Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі


-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау



бет9/19
Дата17.07.2016
өлшемі1.26 Mb.
#204589
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, бюджеттік және өзге де заңнамасына, мемлекеттік қызметтің қолданылып жүрген заттай нормаларына және стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.



Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қарау нәтижелері бойынша стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобалары және бюджеттік өтінімдер осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарға сәйкес келмеген жағдайда, оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне пысықтауға қайтарады.

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктер бюджеттік комиссияда қаралады.



Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын стратегиялық жоспарлардың жобаларымен, немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың қорытындыларымен өзара байланыста қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.

3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері стратегиялық жоспарларды бюджеттік комиссияның ұсыныстарына сәйкес келтіреді және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

 

69-бап. Заттай нормалар



1. Заттай нормалар — қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері.

2. Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныстар енгізуге құқылы.

 

70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша



ҚР 2009.11.12. № 229-ІV Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Білім беру, сорт сынағы, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жазылуға тиіс.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 

245-бапқа сәйкес 71-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:



кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;

жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

Қазақстан Республикасы Yкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті;

Қазақстан Республикасы Yкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті;

басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Республикалық бюджет туралы заңның жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар - функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемі;

3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

4) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде және процентпен көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.

 

72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешім жобасының мәтінінде:

1) бюджет кірістерінің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасы қоса беріледі.



Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;

4) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;

5) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

 

73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде:

1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) өзге де ережелер қамтылуға тиіс.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасы қоса беріледі.



Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;

4) әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары;

5) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

 

13-тарау. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негізгі ережелері



 

245-бапқа сәйкес 74-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді

74-бап. Республикалық бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Парламентіне ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегінен кешіктірмей енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;

3) соңғы есеп берген күнгі мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың жай-күйі туралы деректерді;

4) республикалық бюджет жобасында енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

2. Республикалық бюджет ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей, әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.

3. Егер Қазақстан Республикасының Парламенті ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса, Қазақстан Республикасының Президенті кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлығының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің оны іске асыру туралы қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.



Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

5. Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

75-бап. Жергілікті бюджеттің жобасын қарау және бекіту туралы жалпы ережелер



1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей енгізеді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын тиісті мәслихатқа ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей енгізеді.

Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттарды және материалдарды:

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;

3) жергілікті бюджет жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.

2. Тиісті мәслихаттар облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

Мәслихат ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетін облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітеді.

3. Егер мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған болса, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы қаулы шығаруға құқылы, ол мәслихат жергілікті бюджетті бекіткенге дейін қолданылады. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді.



Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі.

Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

4. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылдың 1 наурызынан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешімдер қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін ұсынады.

6. Мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімі қосымшаларымен бірге және кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

76-бап. Өкілді органдардың бюджеттер жобаларын қарауының негізгі принциптері



1. Өкілді органдар бюджеттердің жобаларын қарау кезінде мынадай принциптерді ұстанады:

1) негізділік принципі;

2) бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі.

2. Негізділік принципі депутаттардың бюджет жобасына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы кез келген ұсыныстары осы түзетулерді енгізу, оларға тиісті есеп-қисаптар қоса беріле отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі және мемлекеттік органдар қызметінің олардың стратегиялық жоспарларында көзделген мақсаттарын, міндеттерін және нәтижелерінің көрсеткіштерін түзету жөніндегі ұсыныстардың қажеттігі жазбаша баяндалып берілуге тиіс екендігін білдіреді.

3. Бюджеттің теңгерімділігін сақтау принципі депутаттар бюджет жобасына кез келген өзгеріс немесе толықтыру енгізген кезде бюджет тапшылығының мөлшерін бюджет жобасында белгіленгеннен асырмай сақтау үшін түсімдердің қосымша көздері не қысқартылатын шығыстар айқындалуға тиіс екендігін білдіреді.

 

245-бапқа сәйкес 77-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет