Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы


-параграф. Пайдалану бойынша ұйымдық-нұсқама құжаттар



бет2/26
Дата12.06.2016
өлшемі1.95 Mb.
#129917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

2-параграф. Пайдалану бойынша ұйымдық-нұсқама құжаттар
      3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұйымдық-нұсқама құжаттарын (Пайдалану директивалары) басу арқылы әуе кемелерінің жекелеген даналарын немесе жекелеген үлгілерін пайдалануға тыйым салу туралы немесе ұшу қауіпсіздігі мүддесінде пайдалануды шектеу туралы нұсқау береді.
      4. Пайдалану мәселелері бойынша ұйымдық-нұсқама құжаты (пайдалану директивасы немесе нұсқау) мыналарды:
      1) оны шығару себебін;
      2) қолданушылығы мен қолдану мерзімін; және
      3) азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы қабылдауды тиіс әрекеттерді белгілейді.
3-параграф. Заңдарды, қағидалар мен рәсімдерді сақтау
      5. Азаматтық ӘК пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) экипаждың барлық мүшелерінің өз міндеттерін орындауға байланысты заңдармен, қағидалармен және тәртіптемелермен танысуын қамтамасыз етеді.
      6. Азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) мыналар:
      1) экипаж мүшелерін қоса алғанда, оның барлық авиациялық персоналы, егер заңдар, қағидалар мен рәсімдер Қазақстан Республикасындағы осыған ұқсас заңдардан, қағидалар мен рәсімдерден гөрі қатаң болса, ұшу орындалатын мемлекеттердегі көрсетілген заңдардың, қағидалар мен рәсімдердің (олардың өз міндеттерін орындаумен байланысты) сақталуына жауапкершілігі және пайдаланушының әрбір қызметкері шетелде болған кезде болу елінің Заңдарына қайшы емес Қазақстан Республикасы заңдарының, сондай-ақ болу мемлекетінің Заңдары мен қағидаларының сақталуына жауап беретіндігі туралы ескертілгені;
      2) экипаждың барлық мүшелері олардың өз міндеттерін орындаумен байланысты заңдармен, қағидалармен және рәсімдермен таныс екендігі үшін жауапты болады.
4-параграф. Жалпы жұмыс тілі
      7. Пайдаланушы экипаждың барлық мүшелерінің өзара бір жалпы жұмыс тілінде сөйлесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      8. Пайдаланушы авиациялық персоналдың 2010 жылғы 18 қазандағы Үкімет қаулысымен бекітілген, № 1069 Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу Ережесінің талаптарына сәйкес, ӘК әзірлеушісі әзірлеген ӘК ұшу пайдалану жөніндегі нұсқау (бұдан әрі - ҰПН), Ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқау (ҰЖН), пайдаланушының техникалық қызмет көрсетуді реттеу және жөндеу жөніндегі нұсқау (бұдан әрі – ТҚРжЖ), 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 Үкімет қаулысымен бекітілген әуе кемелерін пайдаланушыларды сертификаттау ережелерін және пайдаланушыға азаматтық әуе кемелерін пайдалану сертификатын беру Ережесін және авиациялық персоналдың өз міндеттерін орындаумен және олардың өкілеттіктерімен байланысты басқа да құжаттар жазылған тілді түсінуге қабілетті болуын қамтамасыз етеді.
      9. Пайдаланушы халықаралық ұшуды орындау әуе кемесі командирі мен экипаждың басқа да мүшелерінің кезінде ҰПН/ҰЖН-да бар рәсімдерге сәйкес авиация персоналымен, әуе қозғалысын ұйымдастыру (ӘҚҰ) қызметін қоса алғанда, жер үсті қызметтерімен және шетел мемлекеттерінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органы өкілдерімен халықаралық жұмыс органы – ағылшын тілінде радиоалмасу және сөйлесу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
5-параграф. Ең аз ақаусыз жабдық тізбесі
      10. Қандай да бір аспаптың, жабдықтың немесе жүйенің жұмыс істемеуі кезінде, олар үшін жұмыс істемейтін аспаптармен жабдықпен немесе жүйемен ұшуды орындау үшін ҰПН ережелері негіз болатын ТМД елдері өндірген әуе кемелерінде ұшуды орындау жағдайларын қоспағанда, ең аз жабдық тізбесі (ЕЖТ - Minimum Equipment List – MEL – қысқартылған ағылшын тіліндегі аббревиатура) негізінде коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат етіледі.
      11. Жөндеу жұмыстарын жүргізудің және жабдықты алмастырудың бақыланатын және негізделетін бағдарламалары шеңберінде жұмыс істемейтін аспаптармен, жабдықпен немесе жүйелермен әуе кемесін пайдалану мүмкіндігін айқындауға арналған MEL ең аз жабдық тізбесін пайдаланушы негізгі ең аз ақаусыз жабдық (MMEL - қысқартылған ағылшын тіліндегі аббревиатура) немесе ТМД-да өндірілген немесе бұрын КСРО-да пайдаланылатын әуе кемелері үшін ҰПН талаптары негізінде әрбір әуе кемесі үшін жасақтайды.
      12. Пайдаланушының ең аз жабдығы тізбесі – MEL әзірлеу үшін қолданылатын MMEL-ді ӘК үлгісінің сертификатын ұстаушы басып шығарады және оны әуе кемесін әзірлеуші мемлекеттің уәкілетті органы бекітеді.
      13. MEL ұшуды пайдаланушының ҰЖН-ға енгізіледі және ол мыналарды қамтуы тиіс:
      1) ең аз жабдық тізбесін техникалық персоналдың және әуе кемелерінің ұшу экипажының қолдану ережесін қамтитын алғысөз;
      2) қолданылатын терминдердің анықтамалары мен түсіндірулер;
      3) аспаптардың, жабдықтар мен жүйелердің, тиісті ескерту және хабарлау дабылдарының істен шыққан белгілері болып табылатын тізбесі;
      4) олар істен шыққан кезде әрбір әуе кемесі үшін мыналарды:
      әуе кемесінде орнатылған аспаптардың санын және ұшуды орындау үшін талап етілетін аспаптардың санын;
      жұмыс істемей қалған аспаптың, жабдықтың немесе жүйенің жұмыс қабілетін қалпына келтірудің рұқсат етілген кезеңін;
      әуе кемесі экипажының кабинасындағы және (немесе) жолаушылар кабинасындағы аспапты, жабдықты және жүйені маркерлеу қажеттігін;
      егер бұлар талап етілсе, әуе кемесін ұшуға техникалық дайындаудың талап етілетін қосымша рәсімін;
      ол кезде жұмыс істемейтін құрылғымен оны бастауға тыйым салынатын ұшудың болжамды шарттарын қоса алғанда, осы тармақты қолдану шарттарын көрсетілетін аспаптардың, жабдықтар мен жүйелердің тізбесі.
      14. MEL бекіту кезінде мыналар ескеріледі:
      1) әуе кемесінің осы үлгісін пайдалану тәжірибесі;
      2) пайдаланушының әуе кемесінің осы үлгісі мен ұқсас үлгілерді пайдалану тәжірибесі;
      3) пайдаланушының әуе кемесі ұшу экипажы мүшелерінің біліктілігі мен даярлығы.
      Жабдықтардың MEL-де көрсетілген бірнеше компоненттері істен шыққан кезде әуе кемесінің экипажы пайдаланушы ҰЖН-да белгілеген рәсімдерге сәйкес ұшу басталар алдында жұмыс істемейтін компоненттер арасында ұшу қауіпсіздігі деңгейін рұқсат етілген шектен төмен деңгейіне төмендеуіне немесе ұшу экипажына жүктеменің тым ұлғаюына әкелетін өзара байланыстың жоқтығына көз жеткізуге міндетті.
      15. Қауіпсіздіктің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігін айқындау кезінде пайдаланушы жұмыс істемейтін жүйелермен немесе жабдықпен пайдалануды жалғастыру барысында әуе кемесі аспаптарының, жабдықтарының немесе жүйелерінің қосымша жұмыс істемей қалу ықтималдығын ескеруі тиіс.
      16. Қандай да бір жабдықтың немесе жүйенің істен шығуы кезінде әуе кемесі ұшуға жіберілген жағдайда әуе кемесінің борт журналына әуе кемесін ұшуға дайындауды жүргізетін техникалық персонал істен шыққан аспаптар, жабдықтар немесе жүйелер туралы мәліметтерді және олар орындаған ұшуға дайындау рәсімдерін енгізеді, сондай-ақ егер ол талап етілсе, жұмыс істемей қалған аспаптарды таңбалау жүргізіледі.
      17. Қандай да бір жабдық немесе жүйе істен шыққан кезде ұшуды бастау туралы түпкілікті шешімді әуе кемесінің Командирі (бұдан әрі - ӘК командирі) қабылдайды.
      18. Әуе кемесінің есігі жабылғаннан кейін қандай да бір жабдықтың немесе жүйенің істен шыққаны анықталған жағдайда ұшуды орындау мақсатында ӘК командирі ҰПН-да ұйғарылған рәсімдерді орындауды ұйымдастырып, MEL мен ҰПН талаптары негізінде ұшуды орындауды тоқтату немесе жалғастыру туралы шешім қабылдайды және қажет болған жағдайда техникалық персоналға жүгінеді.
      19. MEL-ге негізделген ҰЖН-дағы анықтама ақпарат ӘК командиріне ұшуды орындау мақсатында әуе кемесінің есіктері жабылғаннан бастап екпін алу басталғанға дейін ұшуды тоқтату, жалғастыру туралы тез шешім қабылдауға мүмкіндік беруі тиіс.
      20. Пайдаланушы істен шыққан қандай да бір аспаптарды, жабдықтарды немесе жүйелерді жөндеу мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындалуы үшін шаралар қабылдайды. Жөнделгеннен кейін алғашқы төрт ұшуда қандай да бір аспаптың, жабдықтың немесе жүйенің істен шығуы анықталған кезде MEL пунктін қолдануды қайталау базалық әуеайлаққа немесе әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу бойынша ұйымы бар әуеайлаққа әуе кемесін қайтару үшін ғана рұқсат етіледі.
      21. MEL-ді қолдана отырып, ұшуды жүзеге асыратын пайдаланушы әуе кемесінің ұшу экипажы мүшелерін даярлау бағдарламасына тиісті ережелерді әзірлейді және енгізеді.
6-параграф. Ұшу қауіпсіздігін басқару
      22. Пайдаланушы, жалпы мақсаттағы авиацияға (бұдан әрі – ЖМА) жататын және бес мың жеті жүз килограммнан аз барынша жоғары сертификатталған ұшып көтерілу салмағы бар пайдаланылатын әуе кемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6855 нөмірімен тіркелген) Әуежайлардағы азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсеткен кезде басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулық талаптарына сәйкес әзірленген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес мыналарды қамтитын көлем мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқарудың жүйесін (бұдан әрі – ҰҚБЖ) енгізеді:
      1) ұшу қауіпсіздігіне арналған қатерлерді айқындау;
      2) ұшу қауіпсіздігінің келісілген көрсеткіштерін ұстау үшін қажетті түзету әрекеттерін қабылдау;
      3) ұшу қауіпсіздігінің тұрақты мониторингін және жүйелі бағалау жүргізу;
      4) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі жұмысының жалпы көрсеткіштерін тұрақты жақсарту.
      23. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі шеңберінде пайдаланушының  барлық ұйымдарында ұшу қауіпсіздігі мәселелеріндегі жауапкершілігі, оның ішінде аға басшылық тарапынан ұшу қауіпсіздігі үшін тікелей жауапкершілік айқындалады.
      24. Пайдаланушы ҰҚБЖ барысында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында пайдаланушы қол жеткізген уәкілетті органның мақсатын көрсететін, ұшуға жарамдылығы деңгейін енгізеді.
      25. Ең жоғары сертификатталған ұшып көтерілудің 27000 кг астам салмағы бар ұшақтарды пайдаланушы оның ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұшу деректерін талдау бағдарламасын қабылдайды және орындайды.
      26. Ұшу деректерін талдау бағдарламасы жазалау түріндегі шараларды қабылдауға әкелмейді және мұндай деректердің көзін (дерін) қорғау мақсатында тиісті сақтандыру шараларын қамтиды.
      27. Ұшу қауіпсіздігін басқарудың өз жүйесі шеңберінде пайдаланушы персоналдың басшылыққа алуы мен пайдалануына арналған ұшу қауіпсіздігі бойынша жөніндегі құжаттама жүйесін құрады.
7-параграф. Авариялық-құтқару жабдығы туралы ақпарат
      28. Пайдаланушы ұшу экипажының кабинасында іздестіру және құтқаруға қатысты барлық ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
      29. Пайдаланушы іздестіру-құтқару үйлестіру орталықтарына дереу беру үшін өзінің барлық әуе кемелерінің бортында бар борттық авариялы - құтқару жабдығы туралы ақпараттар тізбесінің болуын қамтамасыз етеді.
      30. Ақпарат құтқару салдары, кеудешелері мен пиротехника санын, үлгісін және түсін, медициналық жабдық, су мен азық-түлік қорының болуы, сондай-ақ портативті авариялық радиоаппаратура үлгісі мен жиілігі туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді қамтиды.
8-параграф. Суға мәжбүрлі қону
      31. Пайдаланушы, егер ұшып көтерілу және қону кезінде маневр жасау траекториясы сулы кеңістік үстінен өтетін болса немесе бағыт бойынша ұшу жағалау сызығынан жоспарлау режимінде ұшудың шектік қашықтығынан асатын аралықтағы су үстінен өтетін болса немесе ұшу жағалау сызығынан 93 км астам (50 теңіз милінен) қашықтықтағы су үстінен өтетін болса борттағы әрбір адамға арналған құтқару кеудешелері болмаған кезде әуе кемесін пайдаланбайды.
      32. Пайдаланушы, егер мәжбүрлі қону жасау үшін жарамды беттен ұшақтың:
      1) ең көп саны 30-дан астам жолаушы орны бар ұшақтар үшін – крейсер жылдамдықта ұшудың сәйкес келетін 120 минутінен немесе 740 км (400 теңіз милінен) астам қашықтыққа;
      2) барлық қалған ұшақтар үшін – крейсерлік жылдамдықта ұшудың сәйкес келетін 30 минутінен немесе 185 км (100 теңіз милінен) астам қашықтыққа алыстаумен шарттасатын бағыттар бойынша су беті үстінен өтетін болса борттағы жолаушылардың тиісті санын құтқару салдарымен қосымша жарақтаусыз әуе кемесін пайдаланбайды.
      Екі жағдайда да қашықтаудың ықтимал мәнінің азы есепке алынады.
      33. Құтқару салдарының саны жолаушылар орындарының санына және пайдаланылатын салдардың нормативтік сыйымдылығына қарай айқындалады, қосу барынша жоғары сыйымдылықтағы бір қосалқы құтқару салы болады.
9-параграф. Әскери құралымдарды, қару-жарақтар мен әскери техниканы тасымалдау
      34. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен және әуе кеңістігінде ұшуды жүзеге асыратын барлық басқа мемлекеттермен келісілгеннен кейін ғана пайдаланушыға әскери құралымдарды, қару-жарақтар мен әскери техниканы, сондай-ақ қосарлы мақсаттағы өнімді тасымалдауға рұқсат етіледі.
      35. Пайдаланушы қару-жарақ пен әскери техниканың:
      1) әуе кемесінде арнайы тасымалдау қабында немесе ұшу уақытында жолаушылар үшін қол жетпейтін орындағы өзге де орамада орналасуын;
      2) ұшу басталғанға дейін барлық мемлекеттер айрықша жағдайларға сәйкес ұшу жүзеге асырылатын әуе кеңістігінде оқтаулы қару жарақты әуеде тасымалдауға рұқсат берілген жағдайлардан басқа, оқпен ату қаруын тасымалдау кезінде оның оқтаусыз болуын қамтамасыз етеді.
      36. Пайдаланушы әуе командирі ұшу басталғанға дейін көрсетілген тасымалдың және әуе тасымалдануына жататын әскери құралымдар мен әскери техниканың бортта орналасуына рұқсаты туралы хабарлар болуын қамтамасыз етеді.
10-параграф. Қару мен оқ-дәрілердің спорттық және басқа да санаттарын тасымалдау
      37. Пайдаланушы әуемен тасымалдауға қабылданған кез келген қару туралы ақпаратты жинауды қамтамасыз етудің барлық мүмкін шараларын қабылдайды.
      38. Пайдаланушы қару-жарақты тасымалдау кезінде:
      1) қару-жарақтың оқтаусыз болуын арнайы жабылатын және бекітілетін метал жәшікте жүк қоятын бөлікте жолаушылар салонынан алыс болуын;
      2) жүк қоятын бөлігі жоқ әуе кемесінде – қарудың орамада, штаттық қаптарда немесе ұшу уақытында жолаушылар үшін қол жетпейтін орындағы контейнерлерде орналасуын қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      39. Қаруға арналған оқ-дәрілер және қару-жарақтар «Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздігі өніндегі нұсқаулықты (бағдарламаны) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973 ҚБП қаулысының талаптарына сәйкес тасымалданады.
      Жолаушылар әуе көлігінде газдан жасалған оқ-дәрілерін тасымалдауға рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
11-параграф. Қауіпті жүктерді әуемен тасымалдау
      40. Пайдаланушы, егер авиациялық персонал арнайы даярлықтан өтпесе, ал жүктер тиісті түрде жіктелмесе, құжатталмаса, сертификатталмаса, сипатталмаса, оралмаса, таңбаланбаса, мөрленбесе және Қауіпті жүктерді әуемен қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулықтарына (Doc 9284 ИКАО) сәйкес әзірленген «Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 89 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6822 нөмірімен тіркелген)талаптарына жауап беретін жағдайға келтірілмесе қауіпті жүктерді әуемен тасымалдауға қабылдамайды.
      41. Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктер «Азаматтық әуе кемелерімен тасымалдауға арналған қауіпті жүктер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 ақпандағы № 79 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6805 нөмірімен тіркелген) Қауіпті жүктер тізбесінде көрсетілген.
12-параграф. Қозғалу мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау
      42. Пайдаланушы қозғалушылығы шектеулі адамдарды тасымалдау рәсімдерін белгілейді.
      43. Пайдаланушы қозғалушылығы шектеулі адамдардың болуы:
      1) экипаж мүшелеріне қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтіретін;
      2) авариялық-құтқару жабдығына жақындауға кедергі келтіретін;
      3) ұшақты авариялық тастап шығуға кедергі келтіретін орындарда орналаспауын қамтамасыз етеді.
      44. ӘК командирі пайдаланушыға бортта қозғалушылығы шектеулі адамдардың бар екендігі туралы ескертеді.
13-параграф. Әдетте бортқа жіберілмейтін жолаушыларды, депортацияланатын адамдарды немесе күзетпен алып жүретін адамдарды тасымалдау
      45. Пайдаланушы әуе кемесі мен оның жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, әдетте бортқа жіберілмейтін жолаушыларды, депортацияланатын адамдарды немесе күзетпен алып жүретін адамдарды тасымалдау рәсімдерін белгілейді.
      46. ӘК командиріне ӘК бортында осы Қағиданың 45-тармағында көрсетілген адамдардың бар екендігі туралы ескертіледі.
14-параграф. Жолаушыларды орналастыру.
Жолаушыларға арналған ақпарат
      47. Пайдаланушы жолаушыларды орналастырудың ұшақты авариялық тастап шығу тез және қауіпсіз жүргізілетін конфигурациясын қамтамасыз ететін рәсімдерді әзірлейді.
      48. Пайдаланушы жолаушыларға мынадай ақпараттың жеткізілуін қамтамасыз етеді:
      1) ішінара немесе толықтай аудио немесе бейне жазба нысанында ұсынылуы мүмкін қауіпсіздік қағидаларына қатысты ауызша ақпарат;
      2) әрбір жолаушыны авариялық-құтқару жабдығын пайдалану, авариялық шығыстарды ашу жөніндегі нұсқаулықтар мен жолаушылардың ұшақты авариялық тастап шығу тәртібі бар қысқаша иллюстрацияланған нысандағы қауіпсіздік бойынша арнайы карталармен қамтамасыз ету.
      49. Ұшып көтерілу алдында жолаушыларға мыналар:
      1) темекі шегуге қатысты қағидалар;
      2) креслоларды бастапқы жағдайға келтіру және жиналмалы үстелді бекіту;
      3) авариялық шығыстардың орналасуы;
      4) ұшақты тастап шығу құралдарының (арқандар, үрмелі сатылар т.б.) орналасуы мен оларды пайдалану;
      5) қол жүгін орналастыру қағидалары;
      6) дербес электрондық жабдықты пайдалану жөніндегі шектеулер;
      7) жолаушылардың қауіпсіздігі бойынша арнайы карталардың
орналасуы мен мазмұны;
      8) қауіпсіздік белдігін қолдану туралы хабарланады.
      50. Жолаушыларға мыналар:
      1) оларды дұрыс салу мен алуды қоса алғанда қауіпсіздік белдіктерін, егер бортта болса иық белдіктерін пайдалану тәртібі;
      2) егер талап етілсе оттегі жабдығының орналасуы мен қолдану қағидасы көрсетіледі. Жолаушыларға оттегіні қолдану алдында сигареттерді және басқа да бықсыған және жанған заттарды өшіру қажеттігі туралы ескерту қажет;
      Қажет болған кезде – құтқару кеудешелерінің орналасуы мен пайдалану тәртібі көрсетіледі.
      51. Ұшып көтерілгеннен кейін.
      Жолаушыларға қажеттілігіне қарай:
      1) темекі шегуге қатысты қағидалар;
      2) қауіпсіздік белдігін пайдалану тәртібі туралы есіне салынады.
      52. Жолаушыларға қонар алдында қажеттілігіне қарай:
      1) темекі шегуге қатысты қағидалар туралы;
      2) қауіпсіздік белдігін пайдалану тәртібі туралы;
      3) креслоларды бастапқы жағдайға келтіру және жиналмалы үстелді
бекіту туралы;
      4) қол жүгін орналастыру және бекіту туралы;
      5) дербес электрондық жабдықты пайдалануды шектеу туралы есіне салынады.
      53. Қонғаннан кейін жолаушылардың:
      1) темекі шегуге қатысты қағидалар туралы;
      2) ұшақ толық тоқтағанға дейін қауіпсіздік белдігін пайдалану қажеттігі туралы;
      3) ұшақтан шығу тәртібі туралы есіне салынады.
      54. Ұшуда ерекше жағдай туындаған жағдайда жолаушыларға нақты жағдаяттарға қарай оның ықтимал себептері туралы хабарланып, тиісінше қажетті әрекеттер туралы нұсқамалар беріледі.
15-параграф. Багаж бен жүкті орналастыру және бекіту
      55. Пайдаланушы жолаушылардың жолаушылар салонында қолайлы және қауіпсіз орналастырылуы мүмкін тек қол жүгін және көлемін тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін рәсімдерді белгілейді.
      56. Пайдаланушы адамдардың жарақат алуына немесе ұшақты зақымдауға себеп болуы не қозғалу кезінде жолдар мен авариялық шығыстарды жауып қалуы мүмкін борттағы барлық багаж бен жүктің оның қозғалуына конструкциялық кедергі болатын және оның сақталуын қамтамасыз ететін орындарда орналасатынына кепілдік беретін багаж бен жүктің орналасуының және бекітілуінің рәсімдерін әзірлейді.
16-параграф. Әуе кемесінің экипажы
      57. Әуе кемесiнiң экипажына қойылатын негiзгi талаптар Ұшудың негiзгi қағидаларында көрсетiлген.
      Ескерту. 57-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      58. Әуе кемесінің экипажы ұшу экипажынан (ӘК командирінен, екінші пилоттан, бортинженерден (бортмеханиктен) штурманнан немесе бортрадисттен) және кабиналық экипаждан (борт операторлар мен борт жол серіктерінен) тұрады.
      59. Азаматтық авиацияға жататын Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің ұшу экипажының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетел мемлекеті, Қазақстан Республикасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген авиация персоналының куәлігін (сертификатын) тану рәсімін белгіленген тәртіпте өткен шетел азаматтары кіруі мүмкін.
      60. Егер, ұшу экипажының құрамы ҰПН-да немесе оған барабар құжатта ең аз белгіленгеннен аз болса азаматтық әуе кемесімен ұшу орындалмайды.
      61. Егер ҰПН-дан немесе оған барабар құжатта көзделген болса, ұшуды басқару бір пилотпен қамтамасыз етілетін әуе кемесінің экипажы әуе кемесінің командирінен тұрады.
      62. Әуе кемесі экипажының мүшелері денсаулық жағдайы бойынша белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      63. Экипаждың әрбір мүшесінің талап етілетін лауазымдық міндеттерді орындаумен ұшуды қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететіндей осындай деңгейдегі оның біліктілігіне сәйкес келетін білімдері, білігі мен дағдылары болуы тиіс.
      64. Ұшуды орындаумен байланысты қызметтік міндеттерді орындау кезінде әуе кемесі экипажы мүшесінің өзімен бірге мынадай қолданыстағы құжаттары болуы тиіс:
      1) ұшу тапсырмасына сәйкес келетін біліктілік белгілері бар маман сертификаты (куәлігі);
      2) экипаж мүшесі куәлігінің (сертификатының) ажырамас бөлігі болып табылатын медициналық қорытынды;
      3) әуежайдың (әуеайлақтың) бақыланатын аймағына кіру үшін әуе кемесінің экипажы мүшесінің куәлігі;
      4) халықаралық ұшу кезінде – Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      65. Бұдан өзге экипаж мүшесінің құжаттары мыналарды қамтиды:
      1) курсанттардың, тағылымдамадан өтушінің куәлігі және басқалар;
      2) ұшуды қамтамасыз ету мақсатында экипаж құрамына енгізілген адамдар үшін экипаж мүшелерінің куәлігі.
      1) және 2) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды әуе кемесі экипажының мүшелері уәкілетті лауазымды тұлғалардың талап етуі бойынша көрсетеді.
      66. Әуе кемесі ұшу экипажының көзді түзету линзаларын тасу шартымен берілген медициналық куәлігі бар мүшесінде түзету линзаларының қосалқы жиыны болуы тиіс, ол ұшу уақытында жеңіл қол жеткізілетін орында болады.
      67. Әуе кемесінің экипажы мүшелерінің қызметтік міндеттерді орындау кезінде пайдаланушы белгілеген нысандық (арнайы) киімді киюі көзделеді.
      68. ӘК командирі әуе кемесі экипажының жұмысына басшылық жасайды, әуе кемесіндегі тәртіпке жауап береді, сондай-ақ әуе кемесі бортындағы адамдардың қауіпсіздігін, әуе кемесінің және ондағы мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
      69. ӘК командирі:
      1) әуе кемесінің ұшып көтерілуі, ұшуы және қонуы туралы, сондай-ақ ұшуды тоқтату және әуеайлаққа оралу туралы немесе әуе кемесінің ұшуына анық қатер төнген жағдайда адамдардың өмірін құтқару, қоршаған ортаға тигізілетін залалдың алдын алу мақсатында мәжбүрлі түрде қону туралы түпкілікті шешімдер қабылдайды;
      2) әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің бортындағы адамға өкім етеді және олардың орындалуын талап етеді;
      3) ӘК командирі өздерінің іс-әрекеттерімен әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретін және оның өкіміне бағынудан бас тартатын адамдарға қатысты барлық қажетті шараларды, оның ішінде мәжбүрлеу шараларын қолданады;
      4) егер бұл әуе кемесінің ұшу және оны қондыру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болса, ұшу кезінде отынды төгу, багажды, жүкті және почта жөнелтілімдерін лақтыру туралы шешім қабылдайды;
      5) тиісті авиациялық қауіпсіздік қызметтері болмаған кезде адамдар мен объектілерді ұшу алдында қарап тексеру жүргізеді;
      6) әуе кемесінің ұшуды қауіпсіз аяқтауын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдайды.
      Ескерту. 69-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      70. Әуе кемесінің кабиналық экипажының немесе олар экипаж құрамында көзделген болса мүшелері борттағы барлық адамдардың мыналардың:
      1) байлау белдіктерінің;
      2) авариялық шығыстардың;
      3) егер олар бортта көзделген болса құтқару кеудешелерінің;
      4) оттегі жабдығының; және
      5) авариялық жағдайда жолаушылар әрекетінің схемаларын қоса алғанда басқа да жеке пайдаланылатын авариялық-құтқару жабдығының нұсқамасымен және пайдаланылуымен танысқандығын бақылайды.
      71. Әуе кемесінің экипажы борттағы барлық адамдардың ұжымдық пайдалануға арналған негізгі борттық авариялық-құтқару жабдығының орналасқан орны мен жалпы пайдалану тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді. Ұшуда авариялық жағдай пайда болған кезде әуекемесінің экипажы борттағы барлық адамдардың бұл жағдайда орынды болған шұғыл әрекеттер туралы нұсқаманы қамтамасыз етеді.
      72. ӘК командирі ұшып көтерілу және қону уақытында, сондай-ақ турбуленттілік себебі бойынша қажет деп санайтын ұшудың кез келген уақытында немесе кез келген авариялық жағдайда әуе кемесінің бортындағы барлық адамдардың байлау белдігінің немесе байлау жүйесіні  көмегімен өз креслоларына байлаулы болуы туралы өкім береді. Әуе кемесінің кабиналық экипажы көрсетілген өкімнің орындалуын қамтамасыз етеді.
      73. Әуе кемесінің экипажы жолаушылар салоны мен экипаж кабинасындағы барлық багаж бен қол жүгінің қауіпсіз орналасуын қамтамасыз етеді. Пайдаланушы ҰЖН-да багаж бен қол жүгінің қауіпсіз орналасуын қамтамасыз ету жөніндегі рәсімді белгілейді.
      74. ӘК командирі, егер бұл адамдар немесе мүлік үшін қауіп тудырған жағдайда әуе кемесінен заттардың тасталуына жол бермейді. Егер ӘК командирі қауіпсіз тасталуға көз жеткізгенде ғана заттарды тастауға рұқсат етіледі.
      75. Экипаж кабинасындағы функцияларды орындайтын әуе кемесі ұшу экипажының барлық мүшелері:
      1) ұшып көтерілуді және қонуды орындау кезінде өз жұмыс орындарында болады;
      2) олардың ұшақты пайдаланумен байланысты міндеттерді орындау үшін немесе өзінің табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кету қажет болған кезеңдерді қоспағанда, бағыт бойынша ұшу уақытында өз жұмыс орындарында қалады;
      3) өз жұмыс орындарында болған кезде бел байлау белдіктерін байлайды.
      76. Әуе кемесі ұшу экипажының бір мүшесінен басқа адамдардың жұмыс орнын тастауына тыйым салынады. Әуе кемесінің тек екі пилоттан ғана тұратын экипажы ұшуды орындаған жағдайда пилоттардың бірі жұмыс орнын тастаған кезде ұшу экипажының кабинасында, егер экипаж құрамында мұндай көзделген болса кабиналық экипаж мүшесі пилоттың жұмыс орнын иеленбей болуы тиіс.
      77. Ұшу экипажы кабинасында ұшуға тапсырманы орындаумен байланысты емес адамдардың, сондай-ақ әуе кемесін басқаруды, әуе кемесі жүйелері мен жабдықтарының қалыпты пайдаланылуын және әуе кемесі экипажы мүшелерінің қызметін шектейтін заттардың болуына жол берілмейді.
      Кабиналық экипаж мүшелері ұшу экипажының кабинасына ӘК командирінің шақыруымен немесе рұқсатымен кіреді.
      78. Бұл жағдайда, егер әуе кемесінде байлау белдігі жүйесі көзделсе пилоттар ұшып көтерілген және қонған кезде байлау белдігі жүйесін пайдаланады. Әуе кемесі ұшу экипажының барлық қалған мүшелері, егер иық белдіктері олардың өз міндеттерін орындауға қиынды  келтірмесе ұшып көтерілу және қону кезеңдерінде байлау белдіктері жүйесін пайдаланады.
      79. Ұшуды орындау кезінде пилоттардың бірі әуе кемесінің кеңістіктегі жағдайына және ұшудың берілген параметрлерінің ұсталуына тұрақты бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
      80. Жермен жүруді, ұшып көтерілуді, қонуға енуді және қонуды орындау кезінде әуе кемесінің ұшу экипажының мүшелеріне әуе кемесін басқарумен байланысты емес әрекеттерді жүзеге асыруға және сөйлесу жүргізуге тыйым салынады. Барлық ұшу бойына ұшу экипажы байқампаздық сақтайды, радио алмасуды үздіксіз бақылайды және әуе кемесінің болу аймағындағы әуе жағдайына талдау жасайды.
      81. Әуе кемесінің экипажы ӘҚҚ органына бақыланатын қауіпті метеорологиялық құбылыстар, әуе кемелері мен басқа да материалдық объектілердің қауіпті жақындауы және ұшу жағдайлары үшін басқа да қауіптер туралы дереу хабарлайды.
      82. Өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін экипаж кабинасында болуы қажет әуе кемесі ұшу экипажының барлық мүшелері төмендеу және 3000 м төмен биіктік алу кезеңдерінде авиагарнитур микрофондарын немесе ларингофондарын және ұшақтық келіссөз құрылғыларын пайдалана отырып, радиобайланыс жүргізеді.
      83. Әуе кемесі экипаж мүшелерінің ұшу кезінде ас ішу уақыты мен кезектілігін ӘК командирі айқындайды. Екі пилоттың бір мезгілде қатар ас ішуіне тыйым салынады.
      84. Әуе кемесі ұшу экипажының барлық мүшелері өз міндеттерін орындау кезінде ол үшін оттегі қоры көзделетін жағдаяттар туындаған жағдайларда демалуға арналған оттегіні үздіксіз қолданады.
      85. Тұмшаланған кабиналары бар, 7600 метрден астам биіктікте әуе кемесі ұшу экипажы барлық мүшелерінің өз жұмыс орындарында бірінші қажеттілік кезінде дереу оттегі беруді қамтамасыз ететін тез киілмелі оттегі тұмылдырығы болады.
      86. ӘК командирі өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде мыналарды:
      1) барлық жолаушылардың авариялық шығыстардың орналасуымен, сондай-ақ тиісті авариялық-құтқару құралдарының орналасуымен және оларды пайдалану қағидаларымен таныс болуын;
      2) барлық пайдалану рәсімдерінің, оның ішінде ҰЖН талаптарына сәйкес міндетті технологиялық операциялардың (check - парақтар) орындалуын;
      3) ҰЖН талаптарына сәйкес әуе кемесінің ұшу алдындағы және ұшудан кейінгі тексерулердің орындалуын және әуе кемесінің, оның ішінде, осы Қағиданың 1022 тармақтарына және (немесе) егер әуе кемесінің бұл үлгісі үшін олар болса конфигурациялардағы жол берілетін ауытқулар Тізбесіне (Configuration Deviation List – CDL- ағылшын тіліндегі қысқартылған аббревиатура) сай ең аз жабдықтар Тізбесіне сәйкес рұқсат етілетін жұмыс істемейтін немесе бұзылған жабдықтары бар әуе кемесінің ұшуы (немесе ұшуды болдырмау) туралы шешім қабылдауды қамтамасыз етеді.
      87. ӘК командирі:
      1) экипаж мүшелерінің ұшып көтерілу, биіктік алу, қонуға ену және қону уақытында ұшақтың қауіпсіз ұшуын қамтамасыз ету үшін қажетті олардың функционалдық міндеттерінен ерекшеленетін қандай да бір әрекеттердің қабылдауына мүмкіндік бермейді;
      2) ұшу уақытында ұшу ақпаратын тіркегіштің және борттық магнитофонның жұмыс қабілетін бұзуға, оны сөндіруге немесе ондағы жазбаны өшіруге, сондай-ақ міндетті тексерілуге жататын авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға жағдайында ұшудан кейінгі жазылған ақпаратты қасақана өшіруге рұқсат бермейді.
      Ескерту. 87-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012.03.15 № 117 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      88. Әуе кемесін мәжбүрлі қондырған жағдайда әуе кемесінің командирі өз өкілеттіктерін әуе кемелерін іздестіру және құтқару қызметі өкілдеріне бергенге дейін әуе кемесі бортындағы адамдардың әрекетіне басшылық жасайды.
      89. ӘК командирі ұшуды орындау кезінде өз құзыреті шегінде мыналарды:
      1) осы Қағида ережелерінің орындалуын;
      2) ҰПН талаптарының немесе оған барабар құжаттың және ұшудың барлық кезеңінде бақылау тексеру карталарының орындалуын;
      3) белгіленген тәртіпте және барынша қысқа мерзімде өзі басқаратын әуе кемесінде болған кез келген оқыс оқиға немесе оқиға туралы хабарлауды;
      4) белгіленген тәртіпте әуе кемесінің борттық журналының жүргізілуін қамтамасыз етеді.
      90. Екінші пилот:
      1) егер, әуе кемесінің командирі денсаулық жағдайына немесе басқа да себептер бойынша ұшуда өз міндеттерін орындауға қабілетсіз болған жағдайда ұшудың қауіпсіз аяқталуын қамтамасыз етуге дайын болады;
      2) егер, шешім қабылдау биіктігіне жеткен сәтте ӘК командирі қонуды орындау немесе екінші айналымға кету туралы шешім қабылдамаса немесе оны ұшу экипажына хабарламаса ҰПН-ға немесе оған барабар құжатқа сәйкес екінші айналымға кету бойынша маневрді орындайды.
      91. Арнайы жұмыстарды орындайтын бақылаушы ұшқыштар, борт операторлары, сондай-ақ экипаж құрамына енгізілген басқа да мамандар ӘК командиріне бағынады және лауазымдық нұсқаулықтар мен ұшуды орындау технологиясына сәйкес, оның ішінде авиациялық жұмыстардың белгілі бір түрінде өз міндеттерін орындайды.
      92. Тиісті деңгейдегі мамандарды даярлау азаматтық авиацияның азаматтық авиацияның авиациялық персоналы лауазымдарының тізбесіне сай азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген сертификаты бар азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі. Аса жеңіл азаматтық әуе кемелерінің пилоттарын даярлауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның тиісті рұқсатын алған нұсқаушылар жүргізеді. Әуе кемесінің экипажы құрамына тағылымдамадан өту үшін тағылымдамадан өтушілер енгізіледі, бұл ретте ұшу экипажының құрамына бір тағылымдамадан өтуші ғана енгізіледі.
      93. Тағылымдамадан өтуші оның тағылымдамасымен тікелей  айналысатын экипаж мүшесінің бақылауымен өзі тағылымдамадан өтетін лауазымдағы экипаж мүшесінің функционалдық міндеттерін орындайды.
      94. Тағылымдамадан өтуші ӘК командирі мен оның тағылымдамасымен тікелей айналысатын экипаж мүшесіне бағынады.
      95. Тағылымдамадан өтушінің функционалдық міндеттерді орындауының және ол қабылдайтын шешімдердің уақтылығын, толықтығы мен дұрыстығын оның тағылымдамасымен тікелей айналысатын экипаж мүшесі қамтамасыз етеді.
      96. ӘК командирімен келісім бойынша ұшу экипажының құрамына енгізілген тағылымдамадан өтуші ол тағылымдамадан өтетін лауазымдағы экипаж мүшесінің құқықтарымен оның тағылымдамасымен тікелей айналысатын адам оған айқындаған дәрежеде (көлемде) пайдаланады.
      97. Экипаждың барлық мүшелері:
      1) ұшу алдындағы демалысты сақтайды;
      2) ӘК командиріне әуе кемесінің авиациялық техникасы мен жабдығының барлық ауытқулары мен ақаулықтары туралы уақтылы хабарлайды және оларды жою бойынша ұсынымдар береді;
      3) жолаушыларға қамқорлық білдіреді, белгіленген тәртіпте олардың қауіпсіздігін, әуе кемесі мен оның бортындағы жүктердің, арнайы жабдық пен ұшу құжаттамасының сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.
      98. Ұшу экипажының мүшелері әуе кемесіне қызмет көрсететін жер үсті персоналынан көрсетілген жер үсті қызмет көрсету қағидаларын пунктуалды сақталуын, инженерлік-авиациялық қызмет мамандарынан - әуе кемесінің аспаптық және навигациялық жабдықты қоса алғанда ақаулықтардың жойылуын талап етуге құқылы.
      99. Егер әуе кемесі апатқа ұшырап жатса немесе ұшыраса ӘК командирі мен басқа да мүшелері әуе кемесінің бортындағы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша, сондай-ақ әуе кемесінің және ондағы мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша барлық ықтимал шараларды қабылдайды.
      100. Экипаж мүшелері:
      1) егер ол ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша оның қабілетіне әсер етуі мүмкін есірткі немесе дәрі-дәрмектің әсерінде болса;
      2) егер көрсетілген факторлардың әсер етуі 12 сағаттан аспаса қысымның кенеттен өзгеруі жағдайында (ұшақтың тұмшалануының ашылуы, аквалангпен жүзу, су қоймаларында 10 метрден астам тереңдікке сүңгу) келгеннен кейін;
      3) қан тапсырғаннан кейін 24 сағаттан астам уақыт өтпесе;
      4) егер ол өз міндеттерін орындау қабілетіне күмән келтірсе;
      5) егер ол ұшуды ойдағыдай аяқтауға қатер төндіретін деңгейде шаршаңқылықты немесе ұшуға дайын еместікті сезінсе әуе кемесінің бортындағы өз міндеттерін орындамайды.
      101. Экипаж мүшелері:
      1) міндеттерді орындау басталуының жоспарлы уақытына дейін кемінде 24 сағат бұрын не ұшу алдындағы демалыс уақытында алкоголь ішпейді;
      2) қанында алкоголь болған кезде өзінің ұшу міндеттерін орындамайды;
      3) ұшу кезінде немесе резервтегі кезекшілік уақытында алкоголь ішпейді.
      102. Пилот жасайтын пилот ұшу кезінде дереу шешім қабылдауды талап ететін ерекше жағдайлар пайда болған кезде ол мұндай жағдайларда қажет деп санайтын барлық әрекеттерді жасайды. Мұндай жағдайларда әуе кемесі командирінің рұқсатымен ол ұшу қауіпсіздігі мүддесінде пайдалану рәсімдері қағидалары мен әдістемелерінен ауытқи алады.
      103. Пайдаланушы негізгі ұшу немесе кабиналық экипаждың құрамына кірмейтін экипаж мүшелерінің де тиісті дайындығының барын және өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға кәсіби жарамды екендігіне жауап береді.
      104. Ұшу кезінде жолаушылар салонында отырған негізгі ұшу немесе кабиналық экипаждың құрамына кірмейтін экипаж мүшелері:
      1) кабиналық экипаж мүшелерінің орнына отырмайды;
      2) кабиналық экипаждың жұмысына кедергі жасамайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет