6.3. Жақсы көрушілік және оның бұзылуы.
Асырап алған отбасында баланы жақсы көрудің қалыптасу шаралары
Балаға отбасы іріктеу кезінде баланың жақсы көру сезімінің даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осы сезімнің дамуы балалар мен жеткіншектердің асырап алушы отбасымен өзінің қарым-қатынасын құруға көмегін тигізеді.
Жақсы көрушілік – адамдар арасындағы көп уақытқа созылатын сезім байланысында құрылатын өзара процесс. Ересек адамдарға жақсы көру сезімін сезу ұнайды, алайда олар онсыз да өмір сүре алады. Ал балалар ересек адамға деген жақсы көрушілік сезімін қажет етеді. Олар ересек адамға деген жақсы көру сезімінсіз толығымен жетіле алмайды, өйткені олардың қауіпсіздік, дүниетаным, даму сезімдері оған тәуелді. Дұрыс жақсы көрушілік балада ар-намыс, өз-өзін сыйлау, өзінің және басқаларының сезімдерін түсіну қабілеттерін дамытады және басқа адамдармен тіл табыса алуға көмектеседі.
Позитивтік жақсы көрушілік дамудың кешігу қаупін төмендетеді.
Жақсы көрушіліктің бұзылуы баланың әлеуметтік байланысына ғана емес, сонымен бірге оның ой-өрісінің, денесінің, сезімінің дамуына кедергі тигізеді.
Балалардағы жақсы көрушіліктің қалыптасуы.
Бұл сезім туғаннан пайда болған жоқ. Жақсы көрушіліктің қалыптасуы келесі механизм көмегімен жеңіл түрінде айқындауға болады: Емшектегі бала қарны ашқанда жылай бастайды, өйткені ол өзін жайсыз сезінеді, ол уақытта ата-анасы баланың қарны ашқандығын түсініп, оған тамақ береді. Тап осылай баланың басқа да қажеттіліктері де қанағаттандырылады: құрғақ жайалықтар, жылы ықылас, сөйлесу. Қажеттіліктері қанағаттана келе баланың өзін күтетін адамға деген сенімділігі туады. Осылайша жақсы көрушілік сезімі қалыптасады.
Жақсы көрушілік сезімі, баланың айналасындағы адамдардың оған көзқарасынан дамиды. Осылай 3 айлық баланың «сергектік кешені» пайда болады (ол ересек адамды көрген кезде күлімсірей бастайды, қолын және аяғын қимылдатады, қуаныш дыбыстарын шығарып, ересек адамға қарай ұмтылады). Бала 6-8 айға келгенде отбасы мүшелерін бөтен адамдардан айыра бастайды. Бұл жасында ол анасына қатты байланған, егер атасы мен әжесін жиі көрмейтін болса, танымауы да мүмкін.
Бала-ата-ана байланысының қалыптасуы, даму сатысы.
-
теңсіз байланыстардың сатысы (1,5-6 ай) – сәбилер өзінің анасын ажырата біледі, алайда басқа ересек адам қолына алғанда тынышталады. Бұл сатыны бастапқы бағдар деп те атайды, бала көзімен аңдиды, әр адамға күлімсірейді.
-
өзіне тән байланыс сатысы (7-9 ай) – бұл сатыға анасына деген алғашқыда қалыптасқан байланыс сезімінің қалыптасуы мен бекітілуі сай. (сәби анасынан айырылса наразылығын білдіреді, танымайтын адамдардың арасында болса мазасызданады)
-
көптеген байланыстар сатысы (11-18 ай) – бала өзінің анасына деген алғашқы байланыс сезімін негізге ала отырып басқа жақын адамдарға байланыс сезімін көрсетеді, бірақ анасын «сенімді база» ретінде қолданады. Бала еңбектей немесе жүре бастағанда бұл көзге түседі.
Бала 2 жасқа келгенде біздікілер мен басқаларды жақсы айыра алады. Туысқандарын көп уақыт көрмесе де суретте таниды. Сөйлеу қабілеті жақсы дамыған болса, отбасындағы кімнің кім екендігін айтып бере алады. Отбасы қолайлы жағдайда және дамуының біркелкілігі болса қоршаған ортамен қарым-қатынасқа дайын, жаңа таныстықтарға ашық. Есік алдында ойнап жүрген балалармен қуана танысады және олармен бірге ойнайды.
Баланың байланыс сезімінің қалыптасуы оның жасына, балалар мекемесіне келген уақытына, отбасылық жағдайының ерекшелігіне (егер отбасында өскен болса), баланың темперамент ерекшеліктеріне, мүшелік кемшіліктердің болуына да байланысты.
Байланыс сезімінің бұзылу салдары мен психологиялық көріністері.
Байланыс сезімінің бұзылу көріністерін бірнеше белгілерден анықтаймыз:
-
Баланың қоршаған ортамен байланысқа түскісі келмейтіндігі. Бала ересек адамдармен байланысқа түспейді, олардан алыс жүреді, сипайын десе қолын итереді, көзіне қарамайды, көзбе көз қарасудан қашады, ұсынылған ойындарға қатыспайды, алайда бала ересек адамға «білдірмегендей» назарын аударады.
-
Апатикалық немесе төмен деңгейде көңіл күйі қорқақтық, сақтық, жылауық.
-
3-5 жастағы балаларда аутобасқыншылық көрінеді (өзіне деген басқыншылық – балалар басымен дуалға, еденге ұрады, өзін-өзі тырналайды және т.б.). Басқыншылық және аутобасқыншылық балаға көрсетілген зорлықтан, сонымен бірге басқа адамдармен қарым-қатынас құруда жағымды тәжірибенің болмағандығынан туындауы мүмкін.
-
«Диффузиялық үйірлік», ересектермен ара қашықтық сезімінің жоқтығында, барлық тәсілдермен өзіне назар аударуды қалауында көрінеді. Мұндай мінез-құлық көбінесе «жабысқақ мінез-құлық» деп аталады, ол мектеп жасына дейінгі балаларда, бастауыш мектеп оқушыларында, интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерінде байқалады. Олар кез келген жаңа ересек адамға жабысады, қолына алғызады, құшақтайды, оны ана (немесе әке) деп атайды.
Балалар мекемелерінде тәрбиеленетін балалар отбасында өскен балалардан дамуында ғана емес, сонымен бірге бойы мен салмағынан да артта қалған.
Балаларда байланыс сезімінің қалыптасуының бұзылу себептері.
1. Балаларда байланыс сезімінің қалыптасуының бұзылуының басты себебі, бұл ерте жастағы жетіспеушілік. Депривация (deprivato – айрылу) – бұл өзінің негізгі психологиялық қажеттіліктерін керекті мөлшерде қанағаттандыру мүмкіншілігін ұзақ уақытқа дейін шектеу нәтижесінде пайда болған психологиялық жағдай.
Баланың қалыпты дамуына қажетті шарттарды атап көрсетуге болады және олардың жоқтығынан пайда болатын жетіспеушілік түрлері:
-
Қоршаған орта туралы толық ақпарат, ол түрлі арналардан алынады: көру, есту, түйсіну (жанасу), иіс сезу – оның кемшілігі сенсорлық (сезімдік) жетіспеушілікті туғызады.
-
Оқу және дағдыларды жинау қанағаттанарлық жағдайларының жоқтығы, бұл жағдай айналада болып жатқанды реттеуге, түсінуге мүмкіндік бермейді және когнитивтік (танымдық) жетіспеушілікті туғызады.
-
Ересек адамдармен сезімдік байланыстардың, ең алдымен анасымен, жетіспеушілігі, сезімдік жетіспеушілікті туғызады.
-
Қоғамдық ережелермен, нормалармен танысу және әлеуметтік рөлін меңгеру мүмкіндігін шектеу, әлеуметтік жетіспеушілікті туғызады.
Сөйлеу дамуының, әлеуметтік және тазалық дағдыларын меңгеруінің кешігуі жетіспеушіліктің салдары болып табылады. Балалар мекемелеріне ерте кезден түскен балаларда жоғарыда көрсетілген жетіспеушілік түрлерінің барлығы кездеседі. Жас кезінен бастап олар даму үшін керекті ақпараттарды толығымен алмаған.
Когнитивтік (зияткерлік) жетіспеушілік баланың өзіне тәуелсіздігінің салдарынан туындайды. Сондықтан да балалар алғашқыдан өзінің тәуелсіздігіне дағдыланады, бұл күнделікті деңгейде ғана емес, сонымен бірге маңызды сұрақтар туындағанда өзін-өзі анықтауы қиындыққа соғады. «Кім болғын келеді?» немесе «Қай жерде оқығың келеді?» деген сұрақтар қойылғанда, олар көбіне «білмеймін» немесе «қай жерді айтса» деген жауаптар қайтарады.
Сезімдік жетіспеушілік балалардың қарым-қатынаста болған ересектердің сезімділік кемшілігінің салдарынан туындайды. Ол өзінің іс-әрекетіне сезімдік лебіз ала алмағандықтан тәжірибе жинай алмайды, мысалы, кездескендегі қуаныш сезімі. Осылайша бала өзінің іс-әрекеттерін реттеуді үйрену мүмкіндігін ала алмайды, өзінің сезімдеріне сене алмайды, бала көз байланысынан қаша бастайды. Жетіспеушіліктің осы түрі асырап алынған баланың бейімделуін қиынға түсіреді.
Әлеуметтік жетіспеушілік балалардың әлеуметтік рөлдерді ойын жүзінде практикалық мағынасын түсіну мен үйрену мүмкіндіктерінің жоқтығынан туындайды: әке, ана, әже, ата, балалар үйіндегі тәрбиелеуші, дүкендегі сатушы, басқа да ересек адамдар. Балалар мекемесінің жабық жүйесі қосымша қиындық енгізеді. Балалар қоршаған орта туралы отбасында өскен балаларға қарағанда өте аз біледі.
2. Отбасындағы қарым-қатынастардың бұзылуы екінші себеп болуы мүмкін (егер бала отбасында өскен болса). Баланың отбасында қалай өскендігі, ата-анасымен қарым-қатынасы қалай құрылғандығы, отбасында сезімдік байланыс болғандығы, немесе ата-анасы баласын қабылдамауы, бұлардың барлығының мағынасы бар. Бала қалаулы болды ма. Баланың ата-ана мен баланың арасында қарым-қатынасы бар отбасында өсуі жаңа байланыстың қалыптасуына өте қолайлы жағдай. Және керісінше, қарым-қатынасты көрмей өскен баланың жаңа ата-анаға үйренуі өте қиын.
3. Баланың басынан өткен зорлық тағы бір себеп болып табылады (дене, сексуалды және психологиялық). Отбасында зорлық көрген балалар, өзінің қатыгез ата-аналарына қатты байланыста болуы мүмкін. Біріншіден зорлық өмірдің мөлшері ретінде қалыптасқан отбасында өскен балалар (жеткіншек жасқа жеткенге дейін), қарым-қатынастың басқа түрін көрмеген. Жас кезінен ұзақ уақыт бойы зорлық көрген балалар жаңа қарым-қатынастардан да соны күтеді.
4. Менсінбеу (баланың дене немесе әсерлі қажеттіліктерін қанағаттандырмау) байланыс сезімінің бұзылуының бір себебі. Менсінбеу – бұл ата-ананың немесе баланы күтушінің баланың тамақта, киімде, үйінде, медициналық күтілуде, білім алуда, қорғауда және қадағалауда басты қажеттіліктермен қамтамасыз ете алмауы.
5. Байланыс сезімін қалыптастыруға ата-анасымен кенеттен немесе ауыр айрылуы қатты әсерін тигізеді. Ата-анасының, тәрбиелеушісінің өлімі, әсіресе зорланып өлуі, бала үшін өте ауыр тиеді. Жақын адамның өлімімен соқтығысу кезінде кез келген адам үшін, ал балаға ерекше, екі жақты болып көрінеді: біріншіден – адам өзінің жақын адамының өліміне куәгер болады, ал екіншіден өзінің де өле алатынын сезеді.
6. Баланың мекен-жайын жиі ауыстыруы байланыс сезімінің қалыптасуына әсерін тигізеді. Көшу барлық балалар үшін өміріндегі оңай кезең емес. Бұндай кезең 5-6 жастан үлкен балаларға өте қиын. Оларға бір жерге бару керектігін елестету қиын, ол жақта жақсы болады ма жаман болады ма олар білмейді, жаңа жердегі өмірлері ескіден айырмашылығы қандай болады. Жаңа жерде балалар өз-өзін жоғалғандай болып сезінеді, ол жерде жаңа достар таба алады ма білмейді.
Баланың алғашқы екі жасына дейін жоғарыда көрсетілген факторлар орын алса және бірнешеуі бір уақытта үйлесіп келсе, байланыс сезімінің бұзылу қауіпі өседі.
Ата-ана бала отбасына келісімен, өзінің жағымды сезімдік байланыс сезімін көрсетеді деп есептеу қателік болып саналады. Балада байланыс сезімінің қалыптасуы әр уақытта көптеген мәселелер тудырады, оларды жеңе білу біріншіден ата-анасына байланысты.
Байланыс сезімінің бұзылуын жеңу жолдары.
1. Отбасының бірліктегі суретін қалыптастыру.
Баланың сезімі мен ықпалы ересек адамдар үшін маңызды екендігі, белгілі бір шешім қабылдағанда есептелінетіні, балалар өзінің қажеттілгі жөнінде айта алатыны және сол қажеттіліктер мүмкіндігінше орындалатыны бала үшін өте маңызды. Асырап алушы ата-аналар өзінің іс-әрекеттерінде және балаға деген қатынасының жүйелі болғаны өте маңызды.
Бала өзінің іс-әрекеттерін бақылай білуі үшін оған бірәз көмек көрсету керек: рұқсат етілген шекараларды орнату, бұл шекаралар екі жақты болуы тиіс, біріншіден баланың түсінігіне оңай болуы қажет, екіншіден баланың іс-әрекеттеріне шектеу қоятындай болуы қажет.
Отбасы құрылым түсінігінде ең бастысы оның ішіндегі қабылданған ережелер болып табылады. Бұл ережелер ғаламдық, немесе бір қарағанда маңызы аз, бірақ отбасы үшін өте маңызды болуы мүмкін. Бұл ережелер ата-аналардың өздерінің іс-әрекеттеріне қайшы келмеуі тиіс, өйткені ондай ережелерді баланың да орындауы екі талай.
Балалар үйінде тәрбиеленген бала үшін өзі білетін қарым-қатынастардан басқа да қарым-қатынастар түрлерін көргені пайдалы. Ол үшін бала ата-анасының арасындағы қарым-қатынасты көруі қажет. Егер отбасында басқа балалар да болса, ол асыранды бала үшін үлкен қор, өйткені балалар өздерінің құрдастарына қарап көп нәрсені түсінеді және үйренеді, туысқан арасындағы қарым-қатынас.
2. Әлемге сенімділікті қалыптастыру.
Балалар үйінен алынған балалардың асырап алынған отбасындағы ересек адамдармен сенімдік қарым-қатынасты құру қиын. Осындай қарым-қатынастарды құруда балаға көмек көрсету қажет.
Бала мен ересек адамның арасындағы жағымды өзара қарым-қатынасты қалыптастыруға көмегі тиетін негізгі іс-әрекет кезеңдері:
-
әрдайым баламен тынық, назды екпінмен сөйлесу қажет
-
әрдайым баланың көзіне қарау, ал егерде ол теріс қарайтын болса, оның көзқарасы сізде болуы үшін тырысып көру
-
әрдайым баланың қажеттілігін қамтамасыз ету, егер де ол мүмкін болмаса, балаға неге болмайтындығын жайлап түсіндіру
-
бала жылаған уақытта, қасына келіп, себебін анықтау қажет
Байланыс жанасу, көзбе көз қарау, бірегей іс-әрекеттер, әңгімелесу, өзара қарым-қатынас, тамақ пен ойында бірге болудың көмегімен дамиды.
Ересек адамнан не күтуге болатынын білу үшін және олармен өзара позитивті қарым-қатынас тәсілдерін құру үшін балаға уақыт қажет.
Отбасына келген уақытта бала ақпараттарды қажет етеді:
-
енді менімен бірге тұратын адамдар кімдер;
-
олардан не күтуге болады;
-
бұрын бірге тұрған адамдарды мен көре аламын ба;
-
менің болашағым туралы шешімдерді енді кім қабылдайды.
Өзінің өткен өміріне байланысты қатты сезімдерді, қайғы, ашу, ұят және т.б. сезе білуі әбден мүмкін екендігін баланың білуі өте маңызды. Ол сезімдер ұялағанда не істеу қажеттігін көрсету керек:
-
сені мазалайтын ойларды анаңа келіп айта аласың;
-
өзінің сезіміңнің суретін салуға болады, сосын онымен не істегің келсе істе – суретті жыртуыңа болады;
-
егер ашуың келсе қағаз парағын жыртсаң болады (ол үшін арнайы «ашу қағазын» салуға болады – ашудың бейне көрінісі);
-
жастықты немесе боксерлік грушаны ұруыңа болады;
-
егер қайғылы болсаң, жылауыңа болады және т.б.
Сенімді қалпына келтіруде бала мен ересек адамның арасындағы дене байланысы үлкен рөл атқарады. Балалар үйінен отбасына келген балалардың көбісі ересек адаммен қарқынды дене байланысына өздері ұмтылады: тізесінде отырғанды жақсы көреді, өзін қолмен көтеріп жүруін, тербетуін сұранады. Уақыт өте келе мұндай байланыс қарқыны бәсеңдейді, бала балалық шағында ала алмағанын толықтырғандай «тояды».
Алайда балалар үйінде тәрбиеленген балалардың үлкен бөлігі мұндай байланысқа ұмтылмайды, кейбіреулері тіпті олардан қорқады, ересек адамнан шеттенеді, жанасулардан селт ете түседі. Бұл балалардың ересек адамдармен қарым-қатынасында негативтік тәжірибесі болуы мүмкін – дене және сексуалды зорлық көру салдары.
Балаға дене байланысын дамыту үшін бірнеше ойындар ұсынуға болады.
Сонымен бірге, балаға ойындардың бірнеше түрін және өзара қарым-қатынастардың тәсілдерін ұсынуға болады, олар баланың отбасына қатысты сезімдерін қалыптастырады (мысалы: тығылмашақ, бұл ойында ересек адамның біреуі баламен бірге тығылады).
-
туған күнді ғана емес, асырап алынған күнді де тойлау;
-
балаға бір зат алған кезде, анасының (әкесінің) затына ұқсасын;
-
бала «өмір кітабын (албомын)» жасаңыз және онымен бірлесе отырып толтырып жүріңіз. Басында бала тәрбиеленген балалар мекемесінің және асырап алу кезіндегі суреттері, содан кейін бірлескен үй өмірінің суреттері мен әңгімелері болсын.
3. Мамандардың кеңестері (психолог, невропатолог).
Невропатолог баланың отбасында байланыстың қалыптасуы мен бейімделу мәселелерін қозғыштықтың артуымен байланысты мәселелерден айыруға көмектеседі. Психолог баланың даму деңгейін бағалауға көмектеседі, баланың дамуындағы және іс-әрекеттеріндегі қандай мәселелер жетіспеушілік салдарынан болғандығын болжай алады, мысалы, ол мәселелерді шешу жолын ұсына алады, оған баламен сабақ жүргізуі кіру мүмкін, баламен қарым-қатынаста сіздің іс-әрекетіңізді құрып береді.
4. Ойын терапиясының әдістері (ойыншықтарды қолданып әр түрлі жағдайлар ойлап тауып ойнау), арттерапия, сказтерапия (терапевтикалық әңгімелерді ойдан шығару).
Бұл әдістер әмбебап болып келеді және байланыс сезімінің қалыптасуының бұзылуында ғана қолданбайды.
Балада байланыс сезімінің қалыптасқандығы жөнінде бірнеше белгілер:
-
балаға күлімсіреп қарағанда, ол күлімсіреп жауап береді;
-
адамның көзіне қарауға қорықпайды және көзқараспен жауап береді;
-
ересек адамның жанында болғысы келеді, әсіресе қорыққанда және ауырғанда, ата-анасын «берік кемежай» ретінде қолданады;
-
ата-анасының жұбатуларын қабылдайды;
-
ата-анасымен ажырағанда өзінің жасына сай қорқыныш сезінеді;
-
ата-анасынан нұсқаулар мен кеңестерді қабылдайды.
Отбасында баланың бейімделуі кезінде ол ата-аналарына байланысының түрлі сатысынан өтеді. Бала отбасына келгеннен бастап ата-анасынан айырылуға, орнықты сезімін жоғалтуға қорқады, және өзінің ата-анасына деген байланыс сезімін көрсетеді, бұл тек алғашқы кездерде ғана, бұл «бал айы» бітеді, бала өзін еркін сезіне бастайды, осы кезде проблемалар туындайды, оның ішінде оның байланыс қалыптасуының проблемалары. Тағы да бір қайталап өтеміз, отбасында өскен бала, ата-анасымен қандай-да болса қалыпты қарым-қатынас құру тәжірибесі бар бала жаңа ата-анасымен қарым-қатынасты оңай құра алады. Және керісінше, ондай тәжірибесі жоқ бала, ұзақ уақыт бойы балалар мекемесінде өскен, үнемі оған назар аударатын адама болмағандықтан, жаңа ата-анамен қарым-қатынас құруда қиындықтар сезеді.
7. АСЫРАП АЛУШЫ АТА-АНАЛАРДЫ
ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ
7.1. Асырап алушы отбасының бейімделу ерекшеліктері
Бейімделу кезінде асырап алушы отбасы анықталған мәселелерді көреді. В.В.Барабанова асырап алушы отбасының проблемалық аймақтарын анықтайды:
-
асырап алушы отбасы жағдайындағы туған блалардың даму ерекшеліктері, олардың жеке әсерлі амандығы мен дамуы;
-
отбасының жаңа мүшелерінің психологиялық сыйысушылығы;
-
ата-аналарда тәрбиелеу нәтижелерімен қанағаттанбағандықтарынан өзінің кінәлі сезінуі;
-
баланың отбасынан кету және ата-ананың баладан айырылу құқықтары;
-
отбасындағы өзара қарым-қатынастың, отбасылық рөлдердің өзгерулері;
-
ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынас мәселелері.
Самара қаласының және облысының мамандандырыған орталық мамандары асырап алушы ата-аналардың негізгі мәселелерін анықтады:
Ата-аналардың өзіне деген сенімсіздігі мен қорқынышы: бір нәрсені дұрыс істемеуден, «егер тәрбиелеу қолдарынан келмесе», баланы балалар мекемесіне қайтып бере алмайтындығынан, айыпталынудан қорқады.
Ата-аналардың асыранды балаларына деген жауапкершілігінің өсуі: көп жағдайда ата-аналар асыранды бала үшін жауапкершілікті алуға дайын емес. Егер асыранды бала ауырса үйге дәрігер шақырылады, ал туған баласында осы симптомдар байқалса, ата-анасы өзі емдеуге тырысады.
Асыранды баланың ата-анасының көңілінен шықпауы: асыранды баланың дамуы, іс-әрекеттері ата-анасының күткеніндей болмауы.
Баланы қабылдау дәрежесі: баланың кемшіліктері мен артықшылықтарын теңбе-тең қабылдап, онымен жағымды қарым-қатынаста болу. Бұл процесс өте маңызды, өйткені бала мен асыраушы ата-ана арасында өзара қарым-қатынастардың қалыптасуы үшін негіз болып табылады.
Асырап алушы отбасында баланың орны: өзінің жаңа рөлін меңгерудегі қиыншылықтар: отбасы мүшесі, баласы немесе қызы.
Асыранды балалар мен туған балалар арасындағы қарым-қатынас: көптеген отбасы тәжірибесі асыранды және туған балалар қарым-қатынасының екі айқын түрі бар:
-
Асыранды және туған балалардың айырмашылығы көзге өте қатты түседі, ата-аналар туған балаларын асыранды балалармен салыстырады. Салыстыру кезінде «жаман» бала амалсыздан жаман болып қалады. Ата-аналар сақтана бастайды, тыйым салады, қорқытады – одан бас тартады деген қорқыныштан бала жаман қылықтар жасайды.
-
Ата-аналар балаларға бірдей көз қараспен қарайды, барлығының өмір деңгейі бірдей.
Тәған балалардыың жағдайының қиындығы белгіленеді: олар ата-анасының назарының және сүйіспеншілігінің жартысынан айырылады. Сондықтан оларды ата-аналарына жақтас ету қажет, асыранды балаларды қолдауда және көмек көрсетуде серіктес болуы қажет. Бұл баланы отбасына алу шешімін қабылдағанда айқындалады. Егер туған балалар өзінің отбасындағы жағдайының берік болғандығына сенімді болса, яғни айтқанда ата-анасы оларды бұрыңғыдай жақсы көретін болса, олар ата-анасына көмек бере алады. Туған балалардың арқасында асыранды балалар ата-анасымен қарым-қатынасқа үйренеді.
Семья Г.В. ата-аналардың іс-әрекетінің екі қарама-қарсы стратегиясын бөледі: 1 – асыраушы ата-аналар балаларына барлығын рұқсат етеді және оларды еркелетеді; 2 – керісінше, асыранды балаларына қатаң және талапты (бұндай ата-аналар көбірек).
Мамандар жағынан ақпараттың жетіспеушілігінен, көптеген ата-аналар асыранды баласымен болып жүрген жағдайларды түсінбейді және түсіндіре алмайды. Мысалы, сексаулды немесе әлеуметтік тежеу, психосоматикалық және өткен қатынастар мәселелері.
Отбасылар арнайы дайындықты қажет етеді. Бірге өмір сүрудің алғашқы апталарында көмек көрсету өте маңызды. Ары қарай мамандармен отбасын қолдау жеке бағдарламасы өңделуі тиіс. Мамандармен тығыз байланыста жұмыс жасау, ата-аналардың хабардар болғанын қамтамасыз етеді және де баланың бейімделу нәтижелерімен көңіл толмағанын төмендетеді.
Баланың асыраушы отбасына бейімделуінің шарттары: баланың отбасында ұзақ уақытқа қалуының, құрылған қарым қатынастардың ұзақ уақытқа екендігін сезінуі; байланыстардың қалыптасуы; баланың отбасына орналасуына келісуі; бала мен отбасын бірге өмір сүрге дайындау және психологикалық-педагогикалық жол көрсету; ата-аналармен қауіпсіздік және сенімділік ауа райын құру, ағалы қарындастардың жағдайларының бірегейлігін қамтамасыз ету.
7.2. Асырап алушылар мектеп жұмысының негізгі аспектілері
Зерттеулердің барлығы бірге өмір сүру үшін балалар мен асырап алушы ата-аналарды іріктеу және дайындаудың маңыздылығын дәлелдейді. Психологиялық дайындықты өткен отбасында бейімделу ауыртпалықсыз өтеді.
Отбасылар жаңа мүшінің іс-әрекеттерін позитивтік түрде бағалайды, асыранды баланың басқыншылық, қорқыныш, депрессия сияқты іс-әрекеттерге сай екендігін көреді. Кенеттен құралған отбасылардың алғашқы бейімделу кезінен-ақ бастап қиыншылықтар көреді, іштей, кейде сырттай баланы итереді.
Дайындалмаған жіне көмексіз қалған отбасыларда бейімделу уақыты ұзаққа созылады және отбасы мүшелерінің ауыртпалығымен өтеді.
Асыранды баланың бейімделуі және отбасына психологиялық сыйысуы көбіне балаға отбасының дұрыс таңдалуына және асырап алушы ата-аналардың оқытылуына байланысты.
Асырап алушы ата-аналар мектебі - асырап алушы ата-аналарды дайындау және үйрету жұмыстарының бір түрі.
Асырап алушы ата-аналар мектеп жұмысының бірінші сатысы – потенциалды асырап алушы ата-аналардың психологиялық дайындығын (мотивация, ата-аналық қабілеттілігі және т.б.) және ата-аналардың оқытуға қажеттілігін бағалау.
Келесі қадам – бағалаудың нәтижесін ескере отырып кандидаттарды дайындауға жеке бағдарламасын өңдеу.
Ары қарай келесі аспекеттермен тренинг, кеңес беру, жеке сабақтар жүргізіп оқыту (3-сурет):
-
әлеуметтік дайындық аспектілер
-
психологиялық аспектілер
-
медициналық сұрақтар
-
асырап алу, қамқорлық, патронат (нормативтік-құқықтық актілері, асырап алушы ата-аналардың құқытары мен міндеттері және т.б.)
3-сурет.
Асырап алушы ата-аналар мектебі
әлеуметтік дайындық аспектілер
психологиялық аспектілер
медициналық сұрақтар
Заңдық аспектілер (қамқорлық, асырап алу процедуралары, патронат)
ОҚО отбасын қолдау Орталығының Асырап алушы Ата-аналар Мектебінің
Достарыңызбен бөлісу: |