Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



Дата13.06.2016
өлшемі6.29 Mb.
#131192
және тегтер қолданылады. Жолдарды бөлу үшін тегтері қолданылады.



Кесте параметрлері

TABLE тегінде кестенің қасиеттерін және түрлерін орнату үшін көптеген параметрлер қолданылады.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI


СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРIМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI

3-деңгейлi СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-11.1.20.88/03-2013



ПОӘК

«Интернет технологиялары» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№1 баспа


26.08.2013 ж.



    «ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»


ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В070400 «Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету»

мамандығына арналған


    ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





Семей

2013
мазмұны

1. Глоссарий

3

2. Дәрістер

3

3. Практикалық және лабораториялық сабақтар

12

4. Студенттің өздік жұмысы

35



1. глоссарий


Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:

    1. Интеренет – желілердің бірігуі, глобальді желі.

    2. Компьютерлік желі – 2 немесе одан да көп компьютерлер арасындағы физикалық байланыс.

    3. Бағдарлама-серверлер - -қолданушының компьютеріне қызмет көрсететін желі түйінінде орналасатың бағдарламалық қамсыздану.

    4. Бағдарлама-клиенттер – қолданушының компьютерінде орналасады және сервердің қызметін пайдаланатын бағдарламалық қамсыздану.

    5. Сервер - бағдарлама-сервер орнатылған компьютер.

    6. Протокол - желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесу механизмін анықтайтын жылпыға бірдей ережелер.

    7. Айна - алыста орналастырылған атақты сервердің көшірмесі болатын сервер.

    8. Прокси-сервер - -желідегі жүктемені төмендететін және желідегі іс-әрекетті тездететін компьютер.

    9. Шлюз -әр түрлі протоколдармен жұмыс жасайтын әр текті екі желіні біріктірентін бағдарламалық-аппараттық құрал.

    10. Брандмауэр – қорғауға алынған желіге санкциясыз енуді тоқтатын аппараттық құрал.

    11. Маршрутизатор – бірнеше каналдармен жұмыс істейтін құрылғы.

    12. Маршрутизациялау – ақпараттың жіберілу жолын таңдау процедурасы.


2. Дәрістер

Дәріс 1. Кіріспе.



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Интернет-технология туралы түсінік.

  2. Компьютерлік желілер.




    1. Қазіргі кезде Internet те телефон, факс, сияқты адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Адамдардың барлығы қандай да бір ақпарат алу, бір-бірімен сөйлесу мақсатында Internet деп аталынатын дүниежүзілік өрмекте саяхат жасайды.

Internet дегеніміз глобальді желі. Интернет физикалық мағынасында бір-бірімен байланыс линиялары арқылы байланысқан бірнеше миллиондаған компьютерлер деп қарастыруға болады. Бірақ Интернетті физикалық мағынада емес, оны ақпараттық кеңістік деп қарастырған дұрыс.

Интернетті ішінде мәліметтердің үздіксіз циркуляциясы жүретін кеңістік ретінде қарастыруға болады. Интернеттің теле және радиоэфирден айырмашылығы – эфирде ешқандай ақпарат сақталынбайды, ал Интернетте ол желінің түйіндерінде болатын компьютерлер арасында орын ауыстырады да, қандай да бір уақыт аралығында қатты дискіде сақталады.

2 немесе одан да көп компьютерлер арасындағы физикалық байланысу компьютерлік желі деп аталынады. Жалпы компьютелік желілерді құру үшін арнайы аппараттық қамсыздану және арнайы бағдарламалық қамсыздану қажет.

2. Компьютерлік желілер аппаратты ресурстардан басқа қосымша программалық ресурстарды да пайдалануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желілре локалтді және глобальді болып бөлінеді.

Интернет – глобальді желі. Қазіргі кезде әлемде 200-ден астам глобальді желілер бар. Барлық әлемдегі глобальді есептеуіш желілер өзара Интернет көимегімен байланысқан.

ҒЕЖ-де жұмыс істеу үшін сәкес аппаратты және программалық қамсыздану болу керек. Барлық қамсыздану 2 топқа бөлінеді:

1. Бағдарлама-серверлер - -қолданушының компьютеріне қызмет көрсететін желі түйінінде орналасатың бағдарламалық қамсыздану.

2. Бағдарлама-клиенттер – қолданушының компьютерінде орналасады және сервердің қызметін пайдаланатын бағдарламалық қамсыздану.


Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Интернет деген не?

  2. Интернет – технологиялар деген ұғмға қандай анықтама бере аласыз?

  3. Желі деген не?

  4. Желінің қандай түрлері болады?

  5. Қамсыздану түрлерін атаңыз.


Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002

Дәріс 2. Интернеттің ұйымдастырылуы



Дәріс сабағының құрылымы:
  1. Интернеттің жұмыс істеу принципі.


  2. Интернетпен жұмыс істеу кезінде кездесетін негізгі ұғымдар.

  3. Интранет туралы түсінік.




  1. Өзара әсерлесетін және бір-бірімен байланысқан компьютерлер тбы өрмекті құрайды. Интернет – бүкіл әлем бойынша таратылған мыңдаған кіші желілерден тұратын компьютердің үлкен өрмегі.

Интернеттегі компьютерлер бір ортақ тілде сөйлеседі, ал бұл тіл протоколдарда бекітілген.

Протокол деген желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесу механизмін анықтайтын жалпыға бірдей ережелер жиынтығы. Интернеттегі мәліметтермен алмасуға арналған стандартты протоколдар: ТСР және ІР. Осы екі протоколдың комбинациясы ТСР/ІР тірінде болады.



  1. Интернетке қатысты қолданылатын терминдер:

    1. Айна - алыста орналастырылған атақты сервердің көшірмесі болатын сервер.

    2. Прокси-сервер - -желідегі жүктемені төмендететін және желідегі іс-әрекетті тездететін компьютер.

    3. Шлюз -әр түрлі протоколдармен жұмыс жасайтын әр текті екі желіні біріктірентін бағдарламалық-аппараттық құрал.

    4. Брандмауэр – қорғауға алынған желіге санкциясыз енуді тоқтатын аппараттық құрал.

    5. Маршрутизатор – бірнеше каналдармен жұмыс істейтін құрылғы.

    6. Маршрутизациялау – ақпараттың жіберілу жолын таңдау процедурасы.

  2. Интернет көптеген әр түрлі ұйымдардың компьютерлерін біріктіретін болса, Интранет бір ғана ұйымның ішіндегі компьютерлерді біріктіреді. Интранеттегі ақпарат тек қана сол ұйымның адамдары пайдалана алады. Интранет желілері электронды пошта секілді бизнес үшін өте тиімді коммуникациялық құрал болып табылады.


Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Интернеттің жұмыс істеу принципі қандай?

  2. Интернеттегі жұмыс қалай ұйымдастырылады?

  3. Интарнет деген не?

  4. Интранеттің негізгі ерекшеліктері қандай?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002

Дәріс 3. Интернетке қосылу



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Жүйелердiң қосымша бөлiктерiнiң салу принциптерi.

2. Трафикты локалдау және желiлердi қаптау
1. Бiрнеше компьютерлер арасында жобалау және есептердi шығаруды жеңiлдету үшiн ол жүйенi бiрнеше бiр-бiрiмен байланысқан топтарға бөлiнедi. Жүйе арқылы алмасу жүрiп жатқанда екi торап келесi ережелердi сақтауы тиiс:

  • Электрлік сигналдардың түрiн және деңгейлерiн келiстiру,

  • Берiлiстердiң ұзындығын анықтау әдiстерi,

  • Бақылау әдiстерi.

Келiсiмдер мәлiметтердi интерпретациясын анықтайтын, биттарды беру ең кiшi деңгейден үлкен деңгейлерге дейiн барлық деңгейлерге бiрдей болу керек.

Бiр деңгейдегi берiлiстердiң форматын және тiзбегiн анықтайтын ондай формалданған ережелердi протоколдар деп атайды.

Иерархиялық жүзеге асырылған протоколдардың жиынтығын коммуникациялық протоколдардың стекi деп атайды.

Желiлiк деңгей бiрiншiден келесi есептердi шығару үшiн құралдармен қамтамасыз ету керек:



  • Еркiн топологиясы бар желiлерге пакеттердi жеткiзу,

  • Желiнi сенiмдi локалды трафиктың арқасында құрылымдау,

  • әртүрлi протоколдардың каналдық деңгейледiң келiсуi.

2. Желiдегi трафик кездейсоқ ретiмен орналасады, бiрақ онда кейбiр заңдылықтар көрсетiледi. Кейбiр жалпы есеппен жұмыс iстейтiн қолданушылар (мысалы, бiр бөлiмнiң қызметкерлерi) көбiнесе бiр-бiрiне немесе жалпы серверге сұраумен қатынасады. Сол кезде олардың басқа бөлiмдердiң компьютерлерiнiң ресурстарымен қолдануы қажет болады. Сондықтан жүйенiң құрылымы мәлiметтердiң ағынының құрылымына сәйкес келу керек. Жүйедегi трафигiне байланысты компьютерлер бiрнеше бөлiмдерге (сегменттерге) бөлiнуi мүмкiн. Егер бiр-бiрiмен қатынасатын компьютерлердiң сұраулары мен жауаптары осы топтың компьютерлерiне арналса, онда олар бiр бөлiмге жинақталады.

Жүйенi сегменттерге бөлу үшiн мосттар мен коммутаторлар қолданылады. Олар сегменттiң iшiндегi локалды трафиктi сыртқа ешқандай кадрларды бермей экрандайды, тек қана басқа сегменттерде орналасқан компьютерлерге арналған кадрлардан басқа. Сонда жүйе бiрнеше жүйелерге бөлiнедi. Ол бiр топтың iшiндегi трафиктың жиiлiгiн және топтардың арасындағы алмасудың активтiгiн ескере отырып байланыс бөлiмдерiнiң өткiзу мүмкiндiгiн рационалды түрде таңдау мүмкiндiгiн тудырады.

Бiрақ трафикты мостттардың және коммутаторлардың көмегiмен локалдаудың да Однако локализация трафика средствами мостов и коммутаторов имеет существенные ограничения.

Бiр жағынан жүйенiң мосттардың арасында орналасқан логикалық сегменттерi бiр-бiрiнен дұрыс оқшауланбаған, өйткенi олар кеңдiк толқындарынан қорғалмаған. Егер қандай да бiр станция кеңдiк толқындары арқылы мәлiметтердi жiберсе, онда ол мәлiметтер жүйенiң станцияларының барлық логикалық сегменттерiне берiледi. Мосттардың көмегiмен салынған кеңдiк толқындарынан қорғану үшiн: администратор тек бiр түйiнге генерирлеуге рұқсат етiлген кеңдiк толқындарының пакетын шектейдi.

Екiншi жағынан комутаторда жасалған локалды жүйелердiң виртуалды сегменттердiң механизмдерiн пайдалану трафиктың толық локалдауына әкелiп соғады- ондай сегменттер бiр-бiрiнен толық оқшауланған. Сонда мосттар мен комутаторлардың көмегiмен салынған жүйелердегi әртүрлi виртуалды сегменттерге жататын компьютерлер бiркелкi жүйенi құрамайды.

Мосттармен коммутаторлардың келтiрiлген кемшiлiктерi олардың каналдық деңгейлердiң протоколдарымен жұмыс iстеуiне байланысты. Ол протоколдарда үлкен жүйенi құрылымдау кезiнде пайдалануға болатын жүйенiң бөлiгi немесе сегменттi анықталмайды. Жүйелiк технологияларды жобалаушылар каналдық деңгейлердi жетiлдiрудiң орнына ол есептi жүйелiк деңгейлерге жүктедi.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Жүйе арқылы алмасу жүрiп жатқанда екi торап қандай ережелерді сақтауы керек?

  2. Протокол деген не?

  3. Трафик деген не?

  4. Жүйенi сегменттерге бөлу үшiн не қолданылады?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002

Дәріс 4. Интернеттің қызмет көрсетуі



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Интернет ерекшеліктері.

  2. Почталық байланыс.

  3. Интернетпен байланысу.




  1. Интернеттің қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапханаларда, мектептерде де орналасқан.

Интернеттің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді. Мұның өзі Интернетке қосылцу деген – басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.

Интернет ақпарат магистраліне өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады, ол үшін Интернеттегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажет материалдарға қол жеткізесіз.

Интернетпен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді Интернетке қосып бере алады.

Желіге қосылудың бірнеше түрі бар:



  • тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар;

  • қосылып тұратын тікелей байланыстар;

  • почталық байланыстар.

  1. Интернетпен қосыла латаын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып келген компьютерлер бірден Интернетпен почталық байланысқа кіре алады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTSERV жүйесін пайдаланған дұрыс. Осы сияқты почталық байланыстар желілік шлюздер деп аталады.

  2. Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік. Оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат, сурет немесе кітап болуы мүмкін. Енді осы файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Мұндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталынатын жүйе қолданылады. Каталог немесе почталық хабарда файлдарды алу үшін компьютерге FTP жеткізу деген сөздер жиі кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін ҒТР жүйесі қолданылатынын білдіреді. ҒТР арқылы қызмет енетін арнайы программасы бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген ҒТР –серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген жан одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ҒТР деп аталады.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. Интернетке қандай ерекшеліктер тән?

  2. Почталық байланыс қалай жүзеге асады?

  3. Провайдер деген не?

  4. ҒТР жүйесі деген не?

  5. ҒТР-сервер деген не?



Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002

Дәріс 5. Электрондық почта



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Электронды почта туралы түсінік.

  2. Хатты толтыру.

  3. Телеконференциялар.

  4. Файлдың серверлері.




  1. Электрондық почта қашықта орналасқан абоненттермен компьютер арқылы байланысудың ең ыңғайлы түрі болып табылады. Мәліметті өте жылдам, әрі толық күйінде оны өзгертпей барар жеріне сенімді түрде жеткізетіндіктен, қазіргі почта қызметінің ертеңі электронды почта болады деп күтілуде.

Электрондық почта кез келген құжатты – ол мейлі қызмет жайлы жалпы мәлімет бола ма немесе жай хабар түріндегі мәтін бола ма – бәрі бір олардың ақпараттық негізін бірдей түрде нық ұстап, нақты әрі сенімді түрде жеткізе алады.

Электрондық почтаны пайдалану кезінде компьютерде әр түрлі арнаулы программалар қолданылады және олардың қажеттілігіне қарай бірінен біріне жеңіл ауысып отыруға болады. Мұндай программалар мынадай жұмыс атқарады:



  • алынған мәліметтерді талдау және жаңа мәліметер дайындау;

  • байланыс торабымен жылдам мәлімет алмасу.

2. Кәдімгі почта тәрізді электрондық почта да бір абонент пен екінші абонент арасында мәлімет алмасу үшін қолданылады. Жіберілетін мәліметте екі адрес көрсетілуі тиіс: хатты жіберуші және оны алушының аты-жөні мен онынң компьютерінің желідегі адресі көрсетіледі. Хат иесінің адресін компьютер автоматты түрде өзі толтырады. Бұған қоса электрондық почта адрестерінде мынадай мәліметтер жазуға болады:

- мәлімет тақырыбының қысқаша сипаттамасы;

- хаттың көшірмесі тағы қандай адрестерге жіберілуі тиіс.

Электрондық почта жұмысы барысында хаттың тақырыбына қоса оның жіберілген мерзімі, уақыты т.с.с. керекті мәліметтер тіркеліп қлады.

3. Көптеген желілер алғашқы ретте ғылыми, конструкторлық және оқу орындарын байланыстыратын жүйе ретінде жасалған болатын. Сондықтан ұжымдық пікір-талас жүргізуге арналған желі мүмкіндігі телеконференция деп аталып, ол белгілі бір салад ғана қолдануға негізделген еді. Бірақ кейінен желілер практикада кең пайдаланылып, оның алғашқы ғылыми семинар, конференцияға арналған мүмкіндігі біршама шетте кала бастады.

Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі. Мұнда да көпсатылы тақырыптық каталогтар мен олардағы мәліметтерді сақтау ісі ұйымдастырылады.

4. Бірсыпыра байланыс тораптарының файлдық серверлері өз абоненттеріне өздерінде жинақталған ақпараттық материалдарды, яғни файлдар архивін пайдалануды ұйымдастырып жүр. Ол материалдар мәтіндік құжаттардан, кітаптардан, сызбалардан, компьютерлерге арналған программалардан т.б. тұрады. Бұл мәліметтер ұзақ уақыт сақталады және олардың көлемі де үлкен болады.
Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:


  1. Электронды почта деген не?

  2. Электронды почтамен қалай жұмыс істеу керек?

  3. Электронды почтанынң кәдімгі почтадан айырмашалаға қандай?

  4. Хатты толтыру қалай жүзеге асады?

  5. Телеконференциялар деген не?

  6. Файлдың серверлері қанадй қызмет атқарады?



Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002

Дәріс 6. SDH желілері



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. SDH технологиясының пайда болуы.

  2. SDH хаттамалары.

1. 1988 жылы мәліметтер жіберудің синхронды сандық иерархия (SDH) стандартының пайда болуы транспортық желілердің дамуының жаңа кезеңінің негізін қалады. SDH технологиясы сенімді мәлімет жіберу ұйымымен кең пайдаланылады. Ол төмендегідей мақсаттар үшін қолданылады:

Желілік қызметтерді қамтамасыз етуші правадерлердің қарым-қатынасы үшін стандартты хаттама алу;

Американдық, Европалық және Жапондық сандық жүйелердің углифликациясы;

Гега бит-тық жылдамдықта мультиплексерленген сандық сигналдарды қамтамасыз етеді;

Эксплуатация функцияларын қолдауды және OALM техниканың қызмет көрсетуді (Operation, administration and maintenase-функциялану, администрация және техниканың құызмет) қамтамасыз ету;

Синхронды жіберу жүйесі алдындағы жүйе (PDH) шектеулерін жеңіп қана қоймай, сонымен қаттар ақпаратты жіберудің (накладнные) шығыны төмендетті. Уникалды артықшылықтар қатары: барлық ақпаратты мультипексерлемей – ақ төменгі жылдамдықтағы командырға рұқсаттың болуы, (высокая отказоустойгивость) маниторингі және басқарудың дамыған құрылғылары, тұрақты абонеттік байланыстарды жұмсақ (гипкость) басқару. Бұл жүйелер жаңа кезеңді бірінші желілерінің негізі болады.

2. SDH хаттамалардың етігі үш негізгі деңгейдегі хаттамалардан тұрады.

Байланыс деңгейі – желінің ені қолданушылардың арасындағы мәліметтерді жіберуді бақылайды;

Мәліметтерді жіберуді басқару деңгейі – физиканың және административтік бақылау операцияларын қамтиды, желідегі бір элементтің қайтып келуі (отказ) жағдайында әр түрлі реконфигурациялық операцияларды жүзеге асырады.



SDH желісін ұйымдастыру

Физикалық деңгей, стандартына фотон (Photonic) деп аталады – свет модуляциясының көмегімен ақпарат биттерін кодтаумен жұмыс істейді. Қазырғы кезде SDH технологиясы перспективаны ғана емес, сонымен қатар транспорттық желі құру үшін де апроберивті табылады. Оны инвестициялық, эксплатациялық және пайдаланушылық көз қараспен қарағанда бір неше артықшылықтар қатары бар.

Ол артықшылықтарға томендегілер жатады.

Монтажға, эсплатацияға және желінің дамуына, сонымен қатар жаңа тораптарға қосылудың шығындарын төмендететін тұрақты құрылымдық күрделілігі;

Мүнкін болатын жылдамдықтың кең диапазоны -155,520 МБит\с – тан 2,488 ТБит\с – қа дейін (SТМ – 16) және жоғары;

Командамен интеграция мүмкіндігі, себебі РDH – ның сандық командалары SDH желісі үшін кіретін командалар болып табылады;

Орталықтандырылған маниторинг және басқару арқасында жүйенің жоғарғы сенімділігі, сонымен қатар резервтегі командаларды пайдалану мүмкіндігі;

Қызметті динамиканың түрде ұсыну мүмкіндігі – жүйені инфроқұрлысына өзгертулер енгізбей – ақ, абоненттер үшін командалар диномикалық түрде құрылуы және басталуы мүмкін;

Жүйе кеңейтілімін және интеграциясын жеңілдететін технологиясын жоғарғы деңейдегі стандартизациясы әртүрлі өнеркәсіптер құрылғылардың қолдануға мүмкіндіктер береді;

Әлемде SDH стандартының кең таралуы;

Айтылған артықшылықтар SDH технологиясына негізделген, инвестиция көз қарасынан рационалды болып табылатын шешім қабылдайды.




Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

  1. SDH технологиясы туралы түсінік.

  2. SDH технологиясы қалай пайда болды?

  3. SDH хаттамалары деген қандай хаттамалар?

  4. SDH технологиясының артықшылықтары қандай?


Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002

Дәріс 7. Интернеттегі қауіпсіздік



Дәріс сабағының құрылымы:

  1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпаратық жүйелердіқорғаудың мақсаттары.

  2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау.

  3. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды ұйымдастыру.


1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпаратық жүйелерді

қорғаудың мақсаттары:

1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау:

  • Электрондық ақпараттық ресурстардың тұтастығын және сақталуын қамтамассыз ету, оларды рұқсатсыз өзгертуге немесе жоюға жол бермеу;

  • Қол жетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялығын сақтау;

  • Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын іске асыру;

  • Электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу және оларды беру құралдарына рұқсатсыз ықпал етуге жол бермеу мақсатында құқықтық ұйымдастырушылық және техникалық (бағдарламалық техникалық) шараларды қабылдауды білдіреді;

2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау:

  • Электрондық ақпараттық ресурстарды құрсаулау, яғни ақпараттық жүйеге және ол ұсынатын электрондық ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті шектеуге немесе жабуға әкелетін іс-қимылдар жасау;

  • Электрондық ақпараттық ресурстарды түрлендіру, яғни бағдарламаға, деректер қорына, материалдық жеткізушідегі мәтіндік ақпараттарға өзгерістер енгізу;

  • Электрондық ақпараттық ресурсты көшіру, яғни ақпаратты басқа материалдық жеткізушіге ауыстыру;

  • Құқық иесінің рұқсатынсыз бағдарламалық өнімдерді пайдалану;


3. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды ұйымдастыру

1. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды:

  • Жалпыға бірдей қол жетімді электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - электрондық ақпараттық ресурстарды тарататын тұлға;

  • Қолжетімділігі заңмен шектелген электрондық ақпараттық ресурстары бар ақпараттық жүйенің меншік иесі, иеленушісі немесе ұлттық операторы;

  • Қолжетімділігін олардың меншік иесі немесе иеленушісі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты - электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе еиеленушісі ұйымдастырады;


Өзін-өзі тексеруге арналаған сұрақтар:

    1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпаратық жүйелердіқорғаудың мақсаттары.

    2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау.

    3. Электрондық ақпараттық ресурстарды қорғауды ұйымдастыру.


Ұсынылатын әдебиет:

1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Учебник.-СПб: Питер, 1999.

2. Комер Д. Принципы функционирования Интернета СПб: Питер,2002


3. ЗЕРТХАНАЛЫҚ сабақтар



1-зертханалық жұмыс.
Жұмыстың тақырыбы: Беттің текстік әшекерлеуі

Жұмыстың мақсаты: Студенттерде беттің текстік әшекерлей алу дағдысын қалыптастыру.
Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

<font> тегі көмегімен шрифтің параметрін өзгертуге болады. Ол үшін келесі параметрлер қолданылады: face, size және color

Face параметрі мәтінге арналған тапсырма қолданылатын әріптердің гарнитурлары үшін қызмет етеді. Шрифт аты бірнеше болуы мүмкін,үтір арқылы. Бұл жағдайда,егер бірінші берілген шрифт табылмаса,тізім бойынша келесі қолданылады.

1 Мысал. Face параметрінің қолданылуы



Size шрифтің размерін 1-ден 7-ге дейін шартты бірлікте сұрауын қояды. Ортаңғы мөлшері үндемеумен қолданылатын 3 алынған. Шрифтің размерін абсолютті (мысалы, size=4) және қатысты (мысалы, size=+1,size=-1) мөлшерімен белгілеуге болады. Соңғы оқиғада размер базалыққа қатысты өзгереді.


2 мысал. Шрифт размерінің тапсырмасы

Шрифт размері 1

Шрифт размері 2

Шрифт размері 3

Шрифт размері 4

Шрифт размері 5

Шрифт размері 6

Шрифт размері 7


Color мәтіннің түсін анықтайды,оны түстің аты арқылы немесе оналтылық формат көмегімен беруге болады.

3 мысал. Мәтін түсінің өзгертілуі Первая буква бұл сөлемнің бірінші әріпі Arial шрифтімен жазылады, қызыл түсті және үлкейтілген болады .

Бұл сөлемнің бірінші әріпі Arial шрифтімен жазылады, қызыл түсті және үлкейтілген болады .

Мәтіннің түр өзгертілуі – оның форматтану құралы, яғни олар шрифтің сызуын таңдау және мәтіннің түрін өзгертетін эффектілер болып табылады. Кестеде мәтіннің түрін өзгертуге арналған негізгі тегтер берілген.

Әдеттегідей жоғарғы және төменгі индекстерді құру үшін small тегін қолданады,яғни ол негізгі шрифттің размері бойынша индексті кіші етіп құрады.

4 мысал. Астыңғы индексті құру

Күкірт қышқылының формуласы



H2SO4

Мәтіннің тегістеуі.

Мәтіннің тегістеуі оның келбетін және азатжол жақтарын хабарлауын анықтайды және оң жаққа,сол жаққа центрі бойынша немесе ені бойынша орындалуы мүмкін.




Тапсырма

Төмендегідей бойынша мәтінді құру




2-зертханалық жұмыс.
Жұмыстың тақырыбы: Htmlбетке суретті қою

Жұмыстың мақсаты: Студенттерде Htmlбетке суретті қою дағдысын қалыптастыру.
Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Құжатқа суретті құру үшін IMG тегі қолданылады, суреті бар файлды анықтау үшін жалғыз міндетті src параметрі бар.



Төменде орналасқан суреті бар файл sample.gif деп аталады және images папкасында орналасады.

Бейненің адресін көрсету үшін абсолютті және қатысты адрестерді беруге болады.
1 мысал. Құжатқа суретті қою

Бейнені тегістеу

Бейнелеу үшін олардың мәтіннің қатысты жағдайына байланысты немесе веб-бетте басқа бейнелеріне байланысты көрсетуге болады. Бейнені тегістеуді IMG тегінің align праметрімен беріледі. Кестеде бұл параметрдің мүмкіндік мағыналары және оны қолдану нәтижесі берілген.



Ең әйгілі параметрлер – left және right, бейнелеудің айналасындағы мәтінді айналып ағуын құрады. Мәтіннің суретке тығызды болмау үшін IMG тегінің hspace және vspace параметрлерін ұсынады,мәтінге дейін арақашықты пикселдер түрінде береді.


2 мысал. Суреттің айналасындағы мәтіннің айналып ағуы

Тапсырма

Төменде көрсетілгендей суретті және мәтінді тегістеу:



Бұл сурет сол жақта орналасқан және

мәтін сол жақ границасында тегістелген.

Эффект кестесіз жүзеге асады.



Бұл сурет сол жақта орналасқан және

мәтін центрі бойынша тегістелген.

Эффект кестесіз жүзеге асады.
Бұл сурет оң жақта орналасқан және

мәтін оң жақ границасында тегістелген.

Эффект кестесіз жүзеге асады.



3-зертханалық жұмыс.
Жұмыстың тақырыбы: Гипперсілтемені құру

Жұмыстың мақсаты: Студенттерде гипперсілтемені құру

дағдысын қалыптастыру.


Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Сілтемені қалай жасау керек?

Сілтемені құру үшін браузерге сілтеме екенін хабарлау керек, және де сілтемені қай құжаттың адресіне жасау керектігін көрсету керек. Екеуіде жалғыз href параметрі бар А тегі көмегімен орындалады. Мағына ретінде құжат адресі (URL) қолданылады.

Сілтеме адресі абсолютті және қатысты болады. Абсолютті адрес барлық жерде жұмыс істейді және веб-беттің немесе сайттың аттарына тәуелсізді болады.


1 мысал. Абсолютті сілтеменің қолданылуы

Қатысты сілтемелер ағымдағы құжаттың немесе адрестің аттарына қатысты құрылады. Мұндай адрестердің мысалы :



Бірінші екі сілтеме толық емес деп аталады және веб-серверге сайтта (мысалы 1) немесе demo (мысал 2) папкасында орналасқан index.html (немесе default.html) файлын іске қосуын көрсетеді. Егер index.html файлы жоқ болса, ереже бойынша браузер берілген каталогта бар файл тізімін көрсетеді. Адрес алдында койылған слэш адрестелу сайттың түбірінен басталатынын айтады (мысал 3), қос нүкте сайттың каталог тізімінің жоғарғы деңгейіне көшуін анықтайды. (мысал 4).


2 мысал. Қатысты сілтеменің қолданылуы





Беттің ішіндегі сілтеме
Үлкен құжаттар жақсы оқылады,егер олардың сілтемелер мазмұнының лайықты бөлімдері болса. Сілтемені құру үшін басында орыны дәл келетін закладка дасау керек және оған А тегінің name параметрінің көмегімен атын беру керек.
1 мысал. Ішкі сілтемені құру




тегтары арасында мәтін жоқ, яғни төменгі бетте бар сілтемеге көшу орнын көрсету керек. Закладкаға Сілтеме аты # символынан басталады,содан кейін закладканың аты болады. Тематика қатысты әртүрлі аттар алынады.

Басқа веб-бетте және басқа сайтта бар закладкаға сілтеме жасауға болады. Ол үшін сілтеме адресінде оның адресін көрсету керек және аяғында # таңбасын ,закладка атын қою керек.



2 мысал. Басқа веб-беттегі закладкаға сілтеме

Жаңа терезеге сілтеме

Егер браузердің жаңа терезесінде ашылатын құжатқа сілтеме жасау керек болса, А тегіндегі target=_blank параметрі қолданылады.

Жаңа терезенің құру басқа бір сайтта сілтемені жасағанда ғана қажет етеді,басқа жағдайларда құжатты ағымдағы терезеде ашқан дұрыс.

Сілтеме сияқты ағымдағы терезе немесе жаңа терезе бір-бірінен айырмашылығы жоқ, кейбір сайттарда сілтеменің қасына арнайы кішкене икон қойылады,ол жаңа терезеде құжат ашылатынын көрсетеді.


2 мысал Жаңа терезеде сілтемені құру




Тапсырма

Ішкі сілтемелерді қолдана отырып,келесі терминдер сөздігін құру:



Терминдер сөздігі



4-зертханалық жұмыс.
Жұмыстың тақырыбы: Тізімдерді құру

Жұмыстың мақсаты: Студенттерде тізімдерді құру дағдысын қалыптастыру.
Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Нөмерленген тізімдер

Нөмерленген тізімдер өздерін элементтер терімі жіне оның сандық нөмері ретінде ұсынады. Нөмерлеудің түрі және типі тізім құрі үшін қолданылатын QL тегі қолданылады. Маркер ретінде келесі мағыналар болуы мүмкін: араб цифрлары басты латындық әріптер латындық жазбаша цифрлер басты римдік цифрлер жазбаша римдік цифрлер.

Төмендегі кестеде QL тегінің әртүрлі параметрлері және олардың результатының нәтижесі берілген.



Маркерленген тізімдер

Маркерленген тізімдер үлкен мәтінді әрбір блокка бөледі. Маркерленген тізімді енгізу үшін UL және LI тегтері қолданылады (1 мысал)



1 мысал. Маркерленген тізімді құру

Төменде 1 мысалдың нәтижесі.

2 мысал. Отступсіз маркерленген тізімді құрастыру

Төменде 2 мысалдың нәтижесі.


Маркер 3 түрдің біреуін ғана таңдай алады: шеңбер, окружность, квадрат. Маркер типін таңдау үшін UL тегінің type=”…” параметрі қолданылады. Нүкте орны таблицадағы үш анықтаудың белгісі.




5-зертханалық жұмыс.
Жұмыстың тақырыбы: Кесте құру

Жұмыстың мақсаты: Студенттерде кесте құру дағдысын қалыптастыру.
Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Кесте тексті және суреті бар жолдардан,ұяшықтардан тұрады. Кесте мәліметтер базасымен жұмыс істегенде қолданылады,бірақ оның мүмкіншіліктері осыған тоқталмайды. Кесте көмегімен біз беттер макетін жасай аламыз,яғни онда мәтіннің фрагменттерін және суреттерін орналастыра аламыз.

Веб – бетке кестені қосу үшін TABLE тег-контейнері қолданылады. Кестеде бір жол немесе бір баған болуы керек.

Жолдарды қосу үшін

және

Кестенің параметүрлерінің суреттелуі және қасиеттері төменде берілген.






Тапсырма

Төменгі листингті қолданып 3 кесте құру

1.1 Кесте құру



> тегі кестені сұрайды.

Border=”2” және align=center атрибуттары кестенің границаларын және беттің центрі бойынша тегістеуін береді.

тегі таблица жолын береді

тегі таблица ұяшығын береді

colspan=n атрибуты n ұяшықты горизонталь (баған бойынша) бойынша біріктіреді.

Нәтижесінде екі бағаннан және екі жолдан туратын келесі кесте шығады:





1.2 Қиын кесте



Colspan=n атрибуты n ұяшықты горизонталь бойынша біріктіреді

Rowspan=n атрибуты n ұяшықтарды вертикаль бойынша біріктіреді.

valign=”middle” мәтінді ұяшықта центрі вертикаль бойынша түзейді.
Жауабында келесі кесте шығалы:







Түс аттары









Қысқаша тегтар справочнигі





    1. студенттің өздік жұмысы

4.1 Өздік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар.

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) реферат түрінде орындалады және студенттердің өздік жұмысын қойлатын талаптарға сәйкес тапсырылады.

Өздік жұмысты бақылау келесі формада өтуі мүмкін:

– жасалған жұмысты көрсету;

– өздік меңгерген тақырып бойынша баяндама;

– аудиториялық сабақтарды немесе ОБСӨЖ-де ауызша сұрау;

– жазбаша орындалған тапсырмаларды қорғау.

Өздік жұмысының нәтижелерін тапсырмаған студент қорытынды аттестацияға жіберілмейді.



Өз бетімен меңгерген материал оқытушумен бірге меңгерілген материалмен қоса қорытынды бақылауға шығарылады.
4.2 Рефераттар тақырыбы


  1. Интернетті ұйымдастырудың жалпы принциптері;

  2. Интернеттегі компьютерлердің сөйлесу хаттамалары;

  3. Интернеттің гипермәтіндік технологиялары;

  4. Телеконференциялар. Telnet;

  5. Web дизайн негіздері;

  6. Web-бетті жасау;

  7. Web-сайтты басқару;

  8. HTML тілі;

  9. URL ресурстардың универсал локаторы;

  10. Frontpage редакторы.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет