Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі



бет12/26
Дата29.02.2016
өлшемі1.45 Mb.
#30340
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

68-бап. Стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарау

1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жетекшілік ететін саладағы (аядағы) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын олардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкестігі, нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың және оларға қол жеткізу дәрежелерінің дұрыстығы тұрғысынан;

2) бюджеттік бағдарламалардың жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспар көрсеткіштерімен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізушілік дәрежесі тұрғысынан қарайды;



Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қараудың нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырады және оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы заттай нормаларға және стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;

2) стратегиялық жоспарлар әзірлейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін олардың стратегиялық бағыттардың міндеттерімен, стратегиялық мақсаттарымен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;

3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларының көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалар жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары және стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындыларын ескере отырып қалыптастырылады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның жергілікті атқарушы органдарға нысаналы даму трансферттерін және бюджеттік кредиттер ұсынуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік өтінімдер бойынша қорытындылары өңірлік саясат мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынымдары ескеріле отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының қарауына стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, бюджеттік өтінімдер, бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындыларды енгізеді.

3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:

1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкес келуі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есептеу кезінде бағдар ретінде тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген бағалардың дерекқоры да пайдаланылады;

2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарайды.



Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін, бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді.

4. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды. Тиісті бюджет комиссиясы осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген материалдарды қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді.

5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес:

бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді;

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.

6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес:



мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;

бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.

 

69-бап. Заттай нормалар



1. Заттай нормалар — қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері.

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.

Заттай нормаларды әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

3. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды өзгерту немесе олардың күшін жою туралы Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсыныстар енгізуге құқылы.

 

70-бап. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуінен түсетін ақша



ҚР 2009.11.12. № 229-ІV Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2014.17.01. № 165-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Білім беру, сұрыптарды сынақтан өткізу, ауылшаруашылық өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету, ветеринария, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларының, Қарулы Күштердің спорт саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері, сондай-ақ мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында кіріс келтіретін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті бюджеттің есебіне жатқызылуға тиіс.

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда



2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы әзірлейді және бекітеді.

 

245-бапқа сәйкес 71-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



2013.04.07. № 131-V ҚР Заңымен 71-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

71-бап. Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.

2012.23.11. № 55-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

кірістердің, трансферт түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;

жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферт көлемі;

Қазақстан Республикасы Yкіметі резервінің мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;

мемлекет кепілгерлігін беру лимиті;

үкіметтік борыш лимиті;

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитi;

шартты түрде қаржыландырылатын шығыстардың көлемi;

басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Республикалық бюджет туралы заңның жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттің жобасы қоса беріледі.

Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар - функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін кезекті қаржы жылына арналған түсімдердің көлемі;

3) бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

4) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде және пайызбен көрсетіледі.

2011.24.11. № 495-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда



6. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей республикалық бюджет туралы заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға ұсынады.

 

72-бап. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері туралы шешім жобасының мәтінінде:

1) бюджет кірістерінің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) басқа да ережелер қамтылуға тиіс.

4. Облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасы қоса беріледі.



Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;

4) қаладағы әрбір ауданның бюджеттік бағдарламалары;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлінуі;»

5) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарауына ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

 

73-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу



1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасайды және оны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

3. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының мәтінінде:

1) кірістердің, трансферттер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдоның, бюджет тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) көлемі;

2) облыстық бюджеттен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі;

3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен облыстық бюджетке бюджеттік алып қоюдың көлемі;

4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы резервінің мөлшері;

5) өзге де ережелер қамтылуға тиіс.

4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы шешімнің жобасына:

1) осы Кодексте және бірыңғай бюджеттік сыныптамада айқындалған құрылымға сәйкес жоспарлы кезеңнің әрбір жылы бойынша жекелеген қосымшалармен қалыптастырылған, жоспарлы кезеңге арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасы қоса беріледі.



Бұл ретте түсімдер санаттар, сыныптар және кіші сыныптар бойынша баяндалады, ал шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады. «Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану)» бөлімі жалпы сомамен ұсынылады.

Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған шығыстарда базалық шығыстар функционалдық топтар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және бюджеттік бағдарламалар бойынша баяндалады, ал жаңа бастамалардың шығыстары бір бюджеттік бағдарламамен көрсетіледі;

2) жергілікті бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын, оның ішінде облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленген, кезекті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалардың тізбесі;

2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) кезекті қаржы жылына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі;

4) әрбір қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің бюджеттік бағдарламалары;

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

4-1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттердің аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер арасында бөлінуі;

5) басқа да деректер қоса беріледі.

5. Кезекті қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ақшалай түрде көрсетіледі.

6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей ұсынады.

 

 

13-тарау. Бюджеттің жобасын қарау және бекіту процесінің негізгі ережелері



 

245-бапқа сәйкес 74-бап алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет