61
жер заттары немесе нысандарға жақын орналастыруға болмайды.
Аялдамалар 3-4 сағат қозғалыс сайын жасалады, оның ұзақтығы
1 сағатқа дейін созылады, тәуліктік жүріп ӛтудің
екінші
жартысында 2 сағатқа дейін аялдамалар жасалады. Алыс
қашықтыққа шеру жасарында, бұдан басқа әрбір тәуліктік жүріп
ӛтудің соңында күндізгі (түнгі) демалыс қарастырылады.
Аялдамаларда, күндізгі (түнгі) демалыс кезінде қару-жарақ
пен ұрыс техникасының техникалық жағдайы тексеріледі, жанар-
жағармаймен машиналар толтырылып, жеке құрамның тамақ ішу
мен демалысы ұйымдастырылады. Аялдамалар мен демалыс
аудандары үшін жасырынуға ыңғайлы, қарсыластың ядролық
қару мен авиацияны
қолдануынан сақтайтын, су кӛздері мол
жерлер болуы тиіс. Әдетте, аялдамалар ауданы қозғалыс
маршрутының реттеу пункті алдында, ал күндізгі (түнгі) демалыс
ауданы одан шеткерірек жерден таңдалынады. Бұл аялдамаларда
(демалыс аудандарында) взвод рота легінің құрамында жолдың
оң жақ шетіне тоқтайды, машиналар арасындағы қашықтық
10 м-ден жақын болмауы немесе аға командирдің белгілеуімен
болуы тиіс. Машинадан шығу рота, взвод командирінің пәрмені
бойынша жүргізіледі. Рота командирінің
дабылдарын және әуе
қарсыластарын бақылап тұру үшін бақылаушы бӛлінеді. Қажет
болған жағдайда радиоқұралдарына кезекші тағайындалады.
Кезекшінің атыс құралдары атыс жүргізуге дайын тұруы керек.
Бӛлімшені басқару ісін жүзеге асыру үшін взвод командирі
жасалған дабылдар кестесіне сәйкес, хабарлаудың, басқару мен
ӛзара әрекеттесудің бекітілген дабылдарын қолданады. Шеру
кезінде радиобайланыс қабылдағыш арқылы жүргізіледі.
Қарсыласпен
бетпе-бет келгенде, ұрыс басталғанда, взвод
командирі ашық мәтінмен пәрмен беру арқылы басқарады.
Мұнда бӛлімшелер атауы мен командирдің қызметі шақыру
дабылдарымен, ал жергілікті жер пункттері шартты (кодталған)
атаулармен беріледі. Қарсыластар радиокедергі жасаған уақытта
— взвод командирі қосалқы жиілікке кӛшу белгісін береді.
Радиостанция істен шыққанда — взвод командирі дабылдың
құралдарды пайдаланады.
Аға командирдін нұсқауы мен
шешіміне сәйкес, шеруге дайындалу және онын барысында
—
взвод командирі ұрыстық шеруді де ұйымдастырады, бірқатар
62
техникалық және тылдық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.
Взводты ұрыстық қамтамасыз ету жоғары дәрежеде ұрысқа
дайын болу үшін, ұрысқа қабілеттілігін
сақтау және қойылған
міндетті табысты және дер кезінде орындау үшін қажетті жағдай
жасайды. Оған мыналар енеді: барлау, күзету, жаппай жою
қаруларынан қорғану, бүркемелеу, инженерлік және химиялық
қамтамасыз ету.
Шерудегі барлау жүргізудің негізгі тәсілі —
бақылау.
Шеруде жергілікті жер мен қарсылас туралы мәлімет алудың
басты кӛзі — командирден және барлау органдарынан алынған
ақпарат. Таяу қашықтықтағы қарсыластар
мен жергілікті жер
туралы мәліметтер бақылау арқылы, жорықтық күзету кезінде
шолғын бӛлімінен (танкісінен) де алынуы мүмкін. Взвод
командирі әуе, жер үсті қарсыласына үздіксіз айнала бақылауды
ұйымдастыруға,
сондай-ақ
жергілікті
жер
және
рота
командирінің белгілерін бақылап отыруға міндетті. Бақылауды
взвод командирінің ӛзі, ал әрбір
ұрыс машинасынан бақылауды
бӛлімше (танк) командирі жүргізеді. Взвод командирі бӛлімшеге
(экипажға) бақылау секторын белгілейді. Бұдан басқа рота
командирінің белгілерін қабылдау үшін бақылаушы, ал
жорықтық күзет қимылы кезінде — шолғын бӛлімшесінің
белгілерін қабылдау үшін қосымша бақылаушы тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: