Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы № 266 Қаулысы
(2012.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерін қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді:
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібі туралы ереженің жаңа редакциясы бекітілсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күн өткеннен кейiн күшiне енгізілсiн.
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық туралы» 1997 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысының;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының «Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы» 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 287 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.З.Нәлібаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2000 жылғы 2 маусымдағы
№ 266 қаулысымен
бекітілген
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 (бұр. ред. қара); 2006.24.06. № 2 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.07 № 60 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Ереже 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) және 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі - Азаматтық кодекс), «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына әзірленген және Қазақстан Республикасының банктерінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ұйымның қызметін реттейтін заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайда заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдарда (бұдан әрі - банктер) клиенттердің банктік шоттарын ашу, ашудан бас тарту, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 (бұр. ред. қара); 2006.24.01. № 2 (бұр.ред.қара); 2009.09.07 № 60 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Ережеде Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Төлемдер туралы заң) көзделген ұғымдар пайдаланылады.
3. ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.24.08 № 85 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Банктік шоттар ағымдағы, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді, осы Ереженің 37-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, теңгемен және сол сияқты шетел валютасымен ашылады және жүргізіледі.
Ағымдағы және жинақ шоттары - жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерінің) банктiк есепшоттары.
Корреспонденттiк есепшоттар - банктердiң және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банктiк есепшоттары.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде банктiк есепшоттар ашу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
6. Корреспонденттiк есепшоттар ашу, жүргiзу және жабу ерекшелiктерi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жекелеген нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен белгiленедi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.07 № 60 Қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен 6-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-1. Банктік шоттарды ашудан бас тарту Салық кодексінде, Төлемдер туралы заңда, «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша, сондай-ақ осы Ережеде көзделген құжаттар ұсынылмаған не клиент пен банк арасында мәміле жасалмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
7. ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.24.10. № 123 Қаулысымен 1-1-тараумен толықтырылды (2010 ж. 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1-тарау. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы
7-1. Клиенттің ақшасын есепке алу үшін клиентке банктік шот ашу кезінде банк оған банк клиентінің банктік шотының нөмірі болып табылатын жеке сәйкестендіру кодын тағайындайды. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымы осы Ереженің 3-қосымшасында көрсетілген.
7-2. Банктік шот нөмірінің бірыңғай құрылымына бақылау дәрежесі кіреді. Бақылау дәрежесін есептеу және тексеру алгоритмі осы Ереженің 4-қосымшасында көрсетілген.
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 (бұр.ред.қара); 2009.24.08 № 85 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді
2-тарау. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы шоттар ашу тәртібі
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 (бұр.ред.қара); 2009.24.08 № 85 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 8-тармақ өзгертілді
8. Банктiк есепшот шарты бойынша ағымдағы шот ашқан кезде банк клиенттiң пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиентке немесе үшiншi адамдарға тиiстi ақша сомасын аудару (беру) туралы клиенттiң нұсқауын орындауға және банктiк есепшот шартында көзделген басқа да қызмет көрсетуге мiндеттенедi.
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.20.07 № 76 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.20.08. № 76 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді, ал оның күші 2010 жылғы 13 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады); 2011.01.07. № 65 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 108 Қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Банктiк есепшот шартында мыналар болуға тиiстi:
1) шарттың мәнi;
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 108 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) клиенттің сәйкестендіру нөмірі;
3) банкте жатқан ақшаны жұмсау тәртібі;
4) банктiң қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртібі.
Банктiк есепшот шартында тараптар келiскен өзге де талаптар болуы мүмкiн.
10. Банктiк есепшот шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.
10. Банктiк есепшот шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.10.01 ж. № 382; 21.03.03 ж. № 90 (бұр. ред. қара); 2006.24.01. № 2 (бұр.ред.қара); 2008.23.06. № 49 (бұр.ред.қара); 2009.09.07 № 60 (бұр.ред.қара); 2007.20.07 № 76 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2010.20.08. № 76 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді, ал оның күші 2010 жылғы 13 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.07. № 65 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 11-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 108 Қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-тармақ жаңа редакцияда
11. Банк шотын ашу үшін клиент мынадай құжаттар ұсынуы қажет:
1) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
клиенттің салық төлеуші ретінде тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін - Ереженің) не үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің фактісін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын, орыс тіліндегі және/немесе мемлекеттік тілдегі нотариат куәландырған құжаттар;
филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына заңды тұлға берген сенімхаттың көшірмесі;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін - бюджеттің орындалуы жөніндегі уәкілетті органның рұқсаты;
2) Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғалары үшін:
жеке басын куәландыратын құжат;
3) Қазақстан Республикасының резидент-жеке кәсіпкерлері, жеке нотариустары, жеке сот орындаушылары және адвокаттары үшін:
жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат не жеке сот орындаушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың болуы не мұндай құжаттың болмауы туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;
қол қою үлгісі бар құжат;
жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары үшін - салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке басын куәландыратын құжат;
жеке нотариустар үшін - нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
адвокаттар үшін - адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
жеке сот орындаушылары үшін - атқару құжаттарын орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының резидент емес-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеу туралы тіркеу куәлігінің көшірмесі;
резидент емес-заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін - есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, сондай-ақ тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереженің мемлекеттік тілде және/немесе орыс тілінде жазылған және нотариат куәландырған көшірмесі және Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
сауда тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осындай сипаттағы, резидент емес-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен белгіленген тәртіппен расталған және, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушысының біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің банк шотын жүргізуге (банк шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының резидент емес-жеке тұлғалары үшін:
жеке басын куәландыратын құжат;
Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін тіркеу куәлігі;
6) Қазақстан Республикасының резидент емес-жеке кәсіпкерлері үшін:
жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың болуы не мұндай құжаттың болмауы туралы белгі қойылатын банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;
қол қою үлгісі бар құжат;
жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер үшін - салық қызметі органы берген, клиентті жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке басын куәландыратын құжат;
7) шаруа (фермер) қожалықтары үшін:
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
уәкілетті орган берген, мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
8) таратылатын банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары, олардың филиалдары үшін:
тарату комиссиясының қол қою үлгілері және таратылатын клиенттің мөр таңбасы бар құжат;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі;
клиентті тарату және тарату комиссиясын тағайындау туралы (сот, уәкілетті орган не акционерлердің жалпы жиналысы) шешімнің көшірмесі;
уәкілетті органның банк және өзге де операцияларды жүргізуге арналған не сақтандыру қызметін, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін төлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешімінің көшірмесі;
9) шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілдіктер үшін:
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген, оның аккредиттелгенін растайтын белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі;
резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеуді растайтын тіркеу куәлігінің көшірмесі;
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің ағымдағы шотын жүргізуге (ағымдағы шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.25.03. № 24 Қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды
11-1. Мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару үшін клиенттің талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына ағымдағы шотты ашқан кезде клиент осы Ереженің 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарды, сондай-ақ ағымдағы шоттың мақсаты - жеке тұлғаға мемлекеттік бюджеттен төленетін жәрдемақыларды және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді аудару көрсетілетін клиенттің өтінішін ұсынуы тиіс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен 11-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 108 Қаулысымен 11-2-тармақ өзгертілді (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
11-2. Жеке тұлғаның (бұдан әрі - өкіл) клиент-жеке тұлғаның атына ағымдағы шотты ашуы үшін өкіл банкке осы Ереженің 11-тармағының 2) немесе 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:
1) заңнамаға сәйкес уәкілетті тұлғаға (ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдерге) сенімхатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ағымдағы шотты ашу және (немесе) иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат.
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
3-тарау. Жинақ салым шарты бойынша банк есепшоттарын ашу тәртібі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде банк салымшыдан ақша (салым) қабылдауға, ол бойынша банктiк салым шартына көзделген мөлшерде және тәртiппен сыйақы төлеуге және де салымның осы түрi үшiн заң кесiмдерiнде және банктiк салым шартында көзделген талаптармен және тәртiппен салымды қайтаруға мiндеттенедi.
13. Банктiк салым шарты бойынша жинақ есепшотын ашқан кезде ақшаны (салымды) салымшының өз атына не белгiлi бiр үшiншi адамның атына салуға болады. Бұлар бұдан былай банктiң клиенттерi болып саналады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2007.20.07 № 76 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.20.08. № 76 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді, ал оның күші 2010 жылғы 13 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № 65 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 108 Қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді
14. Банктiк салым шартында мыналар болуы тиiс:
1) шарттың мәні;
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 108 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жинақ шотын ашқан кезде осындай құжатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, клиенттің тіркеу органы берген құжатта көрсетілген сәйкестендіру нөмірі;
3) банктiң қызмет көрсету шарттары және оған ақы төлеу тәртібі.
Шартта Тараптар келiскен, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де талаптар болуы мүмкін.
15. Банктiк салым шартында заңда белгiленген қосымша талаптар да болуға тиiстi.
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 21.04.03 ж. № 140 Қаулысымен (бұр.ред қара); 2008.23.06 № 49 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді
16. Банктiк салым шарты жасалғаннан кейiн банк салымшының талап етуiмен оған салынған салымды растайтын, банк клиентiнiң атына ресiмделген құжат (салым құжатын) бередi.
Салым құжаты банктiң iшкi ережелерiне сәйкес және оның талаптары негiзiнде берiледi.
клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шоттағы ақшаны жұмсауға) байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттарға сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 (бұр. ред. қара); 2006.24.01. № 2 (бұр.ред.қара); 2008.23.06. № 49 (бұр.ред.қара); 2007.20.07 № 76 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.20.08. № 76 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді, ал оның күші 2010 жылғы 13 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 17-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.07. № 65 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 17-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 108 Қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17-тармақ жаңа редакцияда
17. Жинақ шотын ашу үшін салымшы-клиент мынадай құжаттар ұсынуы қажет:
1) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген, қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
жарғының (оқшауланған бөлімшелер үшін - Ереженің) не үлгі жарғының негізінде клиент қызметінің фактісін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде (қоғамдық немесе діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін) көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттіктерін растайтын, орыс тіліндегі және/немесе мемлекеттік тілдегі нотариат куәландырған құжаттар;
заңды тұлға филиалдың немесе өкілдіктің (өзге нысандардағы заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін) басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының резидент-салымшы-жеке тұлғалары үшін:
жеке басын куәландыратын құжат;
жеке кәсіпкерлер үшін - қол қою үлгісі бар құжат;
жеке кәсіпкерлер үшін - жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың бар екендігі не мұндай құжаттың жоқ екендігі туралы белгі қойылатын, банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;
жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер үшін - клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер үшін - клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасының резидент емес-салымшы-заңды тұлғалары және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін:
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат;
сауда тізілімінен үзінді-көшірменің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не осындай сипаттағы, резидент емес-заңды тұлғаны тіркеген орган, тіркеу нөмірі, тіркелген күні және орны туралы ақпарат бар, мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі аудармасымен белгіленген тәртіппен расталған және, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе қатысушысының біреуі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес заңдастырылған не апостиль қойылған басқа құжат;
резидент емес-заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері үшін - есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген, белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесі, сондай-ақ тиісті филиал немесе өкілдік туралы ереженің мемлекеттік тілде және/немесе орыс тілінде жазылған және нотариат куәландырған көшірмесі және Қазақстан Республикасының резиденті емес-заңды тұлғасы филиалдың немесе өкілдіктің басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шотындағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының резиденті емес-салымшы-жеке тұлғалары үшін:
жеке кәсіпкерлер үшін - қол қою үлгісі бар құжат;
қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар құжат;
жеке кәсіпкерлер үшін - жеке кәсіпкер ретінде қызметті жүзеге асыру туралы мәліметтер көрсетілетін және клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың бар екендігі не мұндай құжаттың жоқ екендігі туралы белгі қойылатын, банк белгілеген нысан бойынша банк шотын ашу туралы өтініш;
жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жеке кәсіпкерлер үшін - клиенттің жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне алынғанын растайтын, салық қызметі органы берген құжаттың көшірмесі;
жеке басын куәландыратын құжат.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 (бұр. ред. қара); 2006.24.01. № 2 (бұр.ред.қара); 2007.20.07 № 76 (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2010.20.08. № 76 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді, ал оның күші 2010 жылғы 13 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара) қаулыларымен 18-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.07. № 65 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 108 Қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 18-тармақ жаңа редакцияда
18. Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу үшін салымшы банкке мыналарды ұсынуға міндетті:
1) заңды тұлға, оның оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері):
шотты ашу және (немесе) иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
2) жеке тұлға:
шотты ашу және (немесе) иелену құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған тұлғалар-клиенттер үшін - туу туралы куәлік;
салымшының жеке басын растайтын құжат.
19. Заңнамаға не құрылтай құжаттарына сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар заңды тұлға өкiлінің сенімхат ұсынуының керегi жоқ.
Заңнамаға сәйкес есепшот ашуға уәкiлеттiгi бар жеке тұлғаның (әке-шешесiнің немесе өзге заңды өкiлдерiнiң) сенiмхат ұсынуының керегi жоқ.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 3-1-тараумен толықтырылды
3-1-тарау. Банктік шот шарты бойынша жеке нотариустың ағымдағы шотын ашу және жүргізу ерекшеліктері
19-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке нотариус (бұдан әрі - нотариус) борышкерден кредиторға (бұдан әрі - депонент) өткізу үшін депозитке қабылдаған ақшаны сақтау үшін банк банктік шот шарты негізінде нотариуске ағымдағы шот (бұдан әрі - нотариустың депозиті) ашады.
19-2. Банктік шот шартында осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мәліметтер, сондай-ақ:
1) жеке тұлға депонентке қолма-қол ақша беру не нотариустың депозитінен заңды тұлға депоненттің банктік шотына ақша аудару көзделетін, нотариустың депозитінен ақша беру шарттары мен тәртібі;
2) банктің Ереженің осы тарауының талаптарын сақтаумен ғана нотариустың депозитінен депонентке ақша беру міндеті көзделетін, нотариустың депозитіндегі ақша жұмсау тәртібі;
3) борышкердің нотариустың депозиті ашылған банкке нотариустың депозитіне ақша енгізу кезінде сыйақы төлеу тәртібі болуы тиіс;
ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2007.20.07 № 76 Қаулысымен (2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР 2010.20.08. № 76 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді, ал оның күші 2010 жылғы 13 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № 65 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 108 Қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 19-3-тармақ өзгертілді
19-3. Нотариус депозит ашу үшін мыналарды ұсынуы қажет:
1) осы Ереженің 5-тарауына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжат/қол қою үлгісі бар құжат;
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 108 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жеке сәйкестендіру нөмірі бар құжат;
3) нотариат қызметімен шұғылдану құқығына берілген лицензияның көшірмесі;
4) тиісті округтің нотариат палатасының нотариустың нотариат палатасына мүше болуын растайтын хаты;
5) ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.01.07. № 65 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-4. Банкке нотариустың депозитіне ақша енгізуді борышкер қолма-қол ақша жарнасы арқылы не нотариустың депозитке ақша енгізуге келісімі бар, нотариус қол қойған және нотариустың мөрімен расталған, банкке жолданған құжатты банкке ұсыну кезінде қолма-қол емес тәртіппен жүзеге асырады.
19-5. Нотариустың депозитінен ақша беру жеке тұлға депонентке қолма-қол ақшамен не нотариустың депозитінен заңды тұлға депоненттің банктік шотына осы Ережеде және банктік шот шартында көзделген тәртіппен ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.23.06 № 49 Қаулысымен 19-6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-6. Нотариустың депозитінен депонентке ақша беруді не аударуды банк нотариустың жеке тұлға депоненттің аты-жөні, туған жылы не заңды тұлға депоненттің атауы, депонентке төленуі тиісті ақша сомасы, нотариустың ағымдағы шотының жеке бірегейлендіру коды бар өтініші негізінде, мынадай құжаттар қоса беріле отырып жүзеге асырылады:
1) борышкердің нотариустың депозитіне ақша салуын растайтын құжаттың көшірмесі;
2) депоненттің ақшасы сақталатын депозит ашқан нотариус куәландырған, депоненттің жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін (егер депонент жеке тұлға болып табылса) көрсете отырып не мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжаттың деректемелерін (егер депонент заңды тұлға болып табылса) көрсете отырып, сондай-ақ депоненттің нотариустың депозитінен ақша алу құқығын растайтын құжаттың атауын көрсете отырып, депоненттің ақша беру туралы өтініші;
3) жеке тұлға депоненттің жеке басын куәландыратын құжат (егер ақша алған тұлға (депонент) жеке тұлға болып табылса) не мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын құжат (егер ақша алған тұлға (депонент) заңды тұлға болып табылса).
19-7. Нотариустың атына депозиттің шарттарымен ақша енгізген тұлғаға ақшаны қайтаруды банк сот актісі не нотариустың жеке тұлға борышкердің аты-жөні, туған жылы немесе заңды тұлға борышкердің атауы бар өтініші негізінде мыналарды қоса бере отырып жүзеге асырады:
1) нотариус борышкерге берген, ақша жарнасы туралы түбіртектің көшірмесі;
2) пайдасына ақша енгізілген тұлғаның (депоненттің) депозитке (борышкерге) ақша енгізген тұлғаға ақшаны қайтару туралы нотариат куәландырған келісімінің көшірмесі;
3) борышкердің оған ақшаны қайтару туралы нотариат куәландырған өтініші.
4-тарау. Банктiк есепшот ашуға және жүргiзуге қойылатын жалпы талаптар
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 (бұр. ред. қара); 2006.24.01. № 2 (бұр.ред.қара); 2008.23.06. № 49 (бұр.ред.қара); 2009.09.07 № 60 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 20-тармақ өзгертілді
20. Клиент бiр банкте (оның филиалдары мен бөлiмшелерiнде) бiрнеше есепшот ашқан жағдайда банк есепшот ашу үшiн көзделген құжаттарды (заңды тұлғалар - клиенттер үшiн - қол қою үлгiлерi мен мөр таңбасы бар құжаттан, жеке тұлғалар - клиенттер үшiн жеке басын куәландыратын құжаттан басқасын) мынадай жағдайлардың бiрi болса:
1) егер клиент алғашқы есепшотын ашқан банкте (филиалда) банктiк есепшот ашатын болса;
2) егер клиентке алғашқы есепшот ашылған банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) осы Ережеге сәйкес банктiк есепшот ашуына қажеттi құжаттардың бәрi бар екенiн растайтын құжаты болса, клиенттiң қайтадан тапсыруын талап етпеуге құқылы.
Банктік шот ашу, сондай-ақ мынадай шарттарды:
1) банкте (филиалда, бөлімшеде) әрбір клиент бойынша электронды түрде істі (бұдан әрі - электронды досье) қалыптастыру жөнінде қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету және клиенттің банкте (филиалда, бөлімшеде) банктік шотының болуы туралы ақпараттың болуын;
2) банктік шотты ашу кезінде клиенттің электронды досьеде өзгерістердің болмауын орындау үшін банкте осы Ережеде көзделген басқа құжаттар болған кезде қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар бір құжат негізінде заңды тұлға клиенттің бір банкте (филиалда, бөлімшеде) бірнеше банктік шотын ашуға жол беріледі.
Клиенттiң алғашқы есепшоты ашылған банктiң басқа филиалында (бөлiмшесiнде) құжаттарының бәрi бар екенiн, оның iшiнде қолда бар құжаттарды электрондық тәсiлмен беру жолымен банктiң (филиалдың, бөлiмшенiң) растау тәртібін банк дербес белгiлейдi.
Банктің осы банкте ашылған банк шоты бар жеке тұлға клиентке электрондық цифрлы қол қоюды немесе клиенттің динамикалық сәйкестендірілуін пайдаланумен электрондық түрде жасалған шарт негізінде, жеке басын куәландыратын құжатты қайтадан ұсынбай, осы тармақтың бірінші - үшінші абзацтарында көзделген талаптарды сақтай отырып, банк шотын ашуға рұқсат етіледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды
20-1. Клиент - жеке тұлға банктік шотты ашқан кезде, егер банк пен клиент арасындағы банктік қызмет көрсету шартында мұндай талаптар көзделмесе, кәсіпкерлік, адвокаттық, жеке нотариалдық қызметпен, сондай-ақ жеке сот орындаушысы қызметімен байланысты операциялардың банктік шоты бойынша жүргізілмегені туралы мәліметтер көрсетілетін, банк белгілеген нысан бойынша банктік шот ашу туралы өтініш ұсынады.
21. Ашылатын есепшоттың түрлерiне және клиенттiң құқықтық субъект екенiне қарай банк Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе банк тiкелей белгiлеген болса, қосымша құжаттар берудi талап етуге құқылы.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.23.06 № 49 Қаулысымен 21-1-тармақпен толықтырылды
21-1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.03.03 ж. № 90 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.23.06 № 49 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 22-тармақ өзгертілді
22. Клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың (кәмелетке толмаған клиенттің тууы туралы куәлігінің) түпнұсқасынан басқа, шот ашу үшін клиент берген құжаттар банкте әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе шарттың түпнұсқасымен не клиенттің үлгі шартқа қосылу туралы өтінішімен және клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың (кәмелетке толмаған клиенттің тууы туралы куәлігінің) көшірмесімен бірге тігіліп, сақталуға тиіс.
Әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе сондай-ақ банкте операциялар жасау құқығына арналған сенімхаттың көшірмесі тігіліп, сақталады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2007.24.10 № 123 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 23-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.07 № 60 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 108 Қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 23-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 266 Қаулысымен (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23-тармақ жаңа редакцияда
23. Дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резидент еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарын қоспағанда, банк шоты ашылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей банктер тиiстi салық қызметi органдарын хабарларды кепiлдiкпен жеткiзудi қамтамасыз ететiн ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы салық төлеушінің тіркеу нөмiрiн көрсете отырып, көрсетiлген шоттардың ашылғаны туралы хабардар етеді.
Техникалық проблемалардың туындауынан осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды ашу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдауышпен жіберіледі.
24. Уәкiлеттi банкте ашылған резидент емес банктiң корреспонденттiк есепшоты арқылы жүзеге асырылатын ақша төлемi мен аударымы тек аудару тәртібімен жасалады.
25. Банктiк есепшоттар бойынша көшiрмелердi банктер шартқа сәйкес бередi. Банк клиентке оның есепшоттары бойынша көшiрмелердi беру (жеткiзiп беру) қызметiн электрондық тәсiлмен немесе шартта көзделген болса, арнайы адам арқылы көрсетуге.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.24.08 № 85 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.01.07. № 65 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 108 Қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 26-тармақ өзгертілді
26. Банк есепшоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтатып қою немесе банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу Қазақстан Республикасының заң кесiмдерiне сәйкес банктiк есепшоттарды шығыс операцияларын тоқтатып қоюға немесе клиенттiң банктiк есепшотта жатқан ақшасына тыйым салуға құқығы бар уәкiлеттi органдардың тиiстi шешiмдерi (қаулылары) негiзінде жүргiзiледi.
Уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі банкке түскен кезде банк банктің және оның клиентінің деректемелерін өкімде көрсетілген деректемелермен сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, осыдан кейін осындай шот бойынша шығыс операцияларын тоқтатады.
Банк клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімін орындамастан, мынадай негіздердің бірі бойынша:
1) банктің және оның клиентінің деректемелері клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімінде көрсетілген деректемелеріне сәйкес болмаған жағдайда;
2) егер клиенттің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті органның өкімі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 тіркелген, «Өкімдердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы № 16 қаулысына сәйкес келмейтін нысанда ресімделсе және ұсынылса, тиісті уәкілетті органға қайтарады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.26.03. № 108 Қаулысымен төртінші бөлік жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Егер басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН)) банктің клиентіне сәйкес келіп, уәкілетті органның клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінде көрсетілген клиенттің атауы сәйкес келмеген жағдайда банкке электрондық тәсілмен ұсынылған өкімді орындаудан бас тартуға жол берілмейді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
27. Банктiк есепшоттар бойынша операциялар уәкiлеттi органдардың банктiк есепшотта жатқан ақшаға тыйым салу немесе банктiк есепшоттағы шығыс операцияларын тоқтатып қою туралы шешiмдерiнiң (қаулыларының) күшiн жою туралы тиiстi жазбаша хабарламалары негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта жүргiзiледi.
28. Уәкiлеттi органдардың ақшаға тыйым салу туралы шешiмдерi (қаулылары) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жеткiлiксiз болған жағдайда банк осы шешiмдердi (қаулыларды) орындауға кiрiседi де, ақшаға тыйым салу туралы шешiмде (қаулыда) көрсетiлген қажеттi сома жиналғанға дейiн шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
Уәкiлеттi органдардың клиенттiң тиiстi есепшоттағы ақшасына тыйым салу туралы шешiмi (қаулысы) шығарылған банктiк есепшоттағы ақша жоқ болған жағдайда, банк мұндай шешiмдi (қаулыны) алғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей тиiстi органдарды мұны орындаудың мүмкiн еместiгi туралы себептерiн көрсете отырып хабардар етедi де осы органдардан ақшаға тыйым салу туралы шешiмдердi (қаулыларды) орындау жөніндегі iс-әрекеттiң бұдан былай қандай болатынын сұрайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.24.08 № 85 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 29-тармақ жаңа редакцияда
29. Уәкілетті органдардың банктік шоттағы шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері, клиенттің осындай шотындағы ақшаға тыйым салу туралы уәкілетті органдардың шешімдері (қаулылары) банкке түскен кезде банк оларды Азаматтық кодексте, Салық кодексінде және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда орындайды.
5-тарау. Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттардың ресiмдеу тәртібі
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 (бұр.ред.қара); 2008.23.06. № 49 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен; 2012.26.03. № 108 Қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 30-тармақ өзгертілді
30. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкілдіктері, мөрі бар жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары және адвокаттар банкке мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған, 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші және екінші қол қою үлгісі (үлгілері) және мөр таңбасы бар құжаттарды ұсынады.
Мөрі жоқ жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар және адвокаттар банкке мемлекеттік және орыс тiлдерінде жасалған № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгісі бар құжаттарды ұсынады.
31. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары немесе өкiлдiктерi ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда бiрiншi қол қою құқығы басшыда және/немесе ол уәкiлеттiк берген басқа адамдарда болады. Екiншi қол қою құқығы бас бухгалтерге және/немесе басқа уәкiлеттi адамдарға берiледi.
Бұл өкiлеттiктер құрылтай құжаттары негiзiнде не тиiстi заңды тұлғалар, филиалдар немесе өкiлдiктер басшыларының бұйрықтары негiзiнде не осындай өкiлеттiктер беруге негiз болған басқа құжаттарға сәйкес берiледi.
Егер заңды тұлғаның, филиалдың немесе өкiлдiктiң штатында екiншi қол қою құқығын беруге болатын адам жоқ болса, банк құжатты тек бiрiншi қол қою үлгiсiмен қабылдайды да бұл жайында осы құжатқа тиiстi жазу жазылады. Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттарда заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкiлдiгiнiң мөр таңба белгiсiнiң үлгiсi болуға тиiстi.
Бұл талап заңды тұлғалар шыққан ел заңнамасының ерекшелiктерiне байланысты мөрi жоқ болып отырған Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларына, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiне қолданылмайды.
Арнайы мақсаттарға («кадрлар бөлiмi», «пакет үшiн» және басқа) арналған мөр таңбасының үлгiсiн қабылдауға болмайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 31-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен 31-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
31-1. Қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжаттың (қол қою үлгісі бар құжаттың) «Банктің белгісі» бағанында банктің уәкілетті тұлғасы бірінші не бірінші және екінші қол қою құқығы бар тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарының деректерін және банктің ішкі ережелерінде айқындалған өзге мәліметтерді көрсетеді.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 32-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
32. Банк қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгiзiлген адамдардың қойған қолын нотариаттың растауын талап етуге құқылы. Нотариусы жоқ елдi мекендерде қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжатқа енгізiлген адамдардың қойған қолын жергiлiктi атқарушы өкiмет органы растайды.
Қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгісi бар құжатты осы Ереженің 33-тармағында көздеген жағдайдан басқа кезде банк уәкiлеттiк берген адамның растауына болады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
33. Клиент қол қою құқығын басқа адамға (адамдарға) уақытша берген жағдайда тиiстi қол қою үлгiсi бар, нотариат куәландырған, не клиенттiң банкте тiкелей қатысуымен куәландырылған уақытша құжат осы Ереженің тарауында белгiленген тәртiппен ресiмделедi.
34. Заңды тұлғаның атауы өзгерген, мөрi жоғалған немесе тозған жағдайда банк клиентке жаңа мөр дайындауға қажеттi мерзiм беруге құқылы. Мөр дайын болғанға дейiн банк пен клиент төлем құжаттарын клиенттiң мөрiнсiз ресiмдеу тәртібін белгiлейдi, бұл жайында шартта көрсетiлуi тиiс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35. Клиент есепшот ашу үшiн ұсынатын қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар құжаттар данасының қажеттi санын банк белгiлейдi.
Оның бiр данасы банктiң операция жасайтын қызметкерiнде тұрақты түрде, екiншiсі - банк клиентiнiң iс қағаздарында болуы тиiс. Бұл норма клиенттің ісі банкте электрондық түрде қалыптастырылған және электрондық досье жүргізілетін жағдайларға қолданылмайды.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
36. Қол қою үлгiсiнiң не мөр таңбасының бiреуi өзгерген жағдайда банкке қол қою үлгiлерi және мөр таңба белгiсi бар осы Ережеде көрсетiлген тәртіппен куәландырылған жаңа құжат тапсырылады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен 36-1-тармақпен толықтырылды
36-1. Қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар, әрбір уәкілетті тұлғаға жеке-жеке не бірнеше уәкілетті тұлғаға ресімделген, қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар құжаттардан тұратын құжатты, клиенттің осындай құжаттарды қол қою және мөр таңбасының үлгілері бар бір құжат ретінде қабылдау туралы жазбаша өтінішін банкке ұсыну шартымен ресімдеуге жол беріледі.
6-тарау. Уақытша жинақ есепшоты
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.18.01. № 2 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37. Жаңадан құрылатын заңды тұлға үшін, оның ішінде жаңадан құрылатын саяси партия үшін банк банктік салым шарты (шартты салым) негізінде уақытша жинақ шотын ашады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен 37-1-тармақпен толықтырылды
37-1. Уақытша жинақ шоты теңгемен ашылады.
ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.18.01. № 2 Қаулысымен 38-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
38. Уақытша жинақ есепшоты бойынша жаңадан құрылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыруға не саяси партия құруды қаржыландыруға, оның ішінде құрылтай съезін (конференциясын) жүргізуді ұйымдастыруға және оларға банктiк салым шарты бойынша банк көрсететiн қызметке ақы төлеуге байланысты операциялар жасалады, бұл банк салымы шартында көрсетiлуi тиiс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
39. Уақытша жинақ есепшотын ашу үшiн клиент мыналарды ұсынуы қажет:
уақытша жинақ есепшотын ашу туралы өтiнiш;
қол қою үлгiсi бар құжат;
құрылатын заңды тұлға құрылтайшыларының уақытша жинақ есепшотын ашуға және жабуға уәкiлеттiк берiлген жеке тұлғаны тағайындау туралы хаттамасының көшiрмесi.
клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;
уақытша жинақ шотын жүргізуге байланысты операциялар жасау кезінде төлем құжаттарына қол қою үлгілері бар құжатқа сәйкес төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
40. Мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн банк заңды тұлғаға осы Ережеде белгiленген тәртiппен ағымдағы есепшот ашады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2007.18.01. № 2 Қаулысымен 41-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
41. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өтпеген жағдайда банк уақытша жинақ шотын ашуға және жабуға уәкілеттік берген жеке тұлғаның өтініші бойынша құрылтайшыларға не олардың бастамасы бойынша саяси партия құрылатын жеке тұлғаларға ақшаны қайтарады және уақытша жинақ шотын жабады.
7-тарау. Банктiк есепшоттарды жабу
42. Егер заңнамада немесе шартта басқаша көзделмеген болса, банктiк есепшот клиенттiң өтiнiшi бойынша кез-келген уақытта жабылады.
Клиенттiң iсiнде есепшотты жабу негiздемесi көрсетiлуi тиiс.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.10.01 ж. № 382 қаулыcымен; 21.03.03 ж. № 90 қаулыcымен (бұр. ред. қара) 43-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.07 № 60 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 132 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 108 Қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 43-тармақ жаңа редакцияда
43. Банк шотын:
1) шоттың:
заңды тұлға клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға;
жеке және заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша болмауына;
жеке және заңды тұлғаның шотында бір жылдан астам уақыт ақша қозғалысының болмауына;
клиенттің банк шоты ашылған банктің таратылуына;
жеке және заңды тұлғалардың банк шоттарын ашуға және жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда клиенттің банк шоты ашылған банктің қайта ұйымдастырылуына байланысты жабылған жағдайларды қоспағанда:
банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға құқығы бар уәкілетті мемлекеттік органдардың банк шотына қойылған орындалмаған талаптары, оның ішінде өкімдері, сондай-ақ уәкілетті органдардың немесе клиенттің ақшасына тыйым салуға құқығы бар лауазымды тұлғалардың шешімдері (қаулылары);
2) заңды тұлға-клиентті таратуға немесе қайта ұйымдастыруға байланысты шотты жабу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес банкке клиент ұсынатын сыртқы экономикалық экспорттық-импорттық келісімшарттар бойынша орындалмаған талаптар болған жағдайда жабуға жол берілмейді. Банк шоттың иесіне шоттағы ақша қозғалысының болмауы және хабарлаған күннен бастап үш ай аяқталғаннан кейін оны жабу туралы хабарлайды. Егер хабарлаған күннен бастап үш ай ішінде шоттың иесі шот бойынша операцияларды жаңғыртпаса, банк Азаматтық кодекстің 291-бабына сәйкес ақша қалдығын нотариустың депозитіне аудара отырып, банк шоты шартын біржақты тәртіппен бұзады және шотты жабады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2007.24.10 № 123 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 44-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.09.07 № 60 Қаулысымен 44-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен 44-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.08. № 266 Қаулысымен 44-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
44. Дара кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеуде есепте тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ тұлғаға, резиденті еместi қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлiмшелерiне жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн, арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылымын қамтамасыз ету болып табылатын активтердi және инвестициялық қордың активтерiн сақтауға арналған банк шоттарын, резиденті емес-заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жинақ шоттарын және (немесе) шетелдiк корреспондент-банктердiң корреспонденттiк шоттарын қоспағанда, банк шоттарын жапқаннан кейін банктер сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олар жабылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті салық қызметі органдарын хабарламаларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы олардың жабылғаны туралы хабарлайды.
Техникалық проблемалардың туындауынан осындай электрондық арналар арқылы көрсетілген шоттарды жабу туралы хабарлау мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұратын) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз тасымалдауышпен жіберіледі.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
45. Банк уақытша жинақ есепшотты Ереженің осы тарауында белгіленген тәртiппен жабады.
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.30.09. № 132 Қаулысымен 46-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
46. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің банктік шотын банк бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган осы мемлекеттік мекеменің банктік шотын ашуға берген рұқсатты қайтарып алған жағдайда жабады.
8-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
47. Банк пен клиент арасында банктiк есепшоттарды ашу, жүргiзу және жабу жөнiнде туындайтын, және де осы Ережемен реттелмеген барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешіледі.
Төраға
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2006.24.01. № 2 Қаулысымен 1-қосымшаның мәтіні өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
банктерінде клиенттердің
банктік есепшоттарын ашу,
жүргізу және жабу ережесіне
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |