4. Есепті шешудің алгоритмін құру (жазу).
Есепті шешудің алгоритмін дұрыс жазу үшін оқушылар мына түсініктерді және ұғымдарды білуі керек болады:
а) алгоритм ұғымын,
б) алгоритмнің негізгі қасиеттерін;
в) базалық структураларын;
г) алгоритмді жазу әдістерін;
5. Жазылған алгоритм негізінде есепті шешудің программасы құрылады. Алгоритмді орындаушы компьютер болғандықтан, құрылған алгоритмді компьютер түсінетін тілде жазу керек болады. Компьютерге арналаған тілдерді программалау тілдері деп атайды. Есепті шешудің программасын дұрыстап құра алу үшін программалау тілдерін білу керек.
Осы бес кезеңді есепті компьютер көмегімен шешудің дайындық кезеңдері деп атайды. Бұл кезеңдер оқушының шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуін қажет ететін кезеңдер болып саналады.
6. Құрылған программаны компьютерге енгізу, тексеру және қателерін жөндеу, программаны тестілеуден өткізу. Программаны тестілеуде өткізу жауапты кезеңнің бірі саналады. Тестілеуді бірнеше режимдерде өткізу қажет болады. Программаны тестілеуден өткізу мына мақсаттарда жүргізіледі:
а) программаны бүтіндей тексеру;
б) программаның функционалдық мүмкіндгін анықтау;
Программаны тексеру және оны әртүрлі режимдерде тестілеуден өткізу оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамытады, білімін тереңдетеді, пәнаралық байланыстарды іске асырады, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |