Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
0901000 – Электрлік станциялар мен желілердің электрлік
жабдықтары мамандығы бойынша
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Біліктіліктер:
0901022 Электр станцияларындағы электр жабдықтарын жөндеуші электр слесарі* (ҰБШ 3 деңгейі)
0901043 Техник-электрик (ҰБШ 4 деңгейі)
***** Кіші инженер-электрші (ҰБШ 5 деңгейі)
Астана - 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
Оқу жоспары 5
Құрылымы мен мазмұнына түсіндірмелік жазба 11 Білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұны 16 Құрал-жабдықтар тізімі 53 Әдебиеттер тізімі 76
кіріспе
Осы білім беру бағдарламасы орташа буын мамандарына және маманданған жұмысшы кадрларына қойылатын халықаралық заманауи талаптар ескеріліп, біліктілік тәсілдердің негізінде LD DIDACTIC Group (Германия Федеративтік Республикасы) шетелдік серіктестің қатысуымен әзірленген.
Біліктілікке негізделген білім беру бағдарламасы өмір бойы оқу тұжырымдамасы ескеріліп әзірленген, өйткені, білім беру бағдарламасының мазмұны бір жағынан еңбек ету аясында өзгеретін ахуалдарға еркін бейімделуге икемді жоғары білікті мамандарды дайындауға, екінші жағынан – кәсіби жоғарылау мен білім алуға бағытталған.
Оқытудың бұл тәсілі әрбір оқушының жетістігін сезінуге мүмкіндік береді, бұл сол оқу процесі ұйымында жасалады, оның шеңберінде оқушылар өз оқуларын өздері басқара алуы тиіс, бұл оның өз оқуына, ал одан кейін - кәсіби өсуі мен карьера үшін жауапкершілікті сезінуге үйретеді Осылай, оқушылар, тұтынушы ретінде біліміне көңілдері толады, еңбек нарығындағы өзгерістерге төтеп беріп, өмірде оны жетілдіре алады.
Білім беру бағдарламасында мамандық бойынша біліктіліктің тиісті деңгейлері, оқу жоспарындағы кәсіби профилдер, үміткерлерге талаптар және кәсіби оқытуды іске асыру туралы ақпараттар қамтылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Біліктіліктің ұлттық шеңберінің 3,4 және 5 біліктілік деңгейлерінің талаптары ескерілген.
«Электрлік станциялар мен желілердің электрлік жабдықтары» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы мынадай негізгі ережелер ескеріліп әзірленген:
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасының 2011 - 2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы);
«Кәсіпқор» холдингі КАҚ-тың 2012-2021 жылдарға арналған стратегиялық дамуы (2011 жылғы 31 желтоқсандағы №1751 ҚР Үкіметінің қаулысы);
Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №957 Жарлығы).
Қазақстан Республикасы Біліктіліктің ұлттық шеңбері (Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі №373-о-м және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі №444 бірлескен бұйрығы).
«0901022 Электр станцияларының электр жабдықтарын жөндеу электр слесарі», «0901043 Техник-электрші», «***** Кіші инженер-электрші» біліктіліктерін беру мүмкіндін көздейді.
Осы бағдарламаны оқу орнында тәжірибеге енгізу үшін өңірдің еңбек нарығының ерекшелігіне және тапсырыс беруші-жұмыс берушінің тілектеріне қарай оқу орны жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларды әзірлеу қажет .
Достарыңызбен бөлісу: |