Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары



бет7/14
Дата23.02.2016
өлшемі0.87 Mb.
#5805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Мемлекеттік қолдаудың секторалдық және жобалық шаралары

Атом саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу үшін техникалық регламенттер мен нормативтік құқықтық актілер әзірлеу.

Білікті кәсіби кадрлармен қамтамасыз ету.

        



2. Басым секторлардың дамуын қолдаудың

 басты шаралары

         Индустрияландыруды мемлекеттік қолдау макро- және секторалдық деңгейлерде  экономикалық саясаттың жүйелі  шараларын,  сондай-ақ  экономиканың нақты секторларын қаржылық қолдаудың  селективті шараларын және қаржылық емес қолдау шараларының  құрастырылған пакетінің негізінде  жүзеге асырылатын  жобаларды іске асыру,  қолайлы макроэкономикалық орта қалыптастыру; Бағдарламаны қолдаудың қаржылық құралдарын кеңейту;  инфрақұрылымдық, ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету;  бизнес-ортаны жақсарту; технологиялық жаңғырту, инновацияларды және ғылымды дамыту; тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;  тиімді сауда және тариф саясаты арқылы  жүзеге асырылатын болады.

         Макроэкономикалық саясаттың  жүйелі шаралары индустрияландыру міндеттеріне сәйкес іске асырылатын ақша-кредит, фискалдық, сондай-ақ  құрылымдық саясаттар  құралдарын  теңдестіріп және келісіліп пайдалануды  қамтитын болады.

         Ақша-кредит және фискалдық саясаттың келісілуі Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  агенттігінің жыл сайын экономикалық саясаттың негізгі бағыттары туралы бірлескен мәлімдемелерін қабылдаумен қамтамасыз етілетін болады.

         Ақша-кредит саясаты шеңберінде отандық қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін, сондай-ақ  мыналар арқылы теңгенің тұрақты айырбас бағамы мен елдің төлем теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған  шаралар қабылданатын болады: 

Қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі  арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған және  ұлттық  валюта бағамын қайта бағалауға жол бермеуге  бағытталған  бағамдық саясат. Айырбас бағамының саясаты  әлемдік бағаның өзгеруіне, осылайша  ішкі  экономиканы дамытуға іргетас қалай отырып, сыртқы сауда  шарттарына  барабар назар аударатын болады;

Үкіметтің  инфляцияға қарсы саясатымен бірге кешенді түрде ұстап тұрылатын инфляцияның төмен деңгейі (жылдық инфляцияның деңгейі 2010 -2014 жылдары 5,0-8,0 % шегінде (бұған дейінгі жылдың желтоқсанына);

қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қоса алғанда,  Ұлттық Банк операциялары бойынша  ақша нарығындағы жағдай мен  инфляциясының  деңгейіне байланысты  ставкаларды реттеу құралдарын  пайдалана отырып,  оны барабар деңгейде қолдау мақсатында банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеу.

         Салық-бюджет саясаты индустрияландыру процестерін фискалдық ынталандыру, индустриялық инфрақұрылымды, ғылым мен инновацияларды, адами капиталды дамытуды қаржыландыру арқылы  экономиканы жаңғырту және әртараптандыру үшін  жағдай жасауға бағытталатын болады.

Мемлекеттік бюджет параметрлерімен өзара байланыста  мемлекеттік институттар арналары бойынша экономикаға капитал тарту мен бөлудің оңтайлы үлгісін қалыптастыру.

Ұлттық қор активтерін  қалыптастыру және пайдалану саясаты Ұлттық қордағы жинақтарды көбейтуге бағытталатын болады, бұл макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді  және елдің егемен рейтингін арттыру мен мемлекеттік және корпоративтік секторлардың  сыртқы қарыздарын  арзандатуға қажетті жағдайлар жасайды.

 

2.1 Энергетика инфрақұрылымымен қамтамасыз ету

 

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

 

         Әр түрлі меншік нысандарындағы өнеркәсіптік және  өңірлік бағыттағы  ұлттық  маңызы бар  59  электр станцииясы электр энергиясын өндіруді жүзеге асырады, олардың жалпы орнатылған қуаты – 18 992,7 МВт,  қолда бар қуаты – 14 558,0 МВт, электр станцияларының 80, %-ы көмірмен жұмыс істейді.



         2009 жылдың қорытындылары бойынша елдің электр станцияларында электр энергиясын өндіру 78,4  млрд. кВтс құрады,  тұтыну  77,9 млрд. кВтс құрады.

         Электр энергетикасы саласы активтерінің тозу деңгейі жоғары, оның ішінде:

         генерациялайтын жабдық – 70 %;

         электр желілері – 65%.

         Электр станцияларының электр генерациялайтын жабдықтарының одан әрі тозуына, 2009 жылдың мамырынан салаға инвестициялардың болмауына байланысты электр энергетикасында тариф белгілеудің жаңа тетігі  енгізілуде, онымен энергия өндіретін ұйымдар үшін  электр энергиясына арналған шекті, есептік және жеке  тарифтерді  енгізу және тиісінше электр өндіретін ұйымдардың  энергия жинақтайтын қуаттарды  қайта құру, жаңғырту, кеңейту және жаңадан салу жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін  орындауы көзделген.

         2009 – 2015 жылдар кезеңінде жылдар бойынша бөле отырып энергия өндіретін ұйымдардың 13 тобы бойынша электр энергиясына арналған шекті тарифтері бекітілді,  олар саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуді ескере отырып, жыл сайын түзетілуі тиіс.

         Қазақстан Республикасының  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен энергия өндіретін ұйымдар арасында 84,2 млрд. теңгеден астам көлемде  2010 жылға арналған шекті тарифтер шеңберінде  инвестициялардың жалпы сомасына  инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы  36 келісімге қол қойылды.

         Жаңа электр станцияларын салу сияқты ірі ауқымды инвестициялар іске асырылған жағдайда инвесторлар есептік тариф немесе жеке тариф бойынша жұмыс істей алады.

         Жаңа тариф белгілеу тетігін енгізу саланың инвестициялық тартымдылығын көтеруге, салаға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасауға және энергия өндіретін ұйымдардың инвестициялар қайтарымдылығын қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктерін есептеуге мүмкіндік береді.

 

Негізгі міндет

         Экономиканы  электр энергиясымен қамтамасыз ету және елдің энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу.

 

Нысаналы индикаторлар

         1. Тұтыну болжамы 96,8 млрд. кВтс болған кезде электр энергиясын өндіруді 2014 жылы  97,9 млрд. кВтс жеткізу.

         2. Көмір өндіру көлемін 2014 жылға қарай  123 млн. тоннаға дейін қамтамасыз ету.

 

Іс-қимылдар стратегиясы

         Қазақстанның экономикасы мен халқын сенімді түрде электрмен жабдықтау жаңа электр энергетикасы объектілерін салуға, жұмыс істеп тұрған станцияларды  кеңейтуге және қайта жаңартуға, ұлттық электр желілісін жаңғыртуға,  болжамдық теңгерімдерді әзірлеу негізінде қолда бар энергетика ресурстарын тиімді пайдалануға  байланысты болады.

         Негізгі ресурстардың болжамдық теңгерімдерінің негізінде бизнестің қажеттілігін ескере отырып салаларды дамытудың және елдің инфроқұрылымдық және ресурстық әлеуетін кешенді дамытудың ұзақ мерзімді жоспарлары үйлестірілетін болады.

         Жоспарланған кезеңде, жаңа қуаттарды қосу және қолданыстағыларын жаңғырту есебінен елде өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемі болжамды тұтыну көлемінен асып түседі.

         Екібастұз бен Ақсу ГРЭС-і есебінен жаңғыртылатын Солтүстік энергетикалық аймағында электр энергиясын өндіру көлемінің  көп болуы  Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы және  Солтүстік-Оңтүстік  өңіраралық электр тарату желілері бойынша энергиясы тапшы  Оңтүстік және Батыс энергетикалық аймақтарына  қайта бөлінетін болады.

         Батыс Қазақстандағы энергия тапшылығы мәселесін шешу үшін Орал ГЖЭС-ін пайдалануға беру және  Атырау ЖЭО  кеңейту, елдің оңтүстік өңірлерінде – 2012 жылға  Мойнақ ГЭС-ін, Ақшабұлақ  ГЖЭС-ін, 2015 жылға Балқаш ЖЭС-нің екі энергоблогын, бірқатар электр желілері объектілерін салу, оның ішінде   «Алма» кіші станциясын және  Мойнақ ГЭС қуатын беру жөніндегі  электр тарату желілерін салу  болжанып отыр,  жұмыс істеп тұрған электр желілері мен төмендететін кіші станцияларды қайта жаңарту жүзеге асырылатын болады.

         Мынадай жобаларды іске асыру көзделеді:

         1) Атырау ЖЭО. Жобаны іске асыру құны – 16,4 млрд. теңге. Қуаты       75 МВт. Іске асыру мерзімі 2006 – 2010 жж.

         2) Орал  ГЖЭС. Жобаны іске асыру құны – 9,8 млрд. теңге. Қуаты           54 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 – 2012 жж.

         3) Балқаш  ЖЭО. Жобаны іске асыру құны – 360,7 млрд. теңге.

1-модулінің қуаты 1320 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 – 2015 жж.

         4) Мойнақ ЖЭО. Жобаны іске асыру құны – 54,1 млрд. теңге. Қуаты 300МВт. Іске асыру мерзімі 2006 – 2012 жж.

         5) Ақшабұлақ кен орнындағы ГЖЭС. Жобаны іске асыру құны –

17,7 млрд. теңге. Қуаты 87 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 – 2012 жж.

         6) Екібастұз ГРЭС-2 (№ 3 блокты салу). Жобаны іске асыру құны – 118,3 млрд. теңге. Қуаты 525 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 – 2014 жж.

         7) Екібастұз ГРЭС-1 (№ 8 блокты қалпына келтіру). Жобаны іске асыру құны – 23,4 млрд. теңге. Қуаты 500 МВт. Іске асыру мерзімі 2010 – 2012 жж.

         8) Ақсу ГРЭС-нің № 2 блогын қалпына келтіру.  Жобаны іске асыру құны – 12,9 млрд. теңге. Қуаты 325 МВт. Іске асыру мерзімі 2009 – 2011 жж.

         9) Шардара ЖЭО жаңғырту. Жобаны іске асыру құны – 13,6 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2009 – 2015 жж.

         10) Мойнақ ЖЭО қуатын беру. Жобаны іске асыру құны – 10,3 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2010 – 2012 жж.

11) 500, 220 кВ желілерімен бірге Қазақстанның  ҰЭЖ қоса отырып ПС 500 кВ Алма құрылысын салу.  Жобаны іске асыру құны – 30 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2010 - 2014 жж.

12) Қазақстанның Ұлттық электр желісін жаңғырту, ІІ кезең.  Жобаны іске асыру құны – 52,012 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2010 - 2016 жж.

13) Алматы қаласы мен Алматы облысында трансформаторлық кіші  станциялар салу. Жобаның құны – 19,9 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі 2009-2011 жж. 

Көмір өндіру көлемінің өсуі мынадай жобалар есебінен қамтамасыз етіледі:

Екібастұз көмір бассейнінің разрездерінде:

-                     «Богатырь» разрезінің көліктік схемасын қайта құру, разрезде жылына  48 миллион тонна көмір өндірілетін жаңа автомобильді-конвейерлік технологияға ауысу жобасы;

«Восточный» разрезінде циклдық-ағымдық ашу кешені (ЦААК) құрылысының жобасын аяқтау. ЦААК өндірісі жылына ашылатын кендердің 10 млн.текше метрін құрайды;

-                     3000-5000 тонна деңгейінде тазалау забойында орта тәуліктік жүктемені қамтамасыз ететін жоғары өндірістік тау–кен техникасы мен технологияларын енгізу арқылы Қарағанды көмір бассейнінің шахталарында;

-        Қарағанды облысында жобалық қуаты жылына 500 мың тонна көмірді құрайтын «Жалын» тас көмір кен орнының құрылысы және пайдалануға қосу.



Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

17 мамандық бойынша мамандарға деген қажеттілік жоғары оқу орындарына дайындық және 80 ТКБ оқу орнының шеңберінде жабылатын  болады.

Екібастұз қаласында  700 оқу орнына арналған Отын-энергетика саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықтың құрылысы аяқталады.

 

2.2 Көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету

 

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

 

Қазіргі уақытта көлік саласында инфрақұрылымдық жобаларды  іске асыру жүзеге асырылады: қолданыстағы темір жолдарды жаңғырту жүргізілуде,– Өзен – Түркіменстан мемлекеттік шекара және Қорғас – Жетіген жаңа темір жол желілерінің құрылысы басталды; жер үсті инфрақұрылымы объектілерін жаңғырту және дамыту бағдарламасы іске асырылуда; 5 шешуші әуежай (Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қайта жаңартылды, Ақтау қаласының әуежайында жаңа әуе вокзалы пайдалануға берілді;  автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін одан әрі жақсарту жұмысы жалғасуда,        6 жолақты қозғалысы бар «Астана – Щучинск» жылдам жүретін автомагистралі ашылды; жыл сайын кеме жүзетін су жолдарын ұстау жұмысы жүргізіледі, Өскемен және Бұқтырма шлюздерін  қайта жаңарту жобасын іске асыру басталды.



 Сонымен қатар автокөлік инфрақұрылымының маңызды бөлігі нормативті мерзім шегінен тыс пайдаланылады, екіншісі осы мерзімге жақындап отыр, осыған орай көлік жұмысының қауіпсіздігі айтарлықтай  нашарлап отыр. Қолда бар жол-пайдалану техникасы тозуының жоғары екендігі байқалуда.

Темір жол көлігі саласында темір жол желісі жеткілікті дамымаған, темір жол саласында негізгі құралдардың тозуы,  жолаушылар жылжымалы құрамының тапшылығы өсе түсуде; қызмет көрсетудің төмен деңгейі және бәсекелестіктің болмауы; теміржол көлігін жақсарту мен дамыту жеткілікті қаржыландырылмаған; тариф құрылымының қолданыстағы принциптері және реттеу тетігі тасымалдаушының клиентке бағдарлануын есепке алмайды. Елдің транзиттік әлеуетін барынша тиімді іске асыру және темір жол желілерін дамытуға жаңа (жеке) субъектілерді тарту қажет, өз кезегінде бұл көлік-коммуникациялық кешенде бәсекелестік орта қалыптастыруға және көлік құралдары паркін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Азаматтық авиация саласындағы негізгі проблема Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келмейтін өңірлік әуе кемелерінің ескірген паркі; авиациялық персоналдың, әсіресе ұшқыш құрамының тапшылығы болып табылады.

Су көлігі саласында порт инфрақұрылымының жеткіліксіз қуаты, сервистік инфрақұрылымның нашар дамығаны, білікті отандық мамандар тапшылығы, кеме жүретін шлюздерді қайта жаңғыртудың қажеттілігі байқалуда.

 

Негізгі міндет

Экономика мен халықтың көлік қызмет көрсетулеріне деген қажеттігін толық көлемде  қанағаттандыруға қабілетті көлік-коммуникациялық кешенді дамыту.

 

Нысаналы индикаторлар

1. 2015 жылға қарай  көлік бойынша жалпы қосылған құнның өсуін 63 %-ға жеткізу үшін көлік-коммуникациялық кешеннің негізгі көрсеткіштерін ұлғайту.

2. Республикалық маңызы бар шамамен 7 мың км автожолды қайта жаңғырту, 10 мың км автожолды және жергілікті маңызы бар 12 мың км жолды жөндеу;

3. Автожолдардың  республикалық желісінің  85 %-ы және жергілікті желісінің 70 %-ы  жақсы және қанағаттанарлық жағдайда;

4. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген  учаскелерінде ақылы  жүйе енгізу;

5. 453 км  темір жол салу;

6. Қазақстан Республикасының аумағындағы темір жол көлігімен жүзеге асырылатын транзиттік тасымалдар көлемін 25 %-ға өсіру;

7. 2015 жылға қарай жүк қатынасының жылдамдығын 15 – 20 %-ға, ал негізгі халықаралық көлік дәліздері бойынша 20 – 30 %-ға арттыру;

8. 2014 жылға қарай республиканың 14 әуежайында ұшу-қону жолақтарының, жолаушылар мен жүк терминалдарын қайта жаңғырту(салу);

9. 2010 жылмен салыстырғанда халықаралық әуе қатынастары санын екі есеге арттыру және еуропалық авияция стандарттарын енгізу;

10. 2015 жылға қарай сауда флотын 11 бірлікке, оның ішінде 9 танкер мен 2 құрлықтағы жүк кемесіне  дейін жеткізу;

11. 2015 жылға қарай мемлекеттік техникалық өзен флотының 40 бірлігін жаңалау және жаңғырту;

12. 2014 жылға қарай Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі шлюздерін жаңалау және жаңғырту;

13. 2014 жылға қарай кемелер қозғалысын және теңізде құтқару операцияларын басқару жүйесін  құру. 

 

Іс-қимылдар стратегиясы

Саланың дамуы экономиканың көлік қызмет көрсетулеріне деген қажеттігін және  елдің халықаралық көлік желілеріне кірігуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Қойылған міндетті іске асыру үшін мынадай шаралар қабылданады:

қолда бар темір жол желісін жаңа учаскелерді салу арқылы желіні оңтайландырумен бірге қауіпсіздік пен қозғалыс жылдамдығының әлемдік стандарттарына сәйкестендіру;

негізгі халықаралық транзиттік дәліздерді, халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын  қайта жаңғырту;

аэронавигациялық инфрақұрылымды кезең-кезеңмен жаңғырту және республиканың әуежай желісін қайта жаңғыртуды аяқтау, қазіргі заманғы   әуе кемелерін сатып алу;

теңіз сауда флотын қазіргі заманғы кемелермен одан әрі жарақтандыру, айлақтық және сервистік инфрақұрылымды дамыту, кеме жүзу қауіпсіздігі мен кеме  жүзетін шлюздерді және өзен техникалық флотын жаңғырту.

Автожол саласында мынадай жобалар іске асырылатын болады:

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Омбы – Павлодар – Майқапшағай», «Астрахань – Атырау – Ақтау – Түркіменстан шекарасы», «Шучинск – Көкшетау – Петропавл», «Ресей Федерациясы шекарасы – Орал – Ақтөбе», «Астана – Қостанай – Челябинск», «Ақтөбе – Атырау», «Астана – Ерейментау – Шідерті», «Құрты – Бурылбайтал»  негізгі транзит дәліздерінің автомобиль учаскелерін  қайта жаңғырту;

«Алматы – Өскемен», «Үшарал – Достық», «Жазқазған – Петропавл», «Қызылорда – Павлодар – Успенка Ресей Федарациясы шекарасы», «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолдары учаскелерін  қайта жаңғырту, сондай-ақ жергілікті автожол желісін қайта жаңғырту шараларын жүзеге асыру.

Концессиялық негізде автомобиль жолдары учаскелерін салу және кейіннен ақылы жүруді енгізе отырып, «Астана – Щучинск»  автомагистраліне ЗКЖ енгізу мәселесі пысықталатын болады.

Темір жол саласында «Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекарасы», «Жетіген – Қорғас», «Ералиев – Құрық»  темір жол желілерін салу жобасы  іске асырылатын болады.

Азаматтық авиация саласында Қызылорда, Көкшетау, Семей, Қостанай, Орал, Талдықорған, Петропавл және Өскемен мен Ақтау қалаларындағы 9 әуежайда  ұшу-қону жолағын қайта жаңғыртудан өткізу; Көкшетау және Орал қалаларында жолаушылар терминалдарын қайта жаңғырту жоспарлануда, сондай-ақ  Астана қаласының әуежайында екінші ұшу-қону  жолағын және Алматы, Шымкент қалаларының әуежайларында  жаңа жолаушылар терминалдары мен  Атырау қаласында жаңа жолаушы және жүк терминалын салу жоспарлануда.

Концессиялық негізде Кендірлі жаңа халықаралық әуежайын салу мәселесі  пысықталатын болады.

Су көлігі саласында Құрық,  Атырау, Ақтау айлақтарындағы кеме қозғалысын басқару жүйесі,  Каспий теңізінің қазақстандық секторында  құтқару операцияларын басқарудың өңірлік жүйелері құрылатын болады, сондай-ақ танкерлік және құрғақ жүк тасу флоттарын  салу,  Өскемен және Бұқтарма шлюздерін қайта жаңарту мен жаңғырту жұмыстарын жалғастыру,  Шүлбі шлюзінің қорғаныс гидротехникалық құрылғыларын салу, мемлекеттік техникалық өзен флотын жаңарту және жаңғырту, Ақтау айлағының инфрақұрылымын техникалық жаңғырту жоспарлануда.

Инновациялардың дамуы және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу

Автожол саласында автожол көпірлерінің темір бетон бөліктері  құрылысының ресурстарын болжау бөлігінде автомобиль көлігі саласында ірі қалаларда жолаушылар тасымалын диспетчерлік басқару проблемалары бойынша;  транзиттік әлеует саласында өңірлік экономикалық ұйымдар шеңберінде көлік қызметі нарығында бәсекелестік ортаны зерделеу бойынша ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізу жоспарланып отыр.



Инвестицияларды ынталандыру:

білікті халықаралық жолаушылар операторлары арасынан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шартымен стратегиялық инвесторларды темір жол жолаушылар тасымалының қазақстандық нарығына тарту;

темір жол саласы нарығын ырықтандыру және темір жол саласының мақсатты үлгісіне сәйкес мемлекеттік реттеу реформалары;

әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалы және тұрақты ішкі және халықаралық әуе тасымалдарын субсидиялау жөнінде шаралар қабылдау.



Техникалық реттеу:

2015 жылға қарай азаматтық авиация саласына толықтай еуропалық авиация талаптары енгізіліп, 12 әуежайдың Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) санаты болады. 

2012 жылға қарай автомобиль көлігі саласында Евро-3 экологиялық стандарттары, қозғалыстағы автокөлік құралдарын автоматты өлшеу жүйесі енгізіледі, халықаралық тасымалдауларда сандық тахографтар енгізіледі;

кәсіпорындардың өзінің қаражаты есебінен ИСО 9001:2000, ИСО 9001,   ИСО 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент және сапа жүйесін енгізу.



Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету 

         көлік саласы бойынша мамандар даярлау мемлекеттік білім тапсырысы, грант және кәсіпорындардың қаражаты есебінен техникалық, кәсіптік және жоғары білім беретін оқу мекемелері мен кәсіпорындардың оқу орталықтарында жүзеге асырылатын болады. 2010 – 2012 жылдары көлік- коммуникация кешені саласындағы қажеттілік білікті мамандардың 70 мыңнан астамын құрайды;

         көлік пен коммуникациялардың 8 мамандығы бойынша кадрларға деген қажеттілік жоғары оқу орындарында және 109 ТжКБ оқу орындарында жүзеге асырылатын болады;

жұмысшыларды поездардың қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты 75 біліктілік пен кәсіп бойынша кәсіптік оқыту «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалдары – Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Тараз қалаларындағы «Темір жол көлігі қызметкерлерін оқыту орталықтарында» жүзеге асырылатын болады.

 

Заңнаманы жақсарту

Қазақстан Республикасының мынадай заңдарына өзгерістер енгізіледі:

1.        Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңға жеке сектордың қызметін ынталандыру мақсатында рұқсат ету функцияларын қысқарту, кеме қатынасы компанияларының шетел азаматтарын кеме экипаждарының құрамына тарту құқығын ұзарту бөлігінде;

2.            Автомобиль көлігі туралы заңға халықаралық автомобиль тасымалдарын орындау кезінде ел аумағында цифрлық тахографтарды енгізуді қамтамасыз ету бөлігінде.

3.            Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және әуе қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау.  

 

 



 

 

 



 

 

2.3 Ақпараттық коммуникациялармен қамтамасыз ету

 

Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

    Халықты, бизнесті және мемлекетті ақпараттық коммуникациялық қызмет көрсетулермен және технологиялармен қамтамасыз ету елдің инновациялық экономикаға әрі ақпараттық қоғамға  өту шарттарының бірі болып табылады.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың енуі мынадай индикаторлармен сипатталады. Интернет желісін пайдаланушылардың саны  5,1 миллион абонентке жетті (100 адамға 32-ден). Қоғамның компьютерлермен қамтылуы 2009 жылы 100 адамға 12,7 компьютерге жетті (2008 жылы 100 адамға 11,2 компьютер). Тіркелген байланыс абоненттерінің саны 2009 жылы 3,7 млн. абонентті құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 100 мың абонентке артық. Орташа телефон тығыздығы 100 тұрғынға 23,4 абонентті құрады (2008 жылы 100 тұрғынға 22,2 абоненттен). Ұялы байланыс абоненттерінің саны 14,9 млн. абонентке жетті, бұл 100 тұрғынға 95,5 абонент тығыздығына сәйкес келеді.

Ақпараттық коммуникациямен қамтамасыз етудің негізгі проблемалары:

инфрақұрылымдық проблемалар (жаңа буын телекоммуникациялық технологияларын енгізу үшін қажетті радиожиіліктің жетіспеушілігі; телерадио хабарларын тарату кешенінің материалдық базасының  ескіруі);

бәсекелестікті дамытудағы кедергілер (ауылдық почта және жергілікті телефон байланысының залалдылығы, Интернет қызметтерінің қайталама провайдерлері үшін үстем операторлардың көтерме тарифтерінің жоғарылығы).

 

Негізгі міндет

Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға өту үшін  ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту.

 

Нысаналы индикаторлар

1. Жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыру деңгейін 100 %-ға арттыру.

2. Интернеттің кең жолақты желісі абоненттерінің тығыздығы – 100 адамға 22.

3. Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы – 100 адамға 135.

4.        Халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейін 40 %-ға дейін арттыру;

5.        Әлеуметтік маңызды  мемлекеттік қызмет көрсетулердің кемінде 50 % -ын  электронды нысанға көшіруді қамтамасыз ету.

6.        Қазақстан аумағын цифрлық эфирлі теледидар хабарларын таратумен қамту – 95 %;

7.        Почта байланысының 560 ауылдық бөлімшесін салу және жаңғырту.

 

 

 



Іс-қимылдар стратегиясы

Ақпараттық коммуникацияның дамыған инфрақұрылымы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді және  корпоративтік сектордың дамуы мен басқа да бірқатар әлеуметтік міндеттерді шешуде маңызды рөл атқарады:

телекоммуникация қызметтеріне (сандық телевизия, Интернетке кең жолақты қол жеткізу) және  почта байланысына ішкі сұранысты қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту;

веб-хостинг қызмет көрсетулеріне, деректерді бастапқы және резервтік сақтауға және сыртқы нарыққа кезең-кезеңмен өтуге  деген сұранысты қамтамасыз ету мақсатында  есептеу орталықтарын дамыту.  

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарын телефон байланысымен және Интернетке кең жолақты қол жеткізу қызметтерімен толық қамту қамтамасыз етілетін болады; жергілікті телефон байланысын цифрландыру деңгейі 2015 жылға қарай 100 %-ға жетеді.

2015 жылға дейін телекоммуникация желісін қуаты 1 млн. абонент болатын NGN технологиясына көшіру аяқталатын болады, бұл пайдаланушыға бағдарланған және қазіргі заманғы телекоммуникацияларды дамытудың келесі қадамы болып табылатын конвергенттік қызмет көрсетулерге көшуге мүмкіндік береді.

         CDMA технологиясын пайдалана отырып, ауылдық байланыстың телекоммуникация желілерін жаңғырту ауылдық абоненттерге деректерді беру қызмет көрсетулеріне және жылдамдығы 153,6 Кбит/с дейінгі Интернет желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ауылдық байланыстың телекоммуникация желісінің базалық станцияларының жалпы саны 2015 жылға қарай 900 бірлікке жетеді.

         Еркін бәсекелестік жағдайында, сапалы почта және қаржы қызмет көрсетулер ұсыну мақсатында бірінші кезекте, ауылдық почта байланысының бөлімшелерін дамыту және автоматтандыру арқылы ауылдық жерлерде почта-жинақтау жүйесіне жаңғырту жүргізілетін болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет