Қалыптастырушы бағалау стратегиялары
- оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін анықтау және білім алушыларға ұсыну;
- білім алушыларға өз оқуын «өзі құрушы» болуға мүмкіндік беру.
- оқыту және оқу процесінде коллаборативті орта құру;
- білім алушыларды оқу процесінде бір-біріне білім көзі ретінде тарту;
- білім алушылардың оқуы туралы дәлел жинауға бағытталған сынып ішіндегі оқу қызметін ұйымдастыру;
- білім алушылардың дамуына ықпал ететін конструктивті кері байланыспен қамтамасыз ету;
МҰҒАЛІМНІҢ КҮНДЕЛІКТІ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ НЕГІЗГІ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
Кері байланыс - мақсатқа жетелейтін нақты әрекет, ситуация, талас тудыратын сұрақтар мен мәселелер бойынша түсінік алу және беру үдерісі.
- оқу үдерісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы, оқу міндеттері мен мақсатына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді.
- Тиімді кері байланыс ұйымдастыру табысты оқытудың негізі болып табылады.
КЕРІ БАЙЛАНЫС БЕРУ
Тиімді кері байланыс белгілері:
- Кері байланысты уақтылы және жүйелі түрде беру;
- Ұсынымдардың анықтығы және нақтылығы.
Мұғалім
|
Білім алушы
|
• Білім алушы оқытудың қай
|
• Мен оқытудың қай сатысында
|
сатысында?
|
тұрмын?
|
• Олар білім алуда неге талпынады?
|
• Нәтижеге қалай қол жеткіземін?
|
• Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу
|
• Кемшіліктерімді жою үшін не істеуім
|
керек?
|
қажет?
|
«Мұғалім өзінің түсініктемелерінің, бағалары мен балдарының оқушылардың сенімділігіне және олардың құлшынысына тигізетін әсерін сезінуі тиіс, сол себепті де ол кері байланыс беруде мейлінше сындарлы болуы тиіс».
Бағалауды реформалау тобы, 2002
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Кері байланыс беру жөнінде ұсыныстар:
- Үнемі тиімді кері байланыс жасаңыз және оқушыларды өз жұмысын және басқалардың жұмысын бағалауға үйретіңіз.
- Түсіндірмесіз айтылатын «дұрыс емес», «өтірік», «кім жауап береді?» деген сөздерден аулақ болыңыз. Ненің дұрыс емес екенін, оны түзету үшін не істеуге болатынын ұсыныңыз.
- Қателігін емес, дұрыс орындалғанын айтыңыз.
- Кемшіліктерді болдырмаудың жолдары немесе жауаптарын қалай жақсартуға болатыны жөнінде ұсыныстар беріңіз.
- Қателіктері туралы төмендегідей ақпарат бере аласыз:
- орналасуы;
- қателерінің түрі;
- қателерді жөндеу үшін жасалатын әрекеттер.
- Оқушының жауабына берілетін кері байланысыңызда мысқылдайтын, сынайтын тұрғыдағы «орынсыз жауап», «бұлай ойлауға қандай қақың бар» және т.б. жағымсыз сөздерді, сөз тіркестерін қолданудан сақтаныңыз.
- Тиімді кері байланыс белгілері: уақытылы ұсыну; жүйелі ұсыну; анық және нақты болуы
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ПРОЦЕСІН ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН МҰҒАЛІМ: ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ПРОЦЕСІН ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН МҰҒАЛІМ: - сыныптағы мәдениетті сақтауға және тиімді өзара әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлуі;
- қалыптастырушы бағалауда қолданылатын әдістердің әр түрлілігін және сапасын арттыруы;
- кері байланыстың тиімді формасын қолдануы;
- қалыптастырушы бағалауды қолдану процесін көрсететін сабақ жоспарын құруы;
- рефлексия және тәжірибені жетілдіру үшін сабаққа талдау жасауы (білім алушылар жұмысының сапасы, бағалау құралдарының сапасы, білім алушылардан, әріптестерден, кері байланыс, ата-аналармен әңгімелесу және т.б.) қажет
Рефлекися дегеніміз не? - Рефлексия (лат. reflexio - кейінге қаралу, назар аудару) - бұл дегеніміз субъектің өзіне және өзінің санасына назар аударуды, атап айтқанда, өзінің жеке белсенді өнімдеріне, және соның барлығына кішкене де болса қайта қарастыруды білдіреді. Атап айтқанда, - дәстүрлі мағынада, - өз сана мазмұны мен ерекшеліктеріне, соның ішіне тұлғалық құрылымдар кіреді (құндылықтар, мүдде, себепшілік), ойлау қабылеті, қабылдау/сіңдіру механизмдері, шешім қабылдау, эмоциялық жауап, мінез-құлық шаблондары және т.б..
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D1%84%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%81%D0%B8%D1%8F
Рефлексиялық практика: тәжірибені не үшін талдау керек?
Рефлексиялық практика – бір сәттік іс-шара емес, тұлғаның өз іс-әрекетін жан-жақты түсінуіне бағытталған үздіксіз процес.
Рефлексиялық практика – адамның өз әрекеттері туралы ойлануы. Рефлексиялық практика өз тәжірибесі арқылы үйрену тұжырымдамасымен тығыз байланысты, өйткені адам алдағы уақытта жасайтын іс-әрекеттеріне қатысты шешімдерді өзінің бұрынғы практикалық тәжірибесі негізінде қабылдайды.
Оқыту
Өзін-өзі бағалау
Қарастыру
Тәжірибеде қолдану
Рефлексиялық практика — «тәжірибе арқылы және тәжірибе негізінде өзі туралы және өз практикасы туралы жаңа түсінік қалыптастыру үшін оқу» (Finlay, 2008).
Рефлексия циклі
Сабаққа дейінгі-сабақ барысындағы-сабақтан кейінгі МҰҒАЛІМ РЕФЛЕКСИЯСЫ
Рефлексия түрлері
алдын ала рефлексия (іс-әрекетке дейінгі рефлексия)
синхронды рефлексия
(іс-әрекет барысындағы рефлексия)
ретроспективті рефлексия
(іс-әрекеттен кейінгі рефлексия)
Достарыңызбен бөлісу: |