Бастау, «ӘуБаста» ойыны
1.Арман, Марат, Талғат үшеуі цифр жазылған карточкаларды өзара бөліп алды.
Арманға: 7, 2 және 4 цифрлары,
Маратқа: 6, 5 және 1,
Талғатқа: 8 ,3 және 9 цифрлары түсті.
Олардың әрқайсысы карточкаларын қолданып, арифметикалық төрт амалды және жақшаны пайдаланып әр түрлі сандарды алуға тырысты. Олардың ішінен кім 20 санын ала алмайды?
2. Вагон купесінде үш жолаушы тамақтанбақшы болды. Бірінші жолаушының 3 тоқашы, екінші жолаушының 5 тоқашы , ал үшінші жолаушының ешқандай тамағы болмады, сондықтан ол қасындағы жолсеріктеріне түскі ас үшін 8 теңге төлемекші болды. . Егер жолаушылар барлық тоқаштарды теңдей бөліп жеген болса, бірінші мен екінші бұл ақшаны өзара қалай бөліп алу керек?
«Асық» ойыны
3. 7 адам өзара бір – бірімен шахмат ойнады. Барлығы қанша партия шахмат ойнайды?
«Бастау» олимпиадасы
1.Асан мен Үсеннің салмағы 82 кг, Асан мен Қанаттың салмағы 83 кг, Үсен мен Қанаттың салмағы 85 кг. Асан, Үсен және Қанат үшеуінің салмақтары қандай?
2. Есен, Үсен және Хасан атты мұғалімдер Астана, Орал және Тараз қалалары мектептерінде әртүрлі пәннен сабақ береді. Бірі математика, бірі информатика, ал бірі физика пәнінің мұғалімі. Келесі жайттар белгілі:
Есен Астанада тұрмайды, ал Үсен Оралда тұрмайды;
Астанадағы мұғалім физик емес;
Оралдағы мұғалім математик;
Үсен информатика пәнінен сабақ бермейді.
Кім қай қалада тұрады және қай пәннен сабақ береді?
3.Ұлу бір күнде бөрене бойымен жоғары 3 м көтеріледі, ал түнде ұйықтап кетіп, абайсызда 2 м төмен түседі. Бөрененің ұзындығы 10 м, жоғарыда ұлудың жақсы көретін кәмпиті жатыр. Неше күннен кейін ұлу оған жетеді?
4. Айман үш түрлі кәмпит сатып алды: үлкен, орташа және кіші. Әрбір үлкен кәмпит 4 тг, орташа 2 тг және кіші 1 тг. Ол 10 кәмпит сатып алып, сатушыға 16 тг төлеген болса, ол қанша үлкен кәмпит сатып алған?
5.Дөңгелектерге 1-ден 9-ға дейінгі сандарды үшбұрыштың әр қабырғасындағы сандардың қосындысы бірдей санға тең болатындай етіп орналастыр. Есептің бірнеше шешімі бар.
6. Төмендегі 9 нүктені 4 түзу арқылы қарындашты көтермей, бір сызықты екі рет қайталамай сызып шығу қажет?
7.Ерте, ерте заманда, бір қиял ғажайып аралда төрт дос өмір сүріпті. Аралдан үйлеріне қайту үшін тек сиқырлы көпір арқылы өтуіне тура келеді, бірақ көпір үстінен үнемі жаңбыр жауып тұрады. Олардың қолында бір қолшатыр (зонтик) бар. Қолшатырмен бір немесе екі адам қатар жүруіне болады, егер екі адам қатар жүретін болса, кім баяу жүрсе соның жылдамдығымен бірдей болады. Егер І адам 1 минутта, ІІ адам 2 минутта, ІІІ адам 5 минутта және ІV адам 8 минутта өте алатын болса, онда олар барлығы 15 минутта көпірден өте алама?
8.1,2,3,4,5,6 цифрлары жазылған 6 карточка бар. Олар арқылы екі үш таңбалы сан құрастыруға болады( мысалы: 645 пен 321). Айман бұл цифрлардан олардың айырмасы барлық мүмкін жағдайлардың ішінен ең аз болатындай етіп құрастырды. Бұл айырма нешеге тең болады? Ол қандай сандар?
9.Бірнеше бала «Алтын сақа» қиял-ғажайып әлеміне саяхат жасамақшы болып жолға шықты. Кіреберіс жерде оларға үлкен есік пайда болды, есік сыртына : « осы есіктен өту үшін, алдымен берілген құпия теңдіктің ең үлкен мәнін табуы керек?» - деп жазылған. сен оларға көмектесіп, «Алтын сақа» қиял-ғажайып әлемінің құпиясын аш. (Мұндағы бірдей әріптер бірдей цифрлар, әртүрлі әріптер әртүрлі цифрлар.)
Достарыңызбен бөлісу: |