5)
ауыр
жұмыстар
- жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды
қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене
күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің
түрлері;
6) ауысымдық жұмыс - тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы
жұмыс;
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
7) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
7) әлеуметтік әріптестік - жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер
(жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы
еңбек қатынастарын
және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ
әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін
келісуді қамтамасыз етуге бағытталған, тең құқықты ынтымақтастыққа негізделген өзара
қатынастар жүйесі;
8) бас, салалық, өңірлік келісім (бұдан әрі - келісім) - тараптардың республикалық,
салалық және өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін
мазмұнын және еңбек
жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі
міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын
жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт;
9) бейбәсекелестік туралы талап - жұмыс берушіге
нұқсан келтіруі ықтимал
әрекеттерді жүзеге асыруға жұмыскердің құқығын шектейтін, бейбәсекелестік туралы
шарттың талаптары;
10) бос тұрып қалу - экономикалық,
технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де
өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
11) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін,
жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
12) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер
көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;
13) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда
орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету
немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі
бір кезеңге жұмыстан босату;
14) еңбек - адам мен қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін
қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам
қызметі;
15) еңбек гигиенасы - жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек
процесінің
қолайсыз
әсерлерінің
профилактикасы
жөніндегі
санитариялық-
эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;
Достарыңызбен бөлісу: