Дағдылар: Қорғаныс аймақтарының өлшемдерін анықтау дағдысына ие болады.
Құзырлықтар: Экологиялық зерттеу жүргізу саласында базалық білімді көрсете білу.
Бағдарлама жетекшілері: доцент м.а. С.Койбагаров, доцент О.Степанова
3
|
YaOTC 0303
|
Ядролық отындық цикл
Кредит саны - 3 (2+1+0), ECTS бойынша - 5
Пререквизиттер – 65 кредитов
Постреквезиттер –
Оқыту мақсаты: ЯОЦ негізгі мәселелерін жүйелендіру, ядролық энергетиканың экономикалық және экологиялық аспектілерiнiң салыстырмалы бағасы.
Қысқаша мазмұны: Ядролық энергетиканың технологиялық үдерiстерiн болуы мүмкін қауiп-қатері, экологиялық зардаптар; жанармай циклданың әртүрлi кезеңдерiне радиациялық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету, экологиялық отынмен жұмыс істеу; плутоний және уран - торий отыны, радиоактивтi қалдықтар; оларды заласыздандыру және көму мәселелері, қоршаған ортаға атом станциясының әсерi; атом станциясының пайдаланудан алу: консервация, бұзу; ядролық энергетика және қоғам пiкiрi.
Күтілетін нәтижелер:
Білімдер: Ядролық және нейтрон физикасының негiздерін, ядролық реакциялардың теориялық негiздерi мен олардың сипаттамасын; нейтрондар мен заттардың әсерлесуiнiң негiзгi түрлері мен сипаттамаларын; ядролық реактордағы нейтрон циклының ерекшелiктерiн; энергия бөлінуді анықтау және пiшiндеу әдiстерiн; ядролық реакторлар мен энергетикалық қондырғылардың материалдарын бiледi.
Іскерліктер: Ядролық реакторлар процестерінің инженерлік есептеулерінің әдістерін қолдана біледі.
Дағдылар: Схемалар, номограммалар және де басқа да кәсіби маңызды суреттерді қолдану дағдысына ие.
Құзырлықтар: Ядролық энергетикада отындық элементтерді пайдалану саласында базалық білімін көрсете біледі.
Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы С. Толеуов
|
4
|
TPN 0304
|
Табиғатты пайдалану негіздері
Кредит саны - 3 (2+1+0), ECTS бойынша - 5
Пререквизиттер – 65 кредит
Постреквезиттер –
Оқыту мақсаты: Табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық және практикалық негіздерін және оның жүзеге асу механизмдерін, табиғи жағдайлар мен қорлар жөнінде жүйелік мағлұматтарды, оларды пайдаланудың, ұдайы өндірісі мен қорғаудың ерекшеліктерін қалыптастырады.
Қысқаша мазмұны: Өркениет тарихының айнасындағы табиғатты пайдалану. Табиғат жағдайы және табиғи қорлар. Табиғатты пайдалану: түр және формалар. Т абиғатты тиiмдi пайдаланудың механизмдерi. Табиғатты пайдалану бойынша шараларды қаржыландыру. Тиiмдi табиғатты пайдалануды ынталандыру. Адам баласының бiрқалыпты дамуы және табиғатты пайдалануды мәселенiң тұжырымдамасы.
Күтілетін нәтижелер:
Білімдер: Қоғам мен табиғат өзара әрекеттесуi ерекшеліктерін, қоршаған ортаға негізгі техногендік көздердің әсері; экожүйелердің бiрқалыпты дамуының шарттары және экологиялық дағдарыстың пайда болуы мүмкiндіктерінің себептері; экологиялық реттеудiң әдiстерi; әр түрлi өндiрiс түрлерін орналастыруының қағидалары; қалдықтардың негiзгi тобы, олардың көздерi және түзілуінің масштабтары; қоршаған орта мониторингi ұғымы және қағидалары; табиғатты пайдалану саласындағы iстестiктiң халықаралық ережелері мен қағидалары және қоршаған ортаны қорғау; кәсiби қызметтегi құқықтық қатынастары реттейтiн заң актілері мен нормативтiк құжаттар.
Іскерліктер: Әр түрлi қызмет түрлерiнiң экологиялық зардаптарын болжау және талдауға икемi болады.
Дағдылар: Нормативтiк-құқықтық құжаттарды қолдану дағдыларына ие болады.
Құзырлықтар: Қоршаған ортаның қазiргi күйi сұрақтары мен табиғатты тиiмдi пайдалану қағидалары бойынша базалық бiлiмдердi көрсетедi.
Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы С. Толеуов
|
5
|
NF 0305
|
Нейтрондық физика
Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквезиттер –
Оқыту мақсаты: Студенттердің реактордағы физикалық құбылыстары, олардың теориялық ойлау және эсперименталді бақылау әдістері, нейтрондық физиканың физикалық мәндер масштабы туралы түсінік қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Атомдық ядро құрамы. Протондар және нейтрондар, олардың қасиеттері. Нейтрон көздері мен детекторлары. Атомдық ядро құрамы. Нейтрон әсерімен болатын ядролық реакциялар. Нейтрон әсерінен болатын ядроның ыдырауы. Нейтрон энергиясының әр түрлі диапазонындағы реакция ерекшеліктері. Ядролық реакторлар. Нейтрондық өріс параметрлері және реактор торлары. Нейтрондардың диффузия ұзындығы, термализация уақыты және өмір ұзақтығын анықтау. Қолданылған отынның нуклидттық құрамын, жану тереңдігі және жаңғырту коэффициентін сараптау әдісі.
Күтілетін нәтижелер:
Білімі : нейтронның затпен негізгі әсерлесу түрлерін, оладың ерекшеліктерін, бақылау әдістерін және экспериментальды зерттеуін; нуклонның негізгі қасиеттерін анықтаудың басты әдістерін, олардың заттармен әсерлесуінің негізгі заңдылықтарын және математикалық теңдеулерін меңгерген.
Іскерлік: Бөлімнің негізгі мәселелерін дұрыс, сапалық және сандық түрде тұжырымдай алады және физикалық шамалардың ретін бағалай біледі.
Дағдылар: Кванттық түсініктерді сапалық түрде қолдануға, заттардың нейтронмен әсерлесуін; атомдық ядро және элементар бөлшектердің қасиеттерін қарастырғанда реалитивистік түсініктерін қолдануға дағдыланған.
Құзіреттілігі: нейтрондарды ғылыми-техникалық қолдану аясында базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшісі: доцент Л. Гайнова
|
6
|
NTT 0306
|
Нейторндарды тасымалдау теориясы
Кредит саны - 2 (1+1+0), ECTS бойынша - 3
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквезиттер –
Оқыту мақсаты: Студенттерде нейтронды тасымалдау дың теориялық негіздері, олардың теориялық ойлау және эксперименталды бақылау әдістері туралы түсінік қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Нейтрондардың диффузиясы туралы түсінік; кеңістікте нейтрондарды диффузиясын анықтайтын параметрлер; нейтрондарға арналған Фик заны; диффузия теңдеуі; шексіз орталарда нейтрондардың баяулауы; қозғалмайтын ядрода нейтрондарды жайып тарату; жайып тарау заңы; шексіз гомогенді ортада баяуланған нейтрондарды энергетикалық тарату; баяулау кезінде жұтудан сақтану мүмкіндігі; тиімді резонасты интеграл; нейтрондарды термализациялау; нейтронды газдың температурасы; баяуланған нейтрондарды кеңістіктік таратылуы; үздіксіз бяулау моделі; жас теңдеуі; жастық жақындасуда баяулау теңдеуі; көптопты жақындасу.
Күтілетін нәтиже:
Білім: Нейтрондардың диффузия үрдістерінің ағу ерекшеліктерін; заттармен нейтрондардың өзараәрекетінің негізгі заңдарын және олардың ерекшеліктерін; нейтрондарды тасымалдау теориясын зерттеу әдістерін және олардың математикалық теңдеулерін біледі.
Іскерліктер: Кеңістікте нейтрондардың диффузиясын анықтайтын параметрлерді есептей алады.
Дағдылар: атомдық ядроның және элементарлы бөлшектерінің қасиеттерін қарастыру кезінцде кванттық түсініктерін және релятивистік көріністерін; заттармен нейтрондардың өзараәрекеттесуін сапалы қолдану дағдысы қалыптасқан.
Құзырлықтар: Нейтрондарды тасымалдау теориясы аясында базалық білімін көрсетеді.
Бағдарлама жетекшілері: доцент Л. Гайнова
|
7
|
RFN 0307
|
Реакторлар физикасының негіздері
Кредит саны - 3 (2+1+0), ECTS бойынша - 5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквезиттер –
Оқыту мақсаты: Ядролық реакторлардың физикасы туралы түсінік қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны: Реакторлардың физикалық классификациясы; нейтрондарды көбейту коэффициенті; тор теориясы; критикалық өлшемдер теориясы; энергетикалық реакторлардың нейтронды-физикалық ерекшеліктері және есептері; ЭЕМда нейтронды-физикалық есептеу; эсперименттрдің классификациясы; есептік және эксперименталды зерттеулердің өзара байланысы; жиындар мен реакторлармен экспериментте анықталатын нейтронды-физикалық сипаттамалар.
Күтілетін нәтиже:
Білім: Ядролық реакторлардың классификациясын; есептік және эксперименттік зерттеулердің өзара байланысын біледі.
Іскерліктер: Энергетикалық реакторлардың есептерін жүргізе алады.
Дағдылар: ЭЕМда нейтронды-физикалық есептеу дағдысы қалыптасқан.
Құзырлықтар: Ядролық реакторлар физикасы аясында базалық білімін көрсете алады.
Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы
С. Толеуов
|
8
|
YaRK 0308
|
Ядролық реакторлардың кинетикасы
Кредит саны - 3 (2+1+0), ECTS бойынша - 5
Пререквизиттер – 65 кредит.
Постреквезиттер –
Оқыту мақсаты: Студенттерді динамикалық үрдістердің өту барысының физикалық ерекшеліктерімен және авариялық үрдістердің туындау мен қту барысының спецификасымен таныстыру.
Қысқаша мазмұны: Ядролық реакторларындағы ауыспалы үрдістері; реактордың жағдайын анықтайтын негізгі динамикалық сипаттамалар; түрлі типті реакторларды реттеу әдістері; ауыспалы режимдерде реактивтіліктің өзгерісі және авариялық үрдістер; реактордың белсенді зонасының изотопты құрамының өзгерісі; ядролық отынның жануы, қайта қалпына келтіру, реактордың шлактануы және улануы; отынның жану тереңдігі; стационарлы емес үрдістерді моделдеу; ядролық реакторлардың БҚЖ органдарын есептеу.
Күтілетін нәтиже:
Білім: реттеу барысында ядролық реакторларда физикалық, жылулық және гидродинамикалық сипаттамаларының өзара әрекеттесулерінің күрделі сипаттарын біледі.
Іскерліктер: АЭС реттеу мен басқарудың нақты мәселелерімен ағымдағы өтіп жатқан (стационарлы емес)үрдістердің сипатын байланыстыра алады.
Дағдылар: Авариялық жағдайларың туындау мүмкіндігін және қандай да бір аварияның салдарын бағалу дағдысы қалыптасқан.
Құзырлықтар: Ядролық реакторлар кинетикасы аясында базалық білімін көрсете біледі.
Бағдарлама жетекшілері: аға оқытушы
С. Толеуов
|
Шәкәрім атындағы СМУ –дың оқу мәжілісінің БЕКІТУІ
Хаттама № __ «__» ________ 20__ жылы
Шәкәрім атындағы СМУ УМС жиынында БЕКІТІЛДІ
Хаттама № __ «__» ________ 200_ жылы
|
Келісімді:
|
Декан ________ А.Л. Касенов
|
Директор ДАВ ________ М.Б. Смирнов
|
Кафедра меңгерушісі ________ О.А. Степанова
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |