«ОРАЛ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ» АҚ-МЕН ӨҢДЕЛГЕН БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ҚҰРУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР
БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
-
ШОЛУ БӨЛІМІ (ТҮЙІНДЕМЕ)
-
КӘСІПОРЫННЫҢ СИПАТТАМАСЫ
-
ӨНІМНІҢ (ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ) СИПАТТАМАСЫ
-
НАРЫҚТЫ ТАЛДАУ
-
ӨНДІРІСТІК ЖОСПАР
-
ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ
-
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАР
-
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК АҚПАРАТ ҚОСЫМШАСЫ
1. ШОЛУ БӨЛІМІ (ТҮЙІНДЕМЕ)
Түйіндеме бизнес-жоспардың қысқаша шолуы болып табылады.
Түйіндеме келесі ақпаратты қамту қажет:
-
жобаның аталуы;
-
қаражатпен қамтамасыз етіді талап етуші кәсіпорынның сипаттамасы:
-
аталуы
-
ұйымдық-құқықтық құрылым
-
меншік нысаны
-
орташа тізімдік сан
-
жарғылық қоры
-
соңғы жылдық айналым
-
нақты пошталық мекен-жай, телефон
-
банк реквизиттері (соның ішінде рубльдік, валюталық, депозиттік шоттар бойынша)
-
жоба жетекшісінің тегі, есімі, әкесінің аты, жасы және біліктілігі.
-
жобаның сипаттамасы, жұмыс «жаңадан» басталғанын немесе бұрыннан келе жатқан іс кеңейтілгенін айрықша белгілеу;
-
кәсіпорынның, оның ерекшеліктерін, өз дамуында негізгі кезеңдерін сипаттау;
-
басқарушылық қызметкерлердің біліктілігі туралы қысқаша мағлұмат, қазіргі жобаға қатысты басқарушылық қызметкерлердің айрықша ерекшеліктері, басқарушылық қызметкерлердің кәсіпорын капиталындағы қатысу үлесі;
-
саладағы және нарықтағы жағдайдың сипаттамасы (отандық және шетелдік);
-
өнімнің немесе кәсіпорынның көрсететін қызметтерінің артықшылығы, компанияның жекеменшік ресурстары және оның ағымдағы қаржылық жағдайы;
-
жобаның ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттары, қандай өсімді күтуге, қандай кірісті болжауға болады, қандай уақыт аралығында;
-
тактикалық жоспар, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру туралы қысқаша мағлұмат;
-
жобаның республикалық, аймақтық және салалық беделді кәсіпорындармен келісім деңгейі;
-
инвестициялық қажеттілік, оларды пайдалану бағыттары, жорамалды қаржыландыру көздері, оларды инвесторларға қайтару жолдары (қарыздың өтелуі);
-
егер де арыз беруші жеке тұлға болса, инвестор оның қандай мүлікпен иемденетінін білу қажет;
-
лицензия, сертификат, рұқсат және т.б. қағаздарының болуы;
-
жоба тиімділігінің негізгі экономикалық көрсеткіштері;
-
мүмкін болатын қауіптер және сақтандыру жүйесі.
Шетелдік инвесторларды жұмылдыру қажет (мүмкін) болған жағдайда түйіндеме орыс тілімен қатар ағылшын тілінде де жазылады. Сонымен қатар түйіндемеде бизнес-жоспарда қөрсетілген ақпараттың құпиялылық деңгейі де көрсетіледі.
2. МЕКЕМЕНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Бұл бөлімде нарықтағы басқа компаниялардан ерекшеліктерін ескере отырып кәсіпорынға сипаттама беру қажет:
-
алдағы уақытқа және келешекке қойылған мақсаттары мен міндеттері;
-
негізгі иелерінің тізімі, әрқайсысының бастапқыдағы і және кәсіпорындағы қызметі;
-
кәсіпорынның дамуына әсер еткен оқиғалар;
-
кәсіпорынның бұрынғы және қазіргі таңдағы қаржыландыруы;
-
ұйымдық құрылым және жұмысшылар құрамы;
-
алдағы уақытқа және келешекке қойылған өнімнің (көрсетілетін қызметтің) өтілу үрдісі;
-
кәсіпорынның негізгі жетістіктері;
-
кәсіпорынның соңғы үш жылдық қаржылық тиімділік көрсеткіштері;
-
кәсіпорынның ерекшеліктері қандай;
-
кәсіпорын тапсырыс берушінің қандай талаптарын қамтамасыз етеді;
-
кәсіпорын ұсынатын нарықтың немесе қызмет көрсетудің мөлшері;
-
кәсіпорынның нарықтағы үлесі және үрдісі қандай;
-
жарнама мүмкіншіліктері қандай;
-
маусымдылық;
-
кәсіпорынның нарықтағы үлесін қалай арттыруға болады;
-
қолданыстағы ноу-хау;
-
клиенттердің аумақтық орналасуы;
-
негізгі бақталастар және олардың мықты жақтары;
-
технологиялардың деңгейі;
-
ұсталым талдауы;
-
кәсіпорын қандай мәселелерга тап болуда;
-
кәсіпорынның мықты және әлсіз жақтарын талдау (өнімнің және көрсетілетін қызмет сапасы, өтім мүмкіншілігі, өндірістік шығын мөлшері, жұмыскерлердің біліктілігі мен деңгейі, материалдардың немесе құрамдас өнімдердің жеткізілім шарттары, менеджмент деңгейі);
-
кәсіпорынның географиялық орналасуы;
-
жақын жердегі көлік желілері.
3. ӨНІМНІҢ СИПАТТАМАСЫ (ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР)
Бұл бөлімде кәсіпорын өндіретін өнімдер немесе қызметтердің толық сипаттамасы беріледі, бақталастардың өнімдерімен салыстырма жүргізіледі, өндірісті дамыту жоспарлары сараланады.
Өнім сипаттамасы:
-
өнімнің функционалдық тағайындалуы, қандай мақсаттарға арналған;
-
өнімді пайдалану үлгілері;
-
өндірістің мөлшеріне байланысты өнімнің құны;
-
бұйымның технологиялылығы;
-
әмбебаптылығы;
-
өнімнің қабылданған үлгіге сәйкестігі;
-
қазіргі уақытта өнім қандай сатыда (идеясы, жұмыс жобасы, тәжірибелік үлгісі, сериялы өндіріс және т.б.);
-
сапаны бақылау талаптары;
-
қолданушыларды даярлау талаптары;
-
кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету талаптары;
-
өнімді одан әрі дамыту мүмкіншіліктері бар ма;
-
патенттік-лицензиялық қорғау.
Нарықтағы бақталастардың өнімдерін сараптау:
-
бақталас өнімдердің функционалдық және тұтынушылық қасиеттерінің сипаттамасы;
-
бақталастардың өнімдері неге белгілі сұранысқа ие;
-
бақталастардың баға белгілеу қағидалары;
-
бақталастар қолданатын өнімді өткізуді ынталандыру әдістері.
Зерттеулер мен өңдеулер:
-
жоспарланған ҒЗЖТҚЖ мақсаттары мен сипаттамалары;
-
технологиялық қауіптер;
-
бақталастардың технологиялық жағдайы, олардың технологиялық жетістіктерінің қазір немесе болашақта кәсіпорыннның қызметіне әсер ету мүмкіндігі;
-
келесі буын өнімдерінің даму тұжырымдамасының сипаттамасы; қаржыландыру;
-
қабылданған баға белгілеу тұжырымдамасы;
-
тапсырыстардың оңтайлы мөлшерлері және төлем түрлері;
-
шикізат, материал және құрамдас өнімдерін алу шарттары;
-
қор деңгейі;
-
өндірістік кооперация.
4. НАРЫҚТЫ ТАЛДАУ
Бұл бөлімде өнімдер немесе қызметтердің өтілім нарығы бар екені көрсутілу қажет, сонымен қатар кәсіпорынның нарықта табысқа жету мүмкіндігі, нарыққа шығумен байланысты шығын мөлшерін және мүмкін болатын қауіптерді көрсету қажет.
Нарық сипаттамасына жататындар:
-
нарықтың көлемі (аймақ, ҚР, ТМД, дүниежүзілік нарық);
-
нарықтың даму деңгейі мен үрдісі;
-
нарықтағы соңғы 3 жылдық баға серпіні;
-
нарықтың өзіне тән ерекшеліктері, мысалы, нарықтағы операцияларға қолжетімділік қиыншылығы;
-
нарықтың келешекте дамуына байланысты тәуелсіз болжамдар;
-
шетелдік нарықтарға байланысты жоспарлар; экспорттық әлеует;
-
нарықтағы арнайы мақсаттар.
Өнім тұтынушыларының сипаттамасына жататындар:
-
тұтынушы түрі (сатып алушылар, өндірушілер, дербес тұтынушылар, т.б.)
-
олардың географиялық орналасуы;
-
олардың өнім туралы пікірі.
Өнімді нарықта өткізудің стратегиясы:
-
баға есебі мен негіздемесі, баға саясаты;
-
қазіргі таңдағы және келешектегі үлестірім (сатылым) жүйесі;
-
жарнама;
-
өтілімді ынталандыру;
-
сервистік және кепілдікті қызмет көрсету;
-
қоғаммен байланыс.
Бақталастардың сипаттамасына жататындар:
-
негізгі бақталас-кәсіпорындар тізімі;
-
олардың мықты және әлсіз жақтары;
-
олардың қаржылық жағдайы;
-
технологияларының деңгейі;
-
нарық айналымындағы меншікті салмағы;
-
бақталастар қолданатын маркетинг стратегиясы;
-
бақталастардың мүмкін болатын реакциясы.
5. ӨНДІРІСТІК ЖОСПАР
Бұл бөлімде кәсіпорын өнімді немесе көрсететін қызметтерді тиімді түрде өндіру және оларды тұтынушыларға жеткізу жолдары толығымен сипатталу қажет. Дайындық жоспарының әр сатысын күнтізбелік жоспарда көрсету қажет (желілік кестеде). Жұмыстың орындалуның күнтізбелік жоспары жоба шеңберінде әрекеттердің (іс-шаралардың) мерзімдік жоспарларын және жобаны жүзеге асыру шеңберінде қаржылық ресурстар қажеттілігін қамту қажет.
Технологиялық процесстердің сипаттамасында болу қажет:
-
шикізат, жабдықтар, қосалқы бөлшектер, энергиямен қамтамасыздандыру,
-
жер телімі, ғимараттар мен құрылыстар, коммуникациялармен қажеттілік;
-
шикізатты, материалдарды, қосалқы бөлшектерді, өндірістік қызмет көрсетулердің қажеттілігі мен тасымалдауы, сапаны бағалау және жеткізілім тәртібі;
-
энергия көздеріне талаптар және олардың қол жетімділігі;
-
өндірісті дайындау талаптары;
-
өндіріс технологияларын жетілдіру мүмкіндіктері;
-
өнімді өндірудегі әр сатыдағы сапаны бақылау талаптары;
Біліктілік талаптары және керекті қызметкерлердің бар болуы;
-
әкімшілік қызметкерлер;
-
инженерлі-техникалық қызметкерлер;
-
өндіріс қызметкерлері;
-
еңбекақы төлеу және ынталандыру шарттары;
-
еңбек жағдайлары;
-
бөлімшелердің құрылымы мен құрамы;
-
қызметкелерді оқыту;
-
мекеменің дамуына байланысты қызметкерлер бөлімінің мүмкін болатын өзгерістері.
6. ӨТКІЗУ ЖОСПАРЫ
Өтілім жоспары компанияның әр уақыт аралығындағы сатылым стратегиясын көрсету қажет, сонымен қатар:
-
өнім бағасы;
-
баға белгілеу әдістері және кепілдік мерзімін белгілеу;
-
өнімді жүзеге асыру үлгісі (аванспен, жалмен, экспортқа);
-
жеңілдіктер мөлшері;
-
өтілім мерзімі;
-
қор деңгейі;
-
жоғалтылым пайызы;
-
төлемақы шарттары (факт бойынша, алдын-ала төлеу, жалға);
-
төлемақыны кідірту мерзімі.
7. ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАР
Бизнес-жоспардың бұл бөлімінде борышқа қызмет көрсету үшін жеткілікті мөлшерде ақша ағындарын қамтамасыз ету үшін жоба қабілетін бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс (инвестияларға келгенде дивидендтерді төлеу).
Әдетте бизнес-жоспардың қаржылық бөлімі негізгі үш қаражатпен көрсетіледі:
-
кіріс пен шығыс туралы есептеме (кәсіпорынның мерзім бойынша операциялық қызметін көрсетеді);
-
ақшалай қаражат қозғалысының жоспары (Кэш-Фло);
-
теңгерімдік тізімдеме (белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қаржылық жағдайы).
8. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК АҚПАРАТ ҚОСЫМШАСЫ
Бизнес-жоспар жобаның экологиялық аспектілері туралы жеткілікті мағлұматтар болуы тиіс, оның қоршаған ортаға әсірін бағалау мүмкіндігі болып табылады, соның ішінде:
-
жоба объектілерінің орналасуы;
-
бұрынғы және қазіргі таңдағы объектіге бөлінген жерді пайдалану;
-
жобаға байланысты құрылыс жұмыстары сипаттамалары мен нақты өзгерістер;
-
қоршаған ортаға әсерін жұмсарту немесе жақсарту үшін ұсынылытын шаралар;
-
кез-келген ластану және/немесе оған жауапкершілік міндеттерін бөлісу туралы мәлімдеме;
-
қоршаған ортаны ластау үшін берілетін айыппұл мөлшері;
-
кәсіпорынның экологиялық саясаты туралы әрбір мәлімдемесі.
Инвестор берілген жобаны жүзеге асырудың нормативтік негізін бағалау қажет. Келесі аспектілерді түсіндіру керек:
-
жобаны жүзеге асыруда қандай үкіметтік лицензия немесе рұқсат қағаздары қажет; мекеме ол қағаздарды қалай алмақшы және оған қанша уақыт қажет болады;
-
импорттық тарифтер мен квоталардың түрлері қандай;
-
шетелдегі өтілім нарығындағы импорт шектеулерінің болуы;
-
тұрмыстық қызметтерге қатысты тарифтер құрылымы;
-
баға белгілеудің өзіндік аспектілері.
ҚОСЫМША (болуы мүмкін)
Қосымшаға деректерге түсініктеме бола алатын немесе мағлұматтарды толық түсіндіре алатын құжаттар кіреді. Міндетті құжаттарға келесілері жатады:
-
кәсіпорын немесе жоба жетекшілерінің құзыретін және жұмыс тәжірибесін растайтын өмірбаяндары;
-
маркетинг зерттеулерінің нәтижелері;
-
аудиторлардың шешімдері (сараптау бөлімімен қоса);
-
өнімнің толық техникалық сипаттамалары;
-
кепілдік хаттары немесе өнім жеткізушілері мен тұтынушыларының шарттары;
-
жалгерлік, жалдау шарттары, лицензиялық келісімдер;
-
мемлекеттік қадағалау қызметтерінің экология және қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер туралы шешімдері;
-
мекеменің жұмысы туралы журнал мен газет мақалалары;
-
беделді ұйымдардың пікірлері.
Сонымен қатар бизнес-жоспарға қосуға болады:
-
өнімнің үлгілерін көрсететін суреттер немесе бейнероликтер;
-
авторлық куәлік, патенттердің көшірмелері;
-
мекеме жоспары;
-
өнім сертификаттары (ТШ, т.б.).
|
Бизнес-жоспар талаптары мен оны құру туралы ұсыныстар | «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ
|
Достарыңызбен бөлісу: |