ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Тынышпаев атындағы логистика және көлік академиясы
Институт «Көлік инженериясы»
Мамандық: Көпірлер, тоннелдер жане метрополитендер
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жастардың әлеуметтік проблемалары
Орындаған: Қанат А.Б
Тексерген: Ляпбаева Н. И.
Алматы 2022
Жоспар:
1.Кіріспе
1.1. Әлеуметтанудағы жастардың орыны
1.2. Қазақстандағы жастардың жастық жыныстық құрылымы
2.Негізгі бөлім
2.1. Жастар арасындағы бала туу, өлім жітім
2.2. Жастар арасындағы некелер, ажырасулар
2.3. Жастардың сыртқы және ішкі көші қоны
2.4. Жастардың денсаулығы және жаман әдеттер
2.5. Жасөспірімдер арасындағы жыныстық тәрбие
3.Қорытынды
1.1 Осы заманғы мемлекет қызметiнiң ең маңызды бағыттарының бiрi — жастар саясаты. Елбасымыз "Болашақ — жастардың қолында" деу арқылы жастарға үлкен сенiм бiлдiретiндiгiн айтып өткен едi. Ал, елiмiздiң ертеңi саналатын бiздер, яғни жастар кiмбiз? Мемлекет жастар саясатын қалай ұстанып отыр? Бұл мәселе кiм-кiмдi болсын толғандырары анық.
Ел саясатының негiзгi мiндеттерi — жастардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау, оларға жәрдем беру әрi әлеуметтiк, саяси қызметтер көрсету, әлеуметтiк маңызы бар жас буын өкiлдерiнiң маңызды бастамаларын жүзеге асыру. Ал жастар саясатындағы "жүгi ауыр" мiндеттердiң орындалуына септiгiн тигiзiп жүрген бiршама жастар ұйымдары бар. Бiрақ олардың көбi "саны бар, сапасы жоқтардың" кебiн киiп отыр. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, 180-нен астам жастар ұйымдарының тек 10-ы ғана белсендiлiк танытса, қалғандарының "аты бар, заты жоқ".
Кемеңгер антикалық философ Аристотель: "Жастар мәселесi — мемлекет мәселелерiнiң негiзгiсi", — десе, ата-бабамыз: "Балам" дейтiн жұрт болмаса, "жұртым" дейтiн бала қайдан шықпақ", — деп нақты айта бiлген. Иә, елiмiздiң жастар саясаты туралы заңы, оған қоса "Қазақстан жастары — 2009" бағдарламасы да бар. "Бүгiнгi жастардың тәрбиесiне келсек, олардың көпшiлiгiнде "жастық максимализм" көзқарасы құрып бара жатыр. Мәселен, жасөспiрiмдер арасында мен болашақта депутат болып, елiме адал қызмет етемiн деген идеялардан гөрi, өздерiнiң қарнын қалай тойғызатындығы жөнiнде, бұған қандай жолмен жетсе де тырысып-бағатындығы жайында идеялары басым. Бұл — қоғамға өте қауiптi. Сондықтан да бiз балаларымыздың материалдық жағдайын ғана ойламай, олардың саяси сауатына, спортқа деген қызығушылығына, жалпы ортақ әлемдiк көзқарасына ерекше назар аударуымызкерек.
Жастармыздың әлеуметтiк жағдайын талдасақ, бұл жерде де келеңсiздiктер толы. Жастар бiр сәт отбасылық болашағын елестетсе, олардың алдынан сөзсiз қара түнек шығады. Ауылды жерлерде — жұмыссыздық, қалада — тұрғын үй жас буынның басты түйiткiлi екенi ақиқат. Бұл жағдайлар жастардың ажырасуына да әкелiп соқтырады
Жастар - жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы сипаттамалары жиынтығының негізінде ерекшеленетін, осы және басқа әлеуметтік-психологиялық өзгешеліктермен ескерілетін әлеуметтік-демографиялық топ. Осы тәсілдемеге сәйкес, толыққанды талдау үшін жастардың жас топтамалары бойынша жіктеу орынды. Осылайша, жастарды шартты түрде 3 жас топтамаларына бөлуге болады: кәмелетке толмаған − 14-18 жас, кәмелетке толғаннан кейінгі − 19-23 жас және ересектер тобы − 24-28 жас.
1.2 Жастардың жыныстық-жастық құрылымы Жастардың құрылымында бүгінгі таңда саны жағынан ең көп жастар ересек топ шоғырына жатады 2018 жылдың басындағы жағдай бойынша 24-28 жас аралығындағы жастар 39,5 % құрайды. Осы жаста өндірістік және отбасылық өмірдің жеке тәжірибесі, сондай-ақ жастардың әлеуметтік-саяси қатынастарға қатысу деңгейі негізінде кемелденген тұлғаны қалыптастыру процесі аяқталады. Бүгінгі таңда жастардың үштен бір бөлігі − орта жастағы шоғыр, яғни негізінен кәсіби дайындықты аяқтап, өндірістік қызметке кірген және өз отбасыларын құрған студенттер мен жас адамдар,. Жастар санының ең азын жасөспірімдер мен 14-18 жас аралығындағы жас адамдар құрайды. Ресми статистикалық өлшемге сәйкес 14-29 жас аралығындағы жас адамдар кіретін, «жастар» демографиялық санатын талдай отырып, 2015 жылдан бастап орташа және ересек жас топтарындағы жастар санының азайып жатқандығын атап өту маңызды .Кіші жас тобы (14-18 жас) жастарының саны бойынша жағдай өзгерек: 2016 жылдан бастап саны біртіндеп артып келеді. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінше, жас халықтың жыныстық құрылымы ерлер мен әйелдердің тең пропорциясымен сипатталады. Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап ер жынысты жастар санының шағын өсу динамикасы байқалады .2014 жылдан 2018 жылға дейінгі кезеңде жас әйелдер мен ерлердің ең көп саны ересек жас тобында (24-28 жас) тіркелген, 2018 жылдың басындағы жағдай бойынша тиісінше 770 690 әйел мен 770 865 ер адам .Соңғы 5 жылда 14-18 жас тобындағы жас ерлер санының басымдылығы анықталады. 19-23 жастағы, 24-28 жас аралығындағы жас шоғырларында жыныстар арасындағы ара-қатынас пропорционалды болып келеді . Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ болып табылады. Қазіргі кезде жасөспірімдерді, бозбалалар мен бойжеткендерді, жастарды қорғау проблемалары, жастар мен жасөспірімдер қылмыстары, девиантты мінез-құлқы проблемалары, жас жұмысшылар мен жасөспірімдерді қызметте және өнеркәсіп орындарында кемсіту проблемалары және т.б. белгілі болып отыр.
2.1. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2017 жылдың соңына қарай 2016 жылмен салыстырғанда жастар арасындағы туу көрсеткіші 6,0 %-ға (14 259 адам) төмендеген. 2014 жылдан бастап бала туу деңгейінің төмендеуі байқалады. Мәселен, 2017 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 30 119 сәбиге дүниеге аз келгенжас шоғырларында төмендеуі байқалады. 2017 жылы 15-19 жас аралығындағы жастардың бала туу көрсеткіші − 24,93 промилле, 20-24 жас аралығындағы кезеңде − 159,04 промилле, 25-28 жас аралығында − 163,26 промиллені құрады.
Бала туу коэффициенті 2012 жылдан 2014 жылға дейінгі кезеңде барлық жас шоғырларында өсу тенденциясы бар. 2015 жылы бұл көрсеткіштің барлық келетілген. 20-24 жас санатындағы қала жастарында 2014-2017 жылдар аралығында, сондай-ақ 25-28 жастағы ауылдық жерлерде бала туудың тұрақты өсу үрдісі байқалады .ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша 2017 жылы Қазақстандағы өлім-жітім көрсеткіші 130 033 адамға жетті, бұл 2016 жылға қарағанда 2040 адамға кем (2016 ж. – 132 373 адам) Жастар арасында бұл көрсеткіш 2017 жылы 3403 адамды құрады, оның ішінде 14-18 жас аралығында 578 адам, 19-23 жас аралығында 1090 адам және 24-28 жас аралығында 1735 адам. 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда жастар-дың өлімі 15,7 % -ға төмендеді. Өлім-жітім деңгейін талдау 2014-2017 жылдар аралығында төмендеу үрдісі анықталды. 2017 жылы 2014 жылмен салыстырғанда барлық жастобындағы жастар арасындағы арасында өлімжітім 1047 адамға азайған (1.10-сурет). 2014 - 2015 жылдары қала жастарының өлімі ауыл жастарына қарағанда жоғары болды. Алайда, 2016-2017 жж. қарама-қарсы үрдіс байқалады: ауыл жастары арасында өлім басым. 2017 жылы жас жігіттер арасында өлім-жітім көрсеткіші жас әйелдерге қарағанда 2,5 есе жоғары екенін атап өткен жөн. Психологтардың пікірінше, бұл ерлердің қауіпті мінез-құлыққа тән өзгешелігіне байланысты болуы мүмкін. Жыл сайын жастар арасындағы өлім-жітімнің ең көп саны жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттар (62,3 %) салдарынан болады. Өлімнің басқа себептері - қан айналымы жүйесінің аурулары (6,7 %), ас қорыту жүйесінің аурулары (3,1 %), тыныс алу жүйесінің аурулары (3,4 %), инфекциялық және паразиттік аурулар (2,6 %). 14-28 жас аралығындағы адамдар арасындағы өлім-жітімді анықтау үшін жасқа байланысты өлімжітім көрсеткіші пайдаланылды, бұл бір жыл ішінде өлімнің жалпы санының халыққа қатынасы промил-леде көрсетілген . 2014 жылдан басқа, ерлер мен әйелдер арасындағы өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі 24-28 жас аралығындағы жас тобы-на (2014 жылы − 19-23 жас), ал ең төменгі − 14-18 жас аралығындағы жастарға (2014 ж. − 24-28 жас) тиесілі. Жастар арасындағы ең жоғары өлім-жітім 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысының 24-28 жастағы жас тобында (2,09), Алматы облысында 19-23 жастағы орташа жас тобында (1,38), Батыс Қазақстан облысында 14-18 жас аралығындағы жас тобында (0,85) байқалады. Жастар арасындағы ең төмен өлім-жітім көрсеткіші Алматы қаласының барлық жас тобында тіркелген.
2.2. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2017 жылы жастар арасында 105 796 неке (әйел), 88 180 неке (ерлер) қиылған. Бұл көрсеткішті 2014 жылдан бастап динамикада зерттеу жастардың барлық топтарында (15 % және 17 %), сондай-ақ жастардың жалпы санының азаюына байланысты неке қиюдың төмендеуін көрсетеді. Некедегі өзгерістердің динамикасы 1.11-кестеде және 1.12- суретте келтірілген. Некеде тұрған жастардың ең көп үлесі 19-23 жастағы жас тобында анықталған . Жастар арасында ажырасқандар үлесі өсуде: жас ер адамдар арасында 2014 жылы 3,6 % -дан 3,8 % -ға дейін, тиесінше 2017 жылы жас әйелдер арасында 4 % -дан 4,9 % -ға дейін өскен. Некеге тұру жасы некелік мінез-құлықтың индикаторы болып табылады. Ерлер мен әйелдердің некеге тұруының орташа жасы бірте-бірте артып келеді . Қазақстанда некеге тұрған ерлердің орташа жасы 2014 жылы 27,1 жастан 2016 жылы 27,3 жылға дейін артты. Некені кейінге қалдыру, некеге тұрудың орташа жасының артуы жастардың некелік мінез-құлықтарындағы елеулі өзгерістердің болғандығын білдіреді. Некеге тұрудың орташа жасының артуына жастардың экономикалық тұрғыда дербес болуға, білім алу, мамандық, жұмыс және мансапқа ұмтылуы әсер етеді. Ажырасудың ең көп саны 25-28 жас аралығындағы жас топтарына тиесілі. Бұл үрдіс жас ерлер мен әйелдерге де тән. Қазақстандық жастардың ажырасуға қатынасы төмендегідей: 76,6 % ажырасуларға теріс қарайды, оның ішінде 44,9 % «әрине теріс, егер балалары болса» және респонденттердің үштен бірі (31,7 %) – біршама теріс. 17,2 % -ы «егер жас жұбайлар некеде бақытсыз болса, ажырасудан басқа жол жоқ» деген пікір білдірген. Әлеуметтік зерттеудің нәтижесі бойынша ажырасудың негізгі себептеріне қаржылық және тұрғын үй мәселелері, отбасына адал болмауы, баланың болмауы, зиянды әдеттер (алкоголизм, темекі шегу, құмар ойындар), ата-ананың жастар өміріне аралaсуы.
2.3. Соңғы 5 жыл ішінде жастардың қатысуымен көші-қон үдерістерінде елеулі өзгерістер байқалады. 2014 жылдан 2017 жылға дейін жастардың көші-қонының теріс сальдосы анықталуда. Көші-қон ұтқырлығы 24-28 жастағы жастар тобына тән . Бұл жастағы жастардың, әдетте, оқуын аяқтап, ең қолайлы жұмыс іздейтінімен түсіндіріледі. Сонымен қатар, ерлер мен әйелдердің некеге тұруының орташа жасы ұлғайғандықтан, осы жастағы жастардың көпшілігі отбасылық және отбасылық міндеттермен ауыртпалық көрмейді. Елден кеткендердің ең көп жастар саны ТМД елдеріне (90,1 %) келеді. 2017 жылы Қазақстан мен ТМД елдерінің көші-қон алмасуы бойынша біздің елден шыққан жастардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан (1 169 адам), Қарағанды (1 099 адам), Қостанай (996 адам), Павлодар (787 адам) және Солтүстік Қазақстан (774 адам) облыстарынан көшуде. Бұл Қазақстанның шекаралас облыстарынан Ресейге қоныс аударуымен байланысты. Басқа елдерге қатысты Қазақстанның көші-қон үрдісі әлсіз. Ең бастысы, Қарағанды (167 адам), Павлодар (107 адам), Қостанай (107 адам) облыстары мен Алматы қаласының (97 адам) жастары басқа елдерден кетіп жатыр. Жалпы алғанда, мобильділік шыңы 24-28 жас тобындағы жастарға, негізінен əйелдерге тән құбылыс. Ішкі көші-қонның ең үлкен қарқыны республикалық маңызы бар қалаларда - Астана (43 021 адам келді, сальдо − 15 853 адамды құрайды) мен Алматыда (35 763 адам, сальдо − 14 765 адамды құрайды) байқалды. Жоғарыда айтылғандай, ауыл жастары санының төмендеуі білім алуды жалғастыру мен жұмысқа орналасу үшін ауылдан қалаға жастардың кетуіне байланысты. Ауыл жастарының қалаларға көшуі көбейіп келеді. Оңтүстік Қазақ-стан (49 416 адам) және Алматы (35 921 адам) облыстарынан жастардың басым көпшілігі көшіп кетті. Осылайша, жастардың әлеуметтік-демографиялық жай-күйінің талдауы келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді: Еліміздің жалпы халқының құрылымында соңғы бес жылда жастардың саны азайып келеді (2013 жылы − 27,5 %, 2017 − 22,3 %). Жастардың санын азаюы қоғамның түрлі салаларына әсер етуі мүмкін және бұл ахуал жоспарлау кезінде ескерілуі қажет. 24-28 жас аралығындағы жастар шамамен 40 % құрайды, олар зерделеу кезеңі аралығында өсу қарқынымен толықтырылады. Жастардың үштен бір бөлігі орташа жастағы топ, олардың санына қатысты, керісінше, өсу қарқынының төмендеуі байқалады. Жастардың гендерлік портреті тұрақты үрдіске ие, ерлер мен әйелдердің тең үлестерімен біркелкі ұсынылған. Ерлер мен әйелдердің неке қиюының орташа жасы бірте-бірте артып келеді. Некені кейінге қалдыру, некеге тұрудың орташа жасының артуы жастардың некелік мінез-құлықтарындағы елеулі өзгерістердің болғандығын білдіреді. Ажырасу көрсеткіштері 2014-2016 жылдар кезеңінде бірте-бірте төмендеген, жалпы төмендеу 8,2 % құрады. Ерлі-зайыптылардың ең көп саны 25-28 жас тобындағы жастарға тиесілі, бұл 64,7 % құрайды. 2015-2016 жылдары жастар арасында туу деңгейі төмендеген, 2015 жылдан бастап «демографиялық дағдарыс» ұрпағы (1996-1998 жж.) бала туатын жасқа кіреді. Соңғы бес жылда жастар көші-қоны бойынша үрдістер айтарлықтай өзгерістерді көрсетеді. 2014 жылдан 2017 жылға дейін теріс миграциялық теңгерім бар. Қазақстаннан кеткен иммигранттар саны артуда. Кетіп жатқан жастардың көпшілігі ТМД елдеріне тиесілі, басқа елдерге қатысты көші-қон үрдісі төмен. Мобильділіктің шыңы 24-28 жас аралығындағы жастар тобына жатады, бұр құбылыс көбінесе әйелдерге тән. Жастардың ауылдан қалаларға көшу қарқыны ұлғайып келеді.
2.4 Жас ұрпақтың денсаулығы мәселесінің өзектілігі сөзсіз. Денсаулықтың нашарлығы өмір сүру сапасын күрт төмендетеді, адамның қоғамға белсене қатысу қабілеттілігіне әсер етеді. Денсаулық сақтаудың тиімді жүйесі дамыған қоғам белгілерінің бірі болып табылады. Жастардың денсаулығы адам дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Бұл келесі себептерге байланысты. Біріншіден, жас адамдар ауруларының ерекше профилі бар және олар туралы жастар арасын-да ақпараттану деңгейін арттыру арқылы алдын алуға болады. Екіншіден, жастардың денсаулығының жағдайы көбінесе болашақ өмірінің сапасын анықтайды. Осы тұрғыдан алғанда, жастар денсаулығын ескеру қажет, өйткені өмір салты, жаман әдеттер (темекі шегу, алкогольді ішімдіктер, есірткілер) орта және егде жастағы адамдардың денсаулығына қатты әсер етеді. Әлеуметтік-маңызды аурулар – әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан туындайтын, қоғамға зиян келтіретін және адамның әлеуметтік қорғалуын талап ететін аурула: туберкулезбен сырқаттанушылық, психобелсенді заттарды пайдалану және алкоголизм. Жасөспірімдер мен жастардың алкогольді тұтыну проблемасы қазіргі заманғы қоғам үшін өте маңызды, өйткені ол жас ұрпақтың денсаулығына, өмір сүру ұзақтығына, жұмыс қабілеттілігіне және т.б. әсер етеді. Алкогольді ұзақ мерзімді және жиі қолданылу алкоголизмге әкелуі мүмкін. Алкоголизм − созылмалы ауру, ол алкоголді ұзақ уақыт қолданып, психикалық және физикалық денсаулығының бұзылуына, сондай-ақ әлеуметтік бейімсізденуге әкеліп соғатын алкогольге тәуелділікпен сипатталады.
2.5. Жасөспірімдер арасындағы ерте жастағы жүктілік және жасанды түсік тастау Жастардың ұрпақ жаңғырту денсаулығына әсер ететін әлеуметтік проблемалардың бірі ерте жүктілік пен түсік тастау болып табылады. Жасөспірімдердің жас шамасы неғұрлым төмен болса, ерте жүктілік кезінде денсаулыққа қауіп төну жағдайы жоғары болады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2017 жылы 15-18 да тіркелген. АИТВ жұқтырғандардың ең төмен таралуы Павлодар (10,9), Жамбыл (11,3) және Қостанай (11,5) облыстарында (АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жалпы санынан) анықталған
2.6. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДСҰ) (WHO Global Suicide Report, 2014) мәліметтері бойынша, 2012 жылы Қазақстанда 5-14 жас аралығындағы (100 мың тұрғынға шаққанда 3,0) өзін-өзі өлтіру оқиғаларының саны бойынша әлемде 9-шы орынды алады. 15-29 жас аралығындағы жастар арасында аталған оқиғаның таралуы бойынша 4-ші орында − 100 мың тұрғынға шаққанда 30,8. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларының саны бойынша алғашқы он елдің қатарына Ресей (100 мың адамға 27,3, 15 жастан 29 жасқа дейінгі жастағы), Литва (100 мың адамға 26,8, 15 жастан 29 жасқа дейінгі жастар) елдері де кіреді. Өзіне-өзі қол жұмсау мінез-құлықтың қалыптасуы биологиялық (генетикалық бейімділік, психикалық бұзылулардың болуы және т.б.), психологиялық (эмоциялық, когнитивтік, мінез-құлықтық реакциялар және т.б.) және әлеуметтік факторларға (әлеуметтік орта, кәсіп, әлеуметтік жағдай, әлеуметтік-экономикалық мәртебе және т.б.) байланысты екендігін айта кету керек. Осылайша, өзіне-өзі қол жұмсау процесі динамикалық сипат алады және факторлардың ешқайсысын алдын ала болжап, нақты анықталған фактор ретінде қарастыруға болмайды.
3. Қазақстан өзге де ТМД елдері сияқты Жастар дамуының индексінде орта буында, 63-орынды иеленеді. Қазақстанның күшті жақтарына адамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды жатқызуға болады. ЖДИ деректері бойынша Қазақстанда жастар білім алу мен жұмысқа орналасу үшін жоғары мүмкіндіктерге ие, алайда азаматтық белсенділік орташа деп бағаланады. Бұл Индекс нәтижелері бойынша Қазақстан жеке қауіпсіздік, қылмысқа қатынастық, жол-көлік оқиғаларындағы өлім, сондай-ақ жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың жоғары деңгейімен байланысты денсаулық сақтау салалары бойынша басқа ТМД елдерінен (Армения, Грузия, Беларусь, Қырғызстан, Украина) артта қалуда. 3. Жас ұрпақ денсаулығы – мемлекеттің басымдылықтарының бірі. Әлеуметтік маңызы бар аурулар (туберкулез, АИТВ, қатерлі ісік аурулары мен т.б.) жастар денсаулығы үшін басты қауіп-қатерлердің бірі болып табылады. Жастар ауруларының статистикалық деректерінің талдауы келесідей трендтерді анықтауға мүмкіндік берді. Жастар арасындағы туу көрсеткіші төмендеп барады. Некені кейінге қалдыру, некеге тұрудың орташа жасының артуы жастардың некелік мінез-құлықтарындағы елеулі өзгерістердің болғандығын білдіреді. Некеге тұрудың орташа жасының артуына жастардың экономикалық тұрғыда дербес болуға, білім алу, мамандық, жұмыс және мансапқа ұмтылуы әсер етеді. - Жастар арасында әскердің жағымды имиджі әскери қызметшілердің құқықтық қорғалуын қамтамасыз етпестен, әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығын (тұрғын үй, ақшалай жәрдемақылар, әлеуметтік сақтандыру және т.б.) шешпестен, қазіргі заманғы жабдықтар мен қару-жарақпен қамтамасыз етілместен, шақырылатын контингент сапасын арттыру және т.б. қалыптастырылу мүмкін емес. Яғни, әскердің имиджін жасау ғана емес, сондай-ақ, бұл имидж деңгейінде өмір сүру, әр кезде оны ақтап және нығайтып отыру керек, әйтпесе ол әшкереленіп қалады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. «Қазақстан жастары – 2018» Ұлттық баяндамасы. Национальный доклад «Молодежь Казахстана – 2018». National report “Youth of Kazakhstan – 2018». Қалиев Т.Б, Қайдарова Ә.С., Каримова Ж.К., Әшімханова Д.Ә.,Маульшариф М.М, Насимова Г.О., Негай Н.А., Сыдықназаров М. Қ., Шаповал Ю.В., Мусатаева Ф.М., Окасова Г.Е., Касымбеков А.М. – Астана, 2018.
2. Әтемова Қ.Т.Әлеуметтік педагогика. Оқулық. –А.,2012,-272б.
3. Айтбаева А.Әлеуметтік педагогика негіздері. Оқу құрал.-А.,2011.
Достарыңызбен бөлісу: |