Қазақстан республикасының білім және ғылым министірлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағЫ



Дата11.07.2016
өлшемі183.14 Kb.
#192632

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 дәрежелі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042.18-24.1. 64/01- 2015ж.

«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің оқытушыларға арналған оқу әдістемелік бағдарлама кешені

№1басылым

11.09.2015ж.




5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған

«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚЫТУШЫҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ
Семей

2015


Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушылар: Біләлов Е.Е., ветеринария ғылымдарының кандидаты, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы

Муратбаев Д.М., ветеринария ғылымдарының магистрі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының аға оқытушысы

28.08. 2015 ж.



2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Ветеринариялық медицина» кафедрасының отырысында

28.08. 2015 жыл, № 1 хаттама.
Кафедра меңгерушісі, доцент м.а. С.Тусупов

2.2Аграрлық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында

« 09 » 09 2015 жыл, № 1 хаттама

Төрайымы Г.Джаманова



3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған және ұсынылған.

« 11 » 09 2015 жыл, № 1хаттама


ОӘК төрайымы, ОӘЖ проректоры Г. Искакова

4 АЛҒАШҚЫ ЕНГІЗІЛУІ
Мазмұны

1 Қолданылу саласы

2 Нормативтік сілтемелер

3 Жалпы ережелер

4 Оқу пәнінің (модулдің) мазмұны

5 Білім алушылардың өздік жұмыстары тақырыптарының тізімі

6 Оқу-әдістемелік әдебиетімен қамтамасыз ету картасы

7 Әдебиеттер


ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
5В120100 – «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқытушыларға арналған «Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешеніне қатысты және дәстүрлі оқу шығармашылық үрдісті жүргізудегі әдістемелік ұйымдастыруға.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің оқытушыларға арналған осы бағдарламасы келесі құжаттардың ұсынымдарымен және талаптарына сәйкес оқу үрдісін ұйымдастыруды белгілейді:

- ҚР жалпы міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізінде құрылған ҚР МЕМСТ 23.08.12 ж № 1080;

- СТУ 042-МУ-4-2014 Университет стандарты «Пәннің оқу- әдістемелік бағдарлама кешенін әзірлеу және ресімдеудің жалпы талаптары»;

- ДП 042-1.01-2014 Құжатталу «Пәннің оқу - әдістемелік бағдарлама кешенінің құрылымы мен мазмұны»

- 5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандығының жұмыс оқу жоспары;

- «5В120100» - «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқу үрдісінің жоспары, элективті пәндер катологы;

- 5В120100 «Ветеринариялық медицина» арнайы жоғары білім беру мамандығы бойынша мамандарды дайындау үшін «Ветеринариядағы биопрепараттар» пәнінің оқу бағдарламасы.
3 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
3.1 Пәннің қысқаша мазмұны

«Ветеринариядағы биопрепараттар» пәні – ветеринариялық практикада қолданылатын дәрілік қасиеті бар жұқпалы және жұқпалы емес, паразитарлық аурулармен аллергиялық жағдайларды емдеуге, арнайы алдын алуға арналған, сондай-ақ микроорганизмдер штамдары мен эукаритот жасушаларын өсіру, жануарлар мен өсімдіктер (аллергендер) биологиялық тіндерінен алынған заттар, рекомбинантты дезоксибо нуклеин қышқылы технологиясын, гибридиомды технологияны енгізу, эмбриондардағы тірі агенттерді немесе жануарларды репродукциялау арқылы алынатын дәрілік препараттарға фармакогнозиялық тұрғыдан сипаттама беру.

Сондай-ақ, әртүрлі мақсатта қолданылатын биопрепараттардың өндірілуі туралы биотехнологиялық үрдіске ғылыми-теориялық тұрғыдан мағлұмат беріледі. Себебі ветеринариялық биологиялық препараттардың өндірілу технологиясы туралы білім алу, ветеринар мамандарға мамандық біліктілігін нығайтуға және заманауи технологиялық инновациялық даму үрдістерін жан-жақты түсінуіне қажетті тұғыр болып табылады.

Сонымен қатар биопрепараттардағы – бактериялық шығу тегі бар иммунномодуляторлар және органдар мен талшықтар негізінде жасалған, қан мен плазмадан алынған препараттар, сары сулар, иммуноглобулиндер, пробиотиктер, интерферондық препараттар мен қоса аллергендер, антигендер вакциналар (анотоксиндер), цитокиндер жөнінде мағлұмат бере отырып, іс жүзінде ветеринариялық практикада қолданылуына, әсіресе жануарлардың ішкі жұқпалы емес ауруларын емдеу және алдын алу шаралары мен диагностикалауда қолданылуы. Сондай-ақ, аурудың пайда болу себептері мен патогенездік ерекшеліктеріне байланысты қолданудағы дәрілік заттар әсерінің жалпы заңдылықтары, фармакодинамика мен фармакокинетикасы, әсер ету механизмдері, дәрілік заттардың биотрансформациясы, дәріні организмге енгізу, және оның бөліну жолдарын, токсикологиялық мәселелерін және жануарлар организміндегі физиологиялық-биохимиялық үрдістердің қалыпты жағдайда жұмыс істеуіне және организмнің уланбауының алдын алуды, дерттің ары қарай ұласпауына қатысты мәселелерді түсіндіру және биопрепараттар әсерінен сыртқы ортаға зиян келмеу мәселелерін оқыту болып табылады.


3.2 Пәнді оқытудың мақсаты:

Ветеринарияда қолданылатын биологиялық препараттардың (шығу тегі) алынуы және пайдаланылуы туралы теориялық білім қалыптастыру;

Препараттардың қолданылу методологиясын теориялық тұрғыдан түсіндіре отырып, іс жүзіндегі тиімділігіне талдау жасауды үйрету;

Дәрілік препараттардың сапалық көрсеткіштерін, НТҚ негізінде – ветеринариялық мақсатта пайдалануға құқықтық құзырды қалыптастыру;

Осы қағидалар негізінде әртүрлі ауруларда қолданылатын препараттар туралы толық білімді қалыптастыру;

Препараттарды қолданудың қазіргі бағыттарымен таныстыру;

Ветеринариялық терапия ілімінің маңыздылығын ашу мақсатындағы материалдарды іздестіру және жүйелеп іріктеу;

Дәрілік препараттарды аналитикалық құрылымы (шығу тегі) арқылы сипаттау және пайдалана білу, биохимиялық құрамын, макро және микро анализ дайындау техникасын игеру.

Дәрілік препараттар құрамындағы биологиялық белсенді заттарды зерттеу, шикізаттың эффективті қасиеттері мен компонентті құрамын анықтау, фармацевтикалық жетістіктерді зерделеу;

Пән тақырыбын өз бетімен зерттеу, ғылыми рефераттар дайындау, оқу-зерттеу жұмысы методологиясын меңгерту және топтық пікір сайыстарды жүргізе алу дағдысын қалыптастыру.

Дәрілік препарат әзірленетін шикі заттағы биологиялық әсер етуші затқа ветеринариялық негізде сипаттама беруге іс жүзінде дағдыны қалыптастыру.

Дәрілік шикі заттың сапасын айғақтайтын нормативтік техникалық құжаттарымен танысып пайдаланудағы биологиялық негіздемені түсіндіре отырып, қазіргі уақытта медициналық және ветеринариялық салада биологиялық дәрілік заттарды кеңінен пайдаланудың басты алғы шарттары негізінде түсіндіру. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласында әзірленетін жалпы медициналық және ветеринариялық биологиялық дәрілік заттар туралы ақпараттық мәлімдемелерді оқыту да қарастырылады.

Сонымен қатар биологиялық препараттарды пайдалану жолдарын дәріптеу арқылы адаммен қоғамның қоршаған ортаға деген аяулы көзқарасын қалыптастыру.
3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:

Биологиялық препараттарды ветеринариялық мақсатта қажетті белсенді зат көзі ретінде оқыту. Мысалы, биопрепараттардың түрлеріне және қолдану ерекшелігіне қарай оларды қолданудағы тиімділік және сақтау әдістері мен мерзімін оқытады.

Дәрілік биопрепараттарды нормалау және стандарттау, нормативтік-техникалық құжаттар жобасын құрастыру, емдік дәрілік затты талдау және оны стандарттаудың жаңа әдістерін қарастыру.

Ветеринариялық тәжірибедегі тиімділігі жоғары, жаңа биопрепараттарды іздестіру.

Биопрепараттардың ветеринариялық мақсаттағы сипаттамасын түсінуге, оларға қатысты ережелері мен әдіс-тәсілдерін үйретіп және оны жануарларға қолданудағы дәрілік заттың организмге әсер етуін бағалауды оқытады.

Пәннің оқытылуы негізінен – терапиялық қағида негізі бойынша оқытылып, фармакодинамикалық, фармакокинетикалық және дәрілік заттардың организмдегі биотрансформациясы заңдылықтарын түсіндіре отырып, дәрілік заттың химиялық және физикалық қасиеттеріне сәйкес әсер ету механизмін жан-жақты түсіндіреді. Сонымен қатар дәрілік заттардың ветеринариялық-медициналық мақсаттағы пайдалану классификациясымен таныстыра отырып, қарастыруды көздейді. Пән ветеринар дәрігері мамандығын қалыптастырудағы терапевтикалық білім беретін пән болып есептеледі сонымен қатар, мамандық этикасы мен деонтологиялық қағиданы сақтауға тәрбиелейді.


3.4 Оқытудың нәтижелері.

Пәнді оқыту нәтижесінде білім алушы келесідей талаптарды - біліп, игеріп, ұғып түсініп алуға міндетті:

дәрілік шикі затпен биопрепараттың морфологиялық сипаттамасын, дәрілік зат дайындауын және қолданылу әдістерін түсінеді;

биологиялық препараттарды пайдаланудың келешектік болашағын ұғады;

биологиялық препараттар туралы ғылыми мәлімдемелік жинақтармен және жұмыс істеп сипаттауды біледі;

дәрілік препараттар құрамындағы биологиялық затқа байланысты терапевтикалық қасиеттерін түсініп игереді;

биологиялық препараттарды ветеринария саласында қолданудың заңды ережелерін біліп түсінеді;

биологиялық препараттың терапевтикалық әсерлік механизмін жануарлар организмі тарапынан туындайтын реакциялар немесе физиологиялық үрдістерін сынау тәжірибе жасау тәсілдерін (аллергендік қасиеттеріне іс жүзінде көз жеткізу) үйренеді;

биологиялық препараттар туралы ғылыми дәйектемелік ақпарат алу үшін пайдаланатын ғылыми және кәсіби әдебиеттермен жұмыс істеуді үйренеді;

ветеринария саласында қолданылатын биологиялық препараттар ішінен белгілі бір ауруға қажеттісін таңдап алуды меңгереді;

- биологиялық заттардың қасиетін және сақталу ережелерін оқиды;

-организмнің физиологиялық және патологиялық жағдайларындағы биологиялық дәрілік заттың әсерлерінің ерекшеліктерін, олардың сипаттамасын, әсер ету механизмін, қолдануға болатын және болмайтын жағдайларын ұғады;

- биологиялық препараттық шикі затын алу, пайдалану алдында дайындаудағы жаңа аспаптармен, құралдармен жұмыс істеудегі техникалық қаупсіздікті сақтауды;

- пәнді жан-жақты теория жүзінде біледі;

- Малдың физиологиялық жағдайына, жасына, жынысына, салмағына байланысты дәрілік заттарды тағайындау, олардың концентрациясын білу, әртүрлі ауруларға қолданылуы, шипа ұсыным, белгілі бір формада дайындау, оларды ауруды емдеу үшін қолданғандағы нәтижелерін шығарып, тұжырымдамаларды дұрыс пайдалану дағдыларын үйренеді.
3.5 Курстың пререквизиттері:

Ветеринариялық физиология және биохимия;

Ветеринариялық фитотерапия;

Ветеринариялық фармакогнозия;

Фармакология және токсикология;

Малдәрігерлік латын терминология,


3.6 Курстың постреквизиттері:

Жануарлардың патологиясы. Жұқпалы емес ішкі аурулар, клиникалық балау рентгенологиясымен ІІ, ІІІ.


3.7 Оқу жұмыс жоспарынан көшірме:

Кесте 1



Курс

Семестр

Кредит

Дәріс (сағ)

Тәж

(сағ)


БОӨЖ

(сағ)


БӨЖ (сағ)

Барлығы (сағ)

Қорытынды бақылау

түрі


3

5

3

15

30

15

45

90

Емтихан


ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛДІҢ) МАЗМҰНЫ

Кесте 2

Сабақтың түрі және тақырыптың аталуы

Сағат саны




1

2




Дәріс сабақтары




Модуль 1 Ветеринариялық биопрепараттар мен диагностикалық заттардың биологиялық анықтамасы




Ветеринариялық мақсаттағы биопрепараттар мен диагностикалық заттарға қатысты заңнамалық қағидалар

1




Ветеринариялық биопрепараттарға фармакогнозиялық тұрғыдан таным

1




Биопрепараттар мен диагностикумдардың шығу тегіне қарай жіктелуі

1




Биопрепараттардың жан-жануарлар организмінің дербес жүйе әрекеттері (функциялық процесс) қызметін реттеу (физиологиялық қамтамасыз ету) қажеттілікке мәжбүрлеу, ветеринарлық іс әрекетті жүзеге асыруға, диагностикалық мақсатта пайдаланылуына байланысты жіктелуіне сипаттама

1




Дәрілік зат (диагностикум, емдік және алдын алу) биопрепараттарды қолдану және жою барысындағы қағидалар

1




Тірі микроорганизмдер немесе олардың генетикалық түрлендірілген нұсқалардың жануарлар популяциясында айналыста болу қабілетіне сипаттама

1




Микроорганизмдер немесе генетикалық түрлендірілген нұсқаларының патогендік қасиеттері, реверсиялық ықтималдығы және патогендік микроорганизмдермен генетикалық ақпарат алмасуына сипаттама

1




Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы




Ветеринариялық биологиялық препараттар мен диагностикумдарды өндіру және қолдану кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алудағы негізгі іс шаралар. Уытты және аллергенді қасиеті бар заттарға сипаттама.

1




Ветеринариялық биологиялық препараттарға қойылатын талаптар

1




Ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық, дәрілік заттар мен биологиялық препараттарға қатысты басты қағидалар

1




Ветеринариялық мақсаттағы биологиялық препараттар, дәрілік заттарды қолданудан кейінгі жануарларда, жануарлар өнімін қолданған адамдарда және қоршаған ортадағы асқынулардың болуын анықтайтын негізгі факторлар

1




Ветеринариялық биологиялық препараттарды қолданудан кейін жануарларды сою алдында ұстау, өнімін пайдалану, сақтау мерзімі мен жануарларды тасымалдау, жұмысқа (мініс, бәйге жарыс, айдау) пайдалану барысындағы ветеринариялық медициналық іс шаралар

1




Ветеринариялық биологиялық препараттар түрлеріне байланысты ветеринариялық мақсатта қолдану үшін таңдауға қатысты ғылыми-теориялық ілімді игерудегі тәжірибелік әдістемеліктерге ветеринариялық медициналық таным.

1




Жануарлар организміндегі иммунобиологиялық қабілеттіліктің қалыптасу ерекшеліктері мен ондағы қызметтер

1




Ветеринариялық медициналық ғылымдағы клиникалық-иммунологиялық диагностика

1







15




Тәжірибе сабақтары




Модуль 1 Ветеринариялық биопрепараттар мен диагностикалық заттардың биологиялық анықтамасы




Ветеринариялық мақсаттағы биопрепараттар мен диагностикалық заттарды өндіру, сақтау және олармен жұмыс істеудегі техникалық қауіпсіздік іс шараларымен танысу

1

Ветеринариялық биопрепараттарға жалпы сипаттама беру

1

Биопрепараттар мен диагностикумдардың шығу тегіне анықтама

1

Биопрепараттардың жан-жануарлар организмінің дербес жүйе әрекеттері (функциялық процесс) қызметін реттеу (физиологиялық қамтамасыз ету) қажеттілікке мәжбүрлеу, ветеринарлық іс әрекетті жүзеге асырудағы әрекеттерді клиникалық-зертханалық тұрғыда бағалау әдістемеліктері

1

Дәрілік зат (диагностикум, емдік және алдын алу) биопрепараттарды ветеринарлық іс әрекетті жүзеге асырудағы әрекеттерді клиникалық-зертханалық тұрғыда бағалау әдістемеліктері

1

Тірі микроорганизмдер немесе олардың генетикалық түрлендірілген нұсқалардың жануарлар популяциясында айналыста болу қабілетіне сипаттама беруге зертханалық негіздемеліктер

1

Микроорганизмдер немесе генетикалық түрлендірілген нұсқаларының патогендік қасиеттері, реверсиялық ықтималдығы және патогендік микроорганизмдермен генетикалық ақпарат алмасуын анықтауға тәжірибелік сипаттама

1

Модуль 2 Биопрепараттардың ветеринариялық іс шараларда қолданылуы




Ветеринариялық биологиялық препараттар мен диагностикумдарды өндіру және қолдану кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оны анықтау мен жоюдағы негізгі іс шаралар.

1

Ветеринариялық биологиялық препараттарға қойылатын талаптарға сипаттама

1

Ветеринариялық мақсаттағы диагностикалық, дәрілік заттар мен биологиялық препараттардың қолдану алдындағы жарамдылығын анықтауға зертханалық негіздемелер

1

Биологиялық препараттар, дәрілік заттарды қолданудан кейінгі жануарларда, жануарлар өнімін қолданған адамдарда және қоршаған ортадағы асқынулардың болуын анықтайтын негізгі зертханалық әдістер

1

Ветеринариялық биологиялық препараттарды қолданудан кейін жануарларды сою алдында ұстау, өнімін пайдалану, сақтау мерзімі мен жануарларды тасымалдау, жұмысқа (мініс, бәйге жарыс, айдау) пайдалану барысындағы ветеринариялық медициналық іс шаралардың іс жүзінде іске асырылуындағы алғы шарттар

1

Ветеринариялық биологиялық препараттар түрлеріне байланысты ветеринариялық мақсатта қолдану үшін таңдауға қатысты ғылыми-теориялық ілімді игерудегі тәжірибелік әдістемеліктерге ветеринариялық медициналық таным.

1

Жануарлар организміндегі иммунобиологиялық қабілеттіліктің қалыптасу ерекшеліктері мен ондағы қызметтерді клинкалық-зертханалық бағалау

1

Ветеринариялық медициналық ғылымдағы клиникалық-иммунологиялық диагностиканың заманауи әдістеріне негіздеме

1




15


5 БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
5.1 Биопрепараттар өндірісінің экологиялық аспектілері;

5.2 Биологиялық антисептик ретінде қолданылатын иммундық препараттар;

5.3 Ветеринариялық мақсаттағы биологиялық препараттарды қолданудың мемлекеттік бақылануы;

5.4 Антиденелердің енжарлы түрде берілуінің бұзылуы;

5.5 Жануарлар, өсімдік және микробтық жасушасының биологиялық белсенділігін айқындайтын әдістер;

5.6 Төлдердің жұқпайтын ауруларын балаудың заманауи әдістері;

5.7 Балау және дауалау биопрепараттарын өндіру технологиясының ветеринариялық негізі, Диагностикалық ветеринарлық препараттар;

5.8 Биопрепараттарды бақылау әдістері;

5.9 Ветеринариялық биологиялық препараттарды өндірудің жалпы технолоиясы, Профилактикалық биологиялық препараттар;

5.10 Ветеринариялық биологиялық препараттарды өндіру технологиясының даму тарихы;

5.11 Организмнің иммунитеттің қорғаныс факторларының арнайы механизмі;

5.12Иммуногендер мен вакциналардың түрлері;


5.13 Бактерияларға қарсы вакциналар, Емдік-профилактикалық биологиялық препараттар;

5.14Вирустарға қарсы вакциналар;


5.15 Заманауи вакциналар.
6 ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ

Кесте 4


Әдебиеттер және оқу методикалық құжаттар

Әр түрінің саны

Студент-тердің

саны


Қамтамасыз-дық

пайызы


Ветеринариялық биологиялық препараттар түрлеріне байланысты ветеринариялық мақсатта қолдану үшін таңдауға қатысты ғылыми-теориялық ілімді игерудегі тәжірибелік әдістемеліктерге ветеринариялық медициналық таным.




25




Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.











Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010

10

25




Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. - 2009

20

25




Фитофармакология : оқу құралы / Қорабаев Е.М., Заманбеков Н.А., Өтенов Ә.М. ж.б. – 2009

10

25




Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

2

25





7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиеттер

7.1.1 Технология ветеринарных биологических препаратов ., / Ахметсадықов Н.Н., Шабдарбаева Г.С., Хусаинов Д.М. Учебник – Алматы : Изд-во «Агроуниверситет», 2011. – 353 с.

7.1.2 Современные лекарственные средства в ветеринарии.,/ Субботин В.М., Субботина С.Г., Александров И.Д. издание 2-е дополненное и переработанное. г. Ростов-на-Дону «Феникс» 2001г. – 600 с.

7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Фитотерапия: оқу құралы / Қожанов, К.Н. -2010

Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану./ Шәріпбаев Н. Ш. – Алматы, Қайнар: 1988. – 243 б.

7.2.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов К.Н. – 2009

Лекарственные растения в ветеринарной практике / Рабинович М.И. - 1987

7.2.3 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007 Практикум по ветеринарной рецептуре с основами технологии лекарственных форм / Набиев, Ф.Г. - 2008

7.2.4 Фармакопея СССР. – М.: Медицина, 1990. – 333 с.

7.2.5 Фитотерапия в ветеринарии, традиционной и нетрадиционной медицине / Маловастый, К.С. -2007

7.3 Сандық тасымалдағыш құрылғыдағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер

7.3.1 Фитотерапия: оқу құралы / К.Н.Қожанов; С.К.Қожанова. – Алматы, - 2010// http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_98/



7.3.2 Ветеринариялық фармакогнозия / Қожанов, К.– 2009 // http: // rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_93/

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет