Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



Дата28.03.2023
өлшемі50.5 Kb.
#471297
1-тәж. жұмыс (1)




қАЗАҚСТАН рЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Химия кафедрасы


Жұмыс №1


Тақырыбы:


cтиролдың полимерленуі
Құрастырған: х.ғ.к. Сапарбекова Индира Сайлыбаевна


Алматы, 2014
Полистирол (поливинилбензол)

Полистиролды стиролды радикалды полимерлеудің блокты немесе эмульсиялық әдістерімен асқын тотық инициаторы қатысында алады.


Тәжірибелік мәліметтер бойынша полистирол молекуласындағы фенил группалары 1,3 жағдайда орналасады:

...- СН2 - СН - СН2 - СН - СН2 - СН -...
| | |
C6H5 C6H5 C6H5

Бұл полистиролдың термиялық деструкциясы өнімдерінің құрамында толуол, 1,3-дифенилпропан, 1,3,5- трифенилпентан, 1,3,5-трифенилбензол, изопренилбензол болуымен дәлелденеді:



СН2 - СН2 - СН2
| |
C6H5 C6H5



СН2 - СН2 - СН - СН2 - СН2
| | |
C6H5 C6H5 C6H5

Бұл қосылыстардың түзілуі фенил группалары полистирол молекуласының 1,3-жағдайларында орналасса ғана мүскін болады.


Техникалық полистиролдың молекулалық салмағы 70 000-200 000. Молекулалық массасы 6 000 000 шамасында полимер алынған. Полистиролдың қату температурасы 80 0С, тығыздығы 1050-1070 кг/м3. Полистирол ароматты көмірсутектерде ериді, алайда су, қышқылдар, сілтілер мен спирттердің әсеріне төзімді. Ол жақсы диэлектрик, алайда механикалық төзімділігі және термотұрақтылығы салыстырмалы төмен (қыздырғанда ауада 1500С-да ыдырай бастайды, оттексіз ортада 2500С-ға дейін тұрақты).
Рентгенографикалық зерттеулер бойынша изотактикалық полистиролдың құрылысы мынадай болады:



...- СН2 - СН - СН2 - СН - СН2 - СН - СН2 - СН...
| | | |
C6H5 C6H5 C6H5 C6H5

Изотактикалық полистирол кристалданады, балқу температурасы 2300С, тығыздығы 1,1 г/см3 және физико-механикалық көрсеткіштері салыстырмалы жоғары.


Полистирол негізінде электроизоляциялық материал ретінде, көбінесе жоғары жиілікті тогы бар құрылғыларда, радиотехника мен теледидарда және пенопластар дайындауда қолданылады. Стирол мен бутадиен сополимерлері синтетикалық каучук өнеркәсібінде қолданылады.


тәжірибелік бөлім


Стиролдың полимерленуі


Керекті құралдар: стирол, бензол асқын тотығы немесе сутек асқын тотығы (25-30%).
Тәжірибе "А"
Пробиркаға 3-4мл стирол және бензол асқын тотығының бірнеше кішкентай түйіршіктерін саламыз. Пробирканы шайқау кезінде асқын тотық ериді. Сұйықтығы бар пробирканы құмды моншаға батырмай орналастырамыз және оны 25-30 минут қыздырамыз. Осы уақыт ішінде сұйықтық қоюланады. Пробирканы моншадан алып, мономер қалдықтарын бөлу үшін от жалынында қыздырады. Осы процесс кезінде кейде бу күйіп, қатты жалын шығып жатады. Суығаннан кейін алынған полимер қатаяды және ол түссіз болады.
Тәжірибе: "B"
Алынған полимердің жартысын 1-2мл бензолда қыздыру арқылы ерітеді. Алынған ерітіндінің жартысын сағат әйнегіне құяды; біраз уақыттан кейін бензол ұшып кетеді. Сосын әйнек бетіне 1-2мл су тамызсақ жақсы бөлінетін мөлдір пленка пайда болады.
Бензол ерітіндесінен қалған бөлікке 1-2мл спирт тамызамыз. Полимер ерітіндіден ақ пленка түрінде бөлінеді. Оны таяқшамен алып домалақтаймыз.
Алынған шайыр өте жұмсақ болады. Біраз уақыт тұрғаннан кейін полимер кеуіп, ақ ұнтаққа айналады.
Тапсырма: стиролдың полимерлену реакция теңдеуін жазу; полистиролдың шығымын анықтау; оның әртүрлі еріткіштердегі ерігіштігін анықтау.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет