Қазақстан республикасының білім және ғылым министерлігі



бет1/4
Дата17.07.2016
өлшемі0.61 Mb.
#204979
  1   2   3   4




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТЕРЛІГІ
Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ құжат

3 деңгей

№ 1 басылым

«___»______ 2015 ж.



МЖ 029.04.12-02.1.20.01 - 2015


МЖ 029.04.12-02.1.20.01 – 2015
5В071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖЕТЕКШІЛІК

Алматы 2015


АЛҒЫ СӨЗ
1 ДАЙЫНДАЛҒАН Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының «Білдек жасау, материалтану және машина жасау өндірісінің технологиясы» кафедрасы
«Білдек жасау, материалтану және

машина жасау өндірісінің технологиясы»

кафедрасының меңгерушісі: _____________ Ә. Сейтқұлов

«_____»__________ 2015 ж.
2 КЕЛІСІЛДІ

Оқу-әдістемелік және халықаралық

байланыстар жөніндегі проректор қ.а. _____________ С.Жусупбеков

«_____»__________ 2015 ж.


Академиялық сұрақтар

департаментінің директоры _____________ А. Сапаров

«_____»__________ 2015 ж.
Ә.Бүркітбаев атындағы

Өнеркәсіптік инженерия

институтының директоры _____________ А. Турдалиев

«_____»___________2015 ж.


Ішкі аудит департаментінің директоры _____________ Б. Каленова

«_____»__________ 2015 ж.


СМЖ үйлестіру бөлімінің

бастығы ______________ А. Сауранбаева

«_____»__________ 2015 ж.
Құқықтық және құжаттық қамтамасыз

ету бөлімінің бастығы _____________ Б.Туткина

«_____»__________2015 ж.
Мемлекеттік тілді дамытуды

басқару бастығы _____________ М.Мунара

«_____»__________2015 ж.

3 БЕКІТІЛДІ № _____ хаттамасымен «___» __________ 2015 ж. ҒӘК отырысында

4 ЕНГІЗІЛДІ бірінші рет
Мазмұны





Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ міндеттері, тапсырмалары

4

1

Институт туралы жалпы мәлімет

4

2

5В071000 - «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы туралы жалпы ақпарат

6

3

Білім беру технологиялары

8

4

Кәсіптік тәжірибе

9

5

Жазбаша жұмыстар

9

6

Қорытынды кәсіби жұмысқа қойылатын талаптар

10

7

«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы

10

8

Мамандық бойынша оқыту нәтижелері

11

9

Оқыту нәтижелеріне және түлектерді дайындау нәтижелеріне қойылатын талаптар

12

10

5B071000 –« Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының оқу әдістемелік қамтамасыздығы

14

11

Өзгерістерді тіркеу парағы

27



Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ міндеттері, тапсырмалары

(2009 жылдың 30 наурызында өткен Ғылими Кеңестің отырысында қарастырылған және №5 хаттамасымен бекітілген).


Көзқарас
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зеттеу университеті дүние жүзінің әртүрлі елдеріндегі студенттер мен мамандарды біріктіретін әлем мойындаған білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы болуға ұмтылады.
Міндеттері мен тапсырмалары
Техникалық білім берудің жетекші университеті бола отырып, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті техникалық білімді жаңа буын мамандарын дайындай отырып қоғамның зияткерлік және кәсіптік дамуына өз үлесін қосуда.

Осы міндетті орындауда, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ негізгі тапсырмаларын орындау болып табылады. Тапсырмалары:

- үздіксіз білім беру жүйесі бойынша білім беру бағдарламары арқылы оқытуға негізделген, қоғамның дамуына үлес қосу;

- ғылыми-зерттеу жұмыстары, сыншыл ойлану, кәсіптік дағды мен машықтану арқылы білім алушыларды дамыту;

- әртүрлі білім беру ортасында студентетрід оқытудың жоғарыс кәсіптік тәжірибесін пайдалану;

- еңбек нарығы үшін техникалық мамандардың бәсекеге қабілетті жаңа буынын дайындау;

- зияткерлік уәж және академиялық бірігулер арқылы білімге ұмтылу жағдайын жасау және әртүрлі мәдениетті адамдарды қолдайтын ортаны дамыту;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, әлемдік тәжірибеге негізделген білім қызметін жүргізу, маман дайындаудың өзіндік брэндін дамыту;

- экономика мен бизнез секторына арналған маман дайындаудың білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға арналған, техникалық профил мамандары бойынша еңбек нарығының талаптарына сай «университет-индустрия» бірлестігін дамыту;

- оқу өмір бойы жүреді деген қағида бойынша оқытуды ұйымдастыру үшін оқытудың жаңа технологияларын, мультимедианы қолдана отырып қосымша оқыту және тренинг бағдарламаларын жасау;

- техникалық және мәдени байланысты қолдау үшін, білім берудің сапасын арттыру мақсатында басқа университеттермен, ұйымдармен әріптестік орнату.


1 Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіртік инженерия институты туралы жалпы ақпарат
Қазақстанның 2050 жылға дейін индустриалды-инновациялы даму бағдарламасы мақсатының біреуі машина жасауды, қайта өңдейтін өнеркәсіпті, заманауи инфрақұрылымның жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндірісін жасау болып табылады.

Ә. Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік инженерия институты бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған, жаңа технологиялық өндірісті меңгеруге қабілетті, Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі саласына арналған жоғары білікті мамандар дайындайды.

Факультеттің құрылғанынан бері 30 жылдан аса уақыт өтті. Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрамындағы факультет 2000 жылы машина жасау, технология және экология институты болып өзгертілді, 2003 жылдың сәуір айында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрылымында машина жасау институты құрылды, ал 2011 жылы Ә.Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік инженерия институты болып аталуы өзгертілді, институттың құрамында алты кафедра бар:

- «Білдек жасау, материалтану және машина жасау өндірісінің технологиясы» (БМжМЖӨТ);

- «Стандарттау, сертификаттау және машина жасау технологиясы» (ССжМЖТ);

- «Қолданбалы механика және машина құрастыру негізі» (ҚМжМҚН);

- «Көтеру-тасымалдау машиналары және гидравлика» (КТМжГ);

- «Сызба геометрия және инженерлік графика» (СГиИГ);

- «Полиграфия өндірісінің технологиясы және графикасы» (ПӨТжГ).

Өнеркәсіптік инженерия институты тарихы Ұлы Отан соғысының ардагері, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ құрметті профессоры Құрманғалиев Мейрам Құрманғалиұлының атымен мәңгі бірге. Құрманғалиев Мейрам Құрманғалиұлы – тұтас ұрпақтың тағдырында өшпес орын алған, ұлы ұйымдастырушы, ерлік пен ерік-жігердің қайнар көзі болған ұлы тұлға. В.И.Ленин атындағы қазақ политехникалық институты қабырғасында машина жасау факультетін құруға ұйытқы болған және де ең бірінші декан болған. 2012 жылдың мамыр айында МЖҒ ғимаратында М.К. Құрманғалиев атындағы мұражай ашылды.

Машина жасау факультеті машина жасау технологиясы, метал кескіш білдектер мен аспаптар, машина динамикасы және беріктігі, металдарды қысыммен өңдеу технологиясы және машиналар, көлік және трактор жасау, көтеру-тасымалдау, құрылыс, жол машиналары және жабдықтар мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының экономикасының негізгі саласы үшін инженер-механиктерді дайындайды.

Қазақстан Республикасының машина жасау өндірісінің қарқынды дамуы сапалы біліктілігі жоғары мамандарды дайындауды талап етіп отыр. Машина жасау саласындағы инженер – механиктерді дайындаудың білімін жетілдіру бойынша мәселереді шешу кезінде, кең ауқымды білімі бар машина жасау саласының мамандарын дайындау үшін Қазақ политехникалық институтында жаңа мамандықтарды ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін қысқа уақыттың ішінде материалтану және материалдарды термиялық өңдеу, механикалық сынаулар, құю – қалыптау, қысыммен өңдеу және пісіру, материалдарды механикалық өңдеу жаңа оқу – зерттеу зертханалары жасалды, қазіргі заманауй құралдар және аспаптармен жабдықталды. 1993 жылдан бастап машина жасау факультеті 1208 «Машина жасаудағы материалтану» мамандығы бойынша мамандар дайындайды. Инженер – механик – материалтанушылардың бірінші түлектері 1998 жылы шығарылды. 1999 жылы мамандықтың шифрі 130140 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» (салалар және қолдану аймағы бойынша), ал 2010 жылы – 5В071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» болып ауыстырылды.

«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының негізін қалаушы техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР НҒА академигі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткері Дүйсемалиев Оразғали Қындайұлы.

2004 жылдан бастап институт келесі мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды және докторранттарды дайындайды:

5В071000 - Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

5В071200 - Машина жасау

5В071300 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары

5В072200 - Полиграфия

5В073200 - Стандарттау, сертификациялау және метрология

5В090100 – Тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану.

Ал 2010 жылдан бастап институт 5В073800 – Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы мамандығы бойынша бакалаврлар дайындайды.

Ә.Бүркітбаев атындағы өнеркәсіптік инженерия институтының түлектері еліміздің экономикасының әртүрлі салаларында, білікті мамандар ретінде еңбек етуде.

2005 жылы Ресейдің ADEM» және «АРМ WinMachine» фирмаларымен бірге институтта «АЖЖ ақпараттық технологиялары» орталығы ашылды. Бұл орталық республикадағы авторлық лицензиясы бар бағдарламалы бірегей орталық болып табылады.

Институттағы көптеген ғалымдар мемлекеттік тілде жарық көрген жаңа оқулықтардың авторлары болып табылады.

Профессорлар М.Р.Түсүпбеков, С.Д.Тәжібаев, Ж.М.Есмұхан, Т.М.Мендебаев – машина жасаудағы алғашқы орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің авторлары болып табылады. Бұл сөздік 2001 жылы ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері болды.

Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты Германияның ЖОО-мен, ТМД елдерінің (Санкт-Петербург, Мәскеу, Бішкек, Ташкент) жетекші техникалық ЖОО-мен ғылыми-білім байланыстары бар.

Бүгінгі таңда институтта 2000 аса студент бар, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін сапалы маман дайындауға мүмкіндік беретін инженерлік, ғылыми және педагогикалық әлеуетке ие. Өсу кезеңінде талапты, ынталы және қажырлы еңбек етуге үйренген машина жасаушылардың ішінде – бұл бүкіл өмірдің бай тәжірибесі, ол кең ауқымды және ойлаудың толығуы, ұзақ жылдар бойына таусылмайтын қор.


2 5B071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы туралы жалпы ақпарат
5В071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша мамандарды дайындау мамандықтың типтік және оқу жоспарына сәйкес өткізіледі. Пәндерді оқыту студенттерге қажетті білім негізін беруге бағытталған, олардың дайындық деңгейін жоғарлататын, олардың қабілеті мен шығармашылық қызығушылығын ашуға, жалпы білім беретін, базалық және кәсіптік пәндердің циклын оқытуға негізделген, дәстүрлі және жаңа материалдарды жасауды жетілдіруге, жалпы өнеркәсіптік өндірістерінде, машина жасау зауыттарында, өндірістік – өнеркәсіптік кешендер мен фирмаларда, ғылыми – зерттеу институттарында, білім және ғылым мекемелерінде қажет болатын заманауи білімге ие болатын материалтану саласындағы бакалаврларды дайындауға мүмкіндік береді.

1 – мақсат - Мемлекеттік жалпы білім беретін стандарт критериімен, мазмұны және көлемі бойынша оларды бағалауды бекітуге негізделген білім және біліктілік, игеру мен критерилерімен бекітілген материалтану саласындағы толық және сапалы кәсіби білім алу.

- Өндірістің әртүрлі салалары үшін зерттеу әдістері мен принциптерін, өндірісті жобалауды, материалдарды және машина жасау бұйымдарын пайдалануды білетін бакалаврларды дайындауды қамтамасыз ету;

- Материалтану және жаңа материалдарды жасау, материалдарға қажетті қасиеттерді беру технологиясын, жабдықтар мен өндірісті басқару салаларындаға кәсіби бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау;

- Математика, нақты және техникалық ғылыми білімдерін қолдану қабілетін қамтамасыз ету;

- Зерттеу әдістерін жүргізуді, нәтижелерін талдау және бағалауды қолдануды қамтамасыз ету;

- Өндірістің қазіргі заманғы мәселелерін білу;

- Жабдықтарға қойылатын негізгі техника – экономикалық талаптарды, бастапқы материалдарды дайындаудың әдістері мен режимдерін, өнімнің талап етілетін қасиеттері мен сапасын алу мақсатында қыздыру, ұстау және салқындату режимдерін тұжырымдау.

2 – мақсат. Жаңа материалдарды алу және оларды өңдеу, ғылыми – зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы технологиялық процестердің технологиялық бағыттық карталарын құрастыру бойынша тәжірибелік дағды алуға мүмкіндік беру;

- Зерттеу әдістерін жүргізу, нәтижелерін талдау және бағалауды қолдану қабілеті;

- Инженерлік тәжирибелік қызметтерге қажетті әдістерді, тәжірибелерді мен қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдану қабілеті;

- Қойылған мәселелерді шешу үшін қажетті әдебиеттерді, компьютерлік ақпараттарды, мәліметтер қоры мен басқа да ақпарат көздерін табу және жұмыс істеу қабілеті;



3 – мақсат. Білім алушылардың командада жұмыс істеу қабілетін, өндірістік және этикалық жауапкершіліктерін, әртүрлі мамандармен бірге жұмыс істегенде мәселені түсіну қабілетін және өзінің білімі мен біліктілігін жетілдіру қажеттілігін жасау.

- Машина жасау өндірісінің бірыңғай ақпараттық кеңістіктің ішіндегі техникалық мәселелерді шешу мен сипаттау кезінде өзін көрсету қабілеті;

- Командада үнемді әрекеттесу және жұмыс істеу қабілеті;

- Пән аралық тақырыптар бойынша командада жұмыс істеу, сол кезде өзінің ерекшелігін көрсете білу, ал қажет болған кезде мәселені өз бетімен шешу қабілеті.



4 – мақсат. Машина жасау өндірісінде, мемлекеттік ұйымдарда және оқу орындарында жұмыс істейтеуге қажетті негізді білімділікті, біліктілікті және дағдыны қамтамасыз ететін пәндер арқылы кәсіби қызметке студенттерді дайындау;

- Математика, негізді және техникалық ғылыми білімдерін қолдану қабілеті;

- Білгірлікке болуы, қазіргі замандағы қоғамдық және саяси мәселелерді білуге, мемлекеттік және шетел тілдерін игеруге, нарықтық экономика аспаптарын қолдануға, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау сұрақтарын білуі тиіс.
3 Білім беру технологиялары
Дәріс

Дәріс – оқу материалын жүйелі түрде ауызша беру.



Тәжірибелік сабақтар

Тәжірибелік сабақтар – оқытушының жетекшілігімен, теориялық білімді тәжірибе жүзінде типтік тапсырмаларды шешу арқылы қолдану және бекіту бойынша өзіндік жұмыс түрлері.



Семинарлық сабақтар

Семинарлық сабақтар – оқытушының жетекшілігімен, студенттер дайындаған баяндама және хабарламаларды талқыланатын қоғамдық пәндер бойынша топтық оқу сабағының түрі.

Зертханалық жұмыстар

Зертханалық жұмыстар – зертханада жұмыс істеу дағдығысын дамытатын, теориялық білімді тереңдететін және бекітетін өзіндік тәжірибе жұмыстарының түрі.



СОӨЖ

Бекітілген кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен өткізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы. Құрамы:



  • студент түсіне алмаған оқу материалдары бойынша жеке-топтық және өзіндік оқып-үйренуге берілген пәннің қосымша бөлімдері бойынша нұсқау беру;

  • өзіндік жұмыстың барлық түрлері (рефераттар, үй тапсырмасы, есептік-графикалық тапсырмалар, семестрлік тапсырмалар, курстық жұмыстар, курстық жобалар және т.б.) бойынша кеңес беру, қабылдау және қорғау;

  • бақылау жұмыстарын жүргізу;

  • коллоквиум жүргізу;

  • аралық және шептік бақылау жүргізу.

Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар мен материалдарды оқытушымен аудиторияда береді. СОӨЖ кезінде оқытушы орындалуды қадағалап, студенттің жұмысты дұрыс ұйымдастыруына көмек береді.

СӨЖ

Студенттің өзіндік жұмысы бір жағынан оқытушының қатысуынсыз жүргізілетін, оқыту және оқу еңбегінің түрі болып табылады, ал екінші жағынан – студенттердің өз бетімен танымдық жұмысына тарту құралы болып табылады. Студенттің өзіндік жұмысының мазмұны ереже бойынша пәннің ОӘК берілген арнайы тапсырмалар, тақырыптар, пішіні мен көлемі бойынша орындалады.


4 Кәсіптік тәжірибе
Кәсіптік тәжірибе – бұл өндірісте кәсіби дағдыны және өзінің болашақ мамандығына сәйкес біліктілікті тәжірибелік меңгеру.

Кәсіби тәжірибенің төрт түрі өткізіледі: оқу, 1 – өндірістік, 2 – өндірістік және диплом алдындағы.

Оқу тәжірибесі болашақ кәсіби қызметімен танысуға, тәжірибелік кәсіби мәселелерді шешуге бағытталған.

Өндірістік тәжірибе алынған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде қолдануға дағдылануға қолдану мақсатында, мамандықтың бағытына сәйкес келетін нақты өндірісте немесе ұйымда тәжірибелік және басқару мәселелерін шешу дағдысына үйрену үшін жүргізіледі.



Диплом алдындағы тәжірибе студент дипломдық жобаны (жұмысты) орындау үшін бастапқы материалдарды жинау мен жүйелендіруді жүзеге асырады.
5 Жазбаша жұмыстар
Реферат – бұл қысқаша жазбаша түрдегі немесе баяндама түріндегі қолданылған әдебиеттер немесе басқа ақпарат көздері мазмұнына шолу.

Курстық жоба – бұл машина тетіктеріне, өнімнің, құрылымның, технологиялық процестердің басқа да техникалық өнімді жасаудың есептерін, сызбаларын және басқа да материалдарды жасау (есептеу) жиынтығы.

Курстық жұмыс – қойылған міндетті шешудің сызбалары, сынық нәтижелері есептер жинағы;

Семестрлік жұмыс – теориялық білімді бекіту мақсатындағы дәстүрлі немесе жеке міндеттердің есептік –графикалық жұмысы;

Эсссе: тақырыпты ерікті түрде талдау. Көлемі 5-7 бет. Бағалау критериі: материалдарды көрсету деңгейі, аргументтерді келтіру, өз көзқарасын толықтай білдіру.

Эссе құрылымы:

Кіріспе: тақырыпты құрастыру, тақырып маңыздылығы, тақырыпқа қатысты ойлардың таралуы, тақырыпты қарастыру құрылымы, негізгі талқылауға көшу.

Негізгі бөлім – автордың көтереген мәселесі, негізгі терминдер түсінігі, фактілердің дәлелдеу және қолдау немесе талқылауға қатысты мысалдар, талқылауға қарсы аргументтерер мен пікірлер (олардың пікірлері неліктен дұрыс емес ал автордың пікірі дұрыс екенін көрсету керек).

Қорытынды– негізгі талқылауды қайталау, негізгі талқылаудың қоғауға арналған бір немесе екі сөйлем, талқылаудағы ойдың дұрыстығы, пайдасы туралы жалпық ортынды.

Кейс - стади – Зерттеу заты ретінде жекелеген жағдайлар немесе әлеуметтік маңызы бар бірнеше мысалдар алынып, оларды зерттеу әдістерінің жинағы анықталатын, кейс стадии зерттеу жобасы. К – С түріндегі зерттеу суретті мысалдар мен стратегиялық және экстремалды жағдайларды есепке алады, табиғи эксперименттерді қарастырады. Нақты уақыттық және кеңістіктік шектеулері бар бір обьектіні терең әрі нақты зерттеу. Мақсаты – оның ерекше құрылымын, оның қызмет етуінің жасырын жақтарын, жүйе немесе оның даму динамикасы арасындағы байланыстың жинақтылығын оқып үйрену. Қорытындысы әдетте қолданбалы сипатта болады, сонымен қатар ұқсас жағдайларда болатын және осы сыныпқа жататын, аталған құбылысқа қатысты ұсыныс ретінде қолданылады. (case study) Кейс-стади – ерекше нысанның оның байланыстарымен бірге қарастыратын жеке жалпылықты зерттеуге бағытталған сапалық әдіс. Тікелей аудармасы: «жағдайды зерттеу».

Есеп – Берілген жағдайға байланысты зерттеулер және оның маңыздылығын көрсететін ақпараттар жиынтығы немесе құжат. Көбіне қызметтік жұмыстың ақпараттары басшылыққа бағытталады. Берілген формада ұйымның немесе компанияның белгілі бір уақыт аралығында жұмыс туралы ақпарат.

Есеп беру мақсаты – қандай да бір іс – әрекетпен ақпараттандыру. Есеп беруде сонымен қатар ұсыныстар, пікірлер, болуы мүмкін. Есеп құрылымы көбіне ғылыми зерттеу жұмысы құрылымы тәрізді болды: кіріспе, әдістер, қорытынды, талқылау.
6 Қорытынды кәсіби жұмысқа қойылатын талаптар
Диплом жобасы – түлектің кәсіптік шеберлігін анықтауға арналған өлшем болып және университеттегі бакалавр дайындығының соңғы қорытынды межесі болып табылады. Бұл әлеуметтік-экономикалық және экологиялық талаптарды мүмкіндігінше толық қанағаттандыру кезінде ұсынылатын инженерлік тапсырмалардың тиімділігін техника-экономикалық негіздеу, тапсырмалар кешенін жобада шешу.

Дипломдық жұмыс – нақты кәсіпорынға немесе ұйымға арналған экономикалық немесе басқару тапсырмаларын жасау, нақты тақырып бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижесі болып табылады.
7 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы
5В071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауды «БМжМЖӨТ» кафедрасы жүргізеді (ИМС ғимараты, 206 бөлме).

«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша мамандарды дайындау бағыты келесі бөлімдерден тұрады:



  1. әртүрлі материалдардың кешенді әрекет етуі кезіндегі макро/микро/нано өлшемдер негізіндегі қасиеттерін зерттейтін, материалдар бойынша маман;

  2. материалдарды өңдеу технологиясы, материалдарды қайта өңдеу және пайдалану, инновациялық қайта өңдеу және инженерлік қайта өңдеу бойынша маман;

  3. өндірісті жабдықтау және автоматтандыру, жұмыс жағдайдарын анықтау бойынша маман;

  4. техника қауіпсіздігі және әртүрлі материалдармен жұмыс істеу кезіндегі өмір қауіпсіздігі бойынша маман.

5В071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша оқыту кезінде келесі дағдаға ие болады:

  • материалдар және оларды өңдеу технологиясын жасау мен жетілдірудің технологиялық процестері бойынша қажетті білімге;

  • негізгі техника – экономикалық көрсеткіштердің тиімді үйлесімін анықтай білуге;

  • АЖЖ бағдарламаларын қолдану арқылы технологияларды жасай білуге;

  • конструкциялар, жұмыс істеу принциптері, құрастырудың негізгі теориялары, жабдық және жаңа материалдарды жасау мен өңдеуге арналған тетіктер мен машина тізбектерінің жұмыс қабілеттілігі мен сенімділігін талдамалы есептеу үлгілерін жасау әдістері;

  • процестерді талдау үшін металдар мен материалдарды өңдеу, мәселелерді шешу әдістерін қолдану кезінде қажет болатын тәжірибелік біліктілік;

  • пластикалық деформация, құю, термиялық, химия – термиялық, термия – механикалық өңдеу, пісіру кезіндегі материалдардың физикалық, химиялық, механикалық, технологиялық, пайдалану қасиеттерінің өзгеруін математикалық жазып білуге.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет