132 параграф. Әуеден суретке түсiру
843. Әуеден суретке түсiру бойынша ұшуға мыналар жатады:
1) аэрофото түсiру;
2) iздестiру-суретке түсiру;
3) аэросурет түсiру;
4) аэро көзбен шолу.
850. Жұмыс басталар алдында, суретке түсiру ауданының (қауiптiлiгi аз биiктiкте) байқап зерттеп ұшуды жасайды.
844. Түсiру ұшуларын орындау кезiнде 50м кем нақты биiктiкте:
1) бұрылулар кемiнде 50 м биiктiкте жасалады;
2) қисаю бұрышы 30 градустан астам емес;
3) шығару қондырғыларымен – қисаю бұрышы 20 градустан астам емес.
845. Егер паралельдi бағыттар арасындағы қашықтық кемiнде 20 км болса, бiр учаске үстiнен екi әуе кемесiне бiр уақытта ұшуға рұқсат берiледi. Бұл ретте ӘК командирi өзiнiң орналасқан орны туралы уақытылы ақпараттандыру үшiн бiр бiрiмен радиобайланыста тұрады.
Әуе кемесiнiң тобына әуе суретке түсiрудi орындауға пайдаланушы белгiленген тәртiпте нұсқаулықты бекiтуге дайындалады.
846. Аэрофото түсiру ұшулары аэрофото түсiру аппаратурасымен жабдықталған әуе кемелерiмен фото түсiру мақсатында жасалады.
Аэрофото түсiру учаскесiнiң үстiнен ұшу 760 мм рт. ст. (1013,25 мбар/пГа) стандартты атмосфералық қысым бойынша берiлген шығуда жасалады.
Учаскеден учаскеге ұшулар және ұшу эшелонының (биiктiгiнiң) өзгеруi кезiнде фотоға түсiру ӘҚҚ органының рұқсатымен жасалады.
847. Iздестiру-суретке түсiру ұшулары аэрогеофизикалық суретке түсiрудiң әр түрлi түрлерiн өткiзу мақсатында орындалады.
Iздестiру-суретке түсiру ұшулары шектi шағын биiктiкте өткiзiлуi мүмкiн.
Шығару қондырғылары бар аппаратурамен жабдықталған әуе кемесiнiң iздестiру-суретке түсiру ұшуларын орындау кезiнде, егер осы әуе кемесi немесе сурет түсiру аппаратурасы үшiн басқа шектеулер болмаса, ұшудың ең төменгi рұқсат етiлген биiктiгi жiберiлген тросс ұзындығына ұлғаяды.
Мезеттiк қимылдағы автоматты троскескiштiң болмауы кезiнде шығарылатын қондырғылары бар әуе кемелерiнде ұшуға рұқсат етiлмейдi.
848. Тау жерде ұшу кезiнде күннiң жарығы түскен және ық жақта тұрған еңiстерден ұстану қажет.
Мыналарды орындауға:
1) шайқалу кезiнде жел жақтағы еңiсте тау шыңында сурет түсiру үшiн ұшуға;
2) кемiнде 100 м нақты биiктiкте, тауда – кемiнде 200 м биiктiкте, көкжиектен кемiнде 15 градус және бағыттық бұрыштан кемiнде 30 градус күн биiктiгi кезiнде жазық және ойлы-қырлы жерде күнге қарсы ұшуға;
3) еңi берiлген биiктiкте әуе кемесiнiң осы түрi үшiн қисаю бұрышы 20 градус кезiнде бұрылыстан үш радиустен кем болатын тұйық аңғарлар мен тау шатқалдарында ұшуға тыйым салынады.
849. Аэросурет түсiру ұшулары берiлген аудандарда белгiленген бағыт бойынша геологиялық карталау, қашықтықтан аймақтау және қоршаған ортаның жағдайын бақылау мақсатында орындалады.
Аэрофото түсiру ұшуларын орындау кезiнде барометрлiк өлшеуiш бойынша тұрақты биiктiкте ұсталатын шағын, орта және үлкен биiктiктер пайдаланылады.
Сурет түсiру бағыттарының ұзақтығын, ұшу биiктiгiн, бағыттар арасындағы қашықтықты және ұшудың басқа параметрлерiн тапсырыс берушi бередi.
850. Аэрокөзбен шолу ұшулары объектiлердi көзбен шолып тексеру және орындағы жағдайды (ЭБЖ, байланыс желiлерiн, газ және мұнай құбырларын, өзендердi, арналарда, автомагистральдерiн патрульдеу, мұзды барлау; балық пен жануарлар қорын барлау; жабайы жануарларды түгендеу және т.с.с.) қадағалау мақсатында орындалады.
Аэрокөзбен шолу ұшуларды әдеттегiдей әуе кемесiнiң бортында тапсырыс берушiнiң қадағалаушысы орындайды.
851. Аэрокөзбен шолу ұшуларды бортта тапсырыс берушiнiң қадағалаушысысыз орындау жағдайында, ұшу экипажы кемiнде екi ұшу экипажының мүшелерiнен тұруы қажет.
852. Белсендi ұшуды орындайтын ұшу экипажының мүшесi аэрокөзбен шолып қадағалауды жасай алмайды.
853. Аэрокөзбен шолу ұшуларды күндiз КҰҚ бойынша орындалады:
1) жазық және ойлы-қырлы жерлерде – кемiнде 2000 м көрiнiсте және бұлттардың төменгi шекарасынан кемiнде 150 м биiктiкте;
2) таулы жерде (2000 м дейiн) - кемiнде 5000 м көрiнiсте және бұлттар төменгi шекарасынан кемiнде 400 м биiктiкте;
3) таулы жерде (2000 м жоғары) - кемiнде 8000 м көрiнiсте және бұлттар төменгi шекарасынан кемiнде 400 м биiктiкте.
854. Аэрокөзбен шолу ұшуларды орындау кезiнде объектiлердi алыстан егжей-тегжейлi қадағалау үшiн әуе кемесiн төмендетудi кедергiлер үстiнен кемiнде 10 м биiктiкке дейiн, ал жоғары вольтты электр беру желiлерiн қарау кезiнде – тiреуiштер үстiнен кемiнде 20 м биiктiкке дейiн орындауға рұқсат етiледi.
855. Мұздық барлау ұшудың кемiнде 100 м нақты биiктiгiнде екi және одан көп қозғалтқышы бар әуе кемесiнде орындалады.
Мұз жағдайын нақтылау мақсатында әуе кемесiнiң кедергiлер үстiнен 50 м дейiн төмендеуге рұқсат етiледi.
856. Кемеге мұз жағдайының картасын немесе өзге құжатты борттықфототелеграф аппаратурасы бойынша беру мүмкiн болмаған кезде оны жалаушамен түсiруге рұқсат етiледi. Бұл ретте кеме мачталары үстiнен ұшу биiктiгi кемiнде 25 м болуы тиiс.
857. Балықтың немесе теңiз жануарының шоғырлану жерiнiң үстiнен ұшуға кемiнде 100 м биiктiкте орындауға рұқсат етiледi.
133 параграф. Орманавиациялық жұмыстар
858. Орманавиациялық жұмыстарда ұшу мынадай мақсатта жүргiзiледi:
1) ормандарды авиациялық қорғау;
2) ормандарды тексеру және есепке алу;
3) орман қорғау және орман пайдалану ұйымдарына қызмет көрсету.
859. Ормандарды авиациялық қорғау және тексеру бойынша ұшулар КҰҚ бойынша және берiлген аудандарда орындалады.
Өрт анықталған кезде қадағалаушы ұшқыш өтiнiшi бойынша ӘҚҚорганының ақпаратымен (бақыланатын әуе кеңiстiгiнде) әуеден таңдалған алаңда тiкұшақта қонуды орындауға рұқсат етiледi.
860. Төменгi өрт үстiнен төмендеуге өрт жиегi бойынша ағаш төбелерiнен ұшақты кемiнде 200 м және тiкұшақта 100 м биiктiкте рұқсат берiледi.
861. Жоғары өрт ошақтары және түтiндi аудандар үстiнен КҰҚ бойынша ұшу үшiн белгiленгеннен кем көрiнiс кезiнде ұшып өтуге тыйым салынады.
862. Вымпелдi хабар қабылдау пунктiне тастау кедергiлер үстiнен кемiнде мынадай биiктiктерде жасалады:
1) енi 1500 м -50 м астам жазықты жерде және таулы аңғарларда;
2) таулы жерде - 100 м.
863. Вымпелдердi тастау кезiнде мынаған рұқсат етiлмейдi:
1) еңiс бойы жоғары бет алуға және бұрылуға;
2) кемiнде 300 м қашықтықта таудың күрделi шатқалдарына қатты шайқалған кезде жақындауға;
3) вымпелдi тастауды тек әуе кемесiнiң командирiне жасауға;
4) қауiпсiзден төмен биiктiкте назар аудару мақсатында хабар қабылдау пунктiнiң үстiнен эволюцияны орындауға.
864. Қуатты қондырғыларды пайдаланып, жауын-шашынды жасанды шақырып, парашюттердi, түсу жабдықтарын қолданып, сондай-ақ жүктi түсiрiп және жарылыс заттарды жеткiзiп, өрттi белсендi сөндiру бойынша ұшулар әуе кемесiнiң ҰПН-не сәйкес жасалады.
134 параграф. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстары
865. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарына ұшуға мыналар жатады:
1) құрылыс конструкциясын, ЭБЖ, құбырларды монтаждау және демонтаждау;
2) сыртқы аспаға арналған жүктердi тасымалдау;
3) тиеу-түсiру операцияларын өткiзу;
4) тiкұшақтың салбырауымен және орын ауыстыруымен байланысты жұмыстың басқа түрлерi.
Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын орындау масатында ұшулар әуе кемесiнiң ҰПН талаптарына және оған балама құжатқа сәйкес жасалады.
Нақты жағдайлардағы құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын орындау үшiн ұшуларды жасау жөнiндегi нұсқаулық белгiленген тәртiпте (оны әзiрлеуге аталған жұмыс түрiне рұқсат берiлген пайдаланушының ұшу-командалық тұлғасына рұқсат етiледi) әзiрленедi.
866. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзуге, жүктердi тiкұшақтың сыртқы салбырауына орналастыруға мына жағдайда, егер тапсырыс берушi:
1) жүктердi тасымалдауға дайындау технологиясының сақталуын және техника қауiпсiздiгi ережесiнiң сақталуын қамтамасыз етпесе;
2) жұмысқа басшылық жасайтын өкiл тағайындамаса рұқсат етiлмейдi.
867. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын орындау алдында қажет жағдайда бақылаушы ұшып өту және ҰПН және тiкұшақтың осы үлгiсiнiң ұшу экипажының технологиялық жұмыстарының талаптарын сақтай отырып, жұмыс тәсiлi мен шарттарының аса табысты бағыттарын айқындау үшiн монтаждау алаңы (жүк түсiру) үстiнен салбырау жасалады.
868. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын орындаудың анағұрлым орынды тәсiлiн айқындау үшiн осы жұмыс түрi бойынша нақтыға ең жоғары жақындаған шарттарда арнайы берiлген орында жаттығу ұшуларына ұйымдастырылады және қажет жағдайда жасалады.
869. Жұмысшылар бригадасымен (монтаждаушылармен) ұшу экипажының өзара iс-қимылы үшiн радиобайланыс және әуе кемесiнiң командирiмен орнатылған көзбен шолу белгiсi қолданылады.
870. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарына ұшу бұлттардың төменгi шекарасынан кемiнде 150 м биiктiкте және кемiнде 2000 м көрiнiс кезiнде КҰҚ бойынша орындалады.
871. Егер ауа райы болжамы құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру жұмыстарын орындау үшiн минимумдерге сәйкес келмесе, ұшу-командалық құрамның лауазымды тұлғаларына әуе кемесiнiңкомандирiне мынадай жағдайлар кешенiн орындау кезiнде өздiгiнен шешiм қабылдауға рұқсат беру (ұшу тапсырмасында көрсетiле отырып) құқығы берiледi:
1) әуе кемесiнiң командирi ретiнде авиациялық жұмыстарды орындау бойынша шабуыл кемiнде 500 сағатты құрайды;
2) нақты көрiнiс - кемiнде 2000 м;
3) бұлттардың төменгi шекарасынан биiктiгi - 200 м және астам.
872. Құрылыс-монтаждық және жүк тиеу-түсiру операцияларын жасау кезiнде қону алаңынан 5 км астам емес радиусте әуе кемесi командирiнiң нұсқауы бойынша АОҚ-мен, бiрақ 20 минуттан кем емес ұшуды орындауға рұқсат берiледi.
135 параграф. Халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық iс-шаралар жүргiзуге арналған ұшулар
873. Түнгi ұшулар үшiн жабдықталмаған әуеайлақтан жедел медициналық көмек көрсету мақсатымен ұшу мынадай жағдайда рұқсатетiледi:
1) жазық жерде – таң атқанда және түн басталғанша дейiн 30 минут iшiнде аяқтау;
2) таулы жерде – күн шыққаннан бұрын емес және күн батқаннан кеш емес аяқталады.
874. Ұшулар осы Қағиданың талаптарына сәйкес орындалады:
1) бұлттардың төменгi шекарасынан кемiнде 100 м биiктiкте және кемiнде 1000 м көрiнiсте КҰҚ-тың ең төменгi шарттары бойынша күндiз.
2) бұлттардың төменгi шекарасынан кемiнде 300 м биiктiкте және кемiнде 400 м көрiнiсте түнде.
Түнде жедел ұшуды орындау кезiнде әуе кемесiнде қонуға жарықбелгiсi бар (алаулар, қуырғыш және т.б.) әуеайлаққа немесе қону алаңына рұқсат берiледi.
875. Егер әуе кемесi әуеден таңдалған алаңға қонса, одан түнде ұшуға тек жедел медициналық көмек көрсету жағдайында рұқсат етiледi.
Егер ӘК командирi ұшып көтерiлу курсының жарық белгiсi жабдығымен түнде қауiпсiз ұшып көтерiлу үшiн алаңды даярлау бойынша шараларды қабылдайды.
876. Әуе кемесiнiң жедел ұшып кетуi кезiнде қону бағытында және пунктiнде ауа райының нақты жағдайы туралы деректерсiз бағдарлы болжамдар бойынша орындауға рұқсат етiледi.
877. Күндiз және түнде жедел ұшуға АҰҚ бойынша ұшуға рұқсат берiлген, арнайы даярланған экипажға (ұшқышқа) рұқсат берiледi.
878. Медициналық көмек көрсету бойынша жедел ұшуларды орындайтын әуе кемесiне қызмет көрсету бiрiншi кезекте жүргiзiледi.
879. Денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша ұшулар мыналарға бөлiнедi:
1) жедел медициналық көмек көрсету үшiн ұшуды жедел орындауға;
2) санитарлық жоспарлы консультациялар үшiн медицина персоналын, медициналық жүктердi жеткiзумен және iс-шаралар бойынша басқа өтiнiмдердi орындаумен байланысты ұшуларға.
880. Халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық iс-шаралар жүргiзуге арналған ұшулар денсаулық сақтау ұйымдарының пайдаланушымен жасалған шарт және оның өтiнiмдерi негiзiнде жасалады.
881. Екi бағытта жедел ұшу деңгейi денсаулық сақтау ұйымы өтiнiмi негiзiнде ұшуға тапсырмада көрсетiледi.
Адамдар өмiрiн құтқарумен байланысты жеке жағдайларда, құжаттаманы одан әрi толтыра отырып, жазбаша өтiнiмсiз жедел медициналық көмек көрсету үшiн ұшуларды орындауға рұқсат етiледi.
882. Денсаулық сақтау ұйымының қызмет көрсету бойынша ұшулары осы Қағидада көзделген шарттар кезiнде КҰҚ бойынша, КҰҚ және АҰҚ бойынша арнайы ұшумен орындалады.
Адамдар өмiрiн құтқарумен байланысты қажеттi жағдайларда, әуе кемесiнiң командирiнiң келiсiмi кезiнде осы Қағидада жазылған ұшу тәртiбi мен қағидаларынан кетуге жол берiледi.
Бұл ретте әуе кемесiнiң командирi аталған ауданда ұшу тәжiрибесi, аспаптар бойынша ұшуға рұқсаты, ал түнгi ұшулар кезiнде денсаулық сақтау ұйымының қызмет көрсетуi бойынша шұғыл ұшуларды орындаған кезде ҚҰЕ бойынша арнайы ұшуға рұқсаты болуы тиiс.
Осы кезде аталған тапсырманы орындау үшiн барлық ұшу экипажының дайындығы да ескерiлуi қажет.
883. Түнгi жедел ұшуларды орындау кезiнде әуе кемесiнiң қонуы түнгi ұшу үшiн жабдығы немесе жарық белгiсi (алаулар, күйдiргiштер) бар әуеайлақтарға және қону алаңдарына рұқсат берiледi.
Адам өмiрiн қалдырлаған салдардан немесе қауiптен құтқарумен байланысты ерекше жағдайларда, жарық белгiсi жоқ, әуеден таңдалған, алаңға қонуды орындауға рұқсат берiледi, бұл ретте әуе кемесiнiң командирi және ұшу экипажы белгiленген тәртiпте арнайы тексеруден өтедi және ұшудың осы түрiне рұқсат берiледi.
884. Азаматтық авиацияның барлық әуежайларында (әуеайлақта) медициналық көмек көрсету бойынша жедел ұшуларды орындайтын әуе кемелерiне техникалық қызмет бiрiншi кезекте көрсетiледi.
885. Мәжбүрлi қону жағдайында, әуе кемесiнiң экипажы ауруларды немесе медициналық жүктi жақын медициналық пунктке жеткiзудi ұйымдастыру бойынша барлық мүмкiн шараларды қабылдайды және мүмкiн жағдайда басқа әуе кемесiне қону үшiн орын дайындайды.
136 параграф. Көлiк-байланыс жұмыстары
886. Көлiк-байланыс жұмыстары тапсырыс берушiнiң жолаушыларын, жүктерiн және жабдықтарын тасымалдау үшiн әуе кемесi пайдаланылатын әртүрлi эпидемиялық, ғылыми және шаруашылық ұйымына қызмет көрсету мақсатында орындалады.
Көлiк-байланыс ұшулары әуе трассалары бойынша, ЖӘЖ және белгiленген бағыттар КҰҚ және АҰҚ бойынша осы Қағида талаптарына сәйкес орындалады.
887. Жүктердi тасымалдауды сыртқы аспаларды пайдаланып жүзеге асыруға рұқсат етiледi.
Түсiрудi ұшуда тастау әдiсiмен немесе тiкұшақтың салбырау режимiнде, әуе кемесi қонғаннан кейiн жүзеге асыруға рұқсат етiледi.
888. Жүктердi тастау парашютпен және парашютсiз жасалады:
1) парашютпен - кемiнде 150 м биiктiкте;
2) парашютсiз:
3) жазық жерде - 25 м төмен емес биiктiкте;
4) ойлы-қырлы жерде - 50 м төмен емес;
5) таулы жерде - 100 м төмен емес.
889. Сыртқы аспада жүгi бар тiкұшақтарда ұшу елдi мекендi аралап, КҰҚ бойынша орындалады;
1) жазық және ойлы-қырлы жерде:
күндiз және алакөлеңкеде - кемiнде 2000 м көрiнiсте және бұлттардың төменгi шекарасынан 200 м төмен емес биiктiкте;
түнде - кемiнде 4000 м көрiнiсте және бұлттардың төменгi шекарасынан 450 м төмен емес биiктiкте;
2) таулы жерде – күндiз бұлттардың төменгi шекарасынан 400 м төмен емес биiктiкте мынадан кем көрiнiс кезiнде:
рельефтi 2000м. жоғары арттыра отырып 5000м. таулы жерде;
рельефтi 2000м. жоғары арттыра отырып 8000 м. таулы жерде.
890. Сыртқы аспада тасымалданатын жүк мынадай жағдайда авариялық тасталуы тиiс:
1) қалықтап тұрғанда, егер қозғалтқыштың (қозғалқыштардың) барынша қуаты пайдаланылса, ал тiкұшақ өздiгiнен төмендейдi;
2) ұшу экипажының қарлы (шаңды) құйын жағдайында жермен көзбен көру байланысы жоғалған кезде;
3) тiкұшақтың жылдамдық алу немесе тежеу кезiнде жүктiң жермен немесе кедергiмен жанасуы кезде;
4) ұшу қауiпсiздiгiне қауiп төндiретiн жүктiң шайқалуы кезiнде;
5) жүкпен жерге қону мүмкiн болмағанда, мәжбүрлi қону кезiнде;
6) қозғалтқыш (қозғалтқыштар) iстен шыққан кезде;
7) тiкұшақ командирiнiң дәйектi шешiмi бойынша басқа жағдайда.
137 параграф. Теңiз кемелерiнен және теңiздегi бұрғылау қондырғыларынан ұшулар (бұдн әрi - ТБҚ)
891. Теңiз кемесiнiң бортына орналасқан тiкұшақтың ұшуы кеме капитанының тапсырмасы бойынша орындалады. Тiкұшақ командирi ұшып шығуға шешiм қабылдайды және ұшу қауiпсiздiгi үшiн жауапты болады.
892. 2000 тiкұшақтарда сағаттан кем емес дербес ұшуы және ұшу тапсырмасында жазылған тиiстi рұқсаты бар тiкұшақ командирi теңiз кемесiнен ұшуларды орындау кезiнде, мынадай жағдайларда нақты ауа-райы бойынша шешiм қабылдайды және ұшуды орындайды.
1) осы жұмыс түрi үшiн көрiну кемiнде 5000 м., 100 м ең төменгiден жоғары бұлттың төменгi шегiнен жоғары;
2) ауа-райында осы жұмыс түрi үшiн барынша шектi желдiң жылдамдығын күшейтудi және әуе кемесiнiң осы үлгiсi үшiн ҰПН шектеулерiн көздемейдi. Бұл ретте тiкұшақ командирi барлық ұшу уақытында ауа-райындағы өзгерiстердi байқауы және оның төменде көрсетiлген мәндерi нашарлаған жағдайда тапсырманы орындауды тоқтату.
893. Теңiз кемесiнде орнатылған радиотехникалық құралдардыпайдалана отырып, тұрақты екi жақты радиобайланысты және бағыт бойынша бақылауды қамтамасыз ететiн қашықтықта теңiз кемесiнен тiкұшақтың ұшуына рұқсат етiледi.
894. ТҚБ ұшулар екi қозғалтқышы бар тiкұшақтарда белгiленген бағыттар бойынша орындалады. ТҚБ ұшулар жағалау шегiнен 30 км асатын қашықтықта белгiленген және жабдықталмаған РТҚ-ға тыйым салынады.
895. Радиусы 2 км және одан кем емес ауданда екi және одан көп ТҚБ кезiнде ұшулар былайша ұйымдастырады: осы радиуста бiр тiкұшақтың болуын.
896. Тiкұшақ экипажы ұшу алдындағы дайындық кезiнде нақты ауа райы, теңiз кемесiнiң теңселу параметрi, ТҚБ ауданы мен бағыты бойынша теңiз бетiнiң күйi туралы мәлiметпен қамтамсыз етiледi.
897. Теңiз кемелерi және ТҚБ ұшулар ауа-райы жағдайында КҚҰ бойынша күндiз және түнде орындалады:
1) күндiз: көру кемiнде 2000 м және бұлттардың төменгi шегiнiңбиiктiгi кемiнде 150 м;
2) түнде: көру кемiнде 4000 м және бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi кемiнде 450м.
Күндiзгi КҰҚ бойынша арнайы ұшулр кезiнде: көру кемiнде 1000 м және бұлттардың төменгi шегiнiң биiктiгi кемiнде 100м.
138 параграф. Авиациялық эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстары
898. Эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткiзу бойынша ұшулар шарттар бойынша және тараптар бекiткен ұшу (лар) бағдарламасына сәйкес пайдаланушылар жүзеге асырады.
899. Эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткiзу бойынша ұшулар КҰҚ және АҰҚ бойынша күндiз және түнде орындалады.
Эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткiзу бойынша ұшуларды орындау кезiндегi минимумдар ұшуларды сынау бағдарламасына сәйкес белгiленедi.
Осы жұмыс түрiне барынша дайындалған ұшу экипажы жiберiледi.
900. Эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткiзу бойынша ұшулар егер ұшуды орындау технологиялары мен ережелерi осы жұмыс түрлерiн реттейтiн осы Қағиданың талаптарына, ҰПН немесе оған балама құжатқа және азаматтық авиация қызметi және әуе кеңiстiгiн пайдалану заңына қайшы келмегенде орындалады.
139 параграф. Парашютшiлердi түсiру және десанттау бойынша ұшулар
901. Парашютшiлердi түсiру бойынша ұшулар өндiрiстiк, секiру жаттығулары және спорттық iс-шараларды орындау мақсатында жүргiзiледi.
902. Өндiрiстiк секiрулердi орындау бойынша ұшулар оны пайдалануға беру бойынша нұсқаулыққа сәйкес парашют жүйесiн пайдаланудың ең төменгi биiктiгiнен төмен емес ӘК шынайы ұшулары кезiнде орындауға рұқсат етiледi.
903. Парашюттен секiруге арналған әуе кемелерiнде кiретiн есiктiң сыртқы тұтқасында және сол жақ тiрек амортизаторының сүйiрiнде қоршау орнатылуы тиiс. Парашютпен секiру жеке де, топталып те орындалады.
904. Құтқарушы паршютшiлердi кесiндiлерге, өртке, желге, шалшыққа (өте құрғақтан басқа), қурап қалған жасыл-желектерге, сондай-ақ олардың жоғарғы вольтты желiлерге түсуi ықтимал жағдайларда тастауды орындауға тыйым салынады.
905. Жерге қону алаңын мұқият қарау үшiн қауiпсiз биiктiкке дейiн ұшақтың төмендеуiне рұқсат етiледi.
906. Өзендер мен су қоймаларынан 500 м жақын орналасқан алаңдарға құтқарушы паршютшiлердi тастау өзеннен немесе су қоймасынан барынша қашықтағы алаңды таңдап алу мүмкiншiлiк болмаған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
907. «Дөңгелек нысанды» парашюттермен өндiрiстiк секiру жерге қону орнындағы жердегi желдiң күшеюi кемiнде секундына 8 метр кезде, негiзгi парашюттiң тактикалық-техникалық сипаттамасы бойынша «қанат» үлгiсiндегi барынша тiк жылдамдықтан асатын желдiң күшi секундына 5 метрден аспайтын кезде орындалады.
908. Парашюттiк-десанттық топтарды (ПДТ) паршютпен немесе басқаәдiспен түсiруге шешiмдi ПДТ тобының басшысы ӘК командирi мен iздестiру-құтқару жұмыстары басшының келiсiмi бойынша қабылдайды.
140 параграф. Арнайы қорғаныш құралдармен орманға парашютпен өндiрiстiк секiрулер
909. Орманға парашютпен секiрулер орманның жазығында жел күшi жерге қону орнында секундына 10 метрден аспаған кезде орындалады.
Парашютшiлердi орманға тастауды тек апатты аудандағы бар алаңда көмек көрсету үшiн апат орнына құтқарушы парашютшiлердiң уақытылы келуiн қамтамасыз етпегенде жағдайда және құтқарушы парашютшiлердi парашютсiз түсiрудi орындау мүмкiн болмаған кезде орындауға рұқсат етiледi.
910. Iздестiрушi ӘК-мен орман учаскесiн қарау кезiнде қурап қалған ағаштар мен беткей құлдиының болуын ерекше назарға алуы тиiс.
911. Құтқарушы парашютшiлердi орманға тастау тек үш адамнан кем емес топқа рұқсат етiледi. Қажеттiлiгiне қарай әрбiр ӘК кiруiнде бiр парашютшiнi тастауға рұқсат етiледi.
141 параграф. Парашютпен секiру жаттығулары
912. Парашютпен секiру жаттығулары парашютшiлердiң жерге қону қауiпсiздiгiнiң талаптарына жауап беретiн және мынадай өлшемдерi бар әуеайлақтарда және арнайы таңдалған алаңдарда жүргiзуге рұқсат етiледi:
1) бастапқы оқыту бағдарламасы бойынша секiрулердi орындау кезiнде - кемiнде 600 х 600 м;
2) барлық басқа да жағдайларда - 400 х 200 м кем емес.
Жерге қону аймағы мынадай талаптарға жауап беруi тиiс:
3) олар бойынша ұшулар орындалатын әуе трассалары жанында тұру;
4) кедергiлерi жоқ (егер бұл дайындық (жаттығу) бағдарламасында көзделмесе);
5) оның шекарасы шегiнде (кемiнде 250 – 300м) қауiпсiз, бос құрылыс аймағы, темiр жолдар, электр беру желiлерi, iрi су қоймалары және басқа жерге қону үшiн қауiптi кедергiлерi болуы;
6) автокөлiк үшiн кiрме жолдардың болуы.
913. Күндiз парашюттен секiру жердегi желдiң мынадай жылдамдықкезiнде орындауға рұқсат етiледi:
1) алғашқы парашютшiлер үшiн кемiнде секундына 5 м;
2) лицензияланған парашютшiлер кемiнде секундына 10 м;
3) 2 сыныптан төмен емес нұсқаушы парашютшiлер үшiн негiзгi және қосымша парашютшiлердiң ТТД еске ала отырып, секундына 15 м
914. Түнгi парашюттен секiру, сондай-ақ күндiз қатып қалған және қары аз жабындарда жердегi жел күшiнiң жылдамдығы кезiнде орындауға рұқсат етiледi:
1) алғашқы үйренушi парашютшiлер үшiн кемiнде секундына 4 м;
2) нұсқаушы парашютшiлер мен лицензияланған парашютшiлер үшiн кемiнде секундына 8 м.
915. Суға парашютпен секiру 3 балдық судың толқуы кезiнде және су бетi желiнiң жылдамдығы кезiнде орындалады:
1) алғашқы парашютшiлер үшiн кемiнде секундына 8 м;
2) тәжiрибелi парашютшiлер мен нұсқаушы парашютшiлер үшiн кемiнде секундына 10 м.
916. Негiзi парашюттi кедергiсiз ашып секiрудiң ең аз биiктiгi:
1) "қанат" үлгiсi - 1000 м.
2) дөңгелек нысанда - 800 м.
917. Осы секiрулер орындалатын жердiң бетiн есептегенде, негiзгi парашюттiң ранцiн ашудың ең төменгi биiктiгi:
тандем - 1200 м.
негiзгi парашюттi ашуда секiрулердi кiдiртiп орындаған алғашқы үйренушi парашютшiлер - 1100 м.
«қанат» үлгiсiндегi парашюттерден секiрулердi орындайтын парашютшiлер – 1000 м.
дөңгелек нысандағы парашюттерден секiрулердi орындайтын парашютшiлер – 800 м.
Достарыңызбен бөлісу: |