Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жаңажол жалпы ортабілім беретін мектебі
Тақырыбы:"Қазақстан таулары"
Пәні: Ана тілі
Мерзімі: 12.12.2012 ж.
Орындаған: Дильдабаева Г.
Тақырыбы: Қазақстан таулары
Мақсаты: Ел, жер, тау-тасын білу арқылы әсемдікті түсінуге, оқушының
шындыққа көзқарасын қалыптастыруға жағдай жасау.
Біліктілігі: Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасай
отырып, мәнерлеп оқуға, жазуға дағдыландыру.
Дамытушылығы: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілін жетілдіру,
сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу, эстетикалық, экологиялық
көзқарасын қалыптастыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі
Әдісі: интерактивті
Барысы:
Ұйымдастыру: Психологиялық дайындық.
О, алақай, туған жер!
Жақсы-ау орман-бауларың!
Көзге ыстық көрінер,
Сенің асқар тауларың!
Сенің асқар тауларың!
Балалар біз бүгінгі сабағымызда Қазақстанның тауларына саяхатқа шығып, гүл тереміз. Қазақстанның қандай тауларын білесіңдер?
Ендеше бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлініп, жарысып өтеміз. I топ Алатау, II топ Алтай, III топ Көкшетау, ІV топ Ұлытау. Топ басшыларымен таныстыру.
Ал, балалар сендер саяхатқа шыққанда алдарыңнан үлкен белестер, бекеттер, асулар шығады солардан сүрінбей өтсеңдер, қазақстанның ең биік шыңы Хан тәңіріне жетесіңдер.
1. Белес. Үй тапсырмасы
-
Бекет. Жаңа сабаққа кіріспе
-
Асу. Жаңа сабақ
-
Шың. Қорытынды
1. Белес. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қандай тапсырма берілді? Нағыз малшы. Төрт топ мәтінді төрт бөлімге бөліп ат қояды. Сол бойынша төрт топ мазмұнын айтады. Әр топ өз мәтіндерінен күрделі сөздерді табады.
Интерактивті тақта. Алатау тауына саяхат.
Еліміздің оңтүстік-шығысында беткейлері тік қия, аралары терең шатқалдармен тілімделген, басын қысы-жазы қар мен мұз басқан сеңгір-сеңгір жоталар созылып жатыр. Ол - Тянь-Шань таулары. Таудың оңтүстік бөлігі көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан жеріне кіреді. Тянь-Шаньның жазда да басынан қар кетпейтін жоталары ала болып жататындықтан «Алатау» деп аталады. Солардың бірі - Іле Алатауы, оның етегінде Қазақстанның бұрынғы астанасы, әсем қала - Алматы орналасқан.
2. Бекет. Жаңа сабаққа кіріспе
Кіріспе: Малшылар жазда қайда қоныстанады? Тауға. Біздің таудың атауларын білесіңдер ме? Дүниетану пәнінен тау туралы өткендерін еске түсіру.
Таулар
Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді. Таулар төбелер мен қыраттарға қарағанда анағұрлым биік болады. Олардың биіктігі бірнеше жүздеген, мыңдаған метрге жетеді. Биік таулардың басынан жазы-қысы қар мен мұз кетпейді. Олар физикалық картада қошқыл қоңыр бояудың үстіне түскен ақшыл және көгілдір түсті реңмен көрсетіледі.
Биік таулардың беткейлері қия болып келеді. Оларды терең шатқалдар тілімдейді. Шатқалдардың түбінде сарқыраған тау өзені ағып жатады. Биік тау беткейінде қалың орман өседі. Аласа тауларда қар мен мұз жатпайды. Беткейлері түйетайлы келеді. Онда көбінесе бұта, шөптесін өсімдіктер өседі. Жалаң жартастар жиі кездеседі. Олар күн мен желдің үгітуінен мұнара, ежелгі қорған, батырдың дулыға киген басы, түрлі хайуанаттар пішініне ұқсайды. Мұндай аласа таулар Сарыарқада көп.
Биік таулар республикамыздың шығысын, оңтүстік-шығысын және оңтүстігін жиектеп жатыр. Олар Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань.
Интерактивті тақта. Алтай тауына саяхат.
Қазақстанға Алтайдың бір бөлігі кіреді. Ол көптеген жоталардан тұрады. Биік жоталар бір-біріне жалғаса, ондаған, кейде тіпті жүздеген километрге дейін созылып жатады. Мұндай жалғаса тізіліп жатқан таулар тау жотасы деп аталады. Алтайда суы мөлдір көлдер мен ағысы қатты өзендер көп. Таудан құлап аққан өзендерге салынған су электр станциялары мол қуат береді.
-
Асу. Жаңа сабақ Интерактивті тақтадан таулардың суреттерін көрсете отырып, Айбатыр Сейтақтың Қазақстан таулары деген өлеңін оқып беремін.
Кітаппен жұмыс. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп, тізбектеп оқыту.
Тапсырмаларды орындау
Интерактивті тақта. Көкшетау тауына саяхат.
-
Шың. Қорытынды
Таулар тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады. Олардың ішінде өздеріңе таныс гранит, құмтас және әктас көбірек таралған.
Тауда жазықтағыдай емес, егін егетін және елді мекен орнайтын қолайлы орын аз. Дегенмен тау етегі мен аңғарларында егін егіліп, жеміс бағы мен бақша өсіріледі. Таудағы жайлауда жазда қаптаған мал жайылады. Биік тау басында маса мен сона болмайды. Сондықтан жазғы 2-3 айда мал тез қонданып, семіріп алады.
Тау-дем алуға және қыдырып тынығуға таптырмайтын орын. Таза ауа мен табиғаттың көрікті көріністері көп адамды қызықтырады. Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Алматының түбінде орналасқан Медеу спорт кешені, ондағы мұз айдыны бүкіл әлемге әйгілі. Мұнда коньки тебу жөнінен халықаралық жарыстар жиі өтіп тұрады. Сарыарқадағы Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы және басқа шипажайлар мен демалыс үйлеріне жазда да, қыста да демалушылар мыңдап ағылып жатады
Интерактивті тақта. Ұлытау тауына саяхат.
Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу.
Достарыңызбен бөлісу: |