-бап
Ұсынылған мерзiмде немесе ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта төленуге тиiстi аударым векселiнде вексель берушi вексель сомасына процент есептеуге шарт қоя алады. Мұнан басқа аударым вексельдерiнде мұндай шарт жазылмаған деп есептеледi.
Вексельде проценттiк ставка көрсетiлуге тиiс; мұндай нұсқау болмаған жағдайда, шарт жазылмаған деп есептеледi.
Егер де басқа күн көрсетiлмесе, проценттер аударым векселi жасалған күннен бастап есептеледi.
6-бап
Егер аударым векселіндегі сома жазбаша да, цифрмен де жазылса, бұл жазбалардың арасында қайшылықтар болған жағдайда вексель жазбаша көрсетiлген сомада күшiнде болады.
Егер аударым векселiнде сома жазбаша түрде не цифрмен бiрнеше рет көрсетiлсе, бұл жазбалардың арасында қайшылықтар болған жағдайда вексель тек аз сомаға ғана күшiнде болады.
7-бап
Егер аударым векселiнде аударым векселi бойынша мiндеттi бола алмайтын тұлғаның қолы, жалған қолдар немесе ойдан шығарылған адамдардың қолдары болса, немесе оған қол қойғандарды барлық басқа негiзде мiндеттей алмайтын, немесе бiреудiң атынан қол қойылса, басқалардың қойған қолдары дегенмен де күшiн жоймайды.
Вексельге қойылмаған қолдың орыны аударым векселiне өз қолын қойып куәландырушы адамның еркiн бiлдiретiн ресми түрде куәландырып жазған өтiнiшi арқылы ғана толтырылуы мүмкiн.
8-бап
Тұлға атынан iс-әрекет жасауға уәкiлдiк берiлмеген, тұлғаның өкiлi ретiнде аударма векселiне қол қойған әрбiр адам вексель бойынша тарап ретiнде мiндеттi болады және, егер ол вексельдi төлеген болса, өкiл ретiнде көрсетiлген адамның құқығындай құқықтарға ие болады. Өзiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланған өкiл де дәл осындай жағдайда болады.
9-бап
Вексель берушi акцепт үшiн де, төлем үшiн де жауап бередi.
Оның өзiне акцепт үшiн жауапкершiлiк алмауына болады; оның төлем үшiн жауапкершiлiктi алмауының әрбiр жағдайы жазылмаған деп саналады.
2-тарау. Индоссамент туралы
10-бап
Әрбiр аударым векселi, тiптi ол бұйрық туралы нұсқаусыз берiлсе де, индоссамент арқылы берiлуi мүмкiн.
Егер вексель берушi аударым векселiнде «бұйрыққа емес» деген сөздi немесе қандай да бiр соған тең мағынадағы сөздi жазатын болса, құжатты нысаны ғана сақталып және жай цессия нәтижелерiмен берiлуi мүмкiн.
Төлемшi вексельдi акцептегенiне немесе акцептемегенiне де қарамастан, тiптi соның пайдасына немесе вексель берушiнiң пайдасына не вексель бойынша мiндеттi қандай да бiр басқа тұлғаның пайдасына индоссамент жасалуы мүмкiн. Бұл тұлғалар өз кезегiнде вексельдi индоссация жасай алады.
11-бап
Индоссамент жай және ешқандай шарт қойылмаған болуға тиiс. Оны шектейтiн шарттың кез-келгенi жазылмаған деп есептеледi.
Iшiнара индоссамент жарамсыз болады.
Индоссамент көрсетушiге бланктiк индоссамент күшiнде болады.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
12-бап
Индоссамент аударым векселiне немесе соған қосымша параққа (аллонжға) жазылуға тиiс. Оған индоссант қол қоюға тиiс.
Индоссамент өз пайдасына индоссамент жазылған тұлғаның нұсқауы көрсетiлмеуi мүмкiн немесе онда бiр индоссанттың ғана қойған қолы болуы тиiс (бланктiк индоссамент). Бұл соңғы жағдайда индоссамент өз күшiнде болуы үшiн ол аударым векселiнiң сырт жағына немесе аллонжға жазылуға тиiс.
13-бап
Индоссаментке аударым векселiнен туындайтын барлық құқық берiледi. Егер индоссамент бланктiк индоссамент болса, вексель ұстаушы:
1) бланктi не өзiнiң атынан немесе басқа бiр тұлғаның атынан толтыра алады;
2) өз кезегiнде вексельдi бланк арқылы немесе қандай да басқа бiр тұлғаның атына индоссациялай алады;
3) вексельдi бланк толтырмастан және индоссамент жасамастан үшiншi тұлғаға бере алады.
14-бап
Егер қандай да бiр керi шарт қойылмаса, индоссант акцепт үшiн және төлем үшiн жауап бередi.
Ол бұдан кейiнгi индоссаментке тыйым салуы мүмкiн: мұндай жағдайда ол бұдан кейiн пайдасына вексель индоссацияланған тұлғалардың алдында жауап бермейдi.
15-бап
Аударым векселi кiмнiң қолында болса, тiптi соңғы индоссамент бланктi индоссамент болғанның өзiнде, егер ол өз құқығын индоссаменттердiң үздiксiз қатарына негiздей алса, сол тұлға заңды вексель ұстаушы деп қарастырылады. Бұл орайда сызылып тасталған индоссаменттер жазылмаған болып есептеледi. Бланктiк индоссаменттен кейiн басқа индоссамент болған кезде, соңғысына қол қойған тұлға бланктiк индоссамент бойынша вексельдi сатып алған деп есептеледi.
Егер кiмде-кiм әлде нендей бiр кездейсоқ жағдайларда вексель иелiгiнен айрылса, қолында векселi бар, өз құқығын бұдан бұрынғы азатжолда көрсетiлген тәртiппен негiздейтiн тұлға вексельдi дұрыс алмаған немесе оны сатып алғанда өрескел абайсыздық жасаған жағдайда ғана оны қайтаруға мiндеттi.
16-бап
Аударым векселi бойынша талап қойылған тұлғалар, егер вексель ұстаушы вексель сатып алғанда борышкерге саналы түрде зиян келтiрмеген болса, вексель берушiге немесе алдыңғы вексель ұстаушыларға жеке қатынастарына негiзделген қарсылықты вексель ұстаушыға қарсы қоя алмайды.
17-бап
Егер индоссаменттiң «валюта алуға», «инкассаға», «сенім бiлдiрiлген ретiнде» деген ескертпесi немесе жай тапсырманы бiлдiретiн қандай да бiр өзге ескертпесi болса, вексель ұстаушы аударым векселiнен туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыра алады, бiрақ оны ол қайта тапсыру тәртібімен ғана индоссациялай алады.
Мұндай жағдайда мiндеттi тұлғалар вексель ұстаушыға қарсы тек индоссантқа ғана қарсы қоятындай наразылық мәлiмдей алады.
Индоссаментке берiлген тапсырма қайта кепiлдiк берушiнiң қайтыс болуы немесе оның iс-әрекетке қабiлетсiздiгiне ұшырауы салдарынан тоқтатылмайды.
18-бап
Егер индоссаментте «қамтамасыз етiлуге тиiс валюта», «кепiлдiкке берiлетiн валюта» ескертiлсе немесе өзге де кез-келген кепiл түріндегі ескертпе болса, вексель ұстаушы аударым векселiнен туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыра алады, бiрақ олар қойған индоссаменттiң қайта кепiлдiк берушi индоссамент ретiнде ғана күшi болады.
Егер тек вексель ұстаушы вексель алғанда борышкерге саналы түрде зиян келтiрмеген болса, мiндеттi тұлғалар индоссантқа өздерiнiң жеке қатынастарына негiзделген қарсылықтарын ұстаушыға қарсы мәлiмдей алмайды.
19-бап
Төлем мерзiмiнен кейiн жасалған индоссаменттiң нәтижесi алдыңғы жасалған индоссаменттегi сияқты болады. Алайда төлем төлемеу наразалығынан кейiн немесе наразылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiм өткеннен кейiн жасалған индоссамент тек қана дағдылы цессия салдарына ие болады.
Керiсiнше дәлелденбейтiн болғандықтан күнi көрсетiлмеген индоссамент наразылық бiлдiру үшiн белгiленген мерзiм өткенге дейiн жасалған деп есептеледi.
3-тарау. Акцепт туралы
20-бап
Төлем мерзiмi басталғанға дейiн қолында векселi бар вексель ұстаушы немесе тiптi жай адам төлем төлеушiге өзiнiң тұрғылықты жерiнде акцептеу үшiн аударым векселiн көрсетуiне болады.
21-бап
Вексель берушi қандай да болсын аударым векселiнде мерзiмi белгiленген немесе белгiленбеген вексельдiң акцептке табыс етiлуге тиiстілігiн шарт етiп қоя алады.
Егер үшiншi бiреуде төленуге тиiс болатын аударым векселi туралы, немесе төлем төлеушiнiң тұратын жерiнен басқа жерде төленуге тиiс вексель туралы, немесе ұсыну бойынша белгiлi бiр уақыттан кейiн төленетiн вексель туралы сөз болып отырмаса, ол вексельде оны акцептке ұсынуға тыйым сала алады.
Ол акцептке белгiленген мерзiмнен бұрын орын алуға болмайтынын да шарт етiп қоя алады.
Егер вексель берушi вексельдi ғана акцептеуге болмайды деп жарияламаған болса, әрбiр индоссат вексель мерзiмiн белгiлеп немесе оны белгiлемей вексельдi акцептке ұсынуға тиiс екенiн шарт етiп қоя алады.
22-бап
Ұсынудан кейiнгi белгiлi бiр уақытта төленуге тиiстi аударым вексельдерi берiлген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде акцептке табыс етiлуге тиiс.
Вексель берушi бұл соңғы мерзiмдi қысқартуы немесе неғұрлым ұзағырақ мерзiмдi белгiлеуi мүмкiн.
Индоссанттардың бұл мерзiмдi қысқартуы мүмкiн.
23-бап
Төлем төлеушi бiрiншi ұсынудан кейiн вексельдi келесi күнi өзiне қайталап ұсынуды талап ете алады.
Мүдделi адамдар, наразылықта айтылған талап орындалмаған жағдайда ғана ол талаптың орындалмағанына сiлтеме жасай алады.
Вексель ұстаушы акцептке ұсынылған вексельдi төлем төлеушiге беруге мiндеттi емес.
24-бап
Аударым векселiнде акцепт белгiленедi. Ол «акцептелген» деген сөзбен немесе басқа бiр сондай мағынадағы сөзбен бiлдiрiледi; оған төлем төлеушi қол қояды. Вексельдiң бет жағына төлем төлеушiнiң қойған жай қолы акцепт күшiн алады.
Егер вексель ұсынудан кейiн белгiлi бiр уақытта төленуге тиiс болса немесе ерекше жағдайға байланысты белгiлi бiр мерзiмде акцептке ұсынылуға тиiс болса, акцептке оның берiлген күнi қойылуға тиiс, бұл орайда вексель ұстаушы оның ұсынылатын күнмен көрсетiлуiн талап етпеуi керек. Күнi көрсетiлмеген жағдайда вексель ұстаушы индоссанттарға қарсы және вексель берушiге қарсы өзiнiң регресс құқығын сақтап қалу үшiн бұл олқылықты мезгiлiнде наразылық жасаумен куәландыруға тиiс.
25-бап
Акцепт жай және ешқандай шарт қойылмаған болуға тиiс, алайда төлем төлеушi оны соманың бiр бөлiгiмен шектей алады.
Акцептпен аударым векселiнiң мазмұнына жасалған қандай да болмасын өзге өзгерiс акцепт жасамаудан бас тартумен бара-бар болады. Алайда акцептант өз акцептiнiң мазмұнына сәйкес жауап бередi.
26-бап
Егер вексель берушi аударым векселiнде төлем төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен өзге төлем жасайтын жердi көрсетсе, бұл орайда төлем жасалуға тиiс үшiншi тұлғаны көрсетпеген болса, төлем төлеушi мұндай тұлғаны акцепт жасалған кезде көрсете алады. Мұндай нұсқау болмаған жағдайда, акцептант төлемдi төлем төленетiн жерде өзi жасауға мiндеттендi деп ұйғарылады.
Егер вексель төлем төлеушiнiң тұрғылықты жерiнде төленуге жататын болса, соңғысы акцепте сол жердегi төлем жасалуы тиiс болатын қандай да бiр мекен-жайды көрсете алады.
27-бап
Төлем төлеушi акцепт арқылы аударым векселiн мерзiмiнде төлеуге өзiне мiндеттеме қабылдайды.
Төлем жасалмаған жағдайда, вексель ұстаушы тiптi өзi вексель берушi болса да, акцептантқа қарсы 47 және 48-баптарға сәйкес талап қоюға мүмкiн болатынның бәрiне қатысты, аударым векселiне негiзделген тiкелей талап қояды.
28-бап
Егер аударым векселiне акцептi туралы жазба жасаған төлем төлеушi оны вексель қайтарылғанға дейiн сызып тастаған болса, акцепт жасаудан бас тартылды деп есептеледi. Өзгеше дәлелденбейтiн болғандықтан, сызып тастау құжатты қайтарып бергенге дейiн жасалған деп есептеледi.
Алайда, егер төлем төлеушi өзiнiң акцептi туралы вексель ұстаушыға немесе қол қойғандардың әлде бiреуiне жазбаша хабарласа, онда өз акцептiнiң шарттарына сәйкес олардың алдында мiндеттi болып табылады.
4-тарау. Аваль туралы
29-бап
Аударым вексель бойынша төлем толығымен немесе вексель сомасының бiр бөлiгiнде аваль арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Бұл қамтамасыз етудi үшiншi тұлға немесе вексельге қол қойған тұлғалардың бiрi бередi.
30-бап
Аваль аударым векселiнде немесе қосымша парақта берiледi. Аваль берiлген жерi көрсетiле отырып жеке актiмен берiлуi мүмкiн.
Ол «аваль үшiн есептелсiн» деген сөздермен немесе соған бара-бар өзге де кез келген тұжырым сөздермен бiлдiрiледi; оған авальды кiм берсе, сол қол қояды.
Аваль үшiн, егер тек бұған төлем төлеушi немесе вексель берушi қол қоймаған болса, аударым векселiнiң бет жағына авальшы қойған қолдың өзi жеткiлiктi.
Авальда, ол кiмнiң есебiнен берiлiп отырғаны көрсетiлуi тиiс. Мұндай нұсқау болмаған жағдайда, ол вексель берушiнiң атынан берiлген деп есептеледi.
31-бап
Авальшы өзi кiмнiң атынан аваль берсе, сонымен бiрдей жауапты болады.
Оның мiндеттемесi тiптi егер ол кепiлдiк берген мiндеттеме нысан кемшiлiгiнен өзге қандай да болмасын негiз бойынша жарамсыз болып шыққан жағдайда да жарамды.
Аударым векселiне төлем жасай отырып, авальшы кiм үшiн өзi кепiлдiк берсе, соған қарсы және аударым векселiне байланысты осы соңғысының алдында мiндеттi болғандарға қарсы аударым векселiнен туындайтын құқықтарға ие болады.
5-тарау. Төлем мерзiмi туралы
32-бап
Аударым векселi:
ұсынуы бойынша;
ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта;
жасалғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта;
белгiлi бiр күнде төленуге тиiстi болып берiлуi мүмкiн.
Мерзiмнiң өзгедей белгiленуiн не төлемнiң дәйектi мерзiмдерiн қамтитын аударым вексельдерi жарамсыз болады.
33-бап
Мерзiмi ұсынылуы бойынша болатын аударым векселi ол ұсынылған кезде төленедi. Ол жасалған күннен бастап бiр жыл iшiнде төлем жасауға ұсынылуға тиiс. Вексель берушi бұл мерзiмдi қысқартуы немесе неғұрлым ұзартылған мерзiмге белгiлеуi мүмкiн. Бұл мерзiмдердi индоссанттар қысқарта алады.
Вексель берушi мерзiмi ұсынылуы бойынша берiлген аударым векселiн белгiленген мерзiмiнен бұрын төлемге ұсынылмайтынын белгiлей алады. Мұндай жағдайда ұсынылу мерзiмi сол белгiленген мерзiмнен бастап есептеледi.
34-бап
Аударым векселi бойынша ұсынудан кейiн белгiлi бiр уақытта жасалған төлем мерзiмi не акцепт жасалған күнмен, не наразылық бiлдiрiлген күнмен анықталады.
Наразылық болмаған жағдайда күнi көрсетiлмеген акцепт акцептантқа қатысты акцептке ұсынылуы үшiн көзделген мерзiмнiң соңғы күнi жасалған деп есептеледi.
35-бап
Жасалғаннан немесе ұсынылуынан бастап бiр немесе бiрнеше ай мерзiмге берiлген аударым векселi бойынша төлем мерзiмi төлем жасалатын айдың тиiстi күнi басталады. Бұл айда тиiстi күнi болмаған жағдайда, төлем мерзiмi сол айдың соңғы күнi басталады.
Егер аударым векселi жасалғанынан немесе ұсынылғанынан бастап бiр жарым айға немесе бiрнеше ай жарым мерзiмге берiлген болса, онда ең алдымен тұтас айлар есептелiнуi тиiс.
Егер төлем мерзiмi айдың басына, ортасына (қаңтардың ортасы, ақпанның ортасы және т.б.) немесе айдың соңына белгiленген болса, мұны айдың бiрi, он бесi немесе соңғы күнi деп түсiну керек.
«Сегiз күн» немесе «он бес күн» деген сөздер бiр немесе екi аптаны емес, толық сегiз немесе он бес күндiк мерзiмдi бiлдiредi.
«Жарты ай» деген сөз он бес күндiк мерзiмдi бiлдiредi.
36-бап
Егер аударым векселi берiлген жерден өзге күнтiзбе қабылданған әлдебiр жерде белгiлi бiр күнi төленуге тиiс болса, онда төлем мерзiмi төлем төленетiн жердiң күнтiзбесi бойынша тағайындалған деп есептеледi.
Егер жасағаннан кейiн белгiлi бiр уақытқа қойылған мерзiмдегi аударым векселi бойынша берiлген жерi мен төлем төленетiн жерiнде түрлiше күнтiзбелер қолданылатын болса, онда берiлген күнiне сәйкес келетiн төлем төленетiн жердiң күнтiзбесi бойынша тиiстi күн белгiленедi және осыған байланысты төлем мерзiмi анықталады.
Аударым вексельдерiнiң ұсынылу мерзiмдерi бұдан бұрынғы азатжолдағы ережелерге сәйкес есептеледi.
Аударым векселiнде егер қандай да болмасын жасалған ескерту немесе тiптi жай ғана құжаттың мазмұнында өзге бiр ережелердi қабылдау ниетi бiлдiрiлсе, бұл ережелердi қолдануға болмайды.
ҚР 09.07.03 ж. № 482-11 Заңымен 37-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
Достарыңызбен бөлісу: |