Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет51/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Колло квиум: (лат. colloquium - әңгіме, жиналыс, мәжіліс) - ғылыми 
жиналыстар, оның маңызы баяндамаларды оқып, талқылау. Сонымен қатар 
колло квиум - білім беру жүйесінде білімді бағалау мен тексерудің бір 
формасы. Әдетте жоғарғы оқу орындарында ол семестр ортасында 
жүргізілетін, ӛзіндік мини-емтихан, мақсаты емтихан тақырыптарының 
тізімін азайту. Коллоквиум барысында жобалар, рефераттар және басқа 
жазба жұмыстары тексерілуі мүмкін. Коллоквиумде алынған баға емтихан 


бағасына тікелей қатысы болуы мүмкін. Коллоквиум мазмұнына 2 
практикалық міндет, 2 нақты теориялық сұрақ кіреді.
Портфолио – білім алушының семестр бойы жасаған жұмыстары және 
жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Онда білім алушы ӛзінің жазба 
жұмыстарының үлгілерін, күнтізбелік жоспарды, әр сабақтық жоспарды 
сақтап, семестр аяғында үйренгені туралы есеп берген кезде дәлел ретінде 
қолдана алады. Портфолионы электронды түрде де келтіруге болады. 
Портфолио бірнеше қызмет атқарады: жинақтаушы – білім алушының 
жұмыстарының жиынтығы; үлгі – білім алушыныың жеке оқу 
траекториясын қалыптастырудың құралы; ой-толғаныс пен шығармашылық 
тудырушы – білім алушыларға оқу/үйрену және кәсіби тұрғыдан қажетті 
әдістер мен тәсілдердің қолдануын ұғынуға және т.б. мүмкіндік береді. 
Портфолионың бөлімдері: 1.Білім алушы туралы мәлімет. 2.Пәннің 
теориялық мазмұны. 3.Білім алушының жұмыс үлгілері. 4.Білім алушының 
жетістіктері. 5.Білім алушының ой-толғанысы. Портфолионы бағалау 
критерийлері: барлық бӛлімдердің болуы; ӛздігінен қосымша бӛлімді енгізуі; 
зерттеу әдістері; дербестігі; материалдарды безендіруі; қорытынды жасауы
басқалардың 
пікірлері; 
ой-толғанысқа 
негізделген 
материалдары; 
портфолионы таныстыруы (жариялау, презентациялау).  
Оқытушы
М.Оспанов 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет