Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі БҰҰ- ның юнисеф балалар фонды


ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА НӘТИЖЕЛІ КЕҢЕС БЕРУ ДАҒДЫЛАРЫ



бет3/11
Дата08.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#185456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА НӘТИЖЕЛІ КЕҢЕС БЕРУ ДАҒДЫЛАРЫ
5.1. Нәтижелі қатынас
Әлеуметтік жұмыс жасау кезінде маман жұмысының маңызды түрінің бірі нәтижелі қатынас болып табылады. Маман адамдарға әсер ету қабілетіне ие болуы қажет, сөйлесуді негізге алып, адамдармен қатынасын құра білу қажет. Әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде маман өзінің кәсіптік сапасын дамытуы қажет: бейімділік, адамға деген уайымшылдық қабілетінің болуы, оның проблемаларын шешуге қатысу. Өзінің жұмысында жеке қарым-қатынас әсерлерінің жинағын қолдана білуі тиіс.

Қатынас үшін көптеген кедергілері бар жағдайларда да әлеуметтік мамандар жиі әңгімелеседі. Сонымен қатар қарым-қатынасқа түскісі келмейтін адамдармен де жұмыс жасайды. Мұндай кезде нәтижелі жұмыс жасау үшін маманның қатынас даму деңгейі жоғары болуы тиіс. Ондай жұмыс атқару кезінде бірнеше әрекеттер қажетті:



  • қорқыныш, ауыртпалық және стрес күйінде отырған адамдарды тыңдау;

  • адамдарды өзі жайлы әңгімелесуге тарту;

  • күйзеліс күйінде отырған адамдарға көмек көрсету;

  • озбырлық көрсеткен және/немесе ашуланған клиенттермен жанжалды реттеу;

  • қалыптасқан әдеттерді және көзқарасты ауыстыру.

  • шатасқан және күрделі жағдайларда шешім табуда клиенттерді қолдау.


Нәтижелі қатынас:
Сөйлемеу қатынасының факторлары:

  • қашықтық

  • кейіп

  • жанасу

  • визуальды байланыс

  • беттің бейне көрінісі


Сөйлесу қатынасының факторлары:

  • бір жауап берілетін сұрақтар

  • көптеген жауап берілетін сұрақтар

  • жанама сұрақтар, байқау сұрақтары, екпінді сұрақтар


Сөйлеу қатынасы:

  • рефлекс және анықтау

  • жан ашу бейнесі

  • қорытындылау


Нәтижелі қатынасқа кедергі болатын мән-жайлар:

  • қоршаған орта

  • өте үлкен жұмысбастылық

  • негізделмеген топшалама

  • бір нәрсені қамжу

  • стереотиптер

  • өткен тәжірибе

  • аудармашы арқылы қатынас


5.2. Сөйлемеу қатынасының бірнеше аспкетілері
Сөйлемеу қатынас дегеніміз, сөйлемеу берілетін ақпараттарды айтамыз, оның көмекшілері: дене қимылы, кейіп, көзқарасы, мимика, екпін және үзіліс. Сөйлемеу қатынастың бөлігіне мыналарды жатқызады: иістер, киімдер, қоршаған жағдай, күн мерзімі.

Джозев Коннердің айтуы бойынша ақпараттың 93 пайызы (55 пайызы тіл қимылдары, 38 пайызы дауыс ырғағы) сөйлемеу қатынастан, 7 пайызы сөйлеу қатынасынан беріледі. Бір сөзді әр түрлі түрде айтылуы мүмкін, мағынасы жағынан бұл түрлі ақпараттарды береді, кей кезде қарама қайшы да болуы мүмкін. Сондықтан сөйлемеу қатынас тілін жетек меңгеру қажет және де оны практика да қолдана білу қажет.

Сөйлемеу қатынас сезім қатынасын береді. Сөйлеу қатынасына қарағанда сөйлемеу қатынасы жақсы нәтиже беруі мүмкін. Сонымен қатар сөйлемеу қатынасын жасауды ұмытпау қажет, бұл клиентпен қарым-қатынас құруда көмек беруі мүмкін немесе керісінше қатынасты бұзуы мүмкін.


  • Ара қашықтық

Біз және біздің клиенттер үшін адам арасындағы қашықтықтың жақындық пен алыстық жайлылығын білуіміз қажет. Ара қашықтық қажеттілігі адамның жынысына, ұлтына, тұрмыс жағдайына байланысты.

  • Кейіп

Адамның кейіпі оның қатынасын көрсетеді. Аяқ-қолдарымызды айқастырмай, әңгімелесуге бетімізбен қарап тұрып ашық позициямен біз өзіміздің позитивтік қатынасымызды көрсетеміз. Мұндай кейіп біздің клиентке деген ашықтығымызды және көңіл аудару сезімімізді білдіреді.

  • Жанасу

Жанасу – сөйлемеу қатынасының басқа көрінісі, ол клиентке байланысты түрлі мағынаны білдіреді. Ара қашықтық қатынасы секілді жанасу қатынасының колданылуында мәдениет айырмашылықтары бар. Әлеуметтік жұмыста констексттік айырмашылықтар мағыналары да ерекше орынға ие. Жанасу мүмкіншілігінен айырылған адамдармен жұмыс жүргізген кезде жанасу қатынасы маңызды мағынаға ие, бұл біздің ондай адамдарға деген ашықтығымызды және қолдауымызды білдіреді.

  • Визуалды байланыс

Көзбен байланыс терең жеке ерекшелік болып табылады. Кейбір адамдарға көзбен байланыс ұнайды, басқалары оны қорқынышты және жайсыз деп есептейді. Клиентпен көз байланысына түскен кезде олардың дұрыс сезінуін анықтау қажет. Алайда көз байланысының жалпы ережелері де бар:

  • клиентпен әңгімелесу кезінде оған қарап отыруыңыз қажет – бұл сіздің ашықтығыңызды білдіреді;

  • көзқарасыңызбен, өзіңіздің тыңдау ықыласыңызды, назарыңызды білдіруіңіз қажет

  • клиентке тік қарап отыруыңыз үрей туғызады, анда-санда қысқа уақытқа назарыңызды басқа жаққа аударып тұрыңыз

  • клиенттің тек көз бен жүзіне қарап отырмай, жалпы клиентке қарап отырғаныңыз жөн, бұл клиенттің қызбалылығын туғызбайды.

  • Бет әлпеттің түрі

Бет әлпеттің түрі әңгімелесушіге деген қатынасты білдіреді. Тұнжыраған бет әлпеттің түрі скептицизм тудыруы мүмкін. Барлық уақытта күлімсіреу достық және позитивтік қатынасты білдіреді. Күлімсіреу әлеуметтік сыпайылықты немесе өзін жақсы жағынан көрсетуді білдіреді.

Ауыспайтын бірқалыпты бет әлпетінің түрі әлсіз немесе ықылассыз адамдарға сай келеді.



  • Киім

Өзін клиентке көрсете білу қажет. Бірінші әсер үлкен мәнге ие, киім оның маңызды бір бөлігі. Егер сіз қымбат киімде болсаңыз, клиент өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін. Сонымен бірге егер сіздің киіміңіз таза емес, ұқыпсыз болса, клиент сыйламағандықты сезінуі мүмкін. Бұл жерде баланс сақтау қажет, киімді дұрыс таңдау сізге жәрдем етеді.

  • Дәлділік пен сенімділік

Клиенттер үшін сенімді және дәл болуыңыздың маңызы зор. Кездесуді жою сіздің ең соңғы әрекетіңіз болуы тиіс, ондай болған жағдайда клиентке толық себептерін айқындап беру қажет. Жаңа кездесуді ең қысқа мезгілде тағайындау қажет. Кездесуге кешігіп келу клиентті сыйламағыныңызды білдіреді. Егер ондай оқиға болған жағдайда алдын ала клиентіңізге хабар беруіңіз жөн.

  • Басқа факторлар

  • Бөлме жағдайы

  • Бөлме жайлы болуы тиіс

  • Қолайлы құралдар

Кемтар адамдармен, балалармен қарым-қатынаста болған жағдайда өзіңізге керекті материалдардың, ойыншықтардың, кітаптардың бар екендігіне көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол сізге нәтижелі қатынасқа жетуіңізге жәрдемін тигізеді.

Клиенттің сөйлемей жауап қайтаруы оның сізге деген қатынасының қандай дәрежеде екендігін айқындайды. Мысалы, көзқарасы, әрдайым күлімсіреуі немесе кейпін ауыстыра беруі қатынастың, әңгіменің, қарым-қатынас мақсатының немесе құрылымның оған жайсыз болып тұрғанын білдіреді.


5.3. Вербалды қатынас. Тойтару әдістері
Вербалды қатынас дегеніміз ауызша немесе сөйлеу қатынасы.

Вербалды қатынастың негізгі дағдысы тойтару немесе рефлексия болып табылады. Тойтару дегеніміз, клиенттің айтқандарына жауап қайтару, яғни айтқанда клиенттің сізге айтқандарын айрықша сөздерді қолданып өзіне қайталап айту. Клиенттің айтқанын қайталау, оның әңгімені ары қарай жалғастыруына ықпал етеді.

Тойтару клиентке біздің оның сезімдері мен уайымын түсінуімізді білдіреді.

Тойтару клиенттің қолданған сөздері мен сөйлемдерін қайталауымызда белгіленеді. Осы кезде біз әңгімені толығырақ естуге ықпалымызды білдіреміз.

Тойтару қайталап айту түрінде болуы мүмкін: басқа сөздерді қолданып, клиенттің айтқанын қайталау. Бұны ұқыпты түрде жасаған жөн: клиенттің айтқанын басқа сөздерді қолданып қайталау, бірақ айтылғанның мағынасы жоғалмауы керек. Бұл жағдайда клиенттің айтқанын ғана емес, оның дауыс ырғағын, бет әлпетінің түрін және дене қимылын қайталауымыз қажет.

Тойтарудың екі түрі бар: сезім тойтаруы және дерек тойтаруы.


Дерек тойтаруы

Дерек тойтаруы сіздің ынтаңызбен және ықыласыңызбен тыңдап отырғаныңызды көрсетеді. Рефлексияның бұл түрі сізге сіздің клиентті дұрыс түсініп-түсінбегеніңізге сендіреді. Дерек рефлексиясы – бұл клиенттің айтқандарын қайталау.


Сезім тойтаруы

Бұл жағдайда факттық мазмұны емес сезімдік жағын айқындауға тырысу қажет.

Мысалы:

«кеше менің жігітім келгенде мен қатты қорықтым» - мағынасы,

келесі түрге келеді:

«кеше сіздің жігітіңіз үйіңізге келгенде, сіз қатты қорқыныш сезімде едіңіз».

Тойтару маңызды, өйткені ол:


      1. Сіздің тыңдап отырғаныңызды көрсетеді.

      2. Сізді тыңдауға мәжбүр етеді.

      3. Егер сіз дұрыс түсінбеген болсаңыз, клиент сізді түзетуіне мүмкіндік береді.

      4. Клиенттің әңгімені жалғастыруына мүмкіндік береді.

      5. Клиенттің тақырып таңдауына мүмкіндік береді.


5.4. Кеңес беру кезінде сұрақтар түрлері
Әңгіме жүру барысында клиентке сұрақтар қойғаныңыз дұрыс, бірақ сұрақ қою кезінде сақтық көрсету қажет. Сұрақтар тойтаруға қарағанда жабысыңқы болып келеді. Сондықтан клиенттің өзін тергеу кезіндегі сотталушы ретінде сезінбеуі үшін сұрақ қоя білу қажет. Ашық сұрақтар: бұл сұрақтарды жауаптар ортасының кеңдігі деп түсінуге болады. Мұндай сұрақтар «Не?», «Болады ма?», «Сіз жасай аласыз ба?» немесе «Қалай?» деген сұраулы сөздерден басталады. Сондықтан «Кешкі уақытыңызды қалай өткізесіз?» немесе «Өзіңіздің отбасыңыз жайында айтып бере аласыз ба?» деген сұрақтар ашық сұрақтарының жақсы мысалы бола алады.

Жабық сұрақтар «иә», «жоқ» немесе сан жауаптар түсінігі.

Әдетте мұндай сұрақтарға жауап бір сөзден құралады, ары қарай үзіліс болады, өйткені клиент келесі сұрақты күтеді. Мұндай сұрақтар «Ал сіз...?», «Сіз ... жасадыңыз ба?», «Қанша?» деген сұраулардан басталады. Мысалы: «Сіз өзіңіздің сүйіктіңізге не болғанын айтқан ба едіңіз?» немесе «Қанша бауырларыңыз бар?». Сұрақтардың мұндай түрлері барлық уақытта клиентке көмегін тигізбейді.

Сұрақтардың ашық түрін қолдану клиенттің әңгіменің жүру бағытын бақылауына жол береді. Әңгімелесу кезінде ашық сұрақтарды көбірек қоюдың маңызы зор, ал жабық сұрақтардың санын азайту керек.


5.5. Белсенді тыңдау техникасы
Маман әлеуметтік жұмыс қатынасын нәтижелі құру үшін, белсенді тыңдау техникасын меңгеруі тиіс. Оларға:

    • үнсіз тыңдау – күту, әңгімелесушіге қарай еңкею кейіпі, бет әлпетінің қолдау түрі, ары қарай тыңдауға дайын екендігін білдіретін бас изеу.

    • нақтылау - әңгімелесушіні түсіну үшін, әңгімелесушіден айтқандарының ішінен кейбір кезеңдерін толықтыруын өтіну (мысалы, клиент: «Соңғы кездері өзімді жаман сезініп жүрмін» дегенде. «Біраз түсіндіріп өтсеңіз, «өзімді жаман сезініп жүрмін» дегеніңіз нені білдіреді?»).

    • қайталап айту - әңгімелесушінің айтқандарын өз сөзімен мазмұндап беру, әңгіме басында толығырақ, ары қарай – тыңдаушыға маңызды болып көрінген мән-жайларды сақтап бөлу.

    • әңгімелесушінің ойын ары қарай дамыта білу - әңгімелесушінің айтқанының жанама баламасын айту.


6. БАЛАНЫҢ АСЫРАП АЛУШЫ ОТБАСЫНА КІРУГЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫ
6.1. Баланы отбасына беру және дайындау кезеңдері
Дайындық жұмыстарын жүргізу баланың жаңа отбасында ойдағыдай бейімделуінің түрі деп санауға болады. Баланы жаңа отбасына кіруге дайындаудың анықталған этаптары бар.

1. Ең алдымен, баланың алғашқы орналасқан мекемесінде оның дамуының кешенді диагностикасы жүргізіледі. Педиатр, психоневролог және басқа да дәрігерлер оның қазіргі кездегі денсаулық жағдайын зерттейді; дефектолог және логопед оның таным ықыластығын, сөз даму деңгейін, оқу мүмкіндігін зерттейді, психолог - психикалық дамуы мен денсаулығының деңгейі мен күйін зерттейді. Бұл кезеңде ең бастысы әлеуметтік қызметкер баланың өткен өмірі, оның отбасы, отбасынан айырылғаны, құқықтық жағдайы жөнінде ақпараттар жинауы тиіс.

Мамандардың жасаған қорытындысын негізге ала отырып, баланың жеке тұлға ретінде дамуы, оқытылуы, емделуге мұқтаждығы мен қажеттіліктері анықталып қана қоймай, сонымен қатар болашақ өмірі жоспарланады. Қамқорлық мекемесі отбасын қолдау қызметімен бірлесе отырып баланың құқығын қорғау жоспарын құруы тиіс.

Алынған деректер негізінде ересектер жиылысы баланың одан арғы тағдырын талқылайды, баланы жаңа отбасына тапсырылуын немесе баланың құқықтық, денсаулық және психологиялық жағдайы тапсыруды қазіргі уақытта жасалуына кедергі болатындығын шешеді. Сосын баланың одан арғы тағдыры жөнінде шешім қабылданады: асырап алына алатындығы, қамқорлыққа немесе асырап алушы отбасына тапсырылатындығы немесе бала мемлекеттік жетім-балалар мекемесінде болатындығы. Баланың тағдырын шешу кезінде, жақсы, тәртіпті балаларды жібермей, ең алдымен тәртіпсіз, бұзақы балаларды отбасына тапсыруға тырысатын, баланы қоршаған ересектердің қажеттіліктері емес, ең маңыздысы баланың қажеттіліктері ескерілуі қажет. Бұндай жағдайларды болдырмау үшін бала дамуының кешенді диагностикасы қажет.

2. Бұл кезеңде баланың жаңалауына жәрдем болатын жағдайларды құру өте маңызды.

Баланы өмірге дайындау кезінде балаға оның өткен өмірінің тарихын, отбасынан балалар үйіне ауысуын және болашағын айқындап құрып беру маңызды. Бұл балалардың өздерінің өмірінде болған өзгерістерді және алдарында қандай болашақ келетінін түсінуі үшін жасалады. Олардың ата-анасымен неге бірге тұра алмайтындығын және өміріндегі өзгерістердің неден пайда болғандығын түсіндіру маңызды. Ол үшін психологтар келесі әдістерді қолдануды ұсынады: бала өмірінің кітабын құру, баланың өмірлік жолы жайында әңгімелесу және белсенді тыңдау әдістері, баланың өміріне ұқсас келетін әңгімелерді қайталап айту және т.б.

Бала 6 жасқа келгеннен кейін, оған биологиялық және психологиялық ата-ана айырмашылығын түсінуге көмектесу, және де болған оқиғада оның ешқандай кінәсі жоқ екенін түсіндіру қажет. Баланың биологиялық отбасымен тұра алмайтын себептерді бала санасына дейін жеткізу керек. Жаңа отбасына тапсырыла алатын балаға былай деп түсінік беруге болады: «Сен өсіп келесін, сенің сұрақтарың, сұраныстарың да көп, сондықтан сені біз қамқорлыққа алдық. Саған қамқоршы боламын дейтін басқа да ересек адамдар бар, біз оларды іздеп табамыз (таптық)» және осы ой оның санасында қалыптасуы тиіс.

Балалар мекемелеріндегі жұмыстың дайындау кезеңіне, өткен өмір тәжірибесін қайта ойлап түсінуге көмектесетін арнайы терапевтік, психологиялық-педагогикалық жұмыстар кіреді. Осымен бірге психологтар мен оқытушылар баланың сезімдік ерекшеліктерімен, теңбе-тең іс-қимылдарымен, өзін-өзі қабылдау өзекті проблемаларымен жұмыс жасайды, баланың білімділік деңгейінің, зияткерлік өрісінің дамуындағы кемшіліктерді, педагогикалық қараусыздығын түзелтеді. Бұл кезеңде балада жаңа отбасында өмір сүруге қажетті дағдылардың және өзін-өзі бақылау, рефлексия, қатынас дағдыларының қалыптасуы жүреді.

Дайындаудың бұл кезеңінде қорқыныш сезімін азайтуға бағытталған жұмыс жүргізілуі тиіс. Осы кезеңдегі дайындаудың маңызды мағынасы, бұл баланың күтетін жағдайларын басқару. Көптеген балаларда демалыс күндерінде отбасында болған және де, қызметкерлердің үйлеріне қонаққа барған кездерінде отбасының мерекелік бейнесі қалыптасады. Балалар жаңа ата-ананың жақсы болатынына, баланың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ететініне үміттенеді.

Балаға отбасын таңдау үшін, баланың байланыстары мен оның не күтетінін білу керек. Баладан бір үйде кіммен тұрғысы, көрші ретінде кімді көргісі келетіндігі жайында сұралады. Отбасы бейнесін қалыптастыру үшін кітаптар, өлеңдер, әңгімелер, қол астындағы ақпарат құралдарын, баланың өткен және болашақ өмірі туралы әңгімелесулерді қолдануға болады.

Осы әдістердің барлығы баланың жаңа күйін ауыртпалықсыз өткізуге, оның жаңа отбасы боламын деушілер бар екендігіне көз жеткізуге көмегін тигізеді.
3. Баланың биологиялық ата-анасын орнына ата-ана боламыз деуші отбасы табылған кезде дайындаудың келесі кезеңіне өтеміз. Баланың жасына қарай жұмыстың әдістері мен мазмұны анықталады. Бұл жерде екі сатыны бөлуге болады:

Сырттай танысу.

Бұған көп уақыт бөлінбегенімен, көптеген нәрселерді жасауға болады. Талдау мәселесі баланың жасына байланысты. Хаттар және суреттер алмасу – кеңінен таралған түрі. Бала таныс адамдар мен бөгде адамдар айырмашылығын біле бастағанда, оған асырап алушы ата-аналарының суреттерін көрсете бастау керек. Ол суреттер үлкен болғаны дұрыс, дара және бірге. Болашақ ата-аналар балаға бір ойыншық жіберсе және кейін келгенде өздерімен бірге тура сондай бір ойыншық ала келсе, балаға көрсетіп ойнаса жақсы.

Жеке танысу.

Бұл этаптың ойдағыдай өтуі бірінші кездесудің уақыты мен өтетін жеріне байланысты. Баланың ерекшелігіне, мекеменің жағдайына байланысты алғашқы кездесу өтетін жер таңдалады.

Сұрақтардың толығымен рәсімделуіне дейін (тапсыру келісім шарты құрылуы, сот шешімі немесе қамқорлықты тағайындау жөнінде шешім қабылдануы) бала болашақ ата-анасының үйінде тұруы әбден мүмкін, егер қарама-қайшылықтар туындаса балаға жақын ересек адамы делдал ретінде жұмыс атқарады. Болашақ ата-анасымен қатынастарды, алғашқы байланысты орнатуға бірге уақыт өткізу (ойын ойнау, кітаптарды оқу, теледидар көру), тамақтану кездері үлкен жәрдемін тигізеді.

Асырап алуға дайындау тәжірибесінде жаздық демалыс кездерінде балалардың асырап алушы отбасыларында болуы қарастырылған. Бұл балалардың жаңа ересек адамдармен жақын танысуына, отбасы өміріне қосылуына мүмкіндік береді. Ересек адамдардың баланы жақсы танып білуіне, шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Осының барлығы балаға жаңа ата-ана іріктегенде қателік жібермеуді қамтамасыз етеді.
6.2. Баланың жаңа отбасында бейімделуі
Баланың жаңа отбасында бейімделуіне отбасын қолдау орталығының мамандары көмектеседі. Осы кезеңде бала мен ата-аналарға көмек көрсету үшін, бейімделу процесінің ерекшеліктерін жетік білу қажет.

Жаңа деңгейге түскенде асырап алынушы бала мен оның жаңа ата-анасы бейімделу күйінде болады. Бейімделу дегеніміз – адамдардың бір-біріне, өзгерген жағдайларға, мән-жайларға үйренуі.

Жаңа отбасындағы бейімделу екі жақты болып келеді, өйткені жаңа жерге келген бала да тұрмыс жағдайлары өзгерген ата-ана да бір-біріне үйренеді.

Балаларда бейімделу әр түрлі болып өтеді. Бұл жерде көбіне баланың жасына және мінез құлқына байланысты. Баланың өткен өмірі маңызды рөлге ие. Бірінші сәбилер үйінде сосын балалар үйінде өскен баланың жаңа отбасына бейімделуі, бұрын отбасында өскен сосын балалар үйіне келген баланың жаңа отбасына бейімделуінен айырмашылығы үлкен. Олардың әр қайсысының алғашқы көңіл күйі түрліше болады. Олардың біреуі көзіне көрінгеннің бәрін қолымен ұстап, көзімен көруге ұмтылады, егер де қасында басқа адам болса, қоршағанның бәрін көрсетуін және түсіндіруін сұранады. Біреулері жаңа жерде қорқып ересек адамға тығылады, жаңадан көрінген әсерлерден қорқа бастайды. Тағы біреулері заттарға қарап, оларды ұстауға, қозғауға қорқып тұрады. Ересек адамнан бір затты алғанда, оны өзіне қысады немесе бір жерге тығып қояды, ол затты жоғалтуға қорқады.

Біріншіден, баланы қорқытатындай және жағымсыз сезімдер пайда болатындай жағдайларды туғызбау қажет. Ол бұрын бала көрмеген үй жануары да болуы мүмкін. Баланың отбасы мүшелеріне деген әрекеті де әр түрлі болуы мүмкін. Біреулері ата-ананың екеуіне де бірдей көз қараспен қарайды. Көптеген жағдайда бала ата-ананың біреуін екіншісінен көбірек бағалайды. Біреулері - әкесін таңдап, анасына көңілін аз аударады, ал басқалары керісінше, әйел адамға тартылады, үшінші біреуі әжесіне тартылуы мүмкін.

Осы айырмашылықтарға қарамастан балалардың қатынастарында белгілі бір заңдылықты байқауға болады. Баланың көңіл күйі мен қатынасы бірқалыпты болмайды, уақыт өте келе жаңа жерге үйреніп ауысады. Психологтардың белгілеуіне қарағанда баланың жаңа жерге бейімделуінің бірнеше сатысы бар.


Бірінші сатыны «Танысу» немесе «Бал айы» деп сипаттауға болады.

Бұл жерде бір біріне озық жақсы қараушылық белгіленеді. Ата-аналар өзінің жиналған сүйіспеншілігін балаға бергісі келеді. Бала өзінің жаңа жағдайынан ризалық сезінеді, ол жаңа отбасында өмір сүруге дайын. Ол ересек адамдардың айтқанының бәрін ризалықпен орындайды. Көбісі ата-анасын бірден ана, әке деп атайды. Бірақ бұл баланың оларды жақсы көргені емес, жақсы көруге тырысуы болып келеді.

Бала бір кезде қуаныш пен қорқыныш сезімдерін сезеді. Бұл көптеген балаларда безгекше қалтырау жағдайын туғызады. Олар әбігер, бір затта көңілін көп ұстап тұра алмайды, мақтаншақ болып келеді. Отбасылар алдында күтпеген мәселелермен соқтығысады. Кейбір асырап алушы ата-аналарда отбасыларына келген баланың өздері елестеткен баладай болмағанына реніш сезімі туа бастайды.

Әр жаңа отбасында күмән, көтеріліс және түсім, қорқыныш және толқу процестері болып тұрады. Алдарында қандай күтпеген жағдайлар күтіп тұрғанын ешкім де айта алмайды.

Екінші сатыны «Өткенге қайта оралу» немесе «Шегініс» деп атауға болады.

Бірінші әсер қайтты, желік өтті, белгілі бір тәртіп орнады, отбасы мүшелерінің бір біріне бейімделу процесі басталды. Бала бұл басқа отбасы екенін, бұл жерде басқа ережелер екенін түсінеді. Жаңа қатынастарға бірден үйрене қоймайды. Ол ережелер өзіне жаңа болғандықтан бағынған еді. Жаңалықтар бітті, ол енді өзін бұрыңғыдай ұстай бастайды, айналасындағы адамдарға не ұнап, не ұнамайтынын байқайды.

Психологтардың белгілеуіне қарағанда, бұл сатыда балаларда келесі симптомдар байқалады: тазалыққа ұрынуы немесе керісінше ұқыпсыздыққа, қауіпсіздік немесе бостандық сезімдері, өзінің денсаулығына тым қатты көңіл бөлуі, шағымдардың артуы, сезімталдықтың жоғарылауы, жаңа нәрселерден бас тартуы, қорқыныш немесе шаршау, жылау мен ашулану, депрессия белгілері және т.б.

Бұл айларда психологиялық кедергілер пайда бола бастайды: темпераменттердің, мінез құлықтардың, ата-ана мен баланың әдеттерінің сыйыспаушылығы.

Балалар үйінде өскен баланың ол жерде тұрған кезінде өзінің отбасының идеалы қалыптасады, әкесі мен анасын күтумен жүреді. Мереке, ойын, қыдыру сезімдері сол идеалмен байланысты. Ересектер өзінің тұрмыстық мәселелерімен балаға уақытын бөле алмайды, баланы есейді деп өздігінен қалдырады («Бар, ойна, бір нәрсемен айналыс...»). Керісінше баланы тым қатты қамқорлыққа алып, оның әрбір басқан қадамын қадағалайды.

Мұндай мәселелермен соқтығысқан көптеген ата-аналардың баланың оларға қажет нәрсені жасауына дейін шыдамы мен күші жетпейді. Әсіресе кезеңде бұл қатты айқындалады: баланың жас ерекшеліктер білімінің жоқтығы, байланыс жасай білуі, сенімдік қатынастар, сөйлесу стилінің керектігін таңдау. Өзінің өмірлік тәжірибеге жүгіну әрекеттері көптеген жағдайда ешқандай нәтиже бермейді.

Ата-аналардың баланы тәрбиелеуде қарама-қайшылық көз қарастары туады, бұл педагогиканың әсері, балаға деген талаптарының жоғарылауы немесе қайта төмендеуі. Тәрбиелеу процесі туған кемшіліктерді түзелту болып қарастырылады. Қарым-қатынас шынайылылығы, сөйлесу кезіндегі қуаныш жоғалады. Баланы өзіне бағындыру сезімі туады. Баланы шынайы қабылдамай, оның абыройы кемітіледі.

Кейде осы кезеңде бала өзінің мінез-құлқын жасына сәйкеспейтін деңгейге дейін шегінеді. Олар өте талапты және қыңыр болады, өзінен кіші балалармен ойнағысы келіп, оларды өзіне бағындырады. Басқалары өзінің айналасындағылармен жаулық қарым қатынаста болады.

Жаңа жағдайларға үйренген бала асырап алған ата-анасын қанағаттандыратын іс-әрекетінің жаңа жолдарын іздестіре бастайды. Бұл ізденіс барлық уақытта нәтиже бермейді. Өзіне назар аудару үшін бала мінез-құлқын күтпеген бейнеге өзгертуі мүмкін. Көңіл күйі көтеріңкі, белсенді бала кенеттен қыңыр, жиі және көп жылауы, ата-анасымен немесе бауырларымен төбелесе бастайды, бұны ол қасарысып істейді. Ал тұйық, жабырқаңқы бала, айналасындағыларға ықыластық білдіреді, әсіресе оны ешкім бақылап тұрмаған жағдайда.

Баланың іс-әрекеттерін бақылауға алған жөн, оның себептерін түсініп, мамандардан, психологтардан немесе өзі сияқты асырап алушылардан көмек сұраған маңызды.

Бейімделу кезеңінің қиыншылықтарынан ойдағыдай өту – баланың сырт келбетінің өзгеруін айқындайды: баланың бет әлпетінің түсі және түрі өзгереді, күлімсіреу мен күлу жиі пайда болады. Бала да сергектік сезімі туады, бала «гүлденеді». Бірнеше рет аталып өткендей, балаларды ойдағыдай асырап алудан кейін балалардың «жаңа» шаштары өсе бастайды (күңгірт шаш орнына жылтыр шаш өседі), көптеген аллергиялық құбылыстар жойылады, энурез жоғалады, бала ет ала бастайды.

Үшінші саты – «Бейімделу» немесе «Баяу қалпына келу». Егер алдында бала өзінен кіші балалармен ойнаса, қазір ол өзінің құрдастарымен қарым-қатынас іздей бастайды. Қызбалық жоғалады, балалар әзілдейді және өзінің мәселелері мен қиындықтарын ересек адамдармен талқылайды. Бала отбасындағы ережелерге үйренеді. Ол өзін тұған отбасында өскен бала секілді еркін ұстайды. Отбасының барлық шаруасына белсенді қатысады. Өзінің өткен өмірін әсерсіз есіне алады.

Ол өзін еркін сезінеді, дербес және тәуелсіз бола бастайды. Көп балалардың сыртқы көрінісі де өзгереді, көзқарасы мәнерлене бастайды. Олардың сана-сезімдері де өзгереді: ұстамсыздары – ұстамды, ұяңдары – ашық бола бастайды. Егер бала өзіне деген қарым-қатынасының жақсы болғанын сезетін болса, ата-анасына сүйіспеншілік сезімі туады.

Егер де ата-аналар бала жүрегіне жол таба алмаса және сенімдік қарым-қатынастарын орната алмаса, бұл баланың бұрыңғы кемшіліктерін (босқыншылық, тұйықтық, ұстамсыздық) немесе зиянды әдеттерін (ұрлық, темекі шегу, босқыншылық) асқындырады. Сонымен бірге кекшілдік немесе жәрдемсіздігін көрсетеді, өзіне назарын аударуды талап етеді немесе қыңырлық танытады. Яғни айтқанда әр бала қолайсыз сыртқы ықпалдардан қорғану үшін жол іздейді.

Жарты жыл өткеннен кейін осы ұзақ уақыт «шыдаған» отбасы қанша болса да өмір сүреді. Ата-аналар өзінің отбасындағы рөлін қанағат тұтады, көбісі баланың отбасына үйренгендігіне көңілі толығады.

Сонымен, кез келген қарым-қатынасты құру үшін уақыт керек. Бірегей сабақтар, ойындар, әңгімелесулер: балаға өзінің ішіндегісін айтуға мүмкіндік беру, оның мәселелерін түсіну, бала абыржыған жағдайда көмек пен қолдау көрсету, ауырған жағдайда күту және қамқорлық көрсету. Уақыт келе осылардың барлығы асыранды бала мен жаңа ата-ана арасындағы сезімдік жақындықты құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет