Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министирлігі Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



бет6/6
Дата13.06.2016
өлшемі433.48 Kb.
#132949
1   2   3   4   5   6

2 БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Сырттай оқу бөлімінің студенттері мамандық пен оқу мерзіміне сәйкес, жұмыс оқу жоспарымен құрылған көлемде, бақылау тапсырмаларын орындаулары тиіс.

Әр бір бақылау тапсырмасы 7 нұсқадан тұрады. Студент оның шифрінің соңғы санына бақылау тапсырмасының номері сәйкес келетін нұсқасын орындайды. Егер шифр номері нольге аяқталса, бақылау тапсырмасының оныншы номірін орындайды.

Бақылау тапсырмаларында студенттер курстың жеке тақырыптары бойынша сұрақтарға жазбаша түрде жауап береді. Жауаптары қысқа әрі нақты болуы қажет. Есептерді үтірден кейінгі бір белгіге дейін нақты жүргізу қажет. Графикалық рәсімдеуді талап ететін материалдар МСТ талаптарына сәйкес орындалуы қажет. Бақылау жұмысы мәтінінің беттерінде рецензеттің ескертулеріне арналған бір жол қалтырылуы қажет. Бақылау тапсырмаларының беттері мен суреттері нөмірлеу қажет, сонымен қатар жауаптар мәтініндегі барлық суреттерде (сұлбалар, үлгілер) сілтеме болуы қажет. Орындалған бақылау тапсырмасының соңында қолданылған әдебиеттер тізімін, жұмыстын орындалған күнін көрсету және қол қою қажет.

Мамандығы мен оқу мерзіміне байланысты бақылау тапсырмалары келесіден тұрады::

- үш бақылау жұмысынын, 3.1 бөлімше;

- екі бақылау жұмысынан, 2.2 бөлімше;

- бір бақылау жұмысынан, 2.3 бөлімше.

Бақылау тапсырмаларын қорғағаннан кейін, студент зертханалық жұмыс жасап, курстың теориялық бөлімін тапсырады. Зертханалық жұмыс көлемі, курстың теориялық бөлімінің көлемі және оларды тапсыру түрі (сынақ, емтихан) әр бір мамандықтың жұмыс оқу жоспарымен анықталады.

2.1 Бақылау жұмысы


Бақылау тапсырмасы үш сұрақтан тұрады. Бірінші сұрақ 1 бөліміне (п.5.1) «Металлургиялық өндіріс негіздері», екінші және үшінші 2 бөліміне (п.5.2) «Құю өндірісінің негіздері» жатады.

Бірінші сұраққа жауап беру кезінде ұсынылатын оқулықтар бойынша сәйкес материалды зерттеп, одан кейін жабдық түрін таңдап алып, шойын, болат және түсті металды алу технологиясын сипаттау қажет. сонымен қатар таңдалған жабдықтың үлгісін, сәйкес температураларды көрсету арқылы, таңдалған агрегатта болатын негізгі химиялық реакцияларын және құрылғы мен жұмыс сұлбасының қысқаша сипаттамасын келтіру қажет. Қорытындысында алатын металл маркасын және оны қолдану аймағын көрсету қажет.

Екінші сұраққа жауап беру кезінде қорытпалардың механикалық және құю қасиеттерін баяндау, оны химиялық құраммен байланыстырып, дұрыс агрегатты таңдап алып, оның үлгісін сызып және балқыту технологиясын сипаттау қажет.

Үшінші сұрақ – құюдың арнайы амалдары. Амалдың ерекшеліктерін, артықшылықтарын және кемшіліктерін, қолдану аймағын белгілеу қажет. Қажетті үлгілермен технологияны, жабдықтандыруды және жабдықты сипаттау.

1 нұсқа

1.Жабдықты таңдап алыңыз және мысді балқыту технологиясын сипаттаңыз. Мысді рафиндеудің қазіргі замаңғы тәсілдері. Балқытылатын мысдің маркасын, мыс қасиеттерін және қолдану аймағын көрсетіңіз.

2.Құю цехында сұйық шойын алуға арналған пештің құрылымын және онда болатын физико – химиялық процестерді сипаттаңыз. Құйылатын шойындарының маркасы.

3.Құймаларды орталықтан шығарып құып жасау тәсілін баяндаңыз .



2 нұсқа

1.Жабдықты таңдап алыңыз және магнийді балқыту технологиясын сипаттаңыз. Магнийді рафиндеудің қазіргі замаңғы тәсілдері. Балқытылатын магний маркасын, магний қасиеттерін және қолдану аймағын көрсетіңіз

2.Химиялық құрамы мен құрылымы бойынша құю болаттың сұраптамасын келтіріңіз. Болаттың құю қасиеттерінің химиялық құрамына байланыстылығын қарастырыңыз

3.Қаптама пішіндерде құйындыны дайындау амалын баяндаңыз.


3 нұсқа

1. Жабдықты таңдап алыңыз және ысқыш тәрізді титан алу мен оны кесекке қайта балқытуды сипаттаңыз. Титанды рафиндеудің қазіргі замаңғы тәсілдері. Қолданылатын титан маркасын, қасиеттерін және қолдану аймағын көрсетіңіз.

2.Көміртекті болаттан құймаларды термиялық өндеу тәртібі мен белгілерін сипаттаңыз.

3.Балқытылатын үлгілер бойынша құймаларды жасау тәсілдерін баяндаңыз.



4 нұсқа

1.Болат балқытатын электродоғалы пеш жұмысының қағидасы мен құрылымы сұлбасын және ондағы болатты балқыту процесін баяндаңыз. Негізгі химиялық реакциялар. Қолданылатын электроболаттың маркасын, қасиеттерін және қолдану аймағын көрсетіңіз.

2.Алюминий негізінде құю қорытпаларының сипаттамасын келтіріңіз: олардың маркалануын, құрамын, құю және физико-механикалық қасиеттерін, қолдану аймағын. Алюминді қорытпалардан құйманы термиялық өндеу және жасау ерекшеліктерін қарастырыңыз.

3.Машіндік пішіндеуді қолдану арқылы құмды пішіндерде құймаларды тасқынды дайындау технологиясын баяндаңыз.



5 нұсқа

1 Жабдықты таңдап алыңыз және болатты оттекті – конверторлы амалмен алуды сипаттаңыз. Физико – химиялық үрдістерін сипаттаңыз. Дайын болат сапасына және балқыту барысына оттекті үрлеудің әсерін бағалаңыз. Осы болаттың маркасын, қасиеттерін және қолдану аймағын көрсетіңіз.

2. 110Г13Л болатының қасиетін сипаттаңыз. Бұл болат құймасын қолдану аймағын көрсетіңіз. Оны жасау ерекшеліктерін қарастырыңыз.

3.Құмды пішіндерді дайындаудағы машиндік пішіндеудің негізігі амалдарын баяндаңыз.



6 нұсқа

1. Жабдықты таңдап алыңыз және алюминийді алу технологиясын сипаттаңыз. Алюминді рафиндеу тәсілдері. Балқытылатын алюминий маркасын, қасиеттерін және қолдану аймағын көрсетіңіз.

2.Құм пішіндерінде болат құймаларын дайындаудағы құю технологиясының ерекшеліктерін сипаттаңыз .

3. Кокилде құйма жасау тәсілдерін баяндаңыз. Құйылған бұйымдар құрылымының ерекшеліктері қандай.



7 нұсқа

1.Қазіргі замаңғы жабдықты таңдап алыңыз және шекті шойындарды алу технологиясын сипатаңыз. Агрегаттың әр түрлі деңгейіндегі физико – химиялық процестер. Алынатын шойын маркасын, қасиеттерін және қолдану аймағын көрсетіңіз.

2.Сұр, соғылған және мықтылығы жоғары шойындардың құйылу мен құрылымдық қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасын келтіріңіз.

3.Жоғары және төмен қысыммен құюлымды жасау әдістерін баяндаңыз.

2.2 Бақылау жұмысы

Бақылау тапсырмасы үш сұрақтан тұрады. Бірінші сұрақ 3 бөліміне (п.5.3) «Қысыммен өндеу технологиясы», екінші және үшінші 4 бөліміне (п.5.4) «Пісіру өндірісінің технологиясы» жатады. Әр бір сұраққа жауап беру кезінде процестің ерекшелігін белгілеу, жабдық, жабдықтандыру және құрал - сайман таңдау, үлгілерін ұсына отырып олардың сипаттамасын беру қажет. нақтылы техпроцесс жасау, соңғы өнімді, оның жетістіктері мен кемшіліктерін, қолдану аймағын көрсету қажет.


1 нұсқа

1.Табақты мөртабандау бұйымдарын алу операциялары мен тәсілдерін сипаттаңыз. Жабдық түрін таңдап алып, 08КП жіңішке табақты болаттан қақбағын алу технологиясын сипаттаңыз. Операцияны, қолданылатын жабдықты, жабдықтандыруды және құрал – сайманды көрсетіңіз. Олардың үлгілерін келтіріңіз.

2.Жабдықты таңдап алып, өндірістің жеке сипаттамасында тік қабырғаға жік салу кезінде, қалындығы 15 мм 10Х23Н18 маркалы таспалы болатты пісіру технологиясын сипаттаңыз. Пісіру сұлбасы, қолданылатын электродтар, ток күші. Пісіру жігі сапасын бақылау әдісін таңдаңыз.

3.Нүктелі түйісу электропісіру тәсілдері.



2 нұсқа

1.Престеу әдісімен бұйымдарды алу тәсілін сипаттаңыз (қысып шығару). Жабдық түрін таңдап алып, Л68 маркалы мыс құбырларын престеу техпроцесін сипаттаңыз. Қандай жабдықтар, жабдықталулар және құрал – саймандар қолданылады. Үлгілер келтіріңіз.

2.Жабдықты таңдап алаңыз және сериялық өндіріс шарттарындағы, қалыңдығы 20 мм 18ХГТ маркалы болаттан, диаметрлі үлкен құбырлар флюсы қабатының астынан доғалап пісіру технологиясын суреттеңіз. Процесс сұлбасы, флюс құрамы, негізгі параметрлер. Пісіру жігі сапасын бақылау әдісін таңдаңыз.

3.Газды ацетилендіоттекті пісіру жабдығын, технологиясын, мәнін баяндаңыз.



3 нұсқа

1.Жаймалау тәсілімен бұйымдарды алу тәсілін сипаттаңыз. Жабдықты және ШХ15 маркалы болаттан диаметрі 6,2 мм сымды жаймалау техпроцесін таңдап алыңыз. Операцияны, қолданылатын жабдықты, жабдықтандыруды және құрал – сайманды көрсетіңіз. Олардың үлгілерін келтіріңіз.

2.Жабдықты таңдап алып, қалындығы 8 мм 14Х17Т маркалы болаттан жасалған ыдысты пісіру техпроцесін сипаттаңыз. Жоғары хромды болатты пісіру ерекшелігі неде? Пісіру қосылысы сапасын бақылау әдісін таңданыз.

3.Ұсталынған бұйымдарды қалпына келтіру әдісін атап өтіңіз және осы әдістердің үлгілері мен сипаттамасын келтіріңіз.



4 нұсқа

1.Жаймалау тәсілін сипаттаңыз. Жабдықты таңдап алып, слитоктан дайын өнімге дейін орамадағы 08Ю болаттан жасалған еңі 1200 мм және қалыңдығы 2,2 мм табақтарды ыстық жаймалау техпроцесін сипаттаңыз. Екі рет жаймалау: слиток – сляб, сляб – жіңішке табақ. Операцияны, қолданылатын жабдықты, жабдықтандыруды және құрал – сайманды көрсетіңіз. Олардың үлгілерін келтіріңіз.

2.Жабдықты таңдап алып, трамвай рельсі бқтағын пісіру технологиясын сипаттаңыз. Процесс сұлбасын және пісіру тәртібін келтіріңіз. Пісіру қосылысы сапасын бақылау әдісін таңданыз.

3.Көмірқышқыл газбен пісіру мәнін баяндаңыз. Кеуектіліктің пайда болуының негізгі себептері, күрес әдістері.



5 нұсқа

1.Еркін соғу тәсілін сипаттаңыз. Жабдықты таңдап алып, массасы 25 т 60ХН маркалы болаттан жасалған білеу поковкасын алу технологиясын сипаттаңыз. Поковка слитоктан жасалынады. Операцияны, қолданылатын жабдықты, жабдықтандыруды және құрал – сайманды көрсетіңіз. Олардың үлгілерін келтіріңіз.

2.Жабдықты таңдап алып, 1500х1100х1,0 мм табақтарды электротүйісу роликті пісіру техпроцесін сипаттаңыз. Жиекті дайындау, негізгі параметрлері. Пісіру жігі сапасын бақылау әдісін таңданыз.

3.Үйкеп пісіру тәсілдері. Машинажасауында қолдану аймағы.



6 нұсқа

1.Еркін соғу тәсілдерін сипаттаңыз. Жабдықты таңдап алаңыз және сериялық өндірісте М16 болттарды алу технологиясын суреттеңіз. Көлемнің тұрақтылығына қарай қақпағын қалыптастыру үшін шыбық ұзыңдығын анықтаңыз. Операцияны, қолданылатын жабдықты, жабдықтандыруды және құрал – сайманды көрсетіңіз. Олардың үлгілерін келтіріңіз.

2.Жабдықты таңдап алып, бұрғы, зенкер, развертка түріндегі кесетін құралды пісіру техпроцесін сипаттаңыз. Ұстау материалы Ст3, қақпақтікі – Р18, диаметрі 20 мм. Пісіру жігі сапасын бақылау әдісін таңданыз.

3.Жарналау тәсілдері. Припоилар, флюстар, қосылыстар. Қолданылатын жабдық. Процесті механизациялау.


7 нұсқа
1.Созғылау тәсілімен бұйымды алу. Жабдықты таңдап алып, Л62 маркалы мысден жасалынған диаметрі 20 мм құбырларды созғылау техпроцесін сипаттаңыз. Операцияны, қолданылатын жабдықты, жабдықтандыруды және құрал – сайманды көрсетіңіз. Олардың үлгілерін келтіріңіз.

2.Жабдықты таңдап алып, диаметрі 30 мм 30ХГСА болаттан жасалынған шыбық бұйымдарын электротүйістіре түйіндесе пісіру техпроцесін сипатаңыз. Процесс сұлбасын және пісіру тәртібін келтіріңіз. Бетін дайындау түрлері. Пісіру жігі сапасын бақылау әдісін таңданыз.

3.Алюминді және титанды қорытпалардың инертті газы ортасында пісіру тәсілдері.
2.3 Бақылау жұмысы

Бақылау тапсырмасы үш сұрақтан тұрады, олар 5 (п.5.5) бөлім «Кесіп өндеу технологиясы» және 6 (п.5.6) бөлім «Металл емес материалдардан дайындықтарды өндіру технологиясы» тұрады. Бірінші сұрақ жаңқаны алу жолымен өндеудің қарапайым тәсіліне жатады. Жауап беру кезінде жабдықты, жабдықтауды, құрал – сайманды, процестің физикалық мәнін толық сипаттау қажет. МСТ – қа сәйкес өндеу сұлба үлгісін беру. Екінші сұрақ бетті әрлеу (хонингтеу және т.б.), электрофизикалық (электрошоқты және т.б.) немесе пластикалық (дернование и т.б.) әдістермен арнайы тазалап өндеуге жатады. Бұл сұраққа жауап беруде жабдықты таңдап алып, берілген операцияны орындау үшін техпроцесті сипаттау, процесс сұлбасын келтіру, жеткіліктері мен қолдану аймағын көрсету қажет. Үшінші сұрақ металл емес және үйлесімді материалдардан бұйымдарды алу тақырыбына жатады. Жауап беру түрі екінші сұрақтың жауабына ұқсас болуы қажет


1 нұсқа
1.Металды жону және бұрғылаумен өндеуге арналған кесу құралының материалы. Бұл материалдарға қойылатын негізгі талаптар қандай? Кесу құралы түрін және кесе көлденең жону станогында 70 маркалы болаттан жасалған аз габаритті бұйымды жонуға және ағартылған сырты бар шойын дайындықты жоғары өндірісті алғашқы бұрғылауға арналаған материалды таңдау.

2.Техникалық алмаздан волоктарда (фильерада) саңылау алу үшін, сериалы өндіріс шарттарында материалды өндеу тәсілін таңдаңыз. Өндеудің таңдалған тәсілінің физикалық мәнін баяндаңыз. Ол кезде қандай жабдық қолданады, оның жұмысының қағидалары.

3.Қысыммен құю арқылы резеңке бұйымдарын жасау. Бастапқы материалдар (қоспалар), процесс сұлбасы, қолданылатын жабдық. Алынатын бұйымдарды қолдану аймағы


2 нұсқа
1. ВК8 маркалы қатты балқымадан жасалынған фрезді алу үшін жабдық түрін және өндеу тәсілін сипаттаңыз. Өлшемді өндеудің таңдалған тәсілінің физикалық мәнін, орнату сұлбасын және онын жұмысының қағидасын баяндаңыз.

2.Болат және шойынды құюын тазалау, легияланған болат слитоктарының, оларды жаймалау және соғу алдында, беткі ақауларын жою үшін өндеу тәсілін таңдаңыз. Өндеудің таңдалған тәсілінің физикалық мәнін, орнату сұлбасын және онын жұмысының қағидасын баяндаңыз.

3.Ұнтақты металлургия тәсілімен металло қыш тасты қатты қорытпаларды алудың технологиялық процесі; олардың құрамы, қолданатын жабдық, қолдану аймағы.

3 нұсқа
1.Бұрғылау және фрездеу кезіндегі кесу күші дегеніміз не және металл өндеудің көрсетілген түрлеріндегі басқа құрамдас және кесу күші арасында қандай байланыс бар? Бұрғылау және фрездеу кезінде кесу күшіне қандай факторлар және қалай әсер етеді?

2.Ұзындығы белгілі дайындыққа ыстыққа төзімді балқымадан жасалынған, үлкен қима жолын кесу тәсілін таңдаңыз. Өлшемді өндеудің таңдалған тәсілінің физикалық мәнін, орнату сұлбасын және онын жұмысының қағидасын баяндаңыз.

3.Жабдық түрін таңдап алып, кәдімгі престеу әдісімен термореактивті пластмассадан бұйымдарды жасау технологиялық процесін сипаттаңыз, бастапқы материалдар, процесс сұлбасы. Кәдімгі престеу әдісімен бұйымды алу кезінде пластмассадан жасалынған бұйымдарды жобалау ерекшеліктері.
4 нұсқа
1.Қандай жабдықты, кесу құралдарын қолдану, кесу тәртібі мен беймделуі, білеуде диаметрі 196 мм диаметрі 64Н11 түзу негізгі саңылау алу үшін ең үнемді әсерлі жұмысты қамтамасыз етеді. Сіз таңдаған кесу тәртібінде аз кесетін білдектың талап етілетн әсерлі қуатын және негізігі (тезнологиялық) уақытын анықтаңыз.

2.Өндеу тәсілін таңдап алып, 6 квалитет бойынша нақтылық пен бұдырлылықты 10-шы класты саңылауды алу технологиясын сипаттаңыз.

3. Каландрирование әдісімен термоактивті пластмассадан жасалынған бұйымдарды алудың технологиялық процесін сипаттаңыз. Бастапқы материалдар, процесс сұлбасы. Алынатын бұйымдарды қолдану аймағы.
5 нұсқа
1. 90Х болаттан жасалынған жаймалау білеу бөшкесін таза ажарлауға арнлаған, қола жүзігінің ішкі бетін таза ажарлауға арналған, сұр шойыннан жасалған жазық тақтаны бастапқы ажарлауға арналған ажарлау шеңберлерін (шеңбер пішінің, абразивті металды, түйіршіктілікті, байланыстылықты және мықтылықты көрсетумен) таңдаңыз.

2. Ra1,6 ішкі бетін бұдырлы өндеуді қамтамасыз етіп, жоғарылегиялық болат мөртабанының пішіндік жазықтығын алу үшін және саңылауды жабуға арналған жабдық түрін және өңдеу тәсілін таңдаңыз. Өлшемді өндеудің таңдалған тәсілінің физикалық мәнін; мөртабанның пішіндік жазықтығын алу және саңылауды жабуға арналған орнату сұлбасын және оның жұмыс қағидасын баяндаңыз.

3.Металл ұнтақтарын ыстық престеу әдісімен бұйымдарды алу технологиясы; басты материалдар, қолданылатын жабдық.
6 нұсқа
1.Жону және ажарлау кезіндегі кесу жылдамдығы дегеніміз не, баяндаңыз? Металдарды өндеудің осы түрінде кесу жылдамдығына қандай факторлар және қалай әсер етеді?

2. Еңі 0,6 мм және тереңдігі 1,25 мм пазды аз габаритті фольфрамды бұйымға өндеу тәсілін тандаңыз. Өлшемді өндеудің таңдалған тәсілінің физикалық мәнін; құрылғы сұлбасын және оның жұмыс қағидасын баяндаңыз.

3.Резеңке қоспаның негізгі компоненттерін сипаттаңыз; әр бір компонент резеңкеге қандай қасиет береді?
7 нұсқа
1. Диаметрі 380h11, ұзындығы 400 мм және бетінің бұл\дырлылығы Ra0,03 болат поршнясын өндеу арналған жабдықты, құралды және бейімделуді сипаттаңыз. Таңдалған жабдық жұмысының сұлбасын және қолданылатын құрал сипаттамасын келтіріңіз, басты қозғалыс пен жіберу қозғалысын көрсетіңіз.

2.Үлкен тереңдікке жапсырманыалу үшін мықтылататып өндеу тәсілін таңдаңыз. Процесс сұлбасы. Қолданылатын жабдық.

3.Жабдықты таңдап алып, пластмасс бұйымдарын механикалық өндеу технологиясын сипаттаңыз; қолданылатын құрал және өндеу тәртібі; пластмассаларды механикалық өндеуді қолдану аймағы.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.Технология конструкционных материалов: Учебник для машиностр.спец.вузов./Под ред. А.М. Дальского – М.: Машиностроение, 1990.-448 с. с ил. (и другие издания).

2. Казаков Н.Ф. и др. Технология металлов и других конструкционных материалов. – М.: Машиностроение, 1976.-688 с. с ил.

3. Технология металлов./Под ред. Б.В. Кнорозова.- М.: Металлургия, 1978. – 903 с. с ил. (и другие издания).

4. Технология металлов и других конструкционных материалов./Под ред. Г.А. Глазова – Л.: Машиностроение, 1972.-520 с. с ил.

5. Технология металлов и других конструкционных материалов./Под ред. А.М. Дмитровича – Минск.: Высшая школа, 1973.-528 с. с ил.

6. Архипов В.В. и др. Технология металлов и других конструкционных материалов, М.: Высшая школа, 1968.-520 с. с ил.

7. Технология металлов и других конструкционных материалов./Под ред. Н.П. Дубинина – М.: Высшая школа, 1969.-704 с. с ил.

8. Технология металлов и других конструкционных материалов./Под ред. А.М. Дмитровича – Минск.: Высшая школа, 1968.-489 с. с ил.

9. Технология металлов./Под ред.Н.П. Дубинина.-М.: Высшая школа, 1969.- 632 с с ил.

10. Технология металлов./Под ред. П.Н. Полухина. – М.: Госстройиздат, 1960.- 461 с. с ил.

11. Архипов М.А. и др. Технология металлов. – М.: Высшая школа, 1964. – 564 с. с ил.

12. Никифоров В.М. Технология металлов и конструкционные материалы. – М.: Высшая школа, 1968. – 360 с. с ил.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет