Негізгі әдебиеттер: [1],[ 2],[ 3],[ 5], [7]
Дәріс №27-28
Тақырыбы: Интерактивті ауысу. Көлемді имитациялау. Интерактивті көлем. Интерактивті бұрмалау. Көлемін ұқсату. Powerclip. Растрлық бейнелерді өңдеу. Машық дағдыларды қолдану
Дәріс мазмұны:
Перспектива
Көлеңке
Экструзия
Сіздердің жұмыстарыңызды әсерлеу үшін CorelDraw редакторында объектілерге арналған эффектілер бар.
Эффектілерді құру үшін қолданылатын саймандар Toolbox (Саймандар) қосымша сайман панелінде орналасады: Blend(Араластыру),Contour (Жақтау), Distortion(Бұрмалау, өзгерту), Envelope(Қабықша), Extrude(Басу), Drop Shadow(Түсу көлеңке), Transparency(Мөлдірлік).
Екі әртүсті және әркөлемді шаршылар салыңыздар. Interactive Blend Tool (Интерактивті алмасу) сайманын таңдап алыңыздар. Курсорды кіші шаршының үстінен басып, тышқанның сол жақтағы батырмасын басып тұрып, курсорды үлкен шаршыға апарып, тышқанның батырмасын жіберіңіз. Нәтижесінде бір объектінің екінші объектіге ағындығы шығады
Ағындық деп объект формасының біртіндеп трансформациялау эффектісі аталады. Бір уақытта толтыру, жақтау түстері мен жақтау көлемдерінің трансформациясы орындалады.
Property Bar (Қасиеттер) панеліндегі Number of steps… (қадамдар саны…) жолында ағындық қадамдар санын анықтауға болады. Бұл сан басты және соңғы объектілердің арасында орналасатын объектілер санына сәйкес болады.
Blend Direction (ағындық бағыты) жолында ағындық барысында объектілердің өз осі бойынша айналу бұрышы беріледі (диапазоны -360 тан 360 градусқа дейін).
Ағындық түрлері
Базалық қадамдық ауысу
Интерактивті сайман панелін ашып, Interactive Blend (Интерактивті қадамдық ауысу) атты сайманды таңдап алыңыз.
Бір басқару объектінің кез келген нүктесінен екінші басқару объектісінің кез келген нүктесіне сайман көрсеткішін ауыстырыңыз.
Қадамдық ауысудың басқару схемасы
Басқару объектілердің көрсеткіштері ақ шаршылармен көрсетілген. Соңғы басқару объектісіндегі үшбұрыш қадамдық ауысудың бағытын көрсетеді.
Қадамдық ауысудың басқару схемасы
Аралық объектілер орналасқан түзу түсті штрихталған сызық түрінде көрсетілген. Бұл сызықтың үстінде көк түсті үшбұрыш жылжыма орналасқан.
Оның орны объектілердің жылдамдығын басқаратын параметрге байланысты. Штрихталған сызықтан төмен толтырудың жылдамдығын басқаратын қызыл жылжыма орналасқан.
Траектория бойынша қадамдық ауысуды ұйымдастыру
Траекторияның жұмысын атқаратын қисықты салыңыз.
Базалық қадамдық ауысуды ұйымдастырыңыз. Қадамдық ауысудан белгіні алмай атрибут панеліндегі Path (бағыттаушы) атты батырманы басып ашылатын менюдан New Path (Жаңа траектория) атты командасын таңдап алыңыз. Алдында салынған траекториядан қисық стрелка түрлі көрсеткішті басыңыз. Қадамдық ауысу траекторияға байланысты болады және аралық объектілердің орталары траекторияның үстінде орналасады.
Траектория бойынша қадамдық ауысуды ұйымдастыру
Траекторияның жұмысын атқаратын қисықты салыңыз. Базалық қадамдық ауысуды ұйымдастырыңыз. Құрылған қадамдық ауысуды траекторияға тышқанның оң жақтағы батырмасы арқылы апарып, контекстілік менюдан Fit Blend To Path (траектория бойынша қадамдық ауысуды орналастыру) атты командасын таңдаңыз.
Объектілердің контуры
Ореол – басқару объектісінен бірдей аралықтарда орналасқан тұйық қисықтардың жиынтығы.
Жұлдыз түрлі бесбұрыш фигураны салыңыз. Толтыру түспен жіңішке жақтауды таңдап алыңыз. Оның екі көшірмесін құрыңыз. Interactive Contour Tool (Интерактивті контур) атты сайманды таңдап алыңыз. Белгіленген объектіге курсорды апарып, тышқанның сол жақтағы батырмасын басып тұрып, асықпай курсорды объектінің сыртына ауыстырыңыз. Сонда жақтаудың көлемі үлкейгенін көре аласыз. Тышқанның батырмасын жіберіңіз. Объектінің сыртқы контуры пайда болады. Құрылған жұлдыздың маңайындағы жұлдыздар санын санауға мүмкіндік бар.
Ұқсастық эффектісі
Бағынатын объектілердің басқару объектісіне қатысты әртүрлі орналасу тәсілдері мен объектілер санын анықтау әдістері бойынша үш түрлі ореолдар айырылады: сыртқы; ішкі; орталық.
Жұлдыздың сыртқы контуры
Келесі жұлдызды таңдап алыңыз. Енді тышқанның курсорын объектінің ортасына дейін орналастырыңыз, бірақ ортаға апармаңыз. Нәтижесінде объектінің ішкі контуры пайда болады (салынған жұлдыздың ішінде орналасқан қосымша жұлдыздар).
Жұлдыздың ішкі контуры
Контур эффекті қолданылмаған соңғы жұлдызды белгілеңіз. Тышқан курсорын қайтадан ортаға қарай, бейнеленетін контур ортада жасырынып кеткенше апарыңыз. Нәтижесінде объектінің ортаға қарай бағытталған контур пайда болады. Объектінің ішіне сыйғанынша қосымша жұлдыздар салынады.
Жұлдыздың ортаға дейінгі контуры
Contour эффектісі үшін Property Bar панелі
Контур түрлі ауыстырғыштар
To Center (ортаға қарай)
Inside (ішіне қарай)
Outside (сыртына қарай).
Contour Steps (контур қадамы) - объектінің контур саны.
Contour Offset (контур аралығы) – объект контурларының жақтау аралықтары.
Контур түстерінің трансформация бағытын басқару:
Linear Contour Color – сызықтық контурдың түсі,
Clockwise Contour Color – сағат бағыты бойынша құрылатын түстер,
Counterclockwise Contour Color – сағат бағытына қарама - қарсы құрылатын түстер.
Outline Color (Траекторияның жұмысын атқаратын қисықты салыңыз.
Базалық қадамдық ауысуды ұйымдастырыңыз.
Fill Color (толтыру түсі).
Басқарылатын бұрмалау
Шаршыны салыңыз, толтыру және 1,5 мм көлемді айналым түстерін таңдап алыңыз. Енді оның екі көшірмесін жасаңыз. Interactive Distortion Tool (Интерактивті бұрмалау) атты сайманды таңдап алыңыз. Бірінші шаршыны таңдап, белгіленген объектінің орта тұсына апарып, тышқанның сол жақтағы батырмасын басып тұрып, курсорды объектіден солға қарай басыңыз. Нәтижесінде объектінің пішіні пайда болады. Курсорды жұмыс ортасының сол жағында орналастырып, тышқанның батырмасын жіберіңіз.
Property Bar (қасиеттер) панелінде үш түрлі бұрмалар қолайлы болады: Push and Pull Distortion (басу және тарту бұрмалау), Zipper Distortion (найзағай түрлі бұрмалау), Twister Distortion (бұраумен бұрмалау).
Бұрмалаудың түрлері
Бұл да шаршылар
Interactive Distortion Tool (Интерактивное искажение) атты сайманды тек графикалық объектілерге ғана емес, сонымен қатар көркем мәтіндерге де қолдануға болады!
Қабықтағы объектілер
Көркем мәтін жазыңыз. Қабықтың әсерін нақты көру үшін мәтінді кез келген түсті басты әріптермен жазыңыз. Айналымды орнатпаңыз. Енді үш көшірме жасаңыз. Бірінші мәтінді белгілеңіз. Interactive Envelope Tool (Интерактивті қабық) атты сайманын таңдап алып, Property Bar (қасиеттер) панелін қараңыз. Қабықтар төрт түрлі болады:
> Envelope Straight line Mode (түзу сызықтардан тұратын қабық), > Envelope Single Arc Mode (доғадан тұратын қабық), > Envelope Double Arc Mode (қос доғадан тұратын қабық), > Envelope Unconstrained Mode (қабықтың еркін түрі).
Экструзия
Экструзия денелердің проекцияларын құру — екіөлшемді бейнелердің үшөлшемді елесін құрудын автоматтандыру тәсілі.
Экструзия денесінің проекциясын құру барысында, жайпақ объектіні проекциялау осі бойынша оның ауыстыруымен көлемді дененің перспективті проекциясына түрленеді.
CorelDRAW ортасында экструзиясының екі түрі болады:
векторлық экструзия
нүктелік экструзия
Interactive Extrude
Интерактивті сайман панелін ашып Interactive Extrude (Интерактивті экструзия) сайманың таңдап алыңыз.
Экструзия дене үшін басқару объектісін анықтау үшін, оның үстінен тышқанды басу керек.
Атрибуттар панеліндегі Vector Extrusion Mode батырмасын басып векторлық экструзиясын таңдап алыңыз.
Экструзияның басқару схемасында қиғаш «плюс» таңбасы түрінде көрсетілген жинақтылық нүктесінің орнын ауыстырыңыз, ол үшін ауыстыру жұмысын объектінің кез келген нүктесінен бастауға болады. Бұл жағдайда экструзия денесінің проекциялау бағыты анықталады.
Жинақтылық нүктесін көрсететін қиғаш «плюс» және басқа да схеманы басқару элементтері орнын ауыстыру жұмысының басталуымен экранда көрінеді.
Ашылатын палитрадан Extrusion Type экструзияның түрін таңдап алыңыздар.
Жұлдыз түрлі түсті және жіңішке жақтаулы бесбұрыш салыңыз. Interactive Extrude Tool (Интерактивті басу) атты сайманды таңдап алыңыз. Объектіде курсорды орнатып, тышқанның сол жақтағы батырмасын жібермей курсорды оңға төмен ауыстырыңыз, курсор мен объектінің арасына тағы бір жұлдыз сыйатын болу тиіс. Тышқанның батырмасын жіберіңіз. Нәтижесінде көлемді жұлдыз шығады.
Экструзия түрлері
Үлкейтумен алдыға. Экструзия денесінің бүйір қырлары басқару объектінің артында орналасқан жинақтылық нүктесінің бағытында құрылады. Дененің алдынғы жағы басқару объектісінен үлкен.
Параллель түрінде артқа. Жинақтылық нүктесі басқару объектінің артында орналасып, шексіздікке қарай жасырылған. Экструзия денесінің бүйір қырлары параллельді және жинақтылық нүктенің бағытына қарай құрылады. «плюс» таңбасының орны экструзия денесінің артқы жағының орналасу жерін көрсетеді.
Параллель түрінде алдыға. Жинақтылық нүктесі басқару объектінің артында орналасып, шексіздікке қарай жасырылған. Экструзия денесінің бүйір қырлары параллельді және жинақтылық нүктенің бағытына қарай құрылады. «плюс» таңбасының орны экструзия денесінің алдынғы жағының орналасу жерін көрсетеді.
Кішірейтумен артқа. Экструзия денесінің бүйір қырлары басқару объектінің артында орналасқан жинақтылық нүктесінің бағытында құрылады. Дененің артқы жағы басқару объектісінен кіші.
Кішейтумен алдыға. Экструзия денесінің бүйір қырлары басқару объектінің алдында орналасқан жинақтылық нүктесінің бағытында құрылады. Дененің алдынғы жағы басқару объектісінен кіші.
Үлкеюмен артқа. Экструзия денесінің бүйір қырлары басқару объектінің алдында орналасқан жинақтылық нүктесінің бағытында құрылады. Дененің артқы жағы басқару объектісінен үлкен.
Басу – көлемді объектілерді құру үшін арналған эффект.
Курсордың орнын ауыстыру кезінде белгіленген объект тек қана қызыл қабырғалы сипатталған тік төртбұрышты түрде көрсетіледі. Көк сызықтар түрінде басу процесі, яғни объектіге қолданылған басу түрі көрсетіледі. Property Bar (қасиеттер) панеліндегі Depth (тереңдігі) жолында басудың тереңдігін көрсетуге болады.
Көлеңкелі объектілер
Объектілер арасындағы тереңдігін көрсету арқылы, сценаның көлемдік елесін құру мүмкіндігін көлеңке эффектісі береді.
Көлеңке – «түсірілген көлеңке» атты біріктірілген класстың құрамында автоматты түрде құрылған монохромдық нүктелік бейне. Көлеңкені түсіретін объект немесе объектілер тобы басқару объект болып саналады. Сондықтан басқару объектіге енгізілген өзгерістер көлеңкенің формасына әсер етеді. Мысалы, басқару объектінің көлемін үлкейткен кезде, түсірілетін көлеңкенің де көлемі үлкейеді.
CorelDRAW объектілерінің барлығы көлеңке түсіре алады. Олардың ішіне тек қана құрама объектілер кірмейді (қадамдық ауысулар, суперсызықтар, экструзия денелері т. б.) және басқа да түсірілген көлеңкелер. Жанағыш пен перспектива жағдайларындағыдай орнатылған көлеңкенің параметрлерін басқа объектіге көшіруге болады. Көлеңкелердің тәуелді және тәуелсіз көшірмелерін істеуге болады.
Property Bar (қасиеттер) панеліндегі Drop Shadow Color (Түсірілген көлеңкенің түсі) атты жолында түсетін көлеңкенің түсін көрсетуге болады. Онда Interactive Drop Shadow .Tool (Интерактивті түсірілген көлеңке) көлеңкені ғана емес, сонымен қатар жарық да орнатуға болады.
Көлеңке эффектісін құру процедурасы
Interactive Drop Shadow (Интерактивті көлеңке).
Объектінің келесі нүктесіне сайманның көрсеткішін орнатып көлеңкені салу үшін арналған перспектива түрін таңдап алыңыз:
Flat (жалпақ) түрлі перспектива қажет болғанда белгілеу жақтауының ортасынан басу керек;
Bottom (астында) түрлі перспектива қажет болғанда белгілеу жақтауының астындағы орта маркеріне басу керек;
Тор (үстнен) түрлі перспектива қажет болғанда белгілеу жақтауының астындағы орта маркеріне басу керек;
Left Bottom (сол жақтан) түрлі перспектива қажет болғанда белгілеу жақтауының сол жақтағы орта маркеріне басу керек;
Right (оң жақтан) түрлі перспектива қажет болғанда белгілеу жақтауының оң жақтағы орта маркеріне басу керек.
Объект түсіретін көлеңкенің елестеу сәулелер бойынша көрсеткішті орнатыңыз.
Көлеңкені түсіретін объектінің ортасынан көлеңке ортасының ауысуын көлеңке ауысу счетчиктері арқылы анықтауға болады. Бұл тек қана Flat (жалпақ) перспектива үшін қолдануға болады.
Drop Shadow Opacity (Көлеңкенің қалындығы) жорғалаушы. Көлеңкенің түсін анықтауын басқарады, басқару схемасындағы жорғалаушының функциясын қайталайды.
Drop Shadow Feathering (жайылу амплитудасы) жорғалаушы. Көлеңкенің жайылу енін басқару. Жайылу деп объектінің толтырылған түсі кеткенше жиектерден бастап мөлдірлік пайда болатын эффектіні атайды. Жайылу амплитудасы жайылу ауданының енін көлеңкенің жартысынан пайыз түрінде анықталады.
Feathering Direction (Жайылу бағыты) – ашылатын тізім. Көлеңкенің жайылмаған ауданның жақтау мен жайылған ауданның қатынасын басқарады. Жайылу аудандары: Inside (Ішке) — жайылу ауданы тұтас көлеңкенің ішінде жатады;
Middle (Жартылай) — жайылу ауданы жартылай көлеңкенің ішінде, ал жартысы көлеңкенің жақтауына сыртынан жатады;
Outside (Сыртында) — жайылу ауданы тұтас көлеңкенің жақтауының сыртынан жатады;
Average (Орталануымен) — Middle (Жартылай) түріне ұқсас, бірақ рандомизация элементі енгізілетін болған соң көлеңкенің кескіндері жұмсақтау болады.
Feathering Edges (Жайылу түрі) ашылатын тізім. Келесі заңның төрт түрінен керекті түрін таңдап алуға мүмкіндік береді, көлеңкенің ортасынан алыстағанына қарай жайылу ауданындағы рең қанықтығы өзгереді:
Linear (Сызықтық) — жайылу ауданының ішкі шетінен алыстаудан рең қанықтығы тікелей пропорционалды түрде кемиді;
Squared (Шаршылы) — жайылу ауданының ішкі шетінен алыстаудан рең қанықтығы квадратты пропорционалды түрде кемиді;
Inverse Squared (Кері квадраттық) — жайылу ауданының ішкі шетінен алыстаудан рең қанықтығы кері квадратты пропорционалды түрде кемиді;
Flat (Тұрақты) — рең қанықтығы кемімейді, бүкіл жайылу ауданында оның мәні көлеңкенің қою түстің рең қанықтығының жартысына тең болады.
Шыныдан жасалған объектілер
Екі тік төртбұрыштар 60x50 мм (қызыл түсті) және 150x80 мм (көгілдір түсті) салыңыз. Көгілдір түсті төртбұрыш қызыл төртбұрыштыны жабу тиіс. Көгілдір төртбұрышты белгілеңіз. Interactive Transparency Tool(Интерактивті мөлдірлік) сайманын таңдап алыңыз. Курсорды белгіленген объектінің ортасына қарай апарыңыз, тышқанның сол жақтағы батырмасын басып тұрып курсорды оңға қызыл төртбұрышқа қарай жылжытыңыз, оның сыртына. Тышқанның батырмасын жіберіңіз. Көгілдір тік төртбұрыш жартылай мөлдір болды, астынғы қызыл тік төртбұрыш көрінетін болды.
Мөлдірлік панеліндегі жорғалаушыны жылжыту арқылы мөлдірлікті орнатыңыз. CorelDraw мөлдірлік – объектілерді құю түрлері. Сондықтан, Property Bar (қасиеттер) панеліндегі Transparency Type (мөлдірлік түрлері) құю түрлеріне сәйкес келетін мөлдірлік түрлерін анықтауға болады. Мысалы, Linear (сызықтық), Conical (Конустық).
Мөлдірлік панеліндегі жорғалаушыны жылжыту арқылы мөлдірлікті орнатыңыз. CorelDraw мөлдірлік – объектілерді құю түрлері. Сондықтан, Property Bar (қасиеттер) панеліндегі Transparency Type (мөлдірлік түрлері) құю түрлеріне сәйкес келетін мөлдірлік түрлерін анықтауға болады. Мысалы, Linear (сызықтық), Conical (Конустық).
Достарыңызбен бөлісу: |