Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «атырау мұнай және газ институты» жшқ рмк



бет1/7
Дата05.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#178943
  1   2   3   4   5   6   7



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ» ЖШҚ РМК

 
«Атырау мұнай және газ институтының» ЖШҚ РМК-ның

2012-2017 жылдарға арналған

Даму стратегиясы


Атырау, 2012


МАЗМҰНЫ






Стратегия төлқұжаты

2




Кіріспе

4

1

Ағымдағы жағдайды талдау

5

2

Миссия, кіріспе, мақсаттар мен міндеттер

10

3

Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар мен күтілетін нәтижелер

13




Стратегиялық бағыттар 1. Білім беру қызметін жетілдіру мен мұнай-газ саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау

14




Стратегиялық бағыттар 2. Ғылыми-инновациялық қызметті және халықаралық байланысты жандандыру

19




Стратегиялық бағыттар 3. Тәрбие жұмыстарын дамыту

22




Стратегиялық бағыттар 4. Институт инфрақұрылымын дамыту

24




Қорытынды

27


Стратегия төлқұжаты





Нормативтік база

1. 2012 жылдың 27 қаңтарында ҚР V шақырылым парламентінің бірлескен палатасындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауы

2. Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары (2010 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің №922 жарлығымен бекітілген);

3. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдесіндегі «Білім беру туралы» Заңы;

4. Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 18 ақпанындағы «Ғылым туралы» Заңы;

5. Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 7 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты турлы» Заңы;

6. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымындағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» жарлығы;

7. Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен бекітілген);

8. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (ҚР Үкіметінің 2011.19.02. №160 Қаулысы);

9. Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2010 жыл 19 наурыз №958 жарлығымен бекітілген);

10. Атырау облысының 2015 жылға дейінгі аумақтық дамуының стратегиясы;



11. Н.А.Назарбаев Қазақстанды әлеуметтік модернизациялау: Жалпы еңбек қоғамына қарай жиырма қадам.


Миссия


Мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау, білім мен ғылым саласын жаңа технологиялар мен ойларды үнемі енгізу, мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін шешу үшін ғылыми зерттеулер жүргізу.

Кіріспе

Институт стратегиялық міндеттерді жоспарлау нәтижесінде оқытудың үздік сапасын және оны үнемі арттырып отыруға бағытталған республикадағы үздік техникалық жоғары оқу орындарының «үштігіне» кіретін Батыс өңірдің және мұнай-газ саласының алдыңғы қатарлы білім беру мен ғылыми-зерттеу орталығы, аумақтық экономика мен ғылымды дамытуға қабілетті, еліміздің мұнай-газ саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даялару мен әзірлеуді жүзеге асырушы қазіргі заманғы жоғары оқу орны бола алады.

Мақсат

Жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін дамыту мен жетілдіру арқылы Қазақстанның қарқынды индустриалды-инновациялық дамуын жүзеге асыруға институт үлесін арттыру, 2012 жылға қарай еліміздің ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының «үштігіне» ену.

Міндет

  • Мұнай-газ өндірісінің тиімділігін арттыру мен инновацияға бағытталған мұнайгаз кешені үшін бакалавриат бағадарламасы бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауды жетілдіру;

  • Ұлттық институционалды аккредитациядан өту;

  • Көмірсутегі ресурстарын игеру мен пайдалану мәселесімен айналысушы ірі ғалымдар мен мамандарды білім беру қызметіне тарту;

  • Оқу процесіне қазіргі заманғы білім беру бағдарламаларын, оқытудың әдістері мен құралдарын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен басқарудың жаңаша нұсқасын енгізу;

  • Бакалавриат мамандықтары бойынша қашықтан оқытуды оқу процесіне толық енгізу мен жетілдіру;

  • Жоғары кәсіби білім беру саласында әлемдік интеграциялық процестерге белсенді қатынасу, ПОҚ мен студенттердің академиялық ұтқырлығын енгізу, жоғары импакт-фактормен алдыңғы қатарлы шет елдік журналдарға ғылыми зерттеулер нәтижелерін жариялау арқылы АтМГИ ашықтығын қамтамасыз ету;

  • Мұнай-газ өндірісінің тиімділігін арттыру мен дамудың негізгі мәселелері бойынша қарқынды ғылыми қызметтерге АтМГИ профессор-оқытушылар құрамын барынша тару;

  • АтМГИ ТМД елдерінің және алыс шет елдердің мұнай-газ саласының кәсіпорындарымен, ғылыми және оқу орталықтарымен байланысын арттыру (Ресей, Әзірбайжан, Белоруссия, Украина, Өзбекістан) және (Франция, Ұлыбритания, Германия );

  • Білім беру мен ғылыми қызметтерге қазіргі заманғы оқыту-зертханалық және ғылыми жабдықтарды, оқытудың жаңа инновациялық технологияларын енгізу;

  • Кәсіби тәжірибелер арқылы студенттерге ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтердің негізін игерту;

  • Студенттердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту, тұлғаны еркін дамыту, студент жастарды өз отаны Қазақстан Республикасын құрметтеуге, азаматтық пен патриоттық үлгісіне тәрбиелеу;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет