Найробиде Қазақстан мен Кения арасындағы екі жақты ынтымақтастық талқыланды
Ү.ж. 3 маусымда Қазақстан Республикасының Мысырдағы Елшісі Берік Арын Найроби қаласына жұмыс сапары барысында Кения Сыртқы істер және халықаралық сауда министрі Әмина Мохамед ханыммен және Бүкіл африкалық шіркеулер конференциясының Бас хатшысы Андре Карамагамен кездесулер өткізді.
А.Мохамедпен кездесу барысында Елші оған ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысовтың Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ұсынғаны туралы хатын тапсырды, сондай-ақ екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму болашағы бойынша пікір алмасты. Кениялық сұхбаттасын «Қазақстан жолы-2050» стратегиясын жүзеге асыру аясындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық негізгі жетістіктерімен, басты сыртқы саяси бастамаларымен және БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясы шеңберінде сайланған жағдайда Қауіпсіздік Кеңестің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның күн тәртібімен таныстырды.
Кения министрі Астанамен екіжақты ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтуге қатысты Найробидің қызығушылығын жеткізді. Өткен жылы 73 миллион доллардан асқан өзара сауда көлемін арттыруға айтарлықтай әлеуеттің бар екендігі жөнінде пікір білдіре отырып, кениялық шайді тікелей тасымалдау арқылы жүзеге асыруға болатынын айтты. Осыған орай ол нарықты зерделеу мен Қазақстанның іскер топ өкілдерімен тікелей байланыс орнату үшін кениялық тараптың елімізге делегация жіберу жөніндегі ниетін хабарлады. Сонымен қатар, А.Мохамед ханым қазақстандықтарды бірегей табиғат пен экотуризмге ие Кенияға туристік мақсатпен келуге шақырды.
Бүкіл африкалық шіркеулер конференциясының штаб-пәтерінде өткен кездесудегі сұхбаттың негізгі тақырыбы мәдениеттер мен діндер арасындағы диалогты ілгерілету мәселесі болды. Б.Арын еліміздің дінаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі табысты тәжірибесі, Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру жөніндегі бастамасы туралы толық мағлұмат берді.
Жалпы алғанда 120 миллион сенушілері бар 174 ұлттық шіркеуді, 39 елдегі 41 ұйымды біріктіретін Шіркеулер басшысы көпұлтты мемлекеттің бейбіт дамуын қамтамасыз етудегі Қазақстанда іске асырылу үстіндегі ішкі саясатына жоғары баға берді. Сонымен қатар, ол әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа бағытталған күш-жігерді біріктіру жолындағы қазақстандық дінаралық форумның қызметіне атсалысуға үлкен қызығушылық танытты.
В Найроби обсуждено двустороннее сотрудничество
между Казахстаном и Кенией
3 июня т.г. в рамках рабочего визита в г.Найроби Посол Казахстана в Египте Берик Арын встретился с Министром иностранных дел и международной торговли Республики Кения Аминой Мохамед и Генеральным секретарем Всеафриканской конференции церквей доктором Андре Карамагой.
В ходе встречи с А.Мохамед Посол вручил письмо Министра иностранных дел РК Е.А.Идрисова о выдвижении кандидатуры РК в непостоянные члены СБ ООН на период 2017-2018 гг., состоялся обмен мнениями о состоянии и перспективах развития двусторонних отношений. Кенийская сторона была ознакомлена с основными социально-экономическими достижениями нашей страны в контексте реализации «Стратегии «Казахстан-2050», главными внешнеполитическими инициативами и повесткой РК в качестве непостоянного члена СБ ООН в случае избрания на 71-ой сессии Генеральной Ассамблеи ООН.
Кенийский министр выразила заинтересованность Найроби в углублении и расширении двустороннего сотрудничества с Астаной. По ее мнению, имеется значительный потенциал для увеличения объемов двусторонней торговли, который в прошлом году превысил 73 млн. долл., в том числе путем налаживания прямых поставок кенийского чая. В этой связи она сообщила о намерении кенийской стороны направить делегацию для изучения рынка и налаживания прямых связей с деловыми кругами Казахстана.
На встрече в штаб-квартире Всеафриканской конференции церквей основной темой беседы стали вопросы продвижения диалога между культурами и религиями. В данном контексте Б.Арын подробно рассказал об успешном опыте нашей страны в обеспечении межрелигиозного и межконфессионального согласия, деятельности Ассамблеи народа Казахстана и инициативе Президента РК Н.А.Назарбаева по созыву Съезда лидеров мировых и традиционных религий.
Глава ВКЦ, которая объединяет 174 национальных церквей с общим числом верующих 120 млн. человек, 41 ассоциированных членов из 39 стран, дал высокую оценку проводимой в Казахстане внутренней политике, обеспечившей мирное развитие многонациональной страны. Он также проявил большой интерес к участию в деятельности казахстанского межрелигиозного форума для объединения усилий, направленных на достижение мира и стабильности в мире.
Достарыңызбен бөлісу: |