9) жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған кезде жұмыс
берушінің бастамасы бойынша
еңбек шартын бұзған жағдайдағы өтемақы төлемі туралы;
10) жұмыс берушінің орналасқан жерінен немесе жиналатын жерден жұмыс орнына
дейін және кері қайтқанда жұмыскердің жолда болған уақыты үшін өтемақы төлемі
туралы;
11) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы
заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды)
асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда
төленетін әлеуметтік төлем
сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға
байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге
берілетін демалысқа ақы төлеу туралы;
12) жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өздері келтірген нұқсан үшін
жауаптылығы
туралы;
13) ерікті зейнетақы жарналары туралы;
14) жұмыскерлерді және олардың отбасыларын медициналық сақтандыру кепілдіктері
туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы;
15) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін жұмыскердің
қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның пайдасына жұмыс берушінің қаражаты
есебінен ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыру туралы;
16) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
негіздеріне оқыту
жөніндегі іс-шаралар туралы;
17) жәрдемақылар мен өтемақы төлемдері, оның ішінде еңбек қызметіне байланысты
жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдерді төлеу туралы;
18) тараптар айқындаған және осы Кодексте айқындалған басқа да мәселелер
бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.
3. Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас, салалық,
өңірлік келісімдермен салыстырғанда жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс.
Мұндай ережелер жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: