Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі


Құлау сипаттамаларына қойылатын талаптар



бет5/37
Дата12.06.2016
өлшемі2.68 Mb.
#129656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

20. Құлау сипаттамаларына қойылатын талаптар
      119. Егер ашек әсер ету бұрышы құлаумен анықталса, онда құлау процесінде және ӘК деңгейлес ұшуға шығарған кезде:
      пайдалану әсер ету бұрыштарына ұшудың қалыпты әдістерімен ӘК шығаруға кедергі жасайтын құбылыстарға;
      қозғалтқыштардың симметриялық тартымы кезінде 400 және симметриялы емес тартымы кезінде 700 асатын қисаю бұрышы өсіміне;
      жылдамдық пен жүктелім бойынша пайдалану шектеулердің асыруға;
      ӘК конфигурациясын өзгертуге, рұқсат етілмейді.
21. Әуеайлақ бойынша ӘК қозғалысы
      120. Ұшуды пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес ұшу кезінде әуе айлағы бойынша ӘК жылжуы (рульдеу, екпіні, ұшып көтерілу мен жарысы үзілген) процесінде қауіпсіздіктің бүйірлі жолақтарына және барлық жүйелердің қалыпты жұмыс істеу кезінде де, ықтималдығы өте төмен қарағанда тым жиі әуеайлағы бойынша жылжуға әсер етуші істен шығулар туындаған кезде де пайдаланудың барлық диапазонында күтілетін жағдайларда ҚШЖ тыс ӘК жылжуы қамтамасыз етілуге тиіс. Басқару иінтіректеріндегі қажетті күштер осы Норманың 121-тармағында көрсетілген мәндерден аспауы тиіс.
      121. Тежеуіштерді, кері қимылдау құрылғылармен және басқарудың құралдарымен пайдалану тангаждың, қисаюдың және іздеудің қиын тәсілденетін сәттері пайда болу салдарынан ұшуда қиыншылдықтарға, сондай-ақ ұшқыштың бағалауы бойынша басқару тиімділігінің едәуір азаюына және т.б. әкелуі тиіс емес.
      122. Бүйірден соққан желдің максимальді мәндері мен пайдалану үшін рұқсат берілген ұшып көтерілуі-қону жолағының барлық жай-күйлерінде тежеуіштерді және қозғалтқыштарды симметриялық емес басқаруды қолданбай әуеайлағы бойынша қозғалудың тапсырылған бағытын ұстау үшін екпінді алған және жүгірісі кезінде ӘК жеткілікті басқарушылыққа ие болуы тиіс. Басқарылмайтын бұрылысқа, "қозғалып тұруына" және т.б. беталысы болмауы тиіс.
      123. Егер Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта шассилары қалыпты схемаға ие (тұмсықтың тірек пен бұрылмайтын бас тіреулері) ӘК үшін алдын алу бұрышымен қонуы әдістемесі ұсынылған жағдайда, көтерілген тұмсықтық тірегімен негізгі дөңгелектерді басқарушылығы алдын алу бұрышын жою үшін жеткілікті болуға тиіс.
      124. Алдын алу бұрышымен қонуы әдістемесі ұсынылған шассилардың қалыпты схемасына ие ӘК үшін түсірілген алдыңғы тірегімен жүгірісте басқарушылығы ӘК осі мен қонуға кірудің және жылжудың тапсырылған бағытын ұстау кезінде алдын алу бұрышына шамасы бойынша тең жол жылдамдығының векторы арасындағы бұрышты жою үшін жеткілікті болуға тиіс. Көрсетілген талап пайдаланудың күтілетін жағдайлардың барлық диапазонында қамтамасыз етілуге тиіс.
      125. Өте ықтималдығы өте төменге қарағанда тым жиі оқиғаларға жататын және әуеайлағы бойынша қозғалуға әсер етуші ӘК жүйелері істен шыққан кезде ӘК өзіне тапсырылған жылжу бағытын ұстау үшін жеткілікті басқарулыққа ие болуға тиіс.
      Көрсетілген талап бүйірден соққан желдің максимальді мәндері мен пайдалану үшін рұқсат берілген ұшып көтерілу-қону жолағының барлық жай-күйлерінде қамтамасыз етілуге тиіс.
22. ӘК конструкцияның беріктігі
      126. ӘК есептеу мен оның статикалық сынақтардан өткізу үшін оның әртүрлі бөліктерін (қанатын, қанатшасын, шассиін және т.б.) жүктеменің неғұрлым қиын негізделмейтін ӘК бірқатар жағдайлары (пайдалану режимдері) таңдалған. Осы жағдайлар (пайдалану режимдері) 23-49 тарауларда жүктеме жағдайлары деп аталады. Жүктеменің әрбір жағдайы өзінің әріптік белгісіне ие, оның үстіне, егер ӘК сол бір қалыптағы ахуалы (пайдалану режимі) оның бірнеше бөліктерінің есебі негізделмейтін, оның әрбір бөлігі үшін беріктікке қойылатын талаптарда, әдетте, сол бір әріппен, бірақ әрбір бөлігі үшін әртүрлі индексімен белгіленетін жүктеменің сол біреуі қайталанды. Бұдан басқа ӘК кейбір бөліктері үшін есепті жағдайлар тапсырылған, яғни ауада және жерде тынықсыз ауада ұшқан кезде, ұшып көтерілу мен қону кезінде сол бір және өзге маневрлерді ӘК жасаған жағдайда қаралып отырған бөлікке әрекет ететін жүктемелерді айқындау үшін қажетті жағдайлар. 28-35-тарауларда сондай-ақ динамикалық жүктеме кезінде барлық ӘК жүктемелерді айқындау үшін есепті жағдайлар тапсырылған. 23-49 тарауларда оның күштік конструкциясын құрайтын ӘК бөліктерін жүктеме жағдайлары келтірілген. Егер оның болған кезде жабдықтың немесе ӘК функционалдық жүйелерінің элементтері негізгі күштік конструкцияның жұмысына іске қосылса, онда осы элементтер олар орналасқан (ішінде) ӘК бөліктерін жүктеу жағдайында, жабдық немесе жүйелер элементтерінің функционалдық мақсаттылығымен байланысты бір мезетте әрекет етуші жүктемелер үйлесімінде беріктікке тексерілуге тиіс. 23-49-тарауда жүктеу жағдайларына беріктікті тексеру олардың функционалдық мақсаттылығына сәйкес техникалық жағдайлары бойынша осы жабдықтың және жүйелердің элементтері өтуге тиіс беріктікті тексеру қажеттілігін жоймайды.
      127. 23-49-тарауларда келтірілген беріктікке қойылатын талаптар артқы қауырсыны бар қалыпты схемадағы ӘК қатысты. Өзге схемадағы ӘК үшін қажетті нақтылаулар дайындаушы әзірлеуге және дайындаушы мемлекеттің құзыретті органымен келісілуі тиіс.
23. Есептік жүктемелерді айқындау
      128. ӘК конструкцияның және оның жекелеген бөліктерінің статикалық беріктілігі есептік жүктемелерге тексеріледі. Осы Норманың 23-49-тармағында келтірілген жүктеме жағдайларына (есептік жағдайларға) сәйкес Рэ пайдалану жүктемелер айқындалады, олар пайдалануда шекті мүмкіндігі бар жүктеме деңгейін сипаттайды. Рр      есептік жүктемелер пайдалану жүктемелерді тиісті f қауіпсіз коэффициентіне көбейту арқылы айқындалады, яғни. Рр = fРэ.
      Осы Норманың 242, 260, 261-тармақтарындағы жүктеме жағдайлары ерекше болып табылады, мұнда есептік жүктеме тікелей беріледі.
      Егер қаралып отырған жүктеме жағдайға (жағдайларға) қауіпсіздік коэффициентінің өзге шамасын белгілеу туралы арнайы нұсқау болмаса, қауіпсіздік коэффициенті 1,50 тең болып қабылданады.
      Осы баптың талаптарында конструкцияның жекелеген бөліктері (элементтері) үшін fдоп қосымша қауіпсіздік коэффициенттерін енгізу көзделген. Осы бөліктердің (элементтердің) статикалық беріктігі бұл бөлікке (элементке) жататын fдоп мәндерінен неғұрлым үлкеніне көбейтілген есептік жүктемеге тексерілуге тиіс.
      129. Конструкция тұтастай тым болмаса үш секунд ішінде бұзылмай есептік жүктемелерге шыдауға тиіс. Дегенмен, егер конструкцияның беріктігі жүктеменің іс жүзіндегі жағдайларын имитациялайтын динамикалық сынақтармен расталса, осы талап қолданылмайды.
      130. Аэродинамикалық жүктемелерді айқындау. Аэродинамикалық жүктеменің шамасын және оны ӘК әр түрлі бөліктеріне үлестіру аэродинамикалық түтіктерде осы ӘК үлгілерінің сынақ материалдары бойынша айқындаған жөн. Аэродинамикалық түтіктерде үлгілердің сынақтары қаралып отырған жүктеменің тиісті жағдайларында бұрыштар өзгерістерінің диапозынын қамтитын әсер ету мен сырғу әр түрлі бұрыштарының, басқару мен тетіктеме органдарының ауытқу бұрыштарының кезінде жүргізілуге тиіс. Осындай материалдар болмаған жағдайда аэродинамикалық жүктеменің шамасын және оны үлестіруін қаралып отырғанға жақын ӘК-тің үлгілерін аэродинамикалық түтіктерде немесе тиісті есептердің негізінде айқындауға рұқсат беріледі. Жүктеменің шамасын дайындаушы белгілейді.
      131. Ауаның қысылу әсерін есепке алу. Шаманы және жүктемені бөлуді айқындаған кезде ауаның қысылу әсерін ескерген жөн. 0,70 көп ұшудың М саны кезінде жүктемені бөлу қаралып отырғаннан 0,05 көп М санына дейін алынуға тиіс (М - сермеу саны, газ (ауа) ортасында қозғалатын ӘК жылдамдығының осы ортадағы дыбыс жылдамдығына қатынасы). Осы сынақтар материалдарының негізінде есептеу үшін беріктік шарттары бойынша неғұрлым қолайсыз М саны кезінде құлашы бойынша және кескіні (контуры) бойынша таңдалуға тиіс.
      132. Серпімділік деформациялардың әсерін есепке алу. ӘК конструкциясының серпімділік деформациясы оның агрегаттарына жүктемелердің көбеюіне әкеледі, осы деформациялар әсерін есепке алу міндетті болып табылады. Жеткілікті деректер болған кезде аэродинамикалық жүктемені үлестіруге және, сондай-ақ жүктемелерді азайтуға әкелетін жағдайда ӘК аэродинамикалық коэффициенттеріне ӘК конструкциясының серпімділік деформацияларын есепке алу рұқсат беріледі.
      133. Жүктеудің динамикалық әсерін есепке алу. 28-39 тараулардағы талаптардағы жүктемелер ӘК конструкциясының серпімділік тербелістері кезінде туындайтын екпіндік күштерді есепке алмай тапсырылған. Егер осы тербелістердің өзіндік жиіліктері керсетілген инерциялық күштердің әсерінің мүмкіндігі елеулі болса, жүктемелерді осы әсерді ескере отырып айқындау, сондай-ақ қажетті жағдайда, зертханалық пен тиісті ұшу зерттеулерді жүргізу қажет. Тынықсыз ауада ұшу жағдайлары мен қону үшін динамикалық жүктеуді есептік жағдайларға сәйкес айқындаған жөн.
      Егер ӘК беріктігін тексеру динамикалық жүктеу әсерін ескере отырып айқындалған жүктемелерге тынықсыз ауада ұшу кезінде немесе қонған кезде жүктеу жағдайларында жүргізілсе, қанатты, фюзеляжды, қозғалтқыштардың астындағы қондырғыларды және т.б. тиісті жүктеу жағдайлары бойынша қаралмайды.
      134. Автоматты жүйелердің әсерін есепке алу. Егер жүктемелер ӘК жылжуын есептеу жолымен (мысалы, тынықсыз ауада ұшу кезінде динамикалық жүктемелерді айқындаған кезде, қанатшалардың маневрлік жүктемелерді айқындаған кезде) айқындалса, ӘК автоматты жүйелердің әсерін назарға алынуға тиіс.
      Егер автоматты жүйе істен шыққан кезде ұшу мүмкіндігі көзделсе, жүктемелер сондай-ақ істен шыққан жүйенің ықпалынсыз айқындалуға тиіс, егер ӘК сол бір немесе өзге бөлігіне беріктікке қойылған талаптарда осындай істен шығуды қарамауға болады деген нұсқау болмаса. Автоматты жүйе істен шыққан кезде айқындалған жүктемелер үшін қауіпсіздік коэффициентін 13% төмендетуге рұқсат беріледі, дегенмен, басқару тартымының элементтері үшін f=1,50-ден кем емес, ал қалған агрегаттар үшін f =1,30-дан кем емес қауіпсіздік коэффициентін алған жөн.
      135. Тозу әсерін есепке алу. Егер ӘК конструкциясы жекелеген элементтерінің қозғалмалы қосылыстарының тозуы беріктіктің төмендеуіне және (немесе) жүктемелердің көбеюіне әкелуі мүмкін болса, осы элементтердің беріктігіне есеп үйкелісетін беттерінің ең жоғары рұқсат етілетін тозуын ескере отырып, жүргізілуі тиіс.
      136. ӘК теңестіру. 27-40 тарауларда жүктеудің бірқатар жағдайлары үшін ӘК теңестіруге қатысты нұсқаулар берілген. Осы нұсқаулар жоқ немесе жеткілікті толық болмаған жерлерде ӘК бір жақты теңестіру үшін төменде келтірілген нұсқауларды пайдаланған жөн.
      Егер жүктеудің қаралып отырған жағдайының мағынасы бойынша ӘК тепе-теңдігі аэродинамикалық күштердің қатысуымен жүзеге асырылуы анық болмаса (жүктеу жағдайын сипаттаған кезде берілетін күштерден басқа), теңестіруді екпіндік күштер арқылы жүргізген жөн.
      Жүктеудің бірқатар жағдайларында қаралып отырған бөлікке әрекет ететін басқа аэродинамикалық күштердің болуы айқын болып табылады: мысалы, сатылас қанатшаларды жүктеу жағдайларында сырғу бұрышының болуы барлық ӘК аэродинамикалық күштердің пайда болуына және теңестіру үшін қажетті екпіндік күштерді айқындаған кезде олар ескерілуі тиіс.
      Егер жүктемелер ӘК қозғалысы қаралғаннан айқындалса (мысалы, қанатшаларға маневрлік жүктемелерді есептеген кезде, жүктемелердің серпіндік әрекет етуін есептеген кезде), қаралып отырған бөлікке және жалпы ӘК әрекет етуші аэродинамикалық пен екпіндік жүктемелер қозғалу өлшемдерінің есептерінен алынғандар (әсер ету мен сырғу бұрыштарынан, сызықтық пен бұрыштық жылдамдықтары және үдеулері негізінде) айқындалады.
      Деңгейлес қанатша теңестіруші жүктемемен жүктеу жағдайларында көлденең осьқа қатысты ӘК тепе-теңдігі (ауырлық күшінен басқа) аэродинамикалық трубалардағы сынақтардан алынуы мүмкін аэродинамикалық күшпен жүзеге асырылатыны анық болса да, дегенмен, егер қанат пен фюзеляж бойынша қысымды үлестіруге сынақтардың материалдары деңгейлес емес қанатша шығу ӘК үлгілерін салмақты сынақтардың материалдарымен келісілмесе, осы оське қатысты сәттерді теңестіру үшін шартты күштерді қосуға рұқсат беріледі. Осыны сондай-ақ, егер қысымдарды үлестіруге сынақтардың материалдары болмаған немесе жеткіліксіз көлемде болса және басқа жақындатылған әдістерді пайдалануға мәжбүр етсе, жасауға болады. Теңестірудің осындай тәсілін басқа да ұқсас жағдайларда қолдануға болады. Теңестіру үшін салынатын шартты күштерді ӘК қаралып отырған бөлігіне жүктемені төмендетпейтіндей таңдаған жөн. Шартты күштерді, сондай-ақ барынша тура теңестіру жүктеу жағдайларында көзделген қанатқа жүктемелерді өзгертуге әкелетін кезде де пайдалануға рұқсат беріледі.
      ӘК бөлігін жүктеудің қандай да болса жағдайы үшін теңестіруге қатысатын күштердің әрекетіне (егер олар шартты болмаса) осы күштер есепті болуы мүмкін ӘК, сондай-ақ басқа бөліктерін тексеру қажет. Бұл ретте, егер арнайы айтылмаса, қауіпсіздік коэффициенті жүктеудің қаралып отырған жағдайына сәйкес алынады.
      ӘК әртүрлі бөліктері үшін тапсырылған жүктеу жағдайларынан басқа, ӘК тежеу мен екпін алу мүмкіндігі жағдайларын қараған жөн. Осы орайда, пайда болатын инерциялық күштер олар үшін бұл күштер маңызды болып табылатын ӘК сол бір бөліктерінің беріктігін айқындаған кезде ескерілуге тиіс. Бұл, ішінара, бактардың беріктігіне қатысты, өйткені олардағы қысым екпіндік күштерге байланысты.
      137. Баптың 22-40-тараулары осы Норма Координаттардың жүйелері мен өлшем бірлігі. 4-бөлімде, егер ерекше айтылмаса, координаттардың байланысқан жүйесі мен осы Норманың 22-40-тарауларында көрсетілген белгілер тәртібі қолданылады. 4-бөлімде қабылданған өлшем бірліктерінің жүйесі кг-м-с (килограмм, метр, секунд). Алайда, әдетте, мөлшер коэффициенттері пайдаланылатын тәуелділер үшін жақшаның ішінде кгс-м-с бірліктерінің жүйесінде тиісті сөздер келтіріледі (килограмм-күш, метр, секунд).
24. Әуе кемесінің есептік салмақтары
      138. ӘК есептік ұшып көтеру салмағына mшар. жүктеменің барлық көзделген нұсқаларында қалыпты пайдалану жағдайларында ӘК ең жоғары салмағы (екпіннің алдында) алынады.
      139. Осы бапта тапсырылған жағдайларға сәйкес жүктеудің ұшу жағдайларында беріктікке тексеру өткізілуі қажет ӘК ұшу салмағы m ұшудың сол бір немесе өзге конфигурациясына және биіктігіне жету сәтіне жұмсалған отынның ең аз мөлшерін шегеріп, есептік ұшып көтеру салмағынан отыны жоқ ӘК салмағына дейінгі диапазонында қаралады. Алайда, қаралып отырған коммерциялық жүктемемен және отынның ең аз аэронавигациялық қорымен ӘК салмағынан аз ұшу салмақтары үшін беріктікті тексеруді маневр мен деңгейлес екпіннің тиімді жылдамдығы кезінде, бірақ келтірілген тиісінше 0,9эуmах(a) және 0,85 W кем емес пайдалану жүктелімнің азайтылған ең жоғары мәндерінде жүргізуге болады.
      140. Есептік қону салмағын mпос. Дайындаушы белгілейді, бірақ қалыпты коммерциялық жүктемемен және отынның ең аз аэронавигациялық қорымен кемінде ӘК салмағымен алынады. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың қонулар, әдетте, mпoc max=1,1 mпос (mпос max - ӘК ең жоғары қону салмағы) үлкен салмақпен жүргізілуге тиіс емес, ал mпoc max mах асатын салмағымен mвзл дейінгі қонулардың саны қонулардың барлық санынан 3% аспайтынды құрастыруы тиіс екені көрсетілуі тиіс.
      mвзл/mпoc қатынасы 1,5 аспайтындай есептік қону салмағының мәнін таңдау ұсынылады.
      141. Есептік шарықтау, ұшу және есептік қону салмағы үшін пайдалануда мүмкін ӘК жүктеудің әртүрлі нұсқалары қаралуға тиіс.
25. ӘК жылдамдықтары
      142. Vmax э ең жоғары пайдалану жылдамдығы үшін ұшқыш деңгейлес ұшу режимінде де, биіктікті алу кезінде де және төмендеу кезінде де қалыпты пайдалану жағдайында әдейі асыруға тиіс емес жылдамдықты алған жөн.
      143. Vmax max есептік шекті жылдамдық ұшу қателіктерінің есебінен де, елеулі атмосфералық қарсылықтарымен ӘК кездесу салдарынан да әдейі емес Vmax э жылдамдықты асыру мүмкіндігін ескере отырып белгіленеді.
      Осындай маневрді жасаған кезде Vmax max жылдамдықты асырмайтын есеппен көрсетілуге тиіс.
      ӘК Vmax э жылдамдықпен белгіленген деңгейлес ұшудан 7,50 траекторияның көлбеу бұрышымен төмендеуге өтсе және nу= 1,5 асырмай жиырма секундттан кейін (20 сек) төмендеуден шығатыны алынады. Төмендеген кезде қозғалтқыштардың жұмыс істеуі төмендегенге дейінгідей болып қалады. ӘК қарсылығын немесе қозғалтқыштардың тартымын автоматты өзгертетін конструктивті кұрылғылары болған кезде оларды төмендеу траекториясын талдаған кезде есепке алуға рұқсат беріледі. Кабрирлеу басталу сәтінде қозғалтқыштар тартымын азайтуға және ұшқыш басқаратын аэродинамикалық тежегіш құрылғыларды қолдануға жол беріледі.
      Барлық жағдайларда Vmax max және Vmax э арасындағы қор кем дегенде 50 км/сағ. құрауға тиіс, ал Vmax э М санымен шектелген биіктіктерде Мmax max > Мmах э + 0,05 болуға тиіс.
      144. Ауытқыған механикаландыруы бар ӘК конфигурациясы үшін:
      Vmax б - олардың ауытқу 5 бұрыштарының құрамдастарын қолдану жағдайлары бойынша әрқайсысы үшін мүмкін ауытқыған жалғасқанатшаларымен және (немесе) алдыңғы қанатшаларымен ұшуға рұқсат берілетін ӘК ең жоғары жылдамдығы;
      Vmax_в.у.ш - шассиді шығару мен жинау жүргізілуі мүмкін ӘК ең жоғары жылдамдығы;
      Vmax_ш - шығарылған шассимен ұшу жүргізілуі мүмкін ӘК ең жоғары жылдамдығы.
      145. Норманың 142-144-тармақтарында көрсетілген жылдамдықтарды Дайындаушы белгілейді. Бұл (немесе аз) жылдамдықтар (м саны) Ұшу пайдаланушылардың басқармасына енгізіледі.
      Ескертпе 1: Егер ӘК осы бапта қаралғаннан айырмашылығы бар тетіктеме болса, ауытқыған механикаландыруы бар ӘК беріктігі тексерілуге тиіс ең жоғары жылдамдықты сондай-ақ дайындаушы белгілейді және осы жылдамдықтың шамасы (немесе оның шамалы мәні) ұшуды пайдалану нұсқаулығы енгізілуге тиіс.
      Ескертпе 2: 22-40-тарауларда барлық жерде, арнайы айтылмаса, ӘК ұшу жылдамдығы индикаторлық болады.
26. Жүктеудің ұшу жағдайлары үшін пайдалану жүктелімдері
      146. Төменде маневр, кезінде және тынықсыз ауада ұшқанда ӘК
ауырлығының ортасында қалыпты жүктелімдерді (байланысқан ось Ү бағыты
бойынша) айқындауға қатысты нұсқаулар келтірілген.
      Жүктелімдер ұшудың барлық биіктіктері және ӘК барлық ұшу салмақтары үшін айқындалуы тиіс.
      147. Жиналған ұшып көтерілу-қону механизациясымен ӘК маневрі кезінде ең жоғары пайдалану жүктелімді мынадай сипатта:
      m<8000 кг кезінде nэу  max(а)=3,8,
      m>27500 кг кезінде nэmax(а)= 2,5 айқындалуға тиіс.
      Ұшу салмағының m аралық мәндері үшін nэу mах(а) шамасы мынадай формула бойынша айқындалады:
      
      Маневрлеу жүктелімнің шамалы мәні ӘК конструктивтік пен аэродинамикалық ерекшеліктері ұшуда осы мәннің аспауына кепілдік беретін жағдайда ғана алынуы мүмкін.
      Ескертпе: V mах э < 100 м/с ӘК үшін nэу mаx(a) шамасын дайындаушы белгілейді және тиісті негіздемелерді ұсына отырып, дайындаушы мемлекеттің құзыретті органымен келіседі.
      148. Жиналған ұшып көтерілу-қону механикаландыруы бар маневрлеу кезіндегі минимальды пайдалану жүктелім 1,00-ден кем емес абсолютті шама бойынша алынуы тиіс, яғни nэ y min(а) <-1,00.
      149. Шығарылған ұшып көтерілу-қону механикаландыруы бар ӘК маневрі кезіндегі максимальды және минимальды пайдалану жүктелімдерді тиісінше nэу mаx(а) =2,00; nэу min(а)- 0 тең алған жөн.
      150. Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың маневрлеу кезінде пайдалануда максимальды және минимальды рұқсат етілетін жүктелімдер ретінде мынадай жүктелімдер жазылуға тиіс:
      
      151. Тынықсыз ауада ұшқан кезде максимальды және минимальды
пайдалану жүктелімдер nэу mаx(б) және nэу min(б) жиналған шарықтау-қону механикаландыруы бар ұшудың барлық жылдамдықтары V үшін V mаx mаx дейін мынадай формула бойынша айқындалуы тиіс:
                        
      мұндағы n у г.п - белгілеген деңгейлес ұшудың қалыпты жүктелімі (n у гп=1,00 мәні жақындатылып алынуы мүмкін);
       сау - ұшудың қаралып отырған жылдамдығына сәйкес келетін М саны кезінде ӘК қатты үлгісін аэродинамикалық түтіктегі сынақтардың деректері бойынша айқындалатын (радиандармен) әсер ету бұрышы бойынша ӘК қалыпты аэродинамикалық күші коэффициентінің туындысы;
      S - қанаттың көлемі;
      Ро және рн - жерде және ұшудың қаралып отырған биіктігінде (тиісінше) ауаның тығыздығы;
      g - еркін түсу үдеуі;
      L - екпіннің өрістеу учаскесінің ұзындығы, L= 30 м алған жөн.
      Сатылас екпіннің W тиімді индикаторлық жылдамдығын мынадай сипатта айқындау қажет.
      
      
      10000 м < Н <20000 м кезінде Н =10000 және 20000 м үшін W мәндерінің арасында сызықтық интерполяцияны пайдаланған жөн. V mах э және Vmах mах арасындағы ұшу жылдамдықтары үшін\Ү мәнін, сондай-ақ сызықтық интерполяцияны қолдана отырып, айқындаған жөн. Егер қандай да бір пікірмен одан төмен ұзақ ұшуға болмайтын жылдамдық белгіленсе немесе, егер одан төмен қатты шайқалуда ұшуды жүргізуге болмайтын жылдамдық белгіленсе (ұсынылса) және осы жылдамдықтардың қандайда бірі 0,75 V mах э -дан үлкен болса, онда осы жылдамдықта жоғарыда көрсетілген W шекті мәндері кезінде (Н< 10000 м кезінде 20 м/с, Н>20000 м кезінде 12 м/с) беріктікке қосымша тексеру жүргізу қажет.
      W мәнін барлық жағдайларда қосымша шартпен шектеу қажет: Су мынадай формула бойынша айқындалған
      
      егер ӘК сипаттамасы су= f(a) ашық көрсетілген максимальды деңгейге (су mах) ие болса 1,5су max және егер ӘК сипаттамасы су= f(a) осындай ең жоғары деңгейге болмаса 1,5 су немесе су2 (қайсысы үлкен) аспауға тиіс.
      Мұндағы жерде су1 - а1 (су= f(a)) сипаттамасының сызықтық емес бөлігінің басталуына сәйкес келетін) әсер ету бұрышы кезінде ӘК қалыпты аэродинамикалық күшінің коэффициенті, ал су2 - а2 = 2а1 әсер ету бұрышы кезінде қалыпты аэродинамикалық күшінің коэффициенті.
      Ескертпе: су = f(a) мәндерін қаралып отырған H, V және m мәндері кезінде деңгейлес ұшуда теңгеруге сәйкес келетін биіктік рулінің (стабилизатордың) жағдайы кезінде алған жөн.
      152. Тынықсыз ауада ұшқан кезде жүктелімдерді nэу mах(б) және n у min(б) жиналған шарықтау-қону тетіктемесі бар, сондай-ақ 181-185 тараулар формуласы бойынша айқындаған жөн, бірақ осы орайда /\n үшін көрсетілімде W=10 м/сек қолдану, ал жылдамдық ретінде осы конфигурацияда ӘК ұшуына рұқсат берілген ең жоғары жылдамдықты алу керек.
27. Әуе кемесінің қанатын жүктеу жағдайлары
      153. Жалпы нұсқаулар. Ұшу жүктеу жағдайларында қанаттың қалыпты аэродинамикалық күшінен басқа бойлық аэродинамикалық күшті есепке алған жөн. Жүктеудің барлық жағдайларында ауырлық күштері мен қанаттың екпіндік және конструкцияның сол бір немесе басқа элементтерінің беріктігіне қатысты неғұрлым қолайсыз нұсқалар бойынша үлестірілген онда болған жүктердің күштері ескерілуге тиіс. Жалпы ӘК үшін күштер мен сәттердің тепе-теңдігіне ӘК тасымалы бөліктеріне, қозғалтқыштардың тартымына, ӘК ауырлығының күшіне және қарышты мен айналмалы қозғалыстардың екпіндік күштеріне аэродинамикалық жүктемені салумен қол жеткізеді. Егер қанатпен ӘК басқа бөліктері конструктивті байланыста (қозғалмалы қондырғылар, шасси және т.б.) болса, қанат, сондай-ақ олар үшін барлық Нормаланатын жағдайларда осы бөліктерден жүктемелерге тексерілуге тиіс.
      Ескертпе: Қанат үшін қанатқа аэродинамикалық жүктеменің тепе-тең әрекет ететін бағытына қарама-қарсы ауырлық күштерінің және екпіндік күштерінің бағыты шамамен алуға рұқсат беріледі.
      154. Маневр кезінде қанатты жүктеу жағдайлары. Жүктеудің маневрлеу жағдайларында ӘК орталығында жүктелім тапсырылады. Маневрді белгіленді деп санаған және қанатқа пайдалану калыпты аэродинамикалық күшті жүктемені (деңгейлес қанатшасы жоқ ӘК) мынадай формула бойынша айқындаған жөн
      
      мұндағы Р s.о. ур - егер ол жоғарыға әрекет ететін болса, плюс белгісі бар алынған сатылас қанатшаны теңестіруші жүктеме. nэу басқа жүктеудің әрбір жекелеген маневрлеу жағдайында екі шаманың біреуі тапсырылады: q жылдамдық арыны немесе су (теңгеру бұрышына биіктік рулі немесе стабилизатор ауытқыған кезде ӘК су). Екінші шама мынадай жағдайдан болады:
      
      q мен су мәндері (демек, ұшудың осы биіктігінде және М санында) а әсер ету бұрышын айқындайды.
      155. Жиналған ұшып көтерілу-қону механикаландыруы бар қанат беріктігінің тексеру үшін жүктеудің мынадай жағдайларына тексерген жөн: А, A', D, D', ВА, СА, Вmахэ, Сmахэ, В, С.
      ӘК жүктеудің көрсетілген жағдайлары маневрлеу жүктелімдер мен ұшудың жылдамдықтар мәндерінің үйлесімін (6-сурет) көрсетеді.
      Жүктеудің әрбір жағдайы үшін пайдалану жүктелімдердің nэу, жылдамдық арынының q және ӘК қалыпты аэродинамикалық күші коэффициентінің су мәндері келтірілген. су mах шамасы мынадай сипатта айқындалады.
      Егер су -f(a) сипаттамасы ашық белгіленген жалғыз ең жоғары деңгейіне ие болмаса, су mах ретінде қисаю кезінде (ас) әсер ету бұрышына сәйкес келетін су алған жөн. Осы жағдайда алдыңғы есептер үшін екі шаманың кішісін алуға болады: бірінші ең жоғары деңгейге сәйкес келетін су және 2а1 сәйкес келетін су, мұндағы а1 одан бастап с = f(a) сипаттамасы сызықтық болмайтын әсер ету бұрышы, су min ұқсас сипатта айқындаған жөн.
      Вд, СА, Вmах э, Сmах э, В және С жағдайларында сол жақ (оң жақ) кренді жасау үшін ауытқыған элерондармен қанатты жүктеуді қарау қажет.
                   
6-сурет
      ВА және СА жағдайларында тек тиімді конструктивті шектеумен, бустердің максимальды қуатымен немесе ұшқыштың максимальды пайдалану күшімен шектелетін бұрышқа ауытқуларымен элерондарды алған жөн.
      Вmах э және С mах э жағдайларында элерондардың ауытқу бұрышын ауаның қысылуын және қанат конструкциясының серпімділігін ескере отырып, бойлық осьтің wх айналасында ӘК айналу белгіленген бұрыштық жылдамдығы тиісінше Вmах э э және С mах эжағдайларында жететін wх бұрыштың жылдамдықтан кем болмайтындай алынуға тиіс. В және С жағдайларында жоғарыда көрсетілгендей айқындалған бұрыштық жылдамдық wх ВА және СА жағдайларында тиісінше сондай-ақ жететін wх      мәнінен 0,3 кем болуға тиіс.
      Дегенмен Вmах э, Сmах э В және С жағдайларында да элерондардың ауытқуы тиімді конструктивті шектеумен бустердің максимальды қуатымен немесе ұшқыштың ең жоғары пайдалану күшімен лимиттелінетін мәнінен үлкен болмауға тиіс.
      Вmах э, Сmах э және В жағдайларында элерондардың ауытқуымен болған бойлық осьтің айналасында айналу сәті мынадай түрде теңестіріледі:
      1) Бойлық осьтің айналасында белгіленген айналуы қаралуға тиіс, яғни айналу сәті wх бұрыштық жылдамдықтың айналуынан бәсеңдеткіш күштердің сәтімен және конструкцияның деформацияларынан болған аэродинамикалық қүштердің сәтімен теңестіріледі.
      2) Бойлық осьтің айналасында белгіленілмеген айналуы қаралуға тиіс, яғни айналу сәті бойлық оське, бұрыштық жылдамдықтан болған бәсеңдеткіш күштерге (егер элерондардың ауытқуы бір сәттік болмаса) және конструкцияның деформацияларымен болған аэродинамикалық күштерге қатысты ӘК бұрыштық үдеуімен шарттасқан екпіндік күштердің сәтімен
теңестіріледі. Бұрыштық үдеуді dwх айқындау үшін
                               ----
                                dt
      жоғары мүмкін жылдамдығымен бастапқы жағдайдан көлденең басқару
иінтірегінің (штурвалдың) ауытқуы қаралуға тиіс. Бірақ dwх
                                                       ----
                                                        dt
      3,0 рад/сек2 артық алынбайды.
      Ескертпе 1: Максималды мүмкін жылдамдықпен ауытқуда осы жылдамдықты шектейтін құрылғы болмаса, басқару иінтірегінің сәттік ауытқуы түсініледі.
      Ескертпе 2: ӘК айналуымен болған артқы қанатшаның бәсеңдету сәтін елемеген жөн.
      СА, Сmах э және С жағдайларында элерондардың ауытқу тиімділігі қанаттың құлашы бойынша жүктемені үлестіруді өзгертпейді, ал элерондар бар қанаттың учаскесінде /\сm0 шамасына профильдің сm0 мәнінің өзгерісіне ғана әсер етеді.
      156. Осы конфигурацияға рұқсат берілген ұшудың Максимальды жылдамдығында шығарылған ұшу-қону механикаландыруы бар қанаттың беріктігін тексеру үшін А3' және В3 жүктеу жағдайларын қараған жөн (6-сурет).
      А3 - nэу  =2,00 жағдай, элерондар ауытқымаған.
      В3 - nэу =1,50 жағдай, элерондар тиімді конструктивті шектеумен, бустердің максимальды қуатымен немесе ұшқыштың максимальды пайдалану күшімен лимиттелінетін бұрышқа ауытқыған. Бойлық остің айналасында айналу сәті теңестіріледі.
      Ескертпе: егер жалғасқанатшалар (алғы қанатшалар) басқа мақсатта пайдаланылса, мысалы, тегістеу кезінде тежеу үшін немесе қанатта ұшуда ауытқуға жататын қосымша тетіктемесі болса (тежегіш қалқаншалар, интерцепторлар, спойлерлер және т.б.) осындай тетіктеме ауытқыған кезде канатты жүктеу есептік жағдайларды дайындаушы белгілейді және дайындаушы мемлекеттің құзыретті органымен келісіледі.
      157. Тынықсыз ауада ұшу кезінде қанатты жүктеу жағдайлары.
      1) Симметриялық жағдай. ӘК ұшу салмағының әртүрлі мәндерінде ұшудың барлық биіктіктерінде және жылдамдықтарында Vmax max      дейін көрсетілген деңгейлес үзіктердің әрекеті қаралады.
      Бұл ретте мыналар алынады:
      үзікке ӘК кіргенге дейін жүктемелер деңгейлес ұшуға сәйкес келеді (элерондар ауытқыған);
      үзіктің әсері әсер ету бұрышын
               kW
      /\б = + -----
                V
      өзгертуге әкеледі k - коэффициент Норманың 151-тарауын қараңыз.
      минус белгісі төменге бағытталған сатылас үзікті көрсетеді.
      әсер ету бұрышы бойынша a = агп + /\а (мұндағы агп - деңгейлес ұшудағы әсер ету бұрышы) қанатқа айқындалады (деңгейлес қанатшасы жоқ ӘК) және деңгейлес ұшуда теңгеруге сәйкес келетін биіктік рулінің (тұрақтандырғыш) ауытқу бұрышы кезінде деңгейлес қанатшаның аэродинамикалық жүктемелері айқындайды. Қанатқа қалыпты аэродинамикалық күшті басқа тәсілмен, атап айтқанда, жақындатылған
формула бойынша айқындауға рұқсат беріледі:
                      1                роWV
       Ікр = gm (1 + ---- kc бу без ГО ----- ),
                      2               gmIS
      мұндағы c бу без ГО - ұшудың қаралып отырған жылдамдығына сәйкес келетін ұшудың М саны кезінде деңгейлес қауырсындануы жоқ ӘК қатты үлгісін аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың деректері бойынша айқындалатын деңгейлес қанатшасыз ӘК қалыпты аэродинамикалық күш коэффициентінің әсер ету бұрышы бойынша туындысы (радиандармен). Формуланың оң жағындағы қалған шамалар осы Норманың 151-тармағында көрсетілген мәндерге ие, формуладағы минус белгісі төменге бағытталған арынға сәйкес келеді. Қанаттың қалыпты аэродинамикалық күші бойынша әсер Yкр ету бұрышын а тапқан және қанаттан ағынды орып тастауды ескере отырып, ол бойынша деңгейлес қауырсындануға жүктемені айқындаған жөн. Осы орайда биіктік рулінің (тұрақтандырғыш) ауытқу бұрышын деңгейлес ұшудағы теңгеру бұрышқа тең алған жөн.
      2) Симметриялық емес жағдай. Қанаттың бір бөлігінде сол бір аэродинамикалық күш әрекет етуі, ал басқа бөлігінде осы жүктеменің 80% алынады.
      3) Қону мен ұшып көтерілу кезінде қанатты жүктеу жағдайлары. Қанаттың беріктігін шассидің негізгі тіректерін жүктеудің барлық жағдайларында тексеру қажет.
      ӘК мынадай сыртқы жүктемелер:
      шассидің негізгі тіректеріне келетін көтермелі күш Y, ӘК ауырлығының күші, сондай-ақ осы жүктемелермен шарттасқан және ӘК жалпы теңестіретін екпіндік күштер әрекет ететіні ескеріледі.
      Еш ұшу, R2 ш және Мш, (189-тармақ) жағдайларда Y = 0.
      Gш, (189-тармақ) жағдайында Y = 0,25gmnoc немесе Y = 0,25mұшу.
      Қонуды қараған кезде Тш, (189-тармақ)  жағдайында Y = 0,25gmnocжәне мәре мен тіркеп сүйретуді қараған кезде Ү=0.
      Қалған барлық жағдайларда Ү=0,25gmпос§ немесе Ү=0,25mвзл
      Қанат бойынша аэродинамикалық жүктемені үлестіру А жағдайындағы шартты алған жөн.
      4) Қанат элементтерін жүктеу жағдайлары.
      158. Элерондардың және олардың бекітпелерінің беріктігін ауытқымаған және ауытқыған жағдайларда тексерген жөн. Ауытқымаған жағдайда элерондарға жүктемені A, A', D, D', А3' жағдайларда және тынықсыз ауада ұшқан кезде қарастырған жөн.
      159. Ауытқыған жағдайда элерондарға ВА, СА, Вmах э, Сmах э, В, С және В3 жағдайларында қарастырған жөн. Бұл үшін осы жүктеменің шамасын өзгертпей элерон хордасының бойында погондық жүктемені салу нүктесін (қысымның ортасын) ауыстырумен осы сәйкестілікті алу үшін топсалы аэродинамикалық сәттерді түзету қажет. Алайда, егер осы теңестіруде элеронның жергілікті хордасының 50%-нен қысымның ортасы артқы болса, қысым ортасының жағдайын погондық жүктеменің шамасын өзгертпей жергілікті хордасының 50%-нен алған жөн.
      Топсалы сәттерді теңестіру сервокомпенсаторлардың, бустерлердің, автоұшқыштардың, орнықтылық пен басқарылу автоматтардың және басқа да қосалқы мен автоматты жүйелердің әсерін ескере отырып жүргізілуге тиіс. Бұл ретте, осы жүйелердің элеронды айналдыру беріктігіне қатысты мүмкін, неғұрлым ауыр әсері қаралуға тиіс. Нервюрларды және элеронның жергілікті беріктігін есептеу үшін хорда (контур) бойынша жүктемені үлестіру, егер погондық топсалы сәттер теңестіргеннен кейін бастапқылармен салыстырғанда (теңестіргенге дейін) ұлғайса, түзетілуге тиіс және элеронның хордасы (контуры) бойынша жүктемені үлестіруге, егер топсалы сәттер теңестіргеннен кейін азайса, бастапқысы (теңестіргенге дейінгі) алынады.
      160. Кинематикалық сервокомпенсаторлар. Кинематикалық сервокомпенсаторлардың және оның бекітпелерінің (элеронның жергілікті беріктігін де қоса) беріктігін жүктеудің барлық жағдайларына тексерген жөн.
      Сервокомпенсаторлар мен олардың бекітпелері үшін қауіпсіздік коэффициенті f>2,00.
      Қаттылықты қамтамасыз ету үшін аса жоғары қауіпсіздік коэффициентін алу ұсынылады.
      161. Триммердің және оның бекітпелерінің (элеронның жергілікті беріктігін де қоса) беріктігін триммердің бейтарап жағдайы кезінде элеронның бөлігіне сияқты оған түсетін жүктемеге тексерген жөн.
      Бұдан басқа, ауытқыған жағдайда триммердің беріктігі пайдалану жүктемеге тексеріледі:
      Pэmp = + 0,55q maх maх S,
      мұндағы S - триммердің келемі. Жүктеудің осы жағдайы үшін қауіпсіздік коэффициенті f>2,00.
      162. Жалғас қанатшалар мен алғы қанатшалар. Жалғас қанатшалардың, алғы қанатшалардың, олардың бекітпелерінің және шарықтау мен қону режимдерінде шығару және жинау жүйелерінің (тетіктердің) беріктігін тексеру қажет. Осы режимдердің әрқайсысында деңгейлес ұшуға сәйкес келетін мәнінен пайдалану жүктелімге nэу=2,0 немесе тынықсыз ауаның үзіктеріне W=+10 м/с сәйкес келетін мәніне дейінгі қанат әсер ету бұрыштарының диапазонында және жалғасқанатшаның, алғы қанатшаның нөлден осы режимде максимальды мүмкіндігіне дейін ауытқу бұрыштарының диапазонында көрсетілген элементтердің неғұрлым қолайсыз жүктеу жағдайларын таңдаған жөн. Жылдамдық арынды Vmaх б (144-тармақ) тиісінше алған жөн. Жалғас қанатшаға (алғы қанатшаға) жүктеменің шамасын тең алған жөн
      P э = cRqS
      мұндағы
      cR – жалғас қанатшаның (алғы қанатшаның) толық аэродинамикалық күшінің коэффициенті; оны қозғалтқыштар жұмыстарының барлық мүмкін режимдері кезінде бұрамаларды ағыспен үрлеуді ескере отырып аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың материалдары бойынша айқындаған жөн; қону кезінде қозғалткыштар жұмысының шарықтау режимін қарау қажет (екінші айналымға кету жағдайы);
      q - жылдамдық арыны;
      S – жалғас қанатшаның (алғы қанатшаның) көлемі. Жүктеменің бағытын аэродинамикалық трубалардағы сынақтар нәтижелерінің негізінде алған жөн.
      Қауіпсіздік коэффициенті f>2,00.
      Алғы қанатшалар, олардың бекітпелері және жинау мен шығару жүйелері (тетіктері) үшін мүмкін болған кезде жалғас қанатшалардың және алғы қанатшалардың ауытқу бұрыштарының комбинацияларын қолдану жағдайлары бойынша жүктеудің жағдайлары қосымша қаралуға тиіс:
      1) nэу = О және Vmaх б жылдамдыққа сәйкес келетін ӘК әсер етуінің бұрышы кезінде;
      2) су max б - жиналған ұшып көтерілу-қону тетіктемесі бар ӘК су max ұқсас айқындалатын жалғас қанатшалар мен алғы қанатшалар ауытқуының қаралып отырған комбинациялары үшін ӘК қалыпты аэродинамикалық күшінің максимальды мәніне сәйкес келетін ӘК әсер ету
бұрышы кезінде. Жылдамдық арыны 2gmIS тең алынады.
                               су max б
      Қауіпсіздік коэффициенті f=1,5.
      Жалғас қанатшалардың (алғы қанатшалардың), олардың бекітпелері және жинау мен шығару жүйелерінің (тетіктерінің) беріктігін сондай-ақ жиналған жағдайда тексерген жөн. Осы орайда жалғас қанатшаларға аэродинамикалық жүктемені қауіпсіздік коэффициенті f=1,5 кезінде айқындаған жөн.
      Ескертпе 1: егер ұшу пайдаланушылардың басқармасына сәйкес екінші айналымға кету кезінде жалғас қанатшалардың ауытқу бұрышын азайту қажет болса, осы режимде жүктеу талаптары Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта ұсынылған ұшу тәсілін орындағанда жалғас қанатшалардың ауытқу бұрышының, ұшу жылдамдығының және жұмыс режимінің үйлесулердің шекті мүмкіндігін айқындау бойынша есептердің негізінде нақтылануы мүмкін.
      Ескертпе 2: егер жалғас қанатшалар, алғы канатшалар басқа мақсатта пайдаланылса, мысалы, тегістеу кезінде тежеу үшін немесе ұшуда ауытқуға әкелетін қосымша тетік бар болса, тетіктеме элементтерінің, олардың бекітпелерінің және басқару жүйелері түзілімдерінің есепті жағдайларын дайындаушы белгілейді және дайындаушы-мемлекеттің құзыретті органымен келісілуі тиіс.
      163. Қанаттың артқы бөліктері. Жалғас канатшалардың аймағында қанаттың артқы бөліктерінің беріктігі шығарылған ұшып көтерілуі-қонуы механикаландыруы бар кезінде осы бөліктерге келетін және жалғас қанатшалардың ауытқу бұрышының мәндеріне және ол кезінде жалғас қанатшалардың осындай ауытқуымен ұшуды жүргізу мүмкін максимальды жылдамдық арынының мәндеріне сәйкес айқындалатын жүктемелерге қосымша тексерілуге тиіс.
      Қауіпсіздік коэффициенті f=2,0.
      164. Қанаттың құлашы мен хордасы (контуры) бойынша және оның элементтері бойынша аэродинамикалық жүктемені үлестіру. Қанат пен оның элементтері үшін аэродинамикалық түтіктердегі сынақтардың материалдары бойынша құлашы мен кескіні бойынша жүктеудің қисық үлестірулері жасалуға тиіс. Аэродинамикалық түтіктердегі сынақтар қанат әсер етуінің бұрыштары, элерондар ауытқу бұрыштары және қаралып отырған жағдайларға сәйкес келетін қанат тетіктемесінің жағдайлары кезінде жүргізілуі тиіс.
      Осындай материалдар болмағанда қанаттың құлашы мен хордасы (контуры) бойынша үлестіруге рұқсат етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет