Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім



бет4/7
Дата04.05.2023
өлшемі207.5 Kb.
#473189
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
ГЕОГРАФИЯ ЕМН ОГН каз 150

4

Геоэкономика

Геоэкономиканың негізгі бағыттары. Геоэкономиканың негізгі категориялары. Геоэкономикалық зерттеулер. Аймақ елдерінің экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлі. Шаруашылықтың тиімді қызметінің негіздері. Әлемдік шаруашылықтың аумақтық құрылымы. Әлем елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы. Әлемнің барлық елдерін әлемдік шаруашылықпен толық қамту. Шаруашылықтың түрлі салаларындағы кәсіпорындарды орналастыру факторлары мен шарттары. Әлемдік шаруашылықтың экономикалық негізі. Шаруашылықтың салалық құрылымының динамикасы. Елдің әлемдік шаруашылыққа қатысу деңгейін бағалау. Шаруашылық құрылымы бойынша әлем елдерінің жіктелуі. Шаруашылық қызмет құрылымының типтері. Әлемдік шаруашылықтың аумақтық құрылымы. Өндіргіш күштерді орналастыру фактілері. Ескі және жаңа орналастыру факторлары. Әлемдік шаруашылықтың аумақтық модельдерін талдау.
Елдер классификациясының типологиясы. Экономиканың салалық құрылымы. Өмір сапасының көрсеткіштері. Рейтинг амандық елдер. Өмір сапасының көрсеткіштері. Экономикалық даму деңгейі бойынша әлем елдерінің жіктелуі. Елдердің экономикалық даму көрсеткіштері. Әлемдік саудадағы елдің экономикалық дамуы. Қазақстанның әлемдік саудадағы орны. Халықаралық экономикалық интеграция. Еуразиялық экономикалық интеграция. Қазақстанның жер ресурстары және пайдалы қазбалары. Әлем елдерінің экономикалық дамуының негізгі стратегиялары.
Қазақстандағы экономиканың даму тарихы. Экономика дамуының қазіргі кезеңі. Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдай. Экономикалық дамудың тиімді көрсеткіштері.
Қазақстан шаруашылығының қазіргі құрылымының негізгі ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының шаруашылық құрылымының өзгеруін салыстырмалы талдау. Қазақстан шаруашылығының аумақтық құрылымы. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді көрсеткіштері. ҚР аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына Мониторинг және талдау. Қазақстан өңірлері елдерінің даму дәрежесінің әмбебап интегралдық көрсеткіштері. Аймақтардың негізгі белгілері. Microsoft Excel-де Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін математикалық-географиялық модельдеу. Аймақтың стратегиялық дамуының геоэкономикалық аспектілері. Ұлттық шаруашылықты дамыту стратегиясын қалыптастыру. Экономикалық дамудың негізгі стратегиялары

1) Геоэкономиканың негізгі категорияларын сипаттау және экономикалық география мен геоэкономика арасындағы айырмашылықты анықтау.

1) Геоэкономиканың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі категорияларын түсіндіреді.
2) Елдер мен өңірлердің экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің ролін айқындайды (қазақстандық құрамдауышты қосымша қамти отырып).

2) Қазақстан Республикасы мен әлем елдерінің шаруашылық құрылымын бағалау, талдау және саралау.

1) Шаруашылықтың түрлі салаларындағы кәсіпорындарды орналастыру факторлары мен шарттарының жиынтығын талдайды.
2) Әлем елдерінің шаруашылық құрылымын бағалайды.
3) Әлем елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктейді.
4) Қазақстан Республикасы үшін тиімді шаруашылық құрылымын, шаруашылық салаларының арақатынасын, шаруашылықтың аумақтық құрылымын және экономикалық дамудың тиімді көрсеткіштерін айқындайды.
5) Қазақстан Республикасы шаруашылығының және олардың салаларының қолайлы құрылымын айқындайды.

3) Әлем елдерінің экономикалық даму стратегиясының т көрсеткіштерін бағалау.

1) Әлем елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстырады (қазақстандық құрамдауышты қосымша қамтумен).
2) Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктейді.
3) Әлем елдерінің Экономикалық даму стратегияларына баға береді (қазақстандық құрамдауышты қосымша қамти отырып).
4) Елдерді олардың экономикалық дамуы бойынша жіктейді (қазақстандық компонентті қоса алғанда).

4) Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму кедергілерін жою бойынша шешімдер ұсыну (өз өңірі мысалында).

1) Қазақстан өңірлерінің экономикалық дамуын теңестіру бойыншажолдарын анықтайды.
2) Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштерін айқындайды.
3) Шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымын, Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстырады және талдайды.

5) Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму стратегияларының жобаларын ұсыну (өз өңірі мысалында).

1) Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму әлеуетін айқындайды (өз өңірі мысалында).
2) Өз өңірінің экономикалық даму стратегияларының жобасын жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет