Өзін өзі тексерудің сұрақтары:
1 Қоян тәрізділерге сипаттама..
2 Қоян тәрізділер құрылысы
3 Зәр шығару жүйесі.
Әдебиеттер: Наумов С.П. Омыртқасыздар зоологиясы., зоология, жануарлар систематикасы.
14-15 тақырып Жүп түяқтылардың биологиясы
1. Жұп тұяқтылардың жалпы сипаттамасы мен систематикасы.
2. Жұп тұяқтылардың географиялық таралуы.
3. Жұп тұяқтылардың қәсіптік тиімділігі.
4. Жұп тұяқтылардың шаруашылық маңызы.
Жұп тұяқтылар жер бетінде есімдік тектес заттармен қоректеніп, тез жүгіретін жануарлар. Тек бегемоттар ғана жартылай суда тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың аяғы ұзын және ең соңғы саусағында тұяғы болады. Үшінші жәні төртінші саусақтары бірдей жетілген, осы екі саусақтың ортасынан аяқтарының тірегі өтеді. Екінші және бесінші саусақтары өте нашар жетілген, немесе болмайды. Бұғаналары да жетілмеген. Жұп тұяқтылар екі отряд тармағына бөлінеді.
Күйыс қайтармайтындар. Бұл отряд тармағына бегемоттар және шошқалар жатады. Бұлардың екінші және бесінші саусақтары жақсырақ жетілген. Шошақ тістері үлкен болады. Азу тістерінің үсті бұдырлы, тамағын әбден шайнап жұтуға мүмкіндік береді. Қарны қарапайым, сондықтан күйіс қайырмайды.
Біздің оңтүстік облыстарда жабайы шошқаның қабан деген бірақ түрі тараған. Сол жабайы шошқадан осы кезде қолда өсірілетін үй шошқаларының көптеген түрлері шыққан. Бұлар қамысты, тоғайлы жерлерді мекендейді. Жылына бір-ақ рет көбейеді де, бір туғанда 4-6 торай туады. Қолдан сұрыптау арқылы үй шошқаларын жақсартудың нәтижесінде, жабайы тегіне қарағанда өсімтал түрлері шығарылған. Осыған байланысты олардың емшектерінің де саны көбейген. Оңтүстік Азияда, Африкада және Америкада жабайы шошқаның басқа түрлері кездеседі.
Бегемот ірі, жалаңаш терілі, жартылай суда тіршілік ететін жануар. Олар құрлықка өте сирек шығады да өзендер мен көлдерде болады. Су өсімдіктерімен қоректенеді. Бегемоттар тропиктік Африкада тараған.
Күйыс қайтарушылар. Бұл отряд тармағына қарынының құрылысы күрделі жануарлар жатады. Бұлардың карыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс қайырғанда қайтадан дұрыс ұсатылып, жұтылуына бейімделген. Бұған жұп түяқтылардың басым көпшілігі жатады.
Бұлардың шошақ тістері мен II және V саусақтары нашар жетілген немесе кейбір түрлерінде тіпті болмайды. Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар.
Көн табандылар тұқымдасына түйелер, ламалар жатады. Бүлардың II және V саусақтары болмайды, тұяғы өте нашар дамыған. II және IV саусақтары келіп тірелетін, көпшік сияқты кенді жалпақ табанына денесінің салмағын салып, қозғалады. Бүларда қарыны басқа күйіс қайыратындармен салыстырғанда күрделі емес.
Осы кезде Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі қос өркешті түйе сақталған. Бір өркешті түйенің нардың тек қана қолға үйретілген бір түрі белгілі, ал жабайы түрі белгісіз. Нар көбінесе Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Мұндай май өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Өйткені, ол тотыққан кезде су пайда болып, ол қанға барады. Сондықтан өркешінде майы көп түйелер шөлге шыдамды келеді.
Американың кен табандарының өркеші болмайды. Олар таулы жерді мекендейді, мысалы, гуанако және викунья. Бұлардың қолға үйретілген екі түрі белгілі: лама және альпака. Бұларды да түйе сияқты көлік есебінде және жүні, еті үшін ұстайды.
Бұғы тұқымдасына дене құрылысы сұлу, тұяқты, терінің кутис бөлімінен өсетін, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп түратын мүйізі бар жануарлар жатады.
Солтүстік бұғыларынан басқаларында мүйіз тек қана еркектерінде болады.
Тропиктік Африка мен Австралиядан басқа құрлықтың барлығына дерлік тараған. Бізде бұлардың 7 турі кездеседі: Солтүстік бұғысының еркегінде және ұрғашысында да мүйіз болады. Жас бұғылар теңбіл болмайды. Евразияның және Солтүстік Американың орманды далаларының көпшілігіне және тундраның барлық жеріне тараған. Бұғыларды қолда үйрету негізінен тундрада іске асырылған. Ақ марал немесе Батыс Европада, Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда, Оңтүстік Сибирьдің тауларына тараған. Олар орманды жерлерді мекендейді.
Теңбіл марал өмір бойы теңбіл түсті болады. Олар Қиыр Шығыстын, оңтүстік бөлігіндегі ормандарда мекендейді. Бұл соңғы екі маралдың өсіп жетілмеген жас мүйіздерінен (панто) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жасалады. Бұғылардың ең ірі түрі — бұлан немесе суын Европаның, Сибирьдін, және Оңтүстік Американың орманды бөліктеріне тараған. Басқа бұғылардан бір айырмашылығы бұлар табын құрамайды. Қыста жапырақты ағаштардың бұтағымен қоректенеді. Бізде бұландарды қолға үйрету тәжірибесі іске асуда. Елік— мүйізі азғана бұтақталған, бұғының ең ұсақ түрі болып есептеледі. Бұлар Европаның және Оңтүстік Сибирьдің орманды және орманды-далалы зоналарында, Қырымда, Кавказда, Орта Азияның тауларында кездеседі. Бұлардың бұғылардан ерекше бір түрі құдыр болып есептеледі. Оның мүйізі жоқ, ал еркектерінің жоғарғы жағындағы шошақ тістері жақсы жетілген, кейде сойдиып ауызынан шығып тұрады. Олар Шығыс Сибирьдің, таулы ормандарын мекендейді.
Бұғылардың барлығының да өнеркәсіптік маңызы зор. Олардың еті және терісі пайдаланылады. Парфюмерия өндірісінде пайдаланылатын жануар мускусының негізгі көзі құдыр мускус безі болып саналады. Солтүстік бүғылары қолға үйретіліп, көлік есебінде пайдаланылады. Олардың терісі замшы (жеңіл өндірісте) жасауға қажет материал және шикі зат болып саналады. Медицинада маралдардың пантасын пайдаланады.
Қуыс мүйізділер тұқымдасы. Бұлардың маңдай сүйегі өсіндісінің сыртын қаптап түратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистің мальпигий қабатынан пайда болған, ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып отырады. Тек қана Американың айыр мүйізді бөкенінін, мүйізі екі айыр болады да жыл сайын түлеп отырады. Мүйіз басым көпшілігінде еркектерінде ғана болады. Жоғарғы жағында шошақ тісі болмайды.
Бұлардың жабайы түрі Оңтүстік Америка мен Австралиядан басқа барлық жерде кездеседі. Көптеген түрлері қолда өсіріліп, олардан үй жануарларының көптеген жаңа түрлері шығарылады. Бұл тұқымдастың негізгі жабайы түрлері мыналар.
Бекендердің көптеген түрлері Африкада тараған. Көбінесе бізде кездесетін қарақұйрық—Закавказьенің шығысында, Орта Азияның және Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Ақ бөкен Қазақстанның далалы жерлерінде тараған. Кавказ бен Карпат тауларында мүйізінің ұшы ілмек тәрізді артына қайрылған мүйізі бар орман бөкені серна тіршілік етеді.
Жабайы ешкілер мен қойлардың бірнеше түрі Кавказдың, Орта Азияның және Оңтүстік Сибирьдің тауларына таралған. Мысалы, ешкілерден Кавказдың турлары, Сибирьдің ешкімүйізі. Жабайы ешкілер жартасты биік тауларды мекендейді және олар 20—30-ы бірігіп, топтанып жайылады. Жабайы қойлардан муфлонды алуға болады. Муфлон Оңтүстік Закавказьеде кездеседі. Соңғы жылдары олар Қырым түбегіне жерсіндірілді. Орта Азияның тауларында жабайы кой — архар деген ірі түрі кездеседі. Жабайы қойлардың жабайы ешкілерден бір ерекшелігі таудың жартассыз, барынша тегіс жеріне жайылады. Қыста бірнешеуі (100 аса) бірігіп, топтанып жүреді, архардан үй қойларының әр түрлі жаңа түқымдары шығарылған.
Жабайы егіздердің қазіргі түрлеріне Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялық және Африкалық буйволдар, Үндістанда — бантенг, гаял және гаур жатады. Бүлар орманды және ірі бұталы жерлерді мекендейді. Орталық Азияда өзіндік ерекшелігі бар жүндес як (қодас), Солтүстік Америкада — бизон, ал бізде зубр деген бір ғана түрі кездеседі. Бұларды бұрын зубрлар мекендеген Солтүстік Кавказдың ормандарында, Москваның түбінде (Серпухов ауданында) табиғат жағдайында көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.
Ертеде Оңтүстік Россияның даласында ірі түрі тур тіршілік еткен. Оны XVII ғасырда құртып жіберген.
Жоғарыда керсетілген түрлерден бантенг, гаял, буйвол, қодас ертеден қолда өсіріліп келе жатқан жануарлар. Тур осы замандағы көптеген мүйізді ірі қараның арғы ата-тегі болып саналады.
Жирафтар түқымдасы тек қана Африкаға тән жануар. Олардын, алдыңғы аяғы мен мойыны өте ұзын, басында терімен қапталған қысқа мүйізі болады. Екі түрі белгілі. Бірінші окапи Орталық Африканың ормандарында тіршілік етеді. Бұл аздап та болса мойыны мен аяғы қыскарақ жануар. Екінші жираф Шығыс және Орталық Африканың саванналарында кездеседі. Мойны мен алдыңғы аяғы өте ұзын болады. Екеуі де ағаштардың, бұталардың жапырақтарымен, кейде шөппен қоректенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |