Қазақстан республикасының 2015 – 2019 жылдарға арналғАН


Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары



бет3/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.02 Mb.
#125368
1   2   3   4   5   6

4. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары

4.1 Макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету

4.1.1 Ақша-кредит саясаты


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі негізгі мақсаты жылдық инфляцияны 6,0-8,0 % аралығында ұстап тұруды болжамдайтын бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатын ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады.

Белгіленген нысаналы бағдарға қол жеткізу бойынша ақша-кредит саясатының тиімділігі, сондай-ақ қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралармен айқындалатын болады. Жүйелі тәуекелдерді анықтау және бағалау, сондай-ақ төрелік және алып-сату операцияларын жүргізу үшін мүмкіндіктерді азайту мақсатында банк секторындағы жағдайға тұрақты негізде талдау жүргізілетін болады.

Қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігін арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған айырбас бағамы саясатын жүргізу жалғасады.

Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының жаңа трансмиссиялық тетігін одан әрі енгізу бойынша шараларды іске асыруды жалғастырады.

Ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ақша нарығында қысқа мерзімді теңге өтімділігін ғана реттеу жүзеге асырылатын болады. Негізгі күш-жігер қолданылатын құралдардың тиімділігін арттыруға бағытталады. Аталған жұмыс шеңберінде пайыздық арнаны жетілдіру және валюталық арнаның рөлін біртіндеп төмендету бойынша шаралар қабылданатын болады.

Инфляциялық таргеттеу режиміне көшу үшін пайыздық және валюталық жүргізуде орындауда жаңа тәсілдемелерді қалыптастыруды қамтитын ақша-кредит саясатының орта мерзімді стратегиясын әзірленеді.

Аталған стратегияның негізгі ережелері 2015 жылы әзірленетін Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының 2020 жылға дейін негізгі бағыттарында жазылатын болады.

Ұлттық Банктің пайыздық мөлшерлемелерінің дәлізін айқындау, өтімділікті ұсыну бойынша жаңа құралдарды енгізу (тұрақты тетіктер), ең төменгі резервтік талаптар мен бағамдық саясат тетігін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды болжайтын ақша-кредит саясатының жаңа трансмиссиялық тетігінің келесі кезеңін іске асыру басталады.

Үкімет пен Ұлттық Банктің алдында тұрған міндеттерді тиімді шешу мақсатында орта мерзімді перспективада инфляцияны 3-4%-ға дейін төмендетуге бағытталған шаралар кешені әзірленеді. Аталған шаралар еліміздің макроэкономикалық дамуының қол жеткізілген оң нәтижелерін сақтайтындай және экономиканың одан әрі тұрақты әрі үдемелі өсуін қамтамасыз ететіндей теңгерімделген сипатта болады.

4.1.1.1 Инфляция деңгейін ұстап тұру

2015 – 2019 жылдары инфляция аясын ағымдағы деңгейде 6-8 % дәлізінде сақталуы күтілуде.

Инфляцияның өсуін болдырмау және оны жоспарланған дәлізде ұстап тұру үшін ішкі нарықта бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлттық Банк шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ететін болады.

Тұтыну нарығында бағалардың өзгеруіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар жедел тәртіпте қадағаланатын болады.

Бәсекелес ішкі нарықтардың дамуына жағдайлар жасау, бағалық сөз байланысумен және жосықсыз бәсекемен күресу үшін азық-түлік және жанармай бағаларын ұстауға бағытталған шаралар қабылданады.

Республиканың ішкі нарығын қанықтыру және мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне бағаларды тұрақтандыру мақсатында облыстарға және Астана мен Алматы қалаларына мұнай өнімдерін жеткізу кестесі бекітіледі, ай сайын бензиннің және дизель отынының шекті рұқсат етілген бағалары белгіленеді.

Азық-түлік нарықты реттеу және алыпсатарлық пен негізсіз бағалардың өсуіне жол бермеу, сондай-ақ мерзімдік ауытқұларды қалыпқа келтіру үшін азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары қалыптастыру және пайдалану бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек бағаларының шекті мәндерін белгілеу практикасы жалғастырылады.

Отандық нарықты азық-түлік тауарларымен қанықтыру үшін отандық өндірушілерді қолдау қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда, өсімдік шаруашылығында гербицидтерді, жанар-жағармай материалдарын, тыңайтқыштарды сатып алу шығындары субсидияланады, мал шаруашылығында асыл тұқымды мал өсіру жұмысы, мал шаруашылығы өнімінің өндірісі субсидияланады, ветеринарияда мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар қызметі қалпына келтірілді, өңдеуде өңдеуші кәсіпорындар кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидияланады.

Табиғи монополия субъектілері тарифтерінің өсуі реттелетін қызметтер тарифтерінің инфляцияға шекті салымымен шектелетін болады.


4.1.2 Қаржы секторының тұрақтылығын реттеу және қамтамасыз ету саласындағы саясат

Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қаржы жүйесін макропруденциялық реттеу шараларын іске асыруға, тәуекелдерді реттеу шараларының тиімділігін бағалауға және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды талдауға бағытталған саясат жүргізілетін болады.

Бұл мақсатқа қол жеткізу қаржы нарығының дамуына, елдегі экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және қаржы секторына деген сенімді арттыруға ықпал етеді.

Қаржы нарығының одан әрі сапалы дамуы және жұмыс істемейтін несиелердің жоғары деңгейін төмендету процесіне жәрдемдесу үшін жаңа Проблемалық кредиттер қорының (бұдан әрі – ПКҚ) жұмыс істеу тұжырымдамасы іске асырылатын болады.

Банктік жүйедегі несие қоржынының сапасын жақсарту бойынша стратегиялық міндеттер аясында ПКҚ жұмыс істеуінің тұжырымдамасын іске асыру Қор және банктер арасындағы тәуекелдерді әділ бөлу қағидаларына негізделетін болады.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағыттарының бірі орта мерзімді перспективада несие қоржынының сапасын арттырудың алғы шарттарын құру болып табылады.

Банктердің проблемалық активтермен жұмысы бойынша қолданыстағы тетіктер тиімділігін, оның ішінде салықтық ынталандыру арқылы арттыру бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады: «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамын сату, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін иемденуші банктің еншілес ұйымына (КАБҰ) табыстау, кешірудің оңайлатылған тәртібі. ПКҚ рөлін арттыру үшін проблемалық кредиттермен жұмыс бойынша құрылымдағы оның жаңа стратегиясын айқындау мәселелері пысықталатын болады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап кредит портфельдерінің сапасын жақсарту бойынша банктердің жұмысын белсендендіру үшін Ұлттық Банк 10 % деңгейде жұмыс істемейтін қарыздар бойынша пруденциалды норматив енгізеді, олардың орындалмауының салдарлары банк менеджментінің ауысуы, банктік лицензияны қайтару болып табылады.

Экономика салалаларын теңгерімделген кредиттеу қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады. Шектен тыс банктік несиелендірумен байланысты «сабынды көпіршіктердің» пайда болу қаупі болғанда, кепілсіз тұтынушылық кредиттеуді тежеу бойынша іс-шаралар кешеніне ұқсас тиісті сегменттердің жылдам өсуін шектеу бойынша алдын алу шаралары іске асырылатын болады.

Индустриялық-инновациялық даму жобаларын мемлекеттік-жеке серіктестік және тікелей қосалқы қаржыландыру арқылы банктерді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді тарту перспективалы бағыт болып табылады.

Қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаттарында капиталдың жеткіліктілігі, өтімділік және қаржы левереджі, сондай-ақ тәуекелдерді басқару көрсеткіштері бөлігінде Базель ІІІ стандарттарының талаптарын кезең кезеңмен енгізу жалғасын табатын, банк секторының Базель ІІІ капиталы жеткіліктілігі стандарттарына көшуі қамтамасыз ету үшін қажетті нормативтік құқықтық база қабылданатын болады.

Банктік сектор тұрақтылығын арттыру үшін мемлекеттік қолдауның орнына («bail-out» құралдары) акционерлер және кредиторлар қаражаты («bail-in» құралдары) есебінен банктерді ішкі қолдауды тетіктерін реттеу енгізілетін болады.


4.1.3 Квазимемлекеттік секторды ескере отырып, мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты

Республикалық бюджеттік бағдарламаларды уақтылы қаржыландыру үшін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде қарыз алу жүзеге асырылады.

Отандық қор нарығын одан әрі дамыту мақсатында ішкі қарыз алу мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жолымен жүзеге асырылатын болады.

Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін сыртқы қарыз алу есебінен халықаралық қаржы ұйымдарының, шетел мемлекеттерінің, шетелдік коммерциялық банктер мен фирмалардың қарыздары тартылатын болады.

Жалпы, үкіметтік борыш мөлшерінің шектен тыс өсуіне жол бермеу үшін Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде ішкі және сыртқы қарыздарды тарту кезінде қарыз алудың лимиті сақталатын болады.

Бұл ретте Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасына сәйкес бюджет тапшылығы 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 1,4 %-ға дейін төмендеген кезде, мемлекеттік борыш 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 13,9 %-дан аспауы тиіс, оның ішінде үкіметтік борыш ЖІӨ-ге қатысты 13,7 %-дан аспайды. Жалпы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың борышы жиынтығында 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге қатысты 22 %-дан аспайды.

Борыштық саясат бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін қолайлы шарттармен үкіметтік қарыз алуды жүзеге асыруға, сондай-ақ борыш құралдарының ішкі нарығының дамуына жәрдемдесуге бағытталатын болады.

Жалпы, мемлекет мiндеттемелерін басқару саясаты мемлекет борышын қауіпсіз деңгейде ұстауға бағытталатын болады.


4.1.4 Бюджет және салық саясатының негізгі басымдықтары

Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасына сәйкес орта мерзімді кезеңде бюджет саясаты мемлекеттік қаржының теңгерімділігі мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Осыған байланысты, бюджет саясатының негізгі міндеттері:

- макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;

- бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру;

- бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

- фискалдық орталықсыздандыру;

- мұнай кірістерін шектеулі түрде пайдалану жолымен Ұлттық қорда қаражат жинақтауды жалғастыру;

- бюджеттің мұнай кірістерінен тәуелділігін азайтуды қамтамасыз ету болады.

Мемлекеттік шығыстар жиынтық сұраныс пен инвестициялық белсенділікті қолдауды қамтамасыз ететін деңгейде сақталатын болады.

Макроэкономикалық тұрақтылық пен мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты Жаңа бюджет саясатының тұжырымдамасымен белгіленген фискалдық шектеулердің тапшылығы негізінде қалыптастырылатын болады.

Бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге қатысты 2015 жылғы 2,2 %-дан, 2015 жылы 1,7 %-ға және 2020 жылы 1,4 %-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Бюджет тапшылығының параметрлері үкіметтік борыштың тұрақтылығын қамтамасыз етуді және ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамытуды ескере отырып айқындалатын болады.

Бюджет тапшылығы үкіметтің қарыз алуымен, негізінен ішкі нарықта қаржыландырылатын болады.

Әлемдік және қазақстандық экономикалардағы жағдай өзгерген кезде бюджет саясатын түзету бойынша жедел және икемді шаралар қабылданатын болады.

Салық саясаты шеңберінде мемлекеттің кірістерді қайта бөлу бойынша әділ құралы ретінде салықтардың әлеуметтік маңызы бар, ынталандырушы және фискалдық функциялары нығайтылатын болады.

Салық саясатының шаралары орта мерзімді кезеңде мыналарға:

- экономиканың басым секторларын және инновацияларды ынталандыру мақсатында салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыруға;

- табыстан салық алу және жерді пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектілеріне салық салуды реформалауға;

- бизнестің әлеуметтік бағдарлануына қажетті қосымша салық ынталандыруларын енгізуге бағытталатын болады.

ЕЭК шеңберінде Қазақстанда неғұрлым қолайлы салық режимін қалыптастыру маңызды болып табылады, бұл капитал қозғалысына шектеу болмаған кезде экономиканың одан әрі өсуі үшін қосымша ресурстар тартуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында акциздік саясатты жетілдіру және ЕЭК және Қазақстанның алдағы ДСҰ-ға кіру жағдайында Қазақстан Республикасының салық заңнамасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстарын және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру жөніндегі бекітілген, жеті жылға есептелген іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мен тұруға ықтиярхаты бар адамдардың кірістерін және мүлкін жалпыға бірдей декларациялауға көшіру көзделген.



4.1.4.1 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану саясаты

Болашақ ұрпақ үшін жинақтарды ұлғайту және бюджеттің мұнай кірісіне тәуелділігін төмендету мақсатында бюджетке Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген трансфертті шектеу жолымен Ұлттық қорда қаржы ресурстарын жинақтау саясаты жалғасатын болады.

Бюджет шығыстарын қаржыландыру үшін Ұлттық қор қаражаты мұнайдан түскен кірістерді үнемдеуді қамтамасыз ететін шектеулі көлемде пайдаланылатын болады.

Бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында бюджет саясаты мұнай тапшылығын 2020 жылға қарай ЖІӨ-ге 2,8 % дейін төмендетуге бағытталатын болады.

Үкіметтің қарыз алу саясаты Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында белгіленген шектеулерге сәйкес оның Ұлттық қордағы жинақтардың орнын ауыстыруына жол бермеуге сүйене отырып, жүргізілетін болады, атап айтқанда:

үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған жыл сайынғы шығыстар Ұлттық қордың 4,5 % деңгейіндегі жыл сайынғы шартты түрдегі тіркелген инвестициялық кірісінен аспауы тиіс;

үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және өтеуге арналған шығыстар Ұлттық қордан берілетін трансферттерді қоса алғанда, республикалық бюджетке түсетін кірістердің 15 %-дан аспауы тиіс.
4.1.4.2 Әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары

Мемлекет басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың одан әрі жүзеге асырылуын ескере отырып, 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарының жаңа бағыттары:

- азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізу;

- «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы деңгейін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 15 %-ға және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 15 %-ға жоғарылату;

- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерін 25 %-ға арттыру;

- мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 %-ға жоғарылату;

- ең төмен күнкөріс деңгейінің құрылымын 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өзгерту және жұмыс өтіліне қарай базалық зейнетақыны 2017 жылғы 1 шілдеден бастап тағайындау;

- 2015 – 2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын іске асыру;

- білім беру саласында – үш ауысымдағы білім беруді жою үшін жаңа объектілер салу және мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;

- Денсаулық сақтау саласында - Онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасын белсенді іске асырауды бастау;

- Агробизнес-2020 бағдарламасы шеңберінде АӨК субъектілерін қаржылық қолдау құралдары мен шараларын кеңейту;

- 2020 жылға дейін Өңірлерді дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру;

- көлік және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту;

- басым арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын салу болып табылады.


4.1.5 Жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясаттың (оның ішінде бюджеттік инвестициялар) негізгі басымдықтары

Бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларында айқындалған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.

Бюджеттік инвестициялардың негізгі бағыттары:

1) Халық үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, тұрғын үй құрылысын дамыту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен өңірлік даму және халықтың тіршілік жағдайларын жақсарту.

Осы бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2020 ыжлға дейін өңірлерді дамыту және Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі «Агробизнес-2020» бағдарламалары бойынша жобалардың іске асырылуы жалғасатын болады.

«2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде қолжетімді жалға берілетін тұрғын үй салу жолымен тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарланып отыр.

Өңірлік дамудың басты құралы қалалық агломерацияларды және моноқалаларды дамыту, қалалардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту проблемаларын шешу бойынша іс-шараларды қаржыландыру болады.



2) Көлік-коммуникация кешенін, көлік-логистика жүйесін дамыту, өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әртараптандыру және бәсекелестік қабілеттігін күшейту арқылы экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету жолымен экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту.

Осы бағыт шеңберінде «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының іс-шаралары, энергетика мен көлікті қоса алғанда, ҮИИДМБ-ны іске асыру үшін қабылданған салалық бағдарламалардың іс-шаралары басымдықпен қаржыландырылатын болады.

Сондай-ақ, орта мерзімді перспективада «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандық учаскесі құрылысын аяқтау және Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл теміржол желілерін, «Орталық – Оңтүстік» Астана-Қарағанды-Алматы, «Орталық-Шығыс» Астана-Павлодар-Өскемен, Алматы-Қапшағай-Өскемен, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (бұдан әрі - ҮАААЖ), оның ішінде мемлекеттік-жеке шелік әріптестік тетіктері арқылы салуды аяқтау жоспарланып отыр.

3) Әлеуметтік саланы жаңғырту

Әлеуметтік саланы жаңғырту білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызметіне деген сұранысын қанағаттандыру, елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуы үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсару, тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыссыздықты қысқарту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Осы бағыт шеңберінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету бойынша 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бойынша, Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасының» іс-шараларын іске асыру жалғасады.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін, мектептерді және денсаулық сақтау обьектілерін кеңейтуді қаржыландыру апаттық және үш ауысымды мектептерді жою бойынша проблемаларды бірінші кезекте шешуді ескере отырып, іске асырылатын болады.



4) Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу бойынша реформаларды тереңдету, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жақсарту арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды іске асыру.

Осы бағыт шеңберінде Халыққа қызмет көрсету орталығын дамытуға (бұдан әрі – ХҚО) мамандандырылған ХҚО, «е-Үкімет», «е-Салықтар», «е-лицензиялау» жобаларын және «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды іске асыру бойынша іс-шаралардықпен басым қаржыландырылатын болады.



5) Ірі серпінді дамушы қалалардың базасында қалған өңірлер үшін «локомотив» болатын озық өсудегі маңызды «нүктелерді» қалыптастыру арқылы өсу нүктелерін (Астана, Алматы қалаларында) қалыптастыру.

Бұл, 2030 жылға дейін Астана қаласын орнықты дамытудың стратегиялық жоспары, Алматы қаласын дамытудың 2011 – 2015 арналған бағдарламасы шеңберінде шеңберінде Астана мен Алматы қалаларындағы іске асырылып жатқан жобалар.


4.1.6 Бюджетаралық қатынастар

Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқару деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің аражігін айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі бөлінуіне, сондай-ақ бюджетаралық трансферттерді айқындау әдістерінің біртұтастығына және ашықтығына негізделетін.

Орта мерзімді кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының мақсаты олардың тұратын жеріне қарамастан азаматтарға Конституциямен және заңнамамен кепілдік берілген мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпыға бірдей қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету болады.

Даму бюджеті шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы қаржыландыру салаларының аражігін ажыратылатын болады.


4.2 Әртараптандыру негізінде экономиканы жаңғырту

Жоспарланған деңгейде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және экономикалық жаңғырту индустриялық-инновациялық саясат арқылы жүзеге асырылатын болады.

ҮИИДМБ-нің бірінші бес жылдығы (2015 жылға дейін) Қазақстанды қажетті өндірістік және табысты индустрияландыру және инфрақұрылымдық базасын индустрияландырудан кейінгі қоғамға көшуді қалайды.

Ел экономикасын одан әрі индустрияландыру саясаты жекелеген өңірлік ерекшелік ескеріле отырып, басым секторларда өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – ИИДМБ) көзделген. Екінші бес жылдық саны шектелген индустриаландыру басымдықтарына шоғырландырылатын және үш:

- ұлттық;

-аумақтық;

- инновациялық кластерді дамытуға бағытталатын болады.

2020 жылға қарай индустриялдық дамудың мынадай нәтижелері.

өңдеу өнеркәсібінде жалпы қосылған құнының нақты мәнінде кемінде 1,6 есе ұлғаюы;

өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің нақты мәнінде 1,4 есе ұлғайюы;

шикізаттық емес (өңделген) экспорт құндық көлемінің кемінде 1,7 есе ұлғаюы.

өңдеу өнеркәсібінің энергия сыйымдылығының кемінде 15 %-ға төмендеуі;

өңдеу өнеркәсібінде жұмыспен қамтуды 53 мың адамға ұлғаюы күтілуде.

ИИДМБ-де мынадай басымды салалар айқындалған:

металлургия кешені;

машина жасау;

мұнай-газды өңдеу кешені;

химия өнеркәсібі;

құрылыс материалдар өндірісі;

азық-түлік өнеркәсібі.

Индустриялдық-инновациялық даму шеңберінде экономиканы жаңғыртуға кешенді және интеграцияланған тәсілді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама әзірленді.
4.2.1 Экономика салаларын дамыту

Тау-кен металлургиясы өнеркәсібінде шикізатты ел ішінде барынша қайта өңдеу және машина жасау, құрылыс индустриясы сияқты өзге де сабақтас өнеркәсіп салаларын дамытуды қамтамасыз ететін қайта бөлінісі жоғары өнімдерді өндіру болады.

Тау-кен саласын дамыту:

бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, номенклатураны кеңейту және шағын және орта бизнесті тарта отырып қосылған құны жоғары терең өңдеуден өткен өнімнің үлесін ұлғайту;

ресурс- және энергия сыйымдылығын төмендету, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында саладағы жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту;

шикізатты кешенді қайта өңдеу және бөліп алу технологиялары бойынша инновацияларды дамыту, өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу және саланың ғылыми-техникалық әлеуетін инновациялық процестерге белсенді тарту;

саланың жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, минералды шикізат базасын қалпына келтіру, саланы білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;

ішкі нарықта металлургиялық өнеркәсіп шикізаты мен өнімін жылжытуға жәрдемдесу арқылы қамтамасыз етіледі.

Орта мерзімді кезеңде:

Мыс қорыту және электролиз зауыттарын, «Юбилейное» кен орнында құрамында алтын бар кенді қайта өңдейтін кен байыту фабрикасын салу;

Бозшакөл және Ақтоғай тау-кен байыту комбинаттарын салу;

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына жылына 6 млн. тоннаға дейін болат өндіруді ұлғайту жобалары іске асырылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет