ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ
Нұрғалиева Г.Қ., Тажиғұлова А.І., Туенбаева Қ.Т.
МЕКТЕП САЙТТАРЫН ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқыту әдістемелік құрал
Алматы 2010
УДК 371:004.6
ББК 74.204+32.973.202
Н 86
Рецензенты:
Мусин К.С., профессор, педагогика ғылымдарының докторы
Мұхамбетжанова С.Т., доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты
Нұрғалиева Г.Қ., Тажиғұлова А.І., Туенбаева Қ.Т. Мектеп сайттарын жасау әдістемесі. – Алматы, 2010ж. – 30 б.
ISBN 9965-692-83-1
Оқу құралында мектеп сайттарын жасау және дамыту әдістемесі қарастырылған. Оның ішінде еркін бағдарламалар жасақтамасы негізінде мектеп сайттарын жасау ерекше көрсетілген.
© НЦИ, 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
Білім беру мекемелерінің сайты 7
Мектеп сайтының үлгілік құрылымы 9
Мектеп сайты құрылымының нұсқалары: 10
Мектеп сайттарын дайындау технологиясы 11
Moodle жүйесімен қысқаша танысу 11
Moodle жүйесіндегі “роль” ұғымы 12
Moodleде тіркелу 12
Moodle жүйесінің артықшылықтары: 15
Сайтты дайындау неменеге мүмкіндік туғызады? 22
Мектеп сайтын дайындау кезеңдері 22
Қолданылған әдебиеттер 24
Кіріспе
Қазіргі кезеңде білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру процесінің бір бөлігіндей, білім беру саласын әдіснамамен, технологиямен, практикалық дайындамалармен және «оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағдарланған қазіргі заманғы ақпараттық технологияны тиімді пайдаланумен жасақтау процесіндей» [1] қарастырылады. Білім беру саласындағы ақпараттандыру қоғамдық қызметтің басқа бағыттарындағы ақпараттандыруды басып озуы тиіс, өйткені, атап айтқанда, мұнда барлық қоғамды ақпараттандырудың әлеуметтік, психологиялық, жалпы мәдени, кәсіптік алғы шарттары қаланады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар (АҚТ) оқытудың бар жүйесіне біршама қондырғы болмаған шарт кезінде ғана білім беруді ақпараттандыру қажетті әлеуметтік және экономикалық ықпал бере алады, ал табиғи түрде оған кірігеді. «АҚТ-дың мүмкіндігі педагогикалық технологияларды байытады, оқытушылардың ғылыми-әдістемелік іс-әрекеттеріне мүмкіндік туғызады және басқару міндетін шешуді жеңілдетеді. Ал білім беру жүйесінде жинақталған тәжірибелер, білімдер, салт-дәстүрлер «ғаламдық ақыл-ойды» қалыптастыру туралы айтуға рұқсат бере отырып, Интернеттің жергілікті желісінен ақпараттық кеңістіктің мазмұндық, жалпы мәдени құрамдарын толықтырады [2].
Білім беру процесіне ақпараттық-қатынастық технологияларды енгізу және тәжірибені талдау электрондық оқулық басылымдар мен Интернет-ресурстарды тек толтырып қана қоймай, сондай-ақ пән мұғалімдеріне сабақтарда жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістеріне рұқсат ететін ерекше ортада оқытудың жүзеге асатынын көрсетеді.
Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халықтарына жолдауында айтылған: «Білімді дамытуды білмейтін ел 21 ғасырда құлауға мәжбүр. Біз болашақ жоғары технологиялық және ғылыми ауқымды өндіріс үшін кадрлық іс бастамасын қалыптастыруға тиіспіз. Барлық деңгейде техникалық пен кәсіптік білім беруге бағытталған бірегей шараларды қабылдау керек».
Мемлекет басшысының қаңтардағы халыққа жолдауында «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп айтты, «2015 жылы Ұлттық инновациялық жүйе толығымен жұмыс істеуі тиіс, ал 2020 жылы – ол елімізге енгізетін дайындамалар, патенттер және дайын технологиялар түрінде нәтижелер беруі тиіс» деп атап көрсетті. Сондықтан халықаралық білім беру стандартына сәйкес келетін қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу, сондай-ақ IT-кеңістіктегі мұғалімдердің, оқытушылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің табысты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті шарттарды қамтамасыз ету білім беру саласындағы стратегиялық басымдылық болып саналады. Өйткені ақпараттық технологиялар студенттерге оқу үшін мүмкіндіктердің кең спектрін бере отырып, оқытушыларға оқу процесін сапалы түрде жаңа деңгейге алып шығуға көмектеседі.
Білім беруде Қазақстан қатынас құру, АҚТ-ды пайдалану бойынша әлемде 75-орынды алады, 66% Интернетке кең жолақты қатынас құру жоқ [3].
2009 жылы қарашада ICT-Marketing тәуелсіз зерттеу бірлестігі жыл сайынғы Интернет-дәрісхана зерттеуін жүргізді. Оның нәтижесі көрсеткендей, 2009 жылдың соңында Қазақстандағы Интернетті пайдаланушылардың саны 3,16 млн. адамды немесе республика тұрғындарының 19,8%-ын құрады. Осы кезде 10 үй шаруашылығының 8-і «Мегалайн» арқылы ауқымды желіге қосылады.
Қазақстандағы нарыққа қатысушылардың Интернетті пайдаланушылар санын бағалауға қатысты айтатын болсақ, онда ол берілген мәліметтермен біршама теңеседі. 2010 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы PROFIT Online Интернет-бірлестігіндегі интернет-дәрісханада 4,3 млн. пайдаланушы бар деп бағаланады.
Бүгінгі күнде батыс елдеріндегі Интернетке шектеусіз қатынас құратындардың тарифін біздікімен салыстыруға келеді және айына 30–40 долларға жуықты құрайды. Алайда, осы баға үшін батыстық пайдаланушы секундына 1 Мб-ға дейін және оданда артықтақ жылдамдық алады, ал бізде Интернетке мұндай қатынас құруды Мегалайн арқылы тек Алматы мен Астана қалаларында ғана ұсынады.
Қазақстанда 7576 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (2486,3 мың бала) әрекет етеді. Интернет желісіне 98% қалалық және 97% ауылдық мектеп қосылған. 34 пайыз мектептің кеңжолақты қатынас құруы бар [4].
Алайда, мектептерді АҚТ құралдарымен техникалық жабдықтандыруға қарамастан, оқу орындарын бағдарламалық педагогикалық құралдармен жарақтандыру және оларды дайындау, АҚТ-дың мектеп мәдениеті мен білім беру практикасына ықпалы әлі де жеткілікті түрде үлкен емес. Қазіргі уақытта үйлесімсіз және жүйесіз дамып жатқан білім беруді ақпараттандырудың үш бағытының үйлесімді дамуын қамтамасыз ету қажет, атап айтқанда: электрондық мазмұндық негізделген контент, электрондық білім беру ресурстарын жеткізу мен ұсыну үшін компьютерлік желілермен жасақтау, электрондық білім беру ресурстарын енгізетін және күтетін оқытушылар мен қызметкерлерді дайындау.
Егерде ақпараттық білім беруді тек компьютердің саны мен желілердің өткізгіштік қабілетін арттыру ғана емес, білім беру парадигмасын алмастыру, ақпаратпен жұмыс істеудің жаңа технологиясының пайда болуы және оны меңгеру деп түсінетін болсақ, онда мекеменің сыртқы білім беру өзіндік таныстырылымының жаңа формасы пайда болады және оны өзіне енгізеді. Әрине, сайт білім беру мекемесінің ақпараттық өкілеттілігінің жалғыз формасы емес, буклеттер, ақпараттық анықтамалар және басқалар да бар, дегенмен сауатты жобалау, дайындау және мазмұндық қолдау кезінде мектеп сайты жеткілікті түрде «сырттай» өзі туралы сол мәліметтерді хабарлауға дайын және алуан түрлі әрі көп аспектілі ақпаратты жинақтауға қабілетті қуатты құрал бола алады. Ол үшін ол сауатты әзірленетін болуы тиістігіне назар аударамыз. Ал жақсы әзірленген мектеп сайтының мәселесі – бұл міндеттердің тұтас кешенін шешу.
Мектеп сайты салмақты, қызықты, пікір-сайыс тудыратын немесе тіпті сотқар бола алатынын және бөлек жеке емес міндетті шешуі тиістігін, ал мектептің іс-әрекетін барлық жағынан тиімді арттыратын құрал бола алатынын А.В.Хуторский айрықша атап көрсетеді. «Оның негізгі дайындамалары оқу орнының тек бір ғана бағыты, мысалы, ақпапраттық емес, біртұтас педагогикалық тұжырымдамасы болуы тиіс» [5].
Оқу орнының Интернет желісіндегі сайты – салыстырмалы түрде педагогикалық негіздерін дайындауды керек ететін жаңа білімдік құрал. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына байланысты мектептің іс-әрекетінде білім беру сайттарының рөлі артады. Білім беру сайтының мазмұнынан, ұйымдастыру құрылымынан және жұмыс істеуінен тек қана мектептің сыртқы әлеммен өзара әрекеттестігінің табысы ғана емес, оқу орнының ішінде болатын білім беру процестерінен де байланысты болады.
Дегенмен сайт көбінесе технологиялық мәселедей қарастырылды, алайда іс тек технологиямен ғана шектелмейтінін түсіну керек. Мектеп сайтын дайындаудың мәселелері – бұл үлкен дәрежедегі контенттік мәселелер1. Мектеп сайты техникалық мән-мағынада кезкелген басқалардан ерекшеленбейді.
Интернеттегі мектеп ресурстарын талдау мектеп сайттарының бастамашылары және негізгі дайындаушылары мектеп оқушылары болып саналатындығын көрсетеді, және табиғи түрде, олар дайындаған сайттар білім беру мекемесінің алдында тұрған мақсаттың барлығы іске асырмаған, біржақты болып шығады. Бұлай болу заңды, өйткені мектеп оқушысына, тіпті web-дизайн саласындағы оның жоғары дайындық деңгейінің бар болуы кезінде де, сапалы білім беру Интернет ресурсын әзірлеуге қажетті басқа салалардағы білімі жетіспейді. Сондықтан жұмыс тобының құрамына міндетті түрде мектеп сайты бағыттылығының мүмкін болатын деформациясын түзетуге білімі мен тәжірибесі жететін педагогтар кіруі қажет.
Тек бір жұмыс тобының күшімен ғана сайтты оқу-әдістемелік материалдармен толтыру мүмкін емес. Сондықтан мектеп педагогтарын сайтты дайындаушылармен ынтымақтастыққа тарту аса өзекті мәселе.
Жеке мәселе – мектеп сайтында ақпаратты беру ерекшелігі: тәжірибе көрсеткендей, мектеп сайттарындағы мәтіндердің көпшілігі адамға түсініксіз, білім беруге тікелей қатысы жоқ, қызықты емес, шамадан артық білім беру терминологиясымен жүктелген, яғни мектеп сайтының мазмұнын қалыптастыруда айқын пиар-стратегия жоқ. Бұл жеке салмақты мәселе.
Сонымен, мектеп сайттары негізінен әзірше мектептің дәстүрлі күндізгі іс-әрекеттерінің ақпараттық-жарнамалық бейнесі болып саналады және телеқатынастық технологиялар ұсынатын алуан түрлі құралдар мен мүмкіндіктерді пайдаланбайды.
Білім беру мекемелерінің сайты
Мектеп сайтын дайындау – бұл өзінің мән-мағынасы бойынша кешенді мәселе, оны бір мезгілде екі аспектіде қарастыру керек – басқарушылық және технологиялық. Мұнда басқарушылық мәселе маңызды: өйткені сайт мектепті барлық жағынан, барлық күрделігін алуан түрлі бейнелейтін өзіне тән айна болуы тиіс. Одан басқа, сайтты дайындау бойынша жұмыс істеу бірқатар ұйымдастыру мәселелерін шешуді талап етеді. Технологиялық, ақпараттық құраушысы да маңызды: өйткені сайт – бұл ерекше мәселелердің тұтас кешені, егерде теңеуді пайдаланатын болсақ, онда бұл біздің білім беруіміздің тек енді ғана меңгерген жаңа тіл. Және мектеп сайтын дайындау процесінде мәселенің осы екі дөңгелегі үзіліссіз бірлікте – форма мен мазмұн секілді бар болады.
Сайт (ағыл. сөзі, Site – орын; мәндес сөздері – веб торап, веб сайт, ресурс) – бұл өз адресі (URL), өз иесі бар және біртұтас бүтін секілді қабылданатын веб-беттерден тұратын Интернеттегі орын. Веб-бет (ағыл. сөзі – web-page) – бұл (URL) адреспен бірмәнді анықталатын Интернеттің логикалық бірлігі [6]. Ол суреттерді, скриптерді, форматталған мәтінді, дыбысты, бейнені басқа веб-беттерге немнесе Интернет ресурстарына сілтемелерді енгізе алады. Сонымен, веб-сайт – бұл дайындаудың ортақ мәнері бар болуы және өзара біртұтас тақырыппен байланыста болуы тиіс веб-беттер тобы.
Әр түрлі сайттардың арасында айқын шектеу жоқ, өйткені құрылымы және ақпаратты беру тәсілі бойынша олардың алуан түрлілігі аса үлкен. Негізінен сайттарды топқа бөлуге рұқсат енетін жалпы айырмашылықтарды келтіруге болады.
Б.П.Сайков веб-сайттардың келесідей бөлінуін ұсынады:
-
қоғамдық пікірді өзгерту немесе халықтың әлеуметтік белсенділігін қолдау үшін пайдаланылатын үгіт сайттары (саяси партиялардың сайты, әр түрлі қоғамдық ұйымдардың және т.б. сайты);
-
сату үшін тауарлар туралы жарнамалары мен басқа да мәліметтері бар коммерциялық сайттар;
-
статистика, тегі әр түрлі тізімдер, тізбелер, анықтамалар және б. ақпараттық сайттар;
-
әуен, ойындар, анекдоттор, басқатырғыштар, сондай-ақ жаңалықтар мен ойын-сауық индустриясы туралы басқа ақпарат ұсынатын ойын-сауықтар сайты;
-
репетиторлік көмек және т.б. ұсынатын әр түрлі деңгейдегі білім беретін мекемелер туралы мағлұматтары бар білім беру сайттары;
-
қашықтықтан білім беру сайттары;
-
жергілікті, аймақтық, халықаралық маңызы бар оқиғалар туралы хабарлайтын жаңалықтар сайты (жорналдың, газеттердің баспалық нұсқасымен немесе теледидарлық хабарлармен байланысты бола алады);
-
дербес сайттар – сапар кәртішкесі, фотоальбомдар және нақты адам туралы басқа дербес ақпарат [6].
Мектеп сайтының құрылымы ресурсты пайдаланушыға бағдарланып та, мектептің іс-әрекетінің түрлері бойынша да қалыптаса алады. Сайттың пайдаланушыларын анықталық:
Ата-аналар – олар мектеп туралы жеткілікті хабар ала алады: қординаты, мамандану, педагогтық құрам, сабақтар кестесі, мұғалімдер мен психологтардың кеңестері. Егерде ата-аналардың жиналысына баруға уақыт жоқ болса, онда оқытушылармен қатынасуға болады, мысалы форумда. Сайт тек күндізгі оқушылардың ата-аналарымен ғана емес, өз балаларын мектепке беруді ұйғаратын ата-аналармен де жұмыс істеуге есептелген. Бұл ата-аналарға олардың балалары үшін қосымша білім беру қызметі, ата-аналармен келісім-шарт пен өтініш формалары, басқа да пайдалы ақпарат ұсынылады.
Сайт оқушыларға тек соңғы жаңалықтарды, үй тапсырмаларын білуге, сыныптан тыс шаралардың фото есебін көруге, он-лайнмен қатынасуға ғана емес, жиірек өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік туғызады.
Интернет, айталық, өз өлеңдерін, әңгімелерін, суреттерін және т.б. жариялауға мүмкіндік береді. Сайтта оқушылардың қажетті ақпараты пен аспаптары «жататын» өзінің, мысалы, виртуальдық мектеп портфелі бола алады. Мектеп оқушылары өзінің оқу өнімдерін сайтта арнайы бөлінген орындарға орналастыра алады, мысалы, картиналарын – бейнелеу өнері шеберханасына, шығармаларын – әдеби хрестоматияға немесе мектептің электрондық газетіне, жаратылыстану бойынша жұмыстарын – ғылыми оқушылар жорналына және т.б.
Мұғалім өзінің бетінде дербес мәліметтерін, өзі оқыған оқу орнын, өзінде бар оқытушылық тәжірибесін, сондай-ақ оқу материалдарын, тестілерін, фотосуретін, таныстырылымдарын және оқу жоспарына кіретін әрқашан толықтырылатын әдістемелік базасын, бағдарламаларын, сабақтардың конспектілері мен оған кіретін материалдарды көрсете алады. Барлық оқу пәндері бойынша веб-квестіні – мектеп оқушыларымен сабақ уақытында да,өз беттерімен жұмыс істегенде де пайдалана алатын Интернет желісінің ішкі ресурстарына сілтемелері бар сайт беттерін дайындай алады. Мұғалімге күндізгі сабақтың құнды уақытын үй тапсырмалары мен оларға ұсынысты ауызша айтып жатуға шығындамайды, оның барлығын балалар үшін сайтта қалдыруға болады. Онда оқушылар орындаған жұмыстарды да орналастыруға болады,қалағандар үшін олардың көрнекілігін қамтамасыз етеді және бақылау жұмысын тездетеді. Мұғалімнің әрқайсысы сайтта өз блогын аша алады.
Блог — ағыл. Web (World Wide Web бүкіләлемдік өрмек) және log (компьютерлік жүйенің жұмыс істеуі кезінде болатын оқиғаларды тіркеу жұрналы); Интернетте орналастырылған жорнал немесе күнделік. Блог – бұл веб-сайт, ондағы негізгі мәліметтер жүйелі түрде үстемеленетін жазбалар, кескіндер немесе мультимедиа. Блогтарға кері хронологиялық ретпен (соңғы жазба жоғарыдан) сұрыпталған, маңыздылығы уақытша ұзын емес жазбалар тән. Дәстүрлі күнделіктен блогтың айырмпашылығы ортаға байланысты: блогтар әдетте көпшілікке арналған және автормен (блог-жазбаларда немесе өз блогтарында) ашық пікірсайысқа шыға алатын бөгде оқырмандарды ұйғарады.
Блоггерлер – блогты басқарушы адамдар. Желінің барлық блогтарының жиынтығын блогсфера деп атау қабылданған. Авторлық құрам бойынша блогтар жеке бастық, топтық (бірлестіктік, клубтық …) немесе қоғамдық (ашықтық) бола алады. Мазмұны бойынша – тақырыптық немесе жалпылама.
Әлеуметтік әріптестер. Білім беру мекемелерінің мұндай әріптестері ретінде мәдениет, білім беру, коммерция, халықаралық жобалар өкілдерін қарастыра алады. Әріптестерді, бәрінен бұрын, мәртебелі ақпарат қызықтыра алады: мектептің жетістіктері, мектеппен ынтымақтастық қаншалықты әріптестің өзінің мәртебесін өсіруге мүмкіндік туғызатын болады және т.б.
Басқа мектептердің оқушылары – басқа аудандар мен қалаларда тұратын және басқа мектепке «жазылған» осы мектептен алыстағы оқушылар. Өз мәселделерін шешу үшін алыстағы оқушылар сайтпен өзара әрекеттеседі: мектеп аралық жобаларға немесе олимпиадаларға қатысады, мектеп ұсынған жеке курстарда оқиды, өз құрбыларымен хаттар жазысады.
Мектеп сайтының үлгілік құрылымы
Мектеп сайтының құрылымы ақпаратты жинау мен топтастыру шарасы бойынша қалыптастырылады
Мекетеп сайты үшін ақпаратты жинау мен өңдеу кезінде сақталуға ұсынылатын негізгі қағидалар:
-
Мақсаттары әр түрлі топтардың мүддесін есепке алу. Сайттың бөлімдерін дайындау туралы шешім қабылдай отырып, бірінші кезекте ол кімдерге арналғанын және сол топтан оның қатысушылары осы бөлімнен не күтетінін ойланыңыздар.
-
Ақпаратты ұсынуды типтендіру. Мектеп сайтын қарап шығатын адам бөлімдердің атауларын көре отырып, шамамен нені және қайдан атынын түсінеді. Бұл сайтты толтырудың даралығын өзгертпейді: типтік тек ең сыртқы құрылым ғана болып саналады, сіз өз сайтыңызды ары қарай толтыра отырып, өнертапқыштық таныта аласыз.
-
Мектеп туралы ресми ақпараттың бар болуы. Мектеп сайтының көрінетін жеріне мектеп туралы ұсынылуға міндетті ең аз мағлұмат бар болады.
-
Мәтіннің ыңғайлы оқылуы және орфографиялық қатенің болмауы.
-
Ақпаратты жаңарту. Сайтты жаңартудың қажетті жиілігі сіз оған ақпараттың қандай тегін орналастырасыз, соған байланысты болады. Келешек сайттың құрылымын ойластыра отырып, әрбір бөлім бойынша оны қаншалықты жиі жаңарту керек болатынын алдын ала бағалаңыздар да жаңартумен кім айналысатынын шешіңіздер.
Мектеп сайты құрылымының нұсқалары:
1. Білім беру мекемесі туралы ақпарат (Басты). Мектеп туралы жалпы ақпарат. Мектептің нормативтік-құқықтық базасы. Мектептің ашық есебі.
2. Жаңалықтар. Бөлімде мектептің тыныс-тіршілігі және тұтастай барлық облыстық білім беру жүйесі туралы қысқаша ақпарат бар болады.
3. Білім беру мекемесінің іс-әрекеті.
4. Үйымдастыру іс-әрекеті:
біліктілікті арттыру;
АҚТ саласындағы біліктілікті арттыру;
педагогикалық кадрларды аттестаттау.
5.Ұйымдастыру-әдістемелік іс-әрекет (конференциялар, семинарлар, мәжілістер, жарыстар, олимпиадалар, жобалар және т.б..).
6. Бұйрықтар.
7. Нұсқаулық-әдістемелік және ақпараттық хаттар.
8. Әдістемелік ұсыныстар.
9. Оқу-әдістемелік материалдар.
10. Элективтік курстар.
11. Цифрлық білім беру ресурстарының жинағы.
12. Білім беру жүйесін ақпараттандыру (төлқұжат, өзектілік, мақсат, міндеттер, нәтижелер).
13. Біліктілікті арттырудың қашықтық курстары.
14. Біздің жетістіктеріміз.
15. Мектептің спорттық өмірі.
16. Интерактивтік күнделік.
17. Оқушыларға.
18. Мүғалімдерге.
19. Ата-аналарға.
20. Блогтар (мектептер директорына, мұғалімдердікі, сыныптық).,
21. Бітірушілерге.
22. Сұрақтар мен жауаптар ("Ыстық желі").
23. Форум.
24. Чат.
25. Хабарландырулар.
26. Қонақ кітабі.
27. Байланыстар.
28. Сайт авторы.
29. Басқа материалдарға, сайттарға және б. сілтемелер.
Мектеп сайттарын дайындау технологиясы
Қазіргі уақытта білім беретін Интернет ресурстарын дайындаудың бірнеше танымал технологиясы бар.
Қазақстандық мектеп сайттарының көпшілігі дайын html үлгілері пайдаланылып дайындалынған болатын – бұл технология қарапайым сайттарды оңай дайындауға мүмкіндік туғызады, алайда мұндай сайттар статикалық болып саналады және мектеп туралы тьек белгілі бір ақпарат қана бере алады.
Мектеп сапйттарын дайындаудың тағы бір тәсілі – үлгілерді, контентті (CMS)1 басқару жүйесін пайдалану. Ережедегідей, бұл РНР технологиясында дайындалынған сайттар. Мұндай сайттарды дайындау мен қолдау аса терең білім мен машықты талап етеді. Алайда бұл CMS негізінде дайындалынған мектеп сайты мақалалар мен құжаттарды жариялау секілді интерактивтік мүмкіндіктерді ұсына, фотографияны, аудио және бейнежазбаларды үстемелей, өзінің түсініктемелерін қалдыра, өз беттерінің дизайнын қалыптастыра, блогтарды, викилерді, форумдарды, чаттарды, оқу материалдарын жариялауды, мектеп оқушыларын тестілеуді және көптеген басқаларды жүргізе алатындығымен өтеледі. CMS-ті пайдаланып дайындалынған сайттардың Қазақстан мектептердегі саны өте аз.
Қазіргі заманғы Веб 2.01 технология үлкен танымалдылыққа ие бола бастады, осы технологияны пайдаланып дайындалынған сайттар білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттестігі үшін үлкен интерактивтік мүмкіндіктерді ұсынады. Бұл технологияға Moodle (www.moodle.org), Atutor (http://www.atutor.ca), Dokeos (http://www.dokeos.com), OpenUSS (http://www.openuss.org), Sakai (http://sakaiproject.org), ILIAS (http://www.ilias.de/index.html) секілді және б. танымал CMS-терді жатқызуға болады.
Moodle жүйесімен қысқаша танысу
«Moodle» жүйесіндегі оқу курсының моделін қарастыралық. «Moodle» сараланған Интернет-оқыту жүйесін дайындау кезінде, жүйеде бола алатын объектілердің, оқиғалардың негізгі топтары және объектілердің осы тобына жататын объектілер тобы үшін оқиғаларды өңдеу әдістері бөлінетін, Г.Буча, K.Аргила, Э.Йордон зерттеулерінде сипатталған объектілік-бағдарланған амал пайдаланылды. Объектілік-бағдарланған амалдың негізіне жататын басты идея мынадай: бағдарламалық жүйе бір-бірімен өзара әрекеттесетін көптеген өзіндік объектілер түрінде ұсынылады.
Бұл жүйенің ерекшелігі әлеуметтік құрастырушы педагогикасы ретінде көптілдік пен педагогикалық принциптерде негізделген. Білім мазмұны оңай беріліп, екі режимде алмасады: офф-лайн және он-лайн. Бағдарлама жергілікті серверлерден USB-тасымалдаушыларға оңай енгізіледі. Әлемде, Орта Азияда Moodle қауымдастығы тез қарқынмен өсіп және қазіргі уақытта 78 тілде және 204 мемлекетте қолданылып жүрген интерфейсі бар қашықтықтан оқыту стандартына айналып келеді. Moodle-ні орнату үшін техникалық талаптарды орындау қажет.
Moodle – қашықтықтан оқыту жүйесі қашықтықтан оқыту курстарын жасаудың бағдарламалық қамтамасыз ету бумасы болып табылады. Жүйе Open Source секілді тегін таратылады.
Moodle дәстүрлі клиент-серверлік қосымша болып табылады, онда сервер қызметін веб-сервер атқарады (әдетте Apache), ал клиент қызметін веб-браузер атқарады (мысалы Internet Explorer, Mozilla Firefox және т.б.). Пайдаланушылардың барлық мәліметтері, курстардың өздері сияқты серверде сақталады. Пайдаланушылар-оқушылар-оқытушылар веб-серверге кіріп, тіркелгілерін анықтап, оқу үрдісіне кірісе алады. Қазіргі кезде Moodle –нің 1.9 нұсқасы шықты.
Moodle жүйесіндегі “роль” ұғымы
Moodle 1.7 нұсқасынан бастап “роль” деген ұғым енгізілді. Роль қолданушының мәртебесін анықтайды. Олар – басқарушылар, курсты жасаушылар, оқытушылар, студенттер мен қонақтар, тьютор. Бұлардың әрқайсысының контекстке байланысты қол жеткізу мүмкіндігіне құқықты. Құқық пен ролдердің саны қажеттілікке байланысты өзгеріп отырады.
Сайттың әкімшілігі әрбір рольдің нақты бір жүйе элемент функциясына белгілі бір құқықтарын тағайындайды.
Moodle жүйесіндегі рольдер:
• басқарушы – жүйені толығымен басқаратын қолданушы;
• курс жасаушысы жаңа курстар жасайды, бірақ жүйенің ғаламдық орнатылымдарын басқара алмайды;
• оқытушы нақты бір курсты оқытып, оқушыға іс-әрекет түрлерін тапсырып, баға қояды;
• тьютор – өңдеу құқығы жоқ курс нұсқаушысы. Ол нұсқаулар бере алады, бірақ іс-әрекеттің жаңа түрлерін тапсырып, қолданушыларға баға қоя алмайды;
• студенттің, әдеттегідей, нақты бір курста оқу құқығы бар;
• қонақ – авторланбаған қолданушы.
Moodle жүйесіне тіркелуді қарастырайық. Бұл жүйе, көптеген ақпараттық жүйелер тәрізді (мәтіндер, чаттар, форумдар, ойындар және т.б.), мүмкіндіктерді ең тиімді режимде қолдану үшін тіркелуді талап етеді. Берілген жүйенің мүмкіндіктерін қарастыру алдында, тіркелу қажет.
Moodleде тіркелу
Тіркелу былай жасалады:
1. Браузердің адрестік жолына жүйе орналасқан сервердің адресін жазамыз (бұл жағдайда http://moodle.nci.kz). Сіздің алдыңызда Ұлттық ақпараттандыру орталығы порталының беті ашылады (1 сурет).
2. Тіркелу бөліміне көшу үшін порталдың жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» сілтемесіне шерту керек.
3. Содан кейін «Оқушының жаңа тіркелу жазбасын жасау» сілтемесін басыңыз.
4. Сіздің алдыңызда төменде көрсетілген өрістері бар пішім пайда болады: Логин, Кілтсөз, e-mail, Аты, Тегі, Қаласы және Мемлекеті. Осы өрістерді толтырғаннан кейін, «Сақтау» түймесін басыңыз.
5. Жүйе сізге келесі хабарламаны ұсынады: «Сіз көрсеткен электронды пошта адресіне (мысалы, qwerty@mail.kz) тіркелуді аяқтаудың оңай нұсқаулықтары бар хат жібереді. Тіркелумен қиындықтар туындаса, сайт басқарушысымен хабарласыңыз.»
Сурет 1 - http://moodle.nci.kz порталының бірінші беті
«Ұлттық Ақпараттандыру Орталығы» АҚ
Сурет 2 - Тіркелу пішімінің түрі
6. Тіркелуді растау үшін керекті соңғы қадам – тіркелуді растау.
Жүйеге кіру
Жүйеге кіру пайдаланушының аты мен кілтсөзін сәйкесінше өрістерге енгізу арқылы жүзеге асады (3-суретті қараңыз). Одан кейін «Кіру» түймесін шертіңіз.
Сурет 3- Жүйеге кіру
Жүйені аса егжей-тегжейлі қарастыралық
Жүйеге тіркелмей, демек, қонақ ретінде де кіруге болады. Ол «Қонақ болып кіру» түймесін шерту арқылы жүзеге асады. Қонақтың құқықтары тіркелген пайдаланушының құқықтарына қарағанда шектеулі.
Жүйеге кіргеннен кейін жоғарғы оң жақ бұрышта атыңыз жазылған: «Сіз келесі атпен кірдіңіз: есіміңіз және тегіңіз» және де сеансты аяқтауға арналған «Шығу» сілтемесі бар жол пайда болады.
Тіркелгеннен кейін сіз келесі құқықтарға ие боласыз:
• жаңалықтарды оқу;
• чаттар мен форумдарға қатысу;
• жүйе қолдайтын курстардың сипаттамаларын қарау;
• әкімшілік немесе оқытушының келісімін талап етпейтін курстарға тіркелу [7].
Адамдар өздері үшін қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде жаңа білімді «қалыптастырады».
Біздің оқитын, көретін, еститін, сезетін және ұстап көргендеріміз алдында алынған біліммен салыстырылады. Егер ол біздің білімімізбен қалайда бір сәйкес келсе, білімнің бізбен бірге қалатын жаңа фрагменттерін құрастыруы мүмкін. Білім, егер оны басқа да жағдайларда табысты түрде қолдануға болса, ол барған сайын қатая түседі. Біз ақпаратты баяу сіңіретін жад қоймасы ғана емеспіз және білім тек қана есту немесе оқу арқылы ғана қалыптасып қоймайды.
Бұл біздің веб-бетті оқып немесе дәрісті тыңдау арқылы қандай бір нәрсені біле алмаймыз деген емес. Әрине мүмкіндік бар.
Оқыту барысында біреуден біреуге жай ғана ақпарат беру емес, түсініктеме беру көбірек орын алады. Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі әлеуметтік конструктивизм педагогикасына сәйкес жобаланған, оған бірлескен жұмыс, белсенді оқу кіреді.
Конструкционизм бойынша оқушылар оқыту үдерісінде басқалар үшін бірнәрсе қалыптастырғанда оқыту аса тиімді екендігін көрсетеді. Бұл кез келген нәрсе, ойындағысын айту немесе Интернетке хат жазудан бастап сурет, музыка, бейне немесе бағдарламалар пакеті сияқты барынша кешенді өнімдерге дейін болуы мүмкін.
Бұл түсінік жоғарыда аталған идеяларды қауымдастықтарға дейін кеңейтеді, олардың мүшелері бірлесе жұмыс істей отырып және сол арқылы қауымдастықтар қатысушылары пәндер мен мағынаны ажырататын «кіші мәдениетті» құра отырып, басқалар үшін бірнәрселер қалыптастырады. Егер кімде-кім осындай мәдениетке берілетін болса, ол үздіксіз және көп жоспарлы, осы мәдениетте «не істеу керек» атты оқыту үрдісіне түседі.
Қарастырылып отырған жүйенің ресурстарды орналастыру бойынша үлкен мүмкіндіктері бар, атап айтқанда:
-
курсты берудің ыңғайлы құрылымын, және де бүкіл курстың, сондай-ақ оның бөлімдері мен тақырыптарының оқу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес курстың ішінде орналасқан материалды толығымен таңдау мүмкіндігі;
-
курстың нақты модулінде Moodle ортасының нақты керек құралдарын таңдау мүмкіндігі;
-
материалды кез-келген пішімде орналастыру мүмкіндігі бар (мәтіндік, графикалық файлдар, HTML пішімдегі файл);
-
Интернет желісінің электронды ресурстарына сілтеме қою мүмкіндігі;
-
басқа қосымшалардан және басқа қосымшаларға импорт және экспорт жасау мүмкіндігі;
-
Moodle ортасының өзінде оқу ресурстарын құру мүмкіндігі (қандай да бір басқа қолданбалы бағдарламалардың қатысуынсыз).
Егер кез-келген оқу ресурсын осындай қашықтық ортада орындаса, онда пәнді оқуға уәжі айтарлықтай көтеріледі, берілген пәнді оқуға және жалпы оқуға деген үлкен қызығушылық пайда болады. Оқу курсын осы ортада техникалық өңдеуге информатикалық цикл пәндері көлемінде оқушылардың өздерін де тартуға болады. Тек қана қашықтық курсын құруға ғана емес, курсты оқу материалымен: теориялық, бақылаушы сұрақтар, тестілік тапсырмалар және т.б., толықтыруға да қызығушылық пайда болады.
Moodle жүйесінің артықшылықтары: -
достық интерфейс жүйемен жұмыс арнайы білімді қажет етпейді;
-
жүйеде курстарды құру икемділігі (курсты құруда, әдістерді, оқыту және бақылау түрлерін таңдауда оқытушының кең мүмкіндіктері);
-
курс мазмұнын автоматтандыру;
-
көрнекіліктің жоғары дәрежесі (студенттер басқа студенттердің шешімдерін көру, басқа студенттердің жіберген қателіктерін табу және түзеу мүмкіндіктері бар);
-
студенттердің өзара және өзіндік бақылау мүмкіндігі. Студент бағаланбайтын тестіні өтуі мүмкін және өзінің жіберген қателіктерін көре алады; сонымен қатар тестіні өтудің белгіленген саны мен тестің берілген сұрағына жауап беру әрекетінің санын ұйымдастыруға болады. Орта өзара бақылаудың да ұйымдастырылуын ескереді: студенттер тапсымаларды орындау және орындалған тапсырмаларды қарастыру, бір бірін тексеру;
-
студентке қолайлы кез-келген уақытта оқу мүмкіндігі;
-
материалды көп қайтара өту (оқу) мүмкіндігі; өткен модульге әрқашан қайтып оралуға болады.
Фрейм – студенттер модуль аясында оқитын кезектегі тақырыптық бөлім. Фрейм мазмұнына кіретіндер: тақырып туралы жалпы мәліметтер (тақырып атауы, тақырыпты оқудың мақсаттары мен міндеттері, тақырыптың мазмұнын игерудің деңгейіне қойылатын талаптар). Осы материалдарға Moodle қолжеткізу «ресурстар» элементінің көмегімен іске асырылған.
Ресурстар қолданушыға (бұдан әрі оқушы деп атаймыз) ақпаратты әртүрлі түрде (мәтін, аудио, бейне) және әртүрлі нысанда (фрагменттер, жеке файлдар, Интернет-беттер) танытады.
Курс элементтері – барлығы оқушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивті өзара әрекеттестігін шамалайды. Курс элементінің интерактивті мүмкіндіктерін қандай дәрежеде пайдаланады, ол – оны құрастырушыға байланысты болады.
Осы бағдарламалық өнім ақпараттық оқытушы стандарттарына сәйкес құрастырылған. Сонымен, Moodle бағдарламалық қамтамасыз етуге жатады:
-
бірнеше мәрте пайдаланатынына: жүйе компоненттерін бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігін қолдайды, ол оның тиімділігін арттырады;
-
бейімделген, яғни дамушы ақпараттық технологияларды жүйені қайта жобалаусыз қосады және бір ғана тұлғамен оқытуды қамтамасыз ету үшін құрылған әдістемелері бар;
-
ұзақ мерзімді, яғни әзірленген стандарттарға сәйкес келеді және жаппай қайта бағдарламалаусыз өзгерістер енгізу мүмкіндігін ұсынады;
-
қолжетімді: әртүрлі жерлердегі жүйелермен жұмыс істеу мүмкіндігін береді (локалды және қашықтықтан, оқу сыныбынан, жұмыс орнынан немесе үйден); бағдарламалық интерфейстер әртүрлі оқу деңгейіндегі, әртүрлі физикалық мүмкіндігі бар (мүгедектер де кіреді), әртүрлі адамдардың жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
-
экономикалық қолжетімді, өйткені Moodle тегін таратылады.
Курстар категорияларға бөлінуі мүмкін немесе мәліметтер базасы, олардың атауы бойынша іздеу жүргізілуі мүмкін, ол жүйедегі үлкен көлемді курстарды пайдалану мүмкіндігін береді. Жүйенің қауіпсіздігіне айтарлықтай назар аударылған (кілт сөздерді сақтау, нысандар мәліметін өңдеу, мәліметтерді сақтау). Дайын тақырыптардың болуы жүйені сыртқы сұлбасын икемді өзгертуге мүмкіндік береді.
Өңдеу тәртібіндегі тізімнің көмегімен ресурсты қосуға болады.
1. «Барлық курстар» бөліміне кіріп, «Курсты қосу» түймесін шертіңіз (сурет 4);
Сурет 4 - «Курс қосу» терезесі
2. Содан кейін cіздің алдыңызда толтыруды қажет ететін «Курс баптауларын өңдеу» пішімі пайда болады.
Онда келесі сұрақтар бар:
-
санат – сіздің курсыңызға ең жақын келетін санатты таңдаңыз. Ол – курс қандай тақырыптық айдарда орналасатынына әсер етеді. Студенттерге оны табу оңай болады (Мысалы, «Педагогикалық идеялардың фестивалі», «ҰБТ-ға дайындық» т.с.с.);
-
толық атауы – бейнебеттің жоғарғы бөлігінде көрінетін атау.
-
(Мысалы, «География, 8 сынып» және т.с.с.);
-
қысқа атауы – курстың қысқартылған атауын жазыңыз, мысалы, ГЕО1 немесе ҚАЗ5. Бұл атау курсты белгілеу үшін бірнеше жағдайларда пайдаланылады (e-mail-дағы тақырыпшалар);
-
қысқаша сипаттама – бұл өріске курстың, оның мақсатының, құрылымының, ұзақтағының қысқаша сипаттамасын жазыңыз;
-
қол жетерлік – бұл баптау курсты өңдеу уақыты кезінде оны жасыруға мүмкіндік береді, демек берілген курс тізімде көрсетілмейді. Осы кезде, берілген курсқа кіруге рұқсат тек оқытушы мен басқарушыда ғана болады;
-
құпия сөз – курс оқушыларының құрамын басқару құралы. Бұл баптауды қабылдамау – жобалаушының сайтта пайдаланушы тіркелгісін жасаған кез-келген қолданушыға курсқа жазылуға рұқсат беретінін білдіреді.
-
Егер жобалаушы ол өріске сөзді, сандарды немесе сөйлем енгізсе, олар бірден құпия сөз болады және әр пайдаланушы курсқа жазылу үшін оны қолдануы керек болады;
-
қонақтың кіруіне рұқсат – жобалаушы курсқа қонақтардың кіруіне рұқсат бере алады. Ондай жағдайда кез-келген адам анықтау бетіндегі «Қонақ ретінде кіру» түймесін пайдаланып, курсқа кіре алады.
Курс пішімі сабақ ұйымдастырылу пішіні мен курс бетінде материалдың орналасуын анықтайды. Курстардың үш пішімдерінің біреуін таңдаңыз:
-
пішім «күнтізбе» – курс жұмысының басталуы мен аяқталуы нақты уақытының кестесі негізінде ұйымдастырылады. Әрбір бетте әр аптаның секциясы болады, онда сол уақыттағы оқу материалдары орналасады;
-
пішім «құрылым» – курс белгілі бір кестемен байланыспаған тақырыптық модульдердің жиынтығы ретінде жасалады;
-
пішім «Форум» – курс бір үлкен форум негізінде жасалады. Ол тек қана курс қана емес, хабарламалардың бір үлкен тақтасы ретінде де қолданыла алады.
Жаңалықтар – «Жаңалықтар» атты арнайы форум курста пайда болады. Бұл қызмет студенттердің барлығы көруі тиіс хабарламаларды орналастыруға мүмкіндік береді.
Сіздің курсыңыздың бетінде көрінетін жаңалықтардың санын көрсету маңызды. Егер Сіз «0 жаңалық» мәнін қойсаңыз, жаңалықтары бар бөлік көрінбейді.
Курстың басталу уақыты – бұл өрісте жобалаушы курстың басталу уақытын белгілейді. Егер «күнтізбе пішімі» қолданылса, онда бірінші апта блогы сол орнатылған күні көрінеді. Жалпы, егер курстың басталу мерзімі болса, оны курстың пішіміне қарамастан, осында орнатқан жөн.
Апта/тақырып саны – мұнда жобалаушы курс модульдерінің санын анықтайды, жобалаушы қандай пішімді таңдағанына байланысты, бұл сан апта санын (күнтізбе), форум бөлімдерінің (форум) тақырып (құрылым) санын білдіреді.
Соңғы жаңалықтарды көрсету – "Соңғы жаңалықтар" курстың бірінші бетінде автоматты түрде жаңарып отырады. Олар – курсқа соңғы рет кіргеннен бергі жаңалықтар, соның ішінде: жаңа хабарламалар, пайдаланушыларды қосу туралы ескертпелер және т.б.
Балдарды көрсету – көп модульдер бағаны енгізуге рұқсат береді. Әдетте, курсты бағалаудың нәтижелелерін Grades page (Бағалар беті) бөлімінде көруге болады. Егер оқытушы студенттердің бағаларды көруін қаламаса, онда ол бұл параметрді пайдаланбауына болады.
Оқытушыны атау – бұл өрісте жобалаушы жүйенің курс оқытушысын қалай атайтынын көрсетеді (мысалы Мұғалім, Нұсқаушы, Тьютор).
Студентті атау – бұл өрісте жобалаушы жүйенің студентті қалай атайтынын көрсетеді (мысалы, Студент, Қатысушы).
3. Анкетаны толтырғаннан кейін «Сақтау» түймесін шертіңіз. Жоғарыда көрсетілген нұсқауларды орындағаннан кейін, жүйе курстың басты бетіне көшеді.
Одан кейін, бейнебеттің ортасында сіз «Тақырыптардың атаулары» бағанын көресіз, оның астында курс модульдерін жобалауға арналған блоктар көрінеді. Бірінші блоктың курс туралы жалпы ақпарат беруге арналғандығын ескеру қажет.
Блоктарда келесі белгілер бар (5 сурет):
Сурет 5 – Белгілер
– осы блоктың кіріспе сөзін қосу немесе өңдеу (жоғарғы сол жақ бұрыш);
– берілген курстан жаңалықтар форумын толығымен жою;
– жаңалықтар форумына сілтемені төменгі блоктардың біріне көшіру;
– (жалпы қатарда) – форумдағы жаңалықтарды, курстарды өңдеу;
– жаңалық форумына сілтемені көрсету (жасыру).
Әр блокта курс модулін құруға арналған, «Ресурс (қор) көзін қосу» (6 сурет) және «Курс элементін қосу» (7 сурет) сөздерімен белгіленген, мәзір бар.
Сурет 6 - Қор көзін қосу
Сурет 7- Курс элементін қосу
Жобалаушы «Қор көзін қосу» мәзірін пайдаланып, курс бойынша оқу мәтіндерін келесі пішімдерде орналастыра алады: мәтіндік бет, веб-бет, файлға немесе веб-бетке сілтеме.
Қор көздері – сіздің өз курсыңызда бергіңіз келген ақпарат. Сіз жүктеген кез-келген файл немесе URL қор көзі бола алады. Сонымен қатар, сіз пішімде тікелей теруге болатын жай беттерді де қолдана аласыз.
Қор көзінің ерекшеліктері:
1. Электронды түрдегі кез-келген контентті қолдайды.
2. Файлдар не оқытушымен жүктеліп, серверде сақтала алады, не бірден, веб-пішімдерді (мәтін немесе НТМL) пайдалану арқылы жасала алады.
Қор көздері келесі пішімдерде беріле алады:
-
HTML-мәтін;
-
сілтеме – журналдағы немесе кітаптағы мақала;
-
жүктелген файл – сіз курс үшін жүктеген кез-келген файлды көрсетеді;
-
веб-сілтеме – URL сілтеме;
-
веб-бет – веб-сілтемеге ұқсас жұмыс істейді, бірақ бұл қор көзі фреймде ашылады (сайтпен біріктіріледі);
-
кіруде пайдаланушы мен курс туралы ақпаратты қабылдайтын сыртқы бағдарлама.
Пайдаланушылардың басқару жүйесінің ішінде әкімшіні минималды тарту мақсатында әзірленген. Аутентификацияның бірнеше модульдері пайдаланылады, олар арқылы Moodle бұрыннан бар жүйелермен оңай біріктіруге болады. Аутентификация – пайдаланушының сәйкестендіру үдерісі. Сәйкестендіруге әр түрлі құралдармен қол жеткізуге болады – қарапайым «аты/пароль» сөздерін енгізумен. Жүйе деңгейінде пайдаланушыға әкімшінің, курстарды құрастырушының немесе қарапайым пайдаланушының рөлі тағайындалады. Курстар деңгейінде – оқытушы рөлі (курсты редакциялау мүмкіндігімен немесе онсыз) және оқушы рөлі, қонақ ретінде кіруге де мүмкіндік бар. Курстарға тіркеу әртүрлі модульдер мен тіркеу құралдары арқылы автоматтандырылуы мүмкін, оны тікелей оқытушы басқарады.
Moodle жүйесінде курстардың 3 түрлі форматы бар: форум, құрылым (күнтізбеге сүйенбеген оқыту модульдері), күнтізбе (күнтізбеге сүйенген оқыту модульдері). Курстың құрамында еркін ресурстар саны болуы мүмкін (веб-беттер, кітаптар, файлдарға сілтемелер, каталогтар) және курстың интерактивті элементтерінің еркін саны. Осы элементтерге жататындар:
-
Wiki, тура браузер терезесіндегі қарапайым белгі тілінің көмегімен бірнеше адамның бірігіп құжатты құруына мүмкіндік береді, яғни оның көмегімен оқытушылар (мұғалімдер), студенттер (оқушылар) оның мазмұнын толықтыра, кеңейте және өзгерте отырып бірге жұмыс істеуіне болады. Материалдардың алдыңғы нұсқалары өшірілмейді және кез келген уақытта қайта қалпына келтірілуі мүмкін.
-
Глоссарий. Оның көмегімен бағдарламада қолданылатын түсініктің негізгі сөздігі, сонымен қатар әр дәрісінің негізгі терминдер сөздігі құралады.
-
Сауалнамалар. Бұл элемент зерттеудің бірнеше тәсілін ұсынады, олар қашықтықтан жүргізілетін курстарда оқытуды бағалауда ынталандыруда пайдалы болуы мүмкін.
-
Тапсырмалар оқытушыға тапсырмалар және орындалу мерзімін қоюға мүмкіндік береді, ол оқушылардан жауапты электронды түрде дайындауды (кез келген қосымшада) және оны серверге жүктеуді талап етеді.
-
Пікіртерім. Оның қолданылатын жерлерінің бірі – оқушылар арасында дауыс беруді жүргізу. Ол жылдам пікіртерім жүргізу үшін пайдалы болуы мүмкін.
-
Түсініктеме. Бұл элемент мәтін мен графиканы курстың бастапқы бетіне орналастыруға мүмкіндік береді. Осындай жазбаның көмегімен қандайда бір тақырыптың немесе қолданылатын аспаптың мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
-
Сабақ (дәріс) оқу материалын қызықты әрі икемді нысанда ұсынады. Ол беттер жиынтығынан тұрады. әр бет сұрақпен аяқталады, оған оқушы жауап беруі керек. Жауаптың дұрыстығына байланысты оқушы келесі бетке көшеді немесе алдындағысына қайта оралады.
-
Форум, жалпы, сонымен қатар жеке күйінде кез келген тақырыпта болады.
-
Чат, онда оқушылар оқытушы алдыға қойған кез келген проблеманы талқылай алады.
-
Семинар.
-
Функционалды белгі. Компьютерлік тестілеу жүйесінде іске асырылған қызметтер жиынтығын сипаттайды. Жүйенің функционалдығы бойынша компьютерлік тестілеуді төмендегідей жіктеуге болады:
-
базалық функция жиынтығымен тестілеу жүйесі;
-
толық емес функция жиынтығымен тестілеу жүйесі (базалық функциялардың бір бөлігі болмайды);
Кеңейтілген мүмкіндіктермен тестілеу жүйесі (міндетті базалық мүмкіндіктермен қатар, қосымша міндетті еместері де іске асырылған).
Базалық функцияларға жатқызуға болады: тестілік пакеттерді құру, редакциялау және күйге келтіру, тестілеу сеанстарын ұйымдастыру және өткізу, тестілеу үдерісін басқару, нәтижелерге талдау жасау. Қосымша функцияларға мысал ретінде тестілік пакетті әртүрлі форматта қайта қалыптастыруға, тапсырма мәтініндегі және т.б. орфографияны тексеруге болады. Moodle қашықтан оқу жүйесін тестілеу жүйе үшін мүмкіндіктері кеңейтілген жүйе ретінде қарастыруға болады (базалық функциялармен қатар, тапсырманы тестілік нысанда тестілік материалдарының халықаралық стандарттарымен қатар экспорттау/импорттау мүмкіндігі іске асырылған).
Осылайша кез-келген веб бетті жасауға болады.
Мектеп сайты – бұл білім беру мекемесінің атағын көтеруге мүмкіндік туғызатын барлық жетістіктері орналасатын оның бет жүзі. Сайттардың ақпарат алмасуы білім беру кеңістігін кеңітеді.
Нағыз Интернет-сайт – бұл әрбір ұйым мен мекемедегі қажет болатын идеал қызметкер. Оны әзірлей отырып, сайт нақты міндеттерді шешуі тиістігін, оның әрбір бөлігі пайдаланушылардың әр түрлі топтарының да – оқушыдан ата-аналарына дейін, өкіметтің және әр түрлі деңгейдегі қоғам өкілдеріне дейін – және де білім беру мекемелерінің өзінің де мүддесіне жұмыс істейтінін есте ұстау қажет.
Сайтты дайындау неменеге мүмкіндік туғызады?
Білім беру мекемелерімен танысқысы келетін және танысатын әлеуетті және шынайы клиенттердің санын арттыруға;
Мекеменің құрылымы мен іс-әрекеті туралы тұрғындардың көз алдында оны қабылдауды жақсартатын интернет-дәрісхананы хабарландыруға;
Мекеменің ашықтығын көрсететін жаппай ақппарат құралдарының алғашқы көзінен ең шын ақпарат беруге;
Білім беру мекемесін тартымды ететін өз сайтынан тікелей білім беру іс-әрекетін дамытуға және жарнамалауға;
Мектептегі оқыту жағдайы қалай, мектептің білім беру саясаты мен басқарылуы, білім беру процесінің ресурстық жасақтамасы, оқыту нәтижелері секілді және басқа да бөлімдерді көрсете алатын мәтіндік және мультимедиалық материалдарды сайтқа орналастыру арқылы Интернет-клиенттердің ісжүзінде шектелмеген ортасына мектептің типтік таныстырылымын тез және оңай өткізуге;
Мекемеге сенімді бекіту үшін оның іс-әрекеті бойынша ашық баяндама түрінде анықтамалық, таныстырушылық және талдамалық ақпаратты жариялауға;
Сайтқа кері байланыстың формасын орналастыру пайдаланушылардың әр түрлі тобынан мектептің даму нәтижелері және басым міндеттерді шешудің тиімділігі туралы қорытынды жасауға көмектесетін сын-пікір алуға көмектеседі.
Мектеп сайтын дайындау кезеңдері
Сайтты дайындау процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады:
-
ынталы топты қалыптастыру; сайттармен танысу және оларды талдау;
-
сайттың тұжырымдамасын дайындау, қойылатын мақсаттарды анықтау;
-
сайттың құрылымын, сайт бөлімдерінің саны мен бағыттылығын анықтау;
-
сайттың мәнерін, дизайнын дайындау;
-
сайттың жергілікті көшірмесін қажетті материалдармен толтыру;
-
жергілікті көшірмені тестілеу;
-
сайтты серверге орналастыру, серверлік нұсқаны тестілеу;
-
сайтты іздестіру жүйелеріне, тақырыптық каталогтарға тіркеу;
-
сайтты өткізу.
Ынталы топты қалыптастыру процесін іс жүзінде қалыпқа келтіру, яғни мұндай топты құруға әкелетін қадамдардың тізбегін көрсету мүмкін емес. Бірақ міндетті шарттардың бірі болып топ құрамына ең кемінде компьютерлік технологиямен жақсы таныс бір педагогтың кіруі саналады. Бар сайттармен таныса отырып, өз сайтыңды дайындау кезінде сайттардың дизайнына, бөлімдердің құрылымына, тақырыптық бағыттылыққа назар аудару қажет. Мақалаға, сіздің көзқарасыңыз тұрғысынан, сол немесе басқа мектеп сайттарында орындалған барлық қызықты идеялар мен шешімдерді алуға болады. Тұжырымдаманы дайындау кезінде осы ақпараттық ресурсты әзірлеуде қандай мақсаттар қойылатынын, сондай-ақ сайтты дайындау мен қолдау үшін қандай құралдарды пайдалануға болатынын нақты анықтау қажет. web-ресурсқа жай қатынаудан басқа, мектеп сайтын орналастыру ұйғарылатын web-сервер қандай мүмкіндіктер ұсынатынын анықтау қажет. Мұндай қызметке сценарийлердің әр түрлі тілдерін қолдау, мәліметтер базасына қатынас құру, форумдарды, қонақ кітаптарды қолдау жатады. Жоғарыда аталғандарды жеке-жеке талдап, қойылған мақсаттарды анықтау және түзету енгізу қажет. Осы кезеңде қойылған мақсаттар өресінен шыға отырып, болашақ сайт құрылымының жобалық нұсқасын дайындау қажет.
Дайындаманың келесі кезеңінде сайттың көптеген беттерінің дайындалуына сәйкес болатын сайттың базалық мәнерін таңдау қажет. Сайттың мәнерін таңдау мектептің бағдарына сәйкес болуы тиіс. Бұл процесс бейресми, шығармашылық, сол немесе басқа жағдайда қандай нақты мәнерді пайдаланудың нақты рецепті жоқ және бола алмайды. Осы кезеңде, ең болмағанда кеңесу деңгейінде, динайзер-кәсіпқой маманды тартуды қалайды.
Таңдалынған мәнер негізінде бетті қалыптастырудың ортақ элементтерін қосатын сайттың дзайнын дайындау, үлгіні дайындау іске асырылады. Біртұтас тіректі пайдалана отырып, ақырында сайттың беттері әзірленетін болады. Әдетте мұндай үлгілердің бірнешеуі әзірленеді, өйткені әр түрлі бөлімдердің дизайндары, ақпаратты орналастыру схемалары әр түрлі болады, кейде айтарлықтай өзгеше болады. Одан әрі сайттың құрылымын қағазға бөлшектеп дайындау, үлгіні дайындау және сйт бойынша бағыттау іске асырылады. Мектеп сайты ұйымның іс-әрекеті, оқу орнының жұмыс істеу әлеуеті мен жағдайлары, мектептің мәселелері мен даму бағыты туралы бар мәліметтерді шоғырландырады. Білім беру мекемелерінің сайтын тиімді дайындау басшыдан бастай олтырып және техникалық рәсімдеуге жауап беретін маманмен аяқтай отырып, әр түрлі деңгейдің атқарушылар «қомандасының» үйлестірілген әрекеттері ұйғарылатыны маңызды екендігін ұмытпау керек.
Қолданылған әдебиеттер
1 Роберт, И.В. О понятийном аппарате информатизации образования /И.В.Роберт // Информатика в образование. – 2002 №12. С.2-6.
2 Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.В.Моисеева, А.Е.Петров. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: учебное пособие для студентов пед.вузов и системы повышения квалификации педагогических кадров, под редакцией Е.С.Полат – Академия, 2001. С.272.
3 http://www.nomad.su/?a=3-201006110038
4 http://www.edu.gov.kz/index.php?id=969&L=1.
5 Хуторский А.В. Развитие одаренности школьников. Методика продуктивного обучения: пособие для учителя / А.В.Хуторский – М. Владос, 2000. – 320с.
6 Сайков Б.П. Организация информационного пространства образовательного учреждения: практическое руководство / Б.П. Сайков. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний. 2005. – 406 с.
7 http://www.unesco.kz/publications/ci/2009/cifoss.pdf
Достарыңызбен бөлісу: |