Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйелер»



бет4/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.54 Mb.
#124735
1   2   3   4

Бағандық форманы қолдан құру қиын емес.

Форманы көріп шығу үшін БҚ терезесінің «Форма» қондырмасын ашып, атауын таңдау және «Көріп шығу» түймесін шерту керек. Келесі жазуларға өту және жаңа жазу қосу үшін терезенің Жазуға өту түймелерін пайдаланылуы тиіс.


18-сурет. Форманы конструктор көмегімен құру.


1.9. Есептер.
Есеп (есеп беру, отчет) 0 – кесте не сұраныстың басып шығаруға дайындалған түрі. Есеп құру тәсілі форма құру тәсіліне ұқсас. Есептің формадан айырмашылығы – ол берілгендерді ендіру үшін емес, тек шығару үшін және экрандық емес, басылып шығатын құжатты дайындау форматында құрылады.

Access дайындаған есепті берілгендер қорының «Есептер» бөлімінде сақтайды. Есеппен тақырып енгізу, экранда көріп шығу, оны қағаз форматына сәйкестендіру сияқты әрекеттерді ғана орындауға мүмкіндік береді.

Есеп құрудың үш тәсілі бар:


  • автоматты түрде (автоесептер);

  • Есептер шебері арқылы (жартылай автоматты түрде);

  • қолдан құру (Конструктор режимінде).


1.9.1. Автоесеп.
Автоесеп (автоотчет) – есепті автоматты түрде құрудың қарапайым тәсілі. Оны екі типте құру мүмкін: бағандық және таспалық. Олар форма типтеріне ұқсас. Автоесеп құру үшін БҚ терезесін ашып, Есеп – Құру командасын беру керек. Жаңа форма терезесіне ұқсас «Жаңа есеп» сұхбат терезесі ашылады. Одан әрі автоесепті іске қосу тәсілі форманы құру сияқты. Мұндағы ерекшелік – құрылған есептің іске қосу тәсілі форманы құру сияқты. Мұндағы ерекшелік – құрылған есептің жоғарғы жолына тақырып ретінде кесте атауы енгізіліп қойылады және жазу элементтері тіктөртбұрыштар ішіне алынбайды. Таспалық есепті талапқа құру үшін оның өрістері көп болмауы тиіс. Бұл жағдайда есепті бағандық тәсіл бойынша құрған жөн.

19-сурет. Есепті автоесеп көмегімен құру.


1.9.2. Есептер шебері.
Есептер шебері формулалар шебері сияқты программа, оның алты қадамдық сұхбат терезесі бар.

Шебермен жұмыс технологиясы:



  1. Жаңа есеп терезесін экранға шығару.

  2. Терезеден Есептер шебері (мастер отчетов) қатарын және кесте немесе сұраныс атауын таңдап ОК батырмасын шерту. Форма құру терезесіне ұқсас бірінші қадам терезесі ашылады.

  3. Терезеден қажетті өрістерді Таңдалған өрістер блогына көшіру.

  4. Екінші қадам терезесінде өріс бойынша топтық операция жүргізу қажет болса, атауын сол жақ панельден терезенің оң бөлігіне көшіру.

  5. Үшінші қадам терезесінде, қажет болса, берілгендерді өрістері бойынша сорттау командасын беру.

  6. Төртінші қадам терезесінде есептің жалпы түрін жоспарлау. Ол үшін Макет және Бағдарлау блоктарынан қажетті ауыстырылып қосқыштарды орнату, мысалы, «Кестелік» және «Кітаптық».

  7. Бесінші қадам терезесінде есептің жалпы түрін (стилін) таңдау, мысалы, «Қатаң» (строгий). Таңдалған стиль бойынша есептің басылып шығатын түр-тұлғасы терезесінің сол жағына орнатылған қосымша панельде көрсетіліп қойылады.

  8. Соңғы сұхбат терезеде таңдалған кесте не сұраныс атауымен бірдей есеп тақырыбы көрінеді. Қажет болса, есепке жаңа атау енегізіп, «Есепті қарап шығу» ауыстырып қосқышын орнату және «Дайын» түймесін шерту. Экранда Шебер арқылы дайындаған есептің үзіндісі көрінеді.

Ескерту. Таспалық форматта құрылған есептің әр қатары экран жолына сыймауы мүмкін. Кейде бағандық есептің экрандағы көрінісі де (өрістерінің орналасуы) қанағаттанарлықсыз болып келеді. Бұл кезде оларды Конструктор режимі терезесі арқылы қолдан редакциялап шығу керек. Конструкторды іске қосу үшін алтыншы қадам терезесінде «Есеп құрылымын өзгерту» ауыстырып қосқышын орнатуға болады.

20-сурет. Есепті шебер көмегімен құру.




1.9.3. Есептер конструкторы.
Конструктор терезесі арқылы Автоесеп және Есептер шебері арқылы құрылған есеп элементтерінің орналасу форматын, т.б. қолдан өзгертуге болады.

Автоесеп элементтерін орналастыру тәсілі:



  1. БҚ терезесінің Есептер қондырмасын ашып, құрылған есеп атауын таңдау.

  2. Терезенің конструктор терезесін шерту. Конструктор режимі терезесі, автоесеп өрістерінің тізімі және Элементтер тізімі көрінеді. Терезе бес бөлімді: Есеп тақырыбы, Жоғарғы колонтитул, Берілгендер облысы, Төменгі колонитул, Есеп ескертпелері. Есеп элементтерң терезеге төртбұрыштар ішіне орналастырылған объект ретінде енгізіледі.

  3. Есеп тақырыбы бөліміне автоесеп тақырыбы енгізіледі. Оны өзгерту, жылжыту, шрифтін үлкейту де мүмкін. Тақырыпты өзгерту жолы:

  1. тақырып енгізілген төрбұрышты рамканы таңдап, Del клавишін басу. Тақырып оны қоршаған төртбұрышпен алынып тасталынады;

  2. элементтер панелінің Аа түймесін пайдаланып, облыста тіктөртбұрыш сызу. Оның ішіне курсор орналастырылып қойылады;

  3. клавиатурадан тақырыпты теріп, КҚ клавишін басу;

  1. Жоғарғы колонтитулға енгізілген басқару элементтері - өріс атаулары, берілгендер облысына ендірілгендер – олардың қолтаңбалары. Олар сәйкес түрде бір баған бойында және тіктөртбұрыштар ішінде жазулы. Қолтаңба да басқару элементі. Принтерде басып шығу кезінде оларға кестеден берілгендер мәні беріледі. Басқару элементі енгізілген төрбұрышты таңдау, өлшемін өзгерту, жылжыту әдістері форманы құру әдістерімен бірдей.

  2. Редакциялау жұмыстарынан соң Көрініс – Алдын-ала көріп шығу командасын беріп, есептің экранда орналасу форматын көріп шығу және Esc клавишін басып, Конструктор режимі терезесін экранға қайта шығару.

  3. Есеп форматы ұнамаса, оны қайта редакциялау.

  4. Терезенің жабу түймесін шерту. Есеп макетінің не құрылымының өзгертілгенін растау сұралатын сұхбат терезе көрінеді. Оның Иә түймесін шерту. Есепке Access тағайындаған атау жазылған терезе көрінеді. Қажет болса, жаңа атау енгізу.

Төменгі колонтитул облысына программа алғашқы рет Now() функциясы мен Page жүйелік айнымалысын пайдаланып жазылған өрнектер енгізіп қояды. Now (қазір) функциясы ағымдық датаны, Page (бет) айнымалысы ағымдық бет номерін шығарады. Тырнақша ішінде жазылғандар – литералдар, & - біріктіру (конкатенация) операторы (Page айнымалысы терезенің оң жағында орналасқандықтан, ол көрінбейді).

Ескертпе бөлімі қосымша мәліметтер енгізу үшін пайдаланылады.

Басқа тәсілдер арқылы құрылған есептің элементтерін Конструктор режимі арқылы реттеп орналастыру тәсілі де жоғарыдағыдай.


21-сурет. Есепті конструктор көмегімен құру.


1.9.4. Диаграмма құру.
Кестенің сандық өріс мәндерін көрнекі түрде салыстыру үшін оларды диагрмма түрде көрсеткен дұрыс. Диаграмма құру төрт қадамдық сұхбат терезесі бар «Диаграмма шебері» программасы арқылы орындалады.Мысалы, кітапханада бар оқулықтар жөнінде құрылған «Кітапхана1» кестесі үшін диаграмма құру жолы:

  1. БҚ терезесінде Есептер – Құру командасын беріп, «Жаңа есеп» терезесін ашу.

  2. Терезенің «Диаграмма шебері» қатарын және тізімнен «Кітапхана1» атауын таңдап, OK түймесін шерту. Шебер іске қосылады.

  3. Бірінші қадам терезесінде көрінген өріс атауларының қажеттілерін «Диаграмма өрістері» панеліне көшіру.

  4. Екінші қадам терезесінде диаграмманың 20 типі көрсетілген. Олардың қажеттісін (гистограмма типін) таңдау.

  5. Үшінші қадам терезесінде диаграмманың үлгісі көрсетілген. Өрістер түймелерін Үлгі облысына, терезенің оң жағында көрінген өріс атауларын диаграммада көрінген жазулардың үстіне жылжытып әкелу. Егер көлденең осьте атауларды, тік осьте сандық мәндерді орналастырғыңыз келсе, өзгерістер енгізудің қажеті жоқ.

  6. Төртінші қадам терезесінде, қажет болса, диаграммаға атау енгізу, мысалы, «Кітап сандары». Ол салынған диаграмманың үстіне ірі әріптермен тақырып ретінде жазылып қойылады.

Құрылған диаграмманың кейбір бағандары көзге түсерлік түрде көрінбеуі мүмкін. Бұл кезде диаграмманы мына түрде редакциялауға болады:

  1. Кестенің қажетті өрістерін (мысалы, «Кітапхана1» кестесінің Атаулар, Саны өрістерін) буферге көшіру.

  2. Диаграмманы Конструктор режимінде ашып, көрінген үлгісін екі рет шерту. Microsoft Graph қосымша программасы іске қосылып, Access дайындаған кесте және әрбір элементі объект болатын диаграмма терезесі көрінеді.

  3. Кестенің алғашқы өрісіне буферге енгізілген өрістерді кірістіріп, қалған өрістерді өшіру.

  4. Диаграмма терезесін таңдап, мүмкіндігінше үлкейту.

  5. Диаграмманың құрылу облысын таңдап, оны да терезе ішінде мүмкіндігінше үлкейту. Легенда қажет емес, оны алып тастау керек.

  6. Қажет болса, диаграмма тақырыбын өзгерту және диаграмма мен оның астына жазылған өріс мәндерін редакциялау (шрифтерін кішірейту, оларды көлбеу орналастыру). Мәндерді редакциялау үшін осьтің бірін екі рет шерту. Ось форматы сұхбат терезесі көрінеді. Редакциялауды «Шрифтер» және «Туралау қондырмалары арқылы орындау қиын емес.

Диаграмма түрін өзгерту үшін диаграмманы екі рет шерту керек. Көрінген Берілгендер қатары форматы терезесінен оның жиек сызықтарын, диаграмма бағанының боялу түсін, қалыңдығын және бағандардың аралықтар қашықтығын орнатуға болады.

  1. «Берілгендер» мәзірін ашып, оның Қатарлар бағандар құрайды қатарын ерекшелеу.

  2. Файл – Шығу және диаграммаға қайту командасын беру, Graph жұмысын аяқтап, Конструктор терезесі қайта көрінеді. Терезеде диаграмма толық көрінетіндей түрде берілгендер облысын кеңейтіп қойған дұрыс.

  3. Конструктор терезесін жабу.


1.10. Мәліметтерді басып шығару.
Есепті басып шығару үшін орындалуы мүмкін элементтер:

  1. БҚ терезісін ашып, басылып шығарылатын есеп атауын таңдау.

  2. Файл – Бет параметрлері командасын беру. Стандартты параметрлер орнатылған «Бет параметрлері» сұхбат терезесі көрінеді. Параметрлерді өзгерту тәсілі Word-тағы сияқты:

  1. «Өрістер» қондырмасын ашып, қағаз бетінің жиек өрісі өлшемдерін ендіру;

  2. «Бет» қондырмасынан қағаз варианты мен өлшемдерін таңдау;

  3. «Бағандар» командасында бағандар санын, бағандар мен жол аралықтарын, баған ені мен биіктігін орнату;

  4. OK түймесін шерту.

  1. Файл – Алдын-ала көріп шығу командасын беру. Объект қандай түрде басылып шығатын болса, көріп шығу терезесінде сондай түрде көрсетіледі. Көріп шығу терезесінің өз аспаптап панелі бар. Терезе ашылғанда панель де орнатылып қойылады. Оның түймелерінің қызметі: объектінің экранда көрінісін кішірейту немесе үлкейту; процент бойынша масштабтау (75%, 150%, 200%, …); экранға бірден бір не екі бет шығару; терезені жабу, т. б.

  2. Көріп шығу терезесін жабу (Esc клавишін басу немесе аспаптап панелінің «Жабу» түймесін шерту). Экранда көрінген объект көрінісі ұнамаса, есеп құрылымын конструктор режимі терезесі арқылы редакциялауға болады.

  3. Аспаптар панелінің «Басып шығару» түймесін шерту немесе Файл – Басып шығару командасын беру. Аттас сұхбат терезесі көрінеді.

  4. Терезеден қажетті параметрлерді таңдап, OK түймесін шерту.

Осы әдіс бойынша сұранысты немесе форманы басып шығару да мүмкін. Кесте мен сұраныс үшін параметрлер арасынан қажетті өлшемдерді енгізу жеткілікті.
2. «Кино жұлдыздары» мәліметтер қорын құру.
2.1. «Кино жұлдыздары» МҚ-ның кестелерін құру.
Кестені Конструктор режимінде құрамыз. Кестенің Өріс атауы бағанына сәйкес тақырыптарды енгіземіз. «Берілгендер типі» бағанынан кестенің өріс атауын сәйкес өріс типтерін таңдаймыз.

22-сурет. Конструктор терезесі.

Кестені сақтап, кестеге мәліметтерді жазамыз.

23-сурет. «Голливуд жұлдыздары» кестесі.



24-сурет. «Корея жұлдыздары» кестесі.



25-сурет. «Қытай жұлдыздары» кестесі.



26-сурет. «Латын Америка жұлдыздары» кестесі.



27-сурет. «Ресей жұлдыздары» кестесі.



28-сурет. «Үнді жұлдыздары» кестесі.



29-сурет. «Барлық кино жұлдыздары» кестесі.



2.2. «Кино жұлдыздары» МҚ-ның сұраныстарын құру.
Мәліметтер базасы терезесінің Объектілер бөліміндегі Сұраныс қондырмасын таңдап алып, оны Конструктор режімінде құрамыз.

30-сурет. Сұраныс Конструкторы терезесі.



31-сурет.



32-сурет.


2.3. «Кино жұлдыздары» МҚ-ның формаларын құру.
Мәліметтер базасы терезесінің Объектілер бөліміндегі Формалар қондырмасын таңдап алып, оны Форма шеберінің көмегімен құрамыз.

33-сурет.



34-сурет. «Голливуд жұлдыздары» формасы.



35-сурет. «Корея жұлдыздары» формасы.



36-сурет. «Қытай жұлдыздары» формасы.



37-сурет. «Латын Америка жұлдыздары» формасы.



38-сурет. «Ресей жұлдыздары» формасы.



39-сурет. «Үнді жұлдыздары» формасы.

«Кино жұлдыздары» МҚ-ның басты формасы Конструктор режимінде құрылған.

40-сурет. Басты форма.


2.4. «Кино жұлдыздары» МҚ-ның есептерін құру.
Мәліметтер базасы терезесінің Объектілер бөліміндегі Есептер қондырмасын таңдап алып, оны Есептер шебері арқылы құрамыз.

41-сурет.



42-сурет. Есеп «Голливуд жұлдыздары».


2.5. «Кино жұлдыздары» МҚ-ның макростарын құру.
Басты формадағы «Голливуд жұлдыздары», «Корея жұлдыздары», «Қытай жұлдыздары», «Латын Америка жұлдыздары», «Ресей жұлдыздары», «Үнді жұлдыздары» батырмаларының барлығы макрокомандалар арқылы жасалған.

43-сурет.

«Іздеу» батырмасына Сұранысты ашу макрокомандасы, «Шығу» батырмасына Шығу макрокомандасы меншіктелген. Формалардағы «Шығу» батырмасына Жабу макрокомандасы меншіктелген.

Қорытынды.
Қазіргі таңда мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі обьектілермен жұмыс істеу ерекшіліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Курстық жұмыс Microsoft Access 2000 мәліметтер базасын басқару жүйесінде жазылған.

Курстық жұмыстың тақырыбы – “«Кино жұлдыздары» мәліметтер қорын құру. ” Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады:



  1. Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.

  2. «Кино жұлдыздары» мәліметтер қорын құру.

Бірінші бөлімде Access 2000 мәліметтер қорын басқару жүйесіне қысқаша түсінік берілген.

Екінші бөлімде мәліметтер қоры, олармен жұмыс істеу, кесте құру, сұраныс жасау, форма құру, есеп беру, макростар арқылы макрокомандалар беру тәсілдері көрсетілген.

Курстық жұмысты қорытындылай келе, Access 2000 мәліметтер қорының теориялық материалдарын толық меңгеруде, мәліметтер қорымен жұмыс істеуде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. О.Камардинов «Информатика» 2- кітап Шымкент, 2000
2. А.В. Могилев,. Н.И.Пак., Е.К.Хеннер «Информатика» Москва ИЦ «Академия»,2004
3. А.Д.Хомененко., В.М.Цыганков., М.Г. Мальцев «База данных» СПб: КОРОНА, 2002
4. М.Қ.Байжұманов., Л.Қ.Жапсарбаева «Информатика» Астана,2004
5. В.Н.Кирнос «Информатика.Базовый курс» Кокшетау,2004 ж.
6. С.Симонович «Информатика.Базовый курс» 2004 ж.
7. Харитонова И. «Самоучитель ACCESS 2000» 2001 ж
8. Ларионов В.А. «Информатика и ВТ» 1992 ж.
9. А.В.Петров «Вычислительная техника и программирование. Учебное пособие» 1991 ж.
10. А.В.Могилев,Н.И.Пак ,Е.К.Хеннер «Практикум по информатике» 2000ж.
11. Под ред .проф. Макаровой «Информатика» 2001 ж.

Қосымша


Басты форма.



«Голливуд жұлдыздары» формасы.



«Корея жұлдыздары» формасы.



«Қытай жұлдыздары» формасы.



«Латын Америка жұлдыздары» формасы.



«Ресей жұлдыздары» формасы.



«Үнді жұлдыздары» формасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет