ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Тұрсынова Ш. Б.
ФАРМАЦИЯНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЭКОНОМИКАСЫ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ НЕГІЗДЕРІМЕН ПӘНІ БОЙЫНША ТАҢДАМАЛЫ ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
(Оқу - әдістемелік құрал)
Қарағанды 2008 жыл
ӘОЖ 615.1: 339.138
КБЖ 52.82+65 я 7
Т89
Пікір берушілер:
Абдуллабекова Р.М.- Қазақстан Фармацевтикалық институтының ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары және ғылыми жөніндегі проректоры, фарм.ғ.д.
Султанов А.К. - ҚММА әлеуметтік медицина және денсаулықты сақтауды ұйымдастыру доценттік курс меңгерушісі, доцент
Кулов Д.Б. ҚММА гигиена, әлеуметтік медицина, денсаулықты сақтауды ұйымдастыру және басқару кафедрасының ДКБ және ҮМЖ деканатының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент
Т89. Фармацияны ұйымдастыру мен экономикасы маркетинг және менеджмент негіздерімен пәні бойынша таңдамалы дәрістер жинағы: / Ш.Б Тұрсынова.- Қарағанды, 2008.- 110 б.
КБЖ 52.82+65 я 7
Оқу - әдістемелік құрал жоғарғы оқу орындарындағы «фармация» мамандығының студенттеріне арналған. Типтік бағдарламаға сәйкес дайындалған. Нарықтық қатынастар жағдайындағы фармация экономикасы, тұтыну тәртібінің заңдылықтары, негізгі экономикалық көрсеткіштерді жоспарлаудың және экономикалық талдаудың әдістері, бағаның құрылу стратегиясы, дәрілік препараттарға баға саясатының қалыптасуы, тауарлардың босатылуын жобалаудың әдістемелік тәсілдері туралы мәліметтер берілген.
ҚММА Әдістемелік кеңесі мәжілісінде талқыланған және қабылданған,
№ __9_хаттама « 10 » 05 2007 ж.
ҚММА Ғылыми кеңесінде басылып шығуға ұсынылған және бекітілген,
№ __11_хаттама « 31 » 05 2007 ж.
© Тұрсынова Ш.Б., 2008
Қысқартылған сөздер тізімі
ДЗ Дәрілік заттар
ЕПМ Емдеу-профилактикалық мекеме
ДП Дәрілік препараттар
ҚР Қазақстан Республикасы
ДСМ Денсаулық сақтау министрлігі
ФМ Фармакопеялық мақала
ММБ Медициналық мақсаттағы бұйым
РӨБ Рецептуралық-өндірістік бөлім
ЖРД Жоғары реттік доза
СЭС Санитарлы-эпидемиологиялық станция
Алғы сөз
Оқу құралы ҚР МЖМБС 3.07-440-2003ж. «Фармация» мамандығының 4 курс студенттеріне арналған. Дәрістер жинағында нарықтық қатынастар жағдайындағы фармация экономикасы, макро-және микроэкономика субъектілері, тұтыну тәртібінің заңдылықтары, негізгі экономикалық көрсеткіштерді жоспарлаудың және экономикалық талдаудың әдістері, бағаның құрылу стратегиясы, дәрілік препараттарға баға саясатының қалыптасуы, тауарлардың босатылуын жобалаудың әдістемелік тәсілдері, тауарлар қорының мөлшеріне әсер ететін факторлар, тауарлардың босатылу көлемінің тауарлық қамтамасыз етілуін есептеу, еңбек ақы қорының және еңбектің жалпы көрсеткіштері, айналым шығындарының түрлері және классификациясы, дәріхананың шығындар сметасын құрастыру, жалпы пайданы жобалау тәсілдері, жобалау әдістері туралы нақты сұрақтар қарастырылған.
Оқу құралында дәрістер жинағы пән бойынша типтік және жұмыс бағдарламасына толықтай сәйкес келеді. Дәрістік материалдарды дайындау үшін қазіргі заманғы әдебиеттер көздері, заңдылық актілері, фармацевтикалық қызметті регламенттейтін нормативті құжаттар пайдаланылған.
ФАРМАЦИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІНЕ КІРІСПЕ
Фармацевтикалық экономика- қоғам денсаулығын қорғау үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру, бөлу және алмастыру және қызмет көрсетумен айналысатын бөлімдердің бірлестігі.
Фармацевтикалық экономиканың құрамды бөлігі болып дәріхана ұйымының экономикасы болып табылады. Экономикалық қызметке талдау жасауда, дәріхана, бір жағынан, мақсаты - фармацевтикалық тауарлардың сату көлемін жоғарлату және табыс табу болып табылатын сауда (коммерциялық) ұйымы болып табылады, ал екінші жағынан, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымы болып табылады.
Дәріхана тұрғындарға және әртүрлі ұйымдарға фармацевтикалық көмек көрсетумен қатар әлеуметтік функцияларды атқарады.
Дәріхананың экономикалық қызметі бірқатар ерекшеліктермен анықталады:
-
фармацевтикалық қызметті тек дипломы бар мамандар көрсетеді;
-
сақтау жағдайы және сапасына жоғары талаптар қойылатын, ерекше тауарларды сату;
-
тауарлардың түр-түрінің жиынтығы сақталуына жоғарғы шығын жұмсау;
-
дәрігер рецепті бойынша дәрілік заттың жарты мөлшерін босату;
-
залалды жекелеген рецепт бойынша дәрілік зат дайындау;
-
өндіріс орындарына, сауда құрал-жабдықтарына және ұжым құрамына жоғары талаптар.
Фармацевтикалық нарыққа негізгі экономикалық заңдылықтардың әсері
Дәріхананың экономикалық көрсеткіштерін болжау үшін фармацевтикалық нарықта сатушы мен сатып алушының іс-әрекетін анықтайтын объективті заңдылықтарды білу керек.
Нарықтың негізгі инструменті болып- сұраныс, ұсыныс және баға болып табылады. Ал, негізгі заңдар- сұраныс заңы, ұсыныс заңы және баға заңы.
Сұраныс теориясы
Сұраныс дегеніміз- сатып алушының қандай да болмасын тауар түріне ақша түріндегі қажеттілігі. Сұранысты санмен өлшеуге болады, ол тауар санын көрсетеді, сатып алушы мүмкін қаржылық жағдайына байланысты біруақытта белгіленген баға бойынша сатып алуға дайын. Бұдан байқағанымыз, сұраныстың көлемі сатылатын тауар немесе көрсетілетін қызметтің бағасына (құнына) тікелей байланысты.
Тауар саны мен адамның сатып алғысы келетін бағасы арасындағы қарым-қатынас сұраныс заңы деп аталады.
Сұраныс заңы бекітеді, басқалай бірдей жағдайда тауар бағасы мен сұраныс өлшемі арасында қайтымды немесе (жағымсыз) тәуелділік бар, яғни, бағаның төмендеуі сұраныстың жоғарлауына әкеледі, және керісінше.
Бұл тәуелділікті кесте түрінде көрсетуге болады.
Кесте 1.
Сұраныс өлшемінің бағадан тәуелділігі
Баға, Р
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Сұраныс өлшемі (алынған тауар саны), Q
|
10
|
8
|
6
|
4
|
2
|
Графикалық суреттеу кезінде сұраныс өлшемінің бағадан тәуелділігі ординат осінде жиналады- баға (Р-price); абцисс осінде- нәтижелі белгі- сұраныс (Q- quality). График тұтынушылардың баға өскен сайын тауарларды сатып алатын тауар санын көрсетеді. Яғни, Р1 баға кезінде сұраныс Q1 тең, баға Р2 өскен сайын сұраныс (D-demand) Q2 дейін төмендейді. Сонымен, сұраныс өлшемінің өзгеруі баға өзгеру кезінде нүктенің сұраныс қисығы бойымен ауысатынын көреміз.
Сұраныс әртүрлі тауарға баға өзгеруі әрқалай әсер етеді.
Біреуінің басқаға алмасуға әсер ету қабілеттілігі икемділік (эластикалық) деп аталады, оны икемділік коэффициентімен өлшеуге болады.
Сұраныс өлшемінің бағадан тәуелділігі бағаның икемділік коэффицентімен сипатталады (Еd), формула бойынша есептеледі:
Ed = (Q1 - Q0)/ Q0 , мұндағы
(Р1 – Р0)/ Р0
Q0, Q1 – алынған тауар санының бастапқы және соңғы маңызы;
Р0 ,Р1 - тауар бағасының бастапқы және соңғы маңызы.
Егер де сұраныс өлшемі және баға өзгеруін пайызбен көрсетсек,онда:
Ed = % сұраныс өзгерісі
% баға өзгерісі
Сұраныстың икемділік баға коэффициенті баға 1% өзгерген кезде сұраныс өлшемі қанша пайызға өзгергенін көрсетеді.
Икемділік баға коэффициенті – өлшем әрқашанда теріс (Еd <0 ). Егер де (Ed) >1 – сұраныс икемді; (Ed ) < 1 – сұраныс икемді емес кезінде.
Неліктен сұраныс бір тауар түрлеріне икемді, ал басқа түріне-икемді емес?
Баға емес детерминанттар сұранысты өзгертеді және қисық сұранысты оңға немесе солға бұрады, олардың көлбеуін өзгертпей..
Сонымен, сұраныс өзгеруіне баға, сонымен қатар баға емес факторлары әсер етеді.
Ұсыныс теориясы
Нарықтық экономикада маңызды инструменттерінің бірі болып ұсыныс болып табылады, сатушылардың өндірушінің тауарын нарықта тарату үшін тілегі мен қабілеттілігін көрсетеді.
Сұраныс сияқты, ұсынысты да санмен өлшеуге болады. Ұсыныс көлемі нарықта ұсынылған тауар санын көрсететін белгіленген баға бойынша. Ұсыныс көлемі мен баға арасындағы қарым-қатынас ұсыныс заңы деп аталады.
Ұсыныс заңы, басқалай бірдей жағдайда баға мен ұсыныс көлемі арасында тікелей тәуелділік бар, яғни, баға жоғарласа сұраныс көлемі де жоғарлайды, және керісінше.
Бағадан ұсыныстың тәуелділігі ұсыныс (Еs) икемділігі коффициентімен сипатталады, оны есептеу үшін келесі формула қолданылады:
Es = (Q1 - Q0)/ Q0 , мұндағы
(Р1 – Р0)/ Р0Δ
Q0, Q1 – сәйкес бағадағы ұсынылатын тауар саны; Р1, Р0 – тауар бағасы.
Кесте 2.
Дәрілік препараттарға ұсынысқа әсер ететін факторлар
Ұсыныстың баға детерминанты
|
Ұсыныстың бағасыз детерминанты
|
Қарастырылған уақыт периоды: бір мезетті, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді. Өндіруші ауыспалы бағаға үйрену үшін шектеулі уақыт жұмсаса, ұсыныс иекмділігі біршама төмендейді.
|
Ресурс бағалары. Ресурсқа жұмсалған шығынның төмендеуі өндіріс ұсталымдарының төмендеуі мен ұсыныстың жоғарлауына алып келеді, және керісінше.
|
Технология және өндіріс периоды ұзақтылығының сипаттамасы. Өндіріс циклі ұзақ болған сайын ұсыныс икемділігі төмендейді. Өндірушілер нарық бағасының ауысуына қарай өндіріс көлемін тез өзгертуге мүмкіндігі жоқ.
Өндірушілер өндіріс периоды ұзақ емес, ұсыныс икемді болған жағдайда ғана баға ауыспалылығына тез әсер көрсете алады.
|
Өндіріс технологиясы. Технологияны жетілдіру өндіріс ұсталымдарын төмендетеді және ұсынысты жоғарлатады.
Салық және дотациялар. Салықтың өсуі ұсталымдардың жоғарлауына алып келеді, ол өз жағдайында ұсыныстың тоқтап қалуына алып келеді.
Басқа тауарлар бағасы. Бір тауарға бағаның өсуі басқа тауарға ұсыныстың төмендеуіне алып келеді.
Күткен баға ауысымы. Күткен баға ауысымы ағымды ұсыныстың жоғарлауына алып келеді.
Нарықтағы сатушылар саны. Нақты тауар сатушылар саны жоғарласа, ұсыныс та жоғарлайды.
|
Бірақ та, жалпы нарық механизмін зерттеу үшін кешенді тәсілдер қажет.
Нарықтық тепе-теңдік
Егер мынадай жағдай болса, сатып алушы мен өндірушілердің ниеттері тура келіп жатса, және де ешкімнің де сол жағдайды бұзғылары келмесе, онда ол нарық тепе-теңдік деп аталады.
Тесттер:
1. Сұраныс заңы анықталады:
А) тауарларға бағаның өсуіне сәйкес сұраныс мөлшерінің төмендеуіне алып келеді (басқа тең жағдай кезінде)
Б) тауарларға бағаның өсуі ұсыныстың өсуіне алып келеді (басқа тең жағдай кезінде)
В) баға төмендеуімен сұраныс жоғарлайды
Г) баға төмендеуімен ұсыныс жоғарлайды
Д) ешқандай өзгеріс байқалмайды
2. Ұсыныс жасау заңы анықталады:
А) тауарларға бағаның өсуі сәйкес сұраныс мөлшерінің төмендеуіне алып келеді (басқа тең жағдай кезінде)
Б) тауарларға бағаның өсуі ұсыныстың өсуіне алып келеді (басқа тең жағдай кезінде)
В) баға төмендеуімен сұраныс жоғарлайды
Г) баға төмендеуімен ұсыныс жоғарлайды
Д) ешқандай өзгеріс байқалмайды
3. Нарықтық тепе-теңдік, яғни тепе-тең баға және тауар саны бекітіледі:
А) сұраныс ұсыныстың жоғарлауына алып келеді
Б) сұраныс пен ұсыныс бірдей
В) ұсыныс сұраныстың жоғарлауына алып келеді
Г) баға жоғарлауымен сұраныс өседі
Д) баға жоғарлауымен ұсыныс өседі
4. Егер де мемлекет сатушы сұрайтын максимальды бағаны бекітсе, онда тауарға деген тапшылық туындайды, өйткені:
А) сұраныс ұсыныстың жоғарлауына алып келеді
Б) сұраныс пен ұсыныс бірдей
В) ұсыныс сұраныстың жоғарлауына алып келеді
Г) баға жоғарлауымен сұраныс өседі
Д) баға жоғарлауымен ұсыныс өседі
5. Егер де дәріхананың баға түзілу мақсаты сату көлемін жоғарлату болып табылса, онда баға түзілу стратегиясы негізделеді:
А) шығын есебіне
Б) сұранысты табуға
В) бәсекелестерді табуға
Г) максимальда табыс табуға
Д) ұсынысты табуға
6. Дәріханада дайын дәрілік препараттарға көтерме бағасын қалыптастыру кезінде қолдануға болады:
А) сауда үстемесін
Б) ДП пайдалану нормативтері
В) өз құнын есептеу
Г) максимальды табысты есептеу
Д) шығынды есептеу
7. Дәрілік препараттарды тарату көлемі оларға бағаның түсуі кезінде төмендейді, егер де баға созылғыштық коэффициенті:
А) 1-ден жоғары
Б) 1-ден төмен
В) 1-ге тең
Г) 3- тен төмен
Д) 3-тен жоғары
8. Тарату көлемін тауарлық жабу мөлшерін формула бойынша есептеуге болады:
А) П=Р+ОК-ОН
Б) Р=П+ОН-ОК
В) П=Р+ОК+ОН
Г) П= ОК+ОН
Д) Р=ОН-ОК
9. % көрсетілген және тарату көлемінің әр теңгеге шығынын анықтайтын сапалы экономикалық көрсеткіш деп аталады:
А) сауда маржасы
Б) сауда салым деңгейі
В) ұсталым айналым деңгейі
Г) таза табыс деңгейі
Д) өндіріс ұсталымдары
10 Дәрілік препараттар және медициналық мақсаттағы бұйымдардың бөлшектік және босату бағалары арасындағы айырмашылық аталады:
А) маржа
Б) жалпы табыс
В) айналым ұсталымдары
Г) таза табыс
Д) өндіріс ұсталымдары
11 Дәріханадағы ақша қоры:
А) қысқа мерзімге ғана болады
Б) болмайды
В) ұзақ уақыт болу мүмкін
Г) белгісіз уақыт болады
Д) бір күндік ақша қорын көп күнге көбейту арқылы анықтайды
12. Басқада материалдық құндылықтарды нормалау:
А) таблеткалар
Б) орау материалдар
В) өсімдік дәрілік шикізаты
Г) еңбек ақы
Д) кадрлық персоналдар
13. Тапсырыстың ұтымды мөлшерін анықтау жүргізіледі:
А) фонд сыйымдылық формуласын қолданады
Б) тауар баланс формуласын қолданбайды
В) түскен бүкіл тауар бойынша және тауардың әр тобы бойынша бөлек – бөлек
Г) тек қана тауар бір бөлігі үшін
Д) дәріхананың үздіксіз жұмыс істеуін және тауардың жиналып қалуын болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында
14. Дәріханадағы сауда салымдарының көлемі мен дәрежесіне әсер етеді:
А) бәсекелістердің бөлшек және көтерме бағаларының өзгерісі
Б) өткізілу көлемінің өзгерісі
В) тауарлардың өткізілу көлемінің топтық құрылымы
Г) басқару жиналысы
Д) экологиялық жағдай
15. Айналым заттарының нормативтері:
А) айналым заттарын дұрыс қолдану үшін керек
Б) айналым емес заттар
В) үздіксіз телефон байланысын қамтамасыз етеді
Г) дәріхана жұмысын тоқтату үшін керек
Д) еңбек ақыны жоспарлайды
16. Мақсаты бойынша тауар қорлары бөлінеді:
А) ағымдағы
Б) ағымдағы емес
В) мерзімдік
Г) мақсатсыз тауарлар
Д) мәнсіз тауарлар
17. Дәріхана жүйесіндегі айналым заттары болу мүмкін:
А) жеке меншік
Б) бөтен
В) орташа
Г) консервирленген
Д) жеке меншік емес
18. Тауар айналымның жылдамдығы:
А) басқаша тауар қайтымы деп атайды
Б) үш жылдағы тауар қорының орташа айналым санымен белгілінеді
В) басқаша тауар айналым
Г) сауда салымының деңгейімен анықтайды
Д) дәріхана ликвидациясы бойынша көрсетіледі
19. Тауарларды топтары бойынша өткізу көлемінің сараптамасы:
А) бухгалтерлік құжаттарды қарастыру көмегімен өткізіледі
Б) мүлдем қарастырылмайды
В) тауарларды топтары бойынша көп жылдар бойындағы өткізу көлемінің жоспарын орындағаның қарастыру үшін керек
Г) көмекші жұмыскерлердің еңбек ақысын анықтауда көмектеседі
Д) бөлек тауарлардың салмағын анықтау үшін анықталады
20. Дәріхана ассортиментінің тауарлар тобына жатады:
А) медикаменттер және химиялық тауарлар
Б) басқалар
В) кеңсе заттары
Г) құрылыс жабдықтар
Д) азық –түлік
21. Медикаменттер және химиялық тауарлар :
А) дәріхана ассортиментінің өтпейтін негізгі тауарлар тобы
Б) дәріхана ассортиментінің қосалқы тобы
В) жалпы өткізілу көлемінде меншікті салмағы үлкен
Г) жалпы өткізілу көлемінде меншікті салмағы аз
Д) жоспарлауда дәрежесі ең қиын
22. Сауда салымдары:
А) бұл тауардың бөлшек және көтерме құндарының арасындағы айырмашылық
Б) тауардың бөлшек және көтерме құндарының соммасы
В) өндіруші өнеркәсібінің шығындарын жабу үшін жұмсалады
Г) дәріхананы шығындату үшін қызмет етеді
Д) дәрежесі бойынша анықтайды
23. Тауарлық қордың ағымдық сақталуының құрамдас элементі болып табылады:
А) сақтандырушы қоры
Б) уақыттық қор
В) жолдағы қор
Г) азық – түлік қоры
Д) ешқайсысы жатпайды
24. Көтерме тауар айналымының құрамдық бөлігі болып табылады:
А) амбулаторлық рецептура бойынша босату көлемі
Б) стационарлық рецептура бойынша босату көлемі
В) ұсақ көтермеде жіберілетін босату көлемі
Г) рецептсіз жіберілетін босату көлемі
Д) экстемпоралдық рецепт бойынша босату көлемі
25. Бөлшектік тауар айналымының құрамдас бөлігі болып табылады:
А) амбулаторлық рецептура бойынша босату көлемі
Б) стационарлық рецептура бойынша босату көлемі
В) дәріханалық қойманың босату көлемі
Г) ЕПМ бойынша босату көлемі
Д) дәріханалық мекеме бойынша босату көлемі
26. Тоқсандық бойынша ескертілетін босату көлемі бөлінеді:
А) науқастың өзіне тән ерекшелігі
Б) қалалық бюджетке
В) маусымдық ауытқуларға
Г) баға динамикасына
Д) дәріхананың ішінің безендірілуіне
27. Көтерме тауар айналымына әсер ететін негізгі факторлар:
А) ЕПМ дәрілік заттарды сатып алуға бөлінген ассигнациясы
Б) науқастың дара ерекшелігі
В) дәрігер мектебі
Г) дәрігерлердің санының өсуі
Д) фармацевтердің санының өсуі
28. Тауар қорының тағайындауына байланысты бөлінеді:
А) балаларға арналған қор
Б) маусымдық
В) ауылдық халыққа арналған қор
Г) категориялық
Д) өнеркәсіптік
29. Тауарлық қордың орналасуына байланысты бөлінеді:
А) қоймалық
Б) жәшіктерде
В) бөлінбейді
Г) карантинде
Д) есептеуде
30. Шығыс түрлері:
А) финанстық
Б) шектеулі
В) аралық
Г) оқушылық
Д) шектеусіз
Жауаптар эталондары:
1. А
2. Б
3. Б
4. А
5. Б
6. А
7. Б
8. А
9. В
10. Б
11. А
12. В
13. Д
14. В
15. А
16. В
17. А
18. А
19. В
20. А
21. В
22. А
23. А
24. Б
25. А
26. В
27. А
28. Б
29. А
30. Б
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҚТАҒЫ ТҰТЫНУ ТӘРТІБІНІҢ ЖӘНЕ ФАРМАЦИЯ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дәріхана ұйымының негізгі мақсаты болып сұранысты қанағаттандыру және табысты алу болып табылады.
Жобалау (жоспарлау)- қажетті заттардың және негізгі мақсаттардың, тәсілдердің орындалу процесінің қалыптасуы. Жобалау процесі экономикалық көрсеткіштері шектеулі ресурстарды қолдану арқылы күткен экономикалық нәтижелерге жетуге болады.
Ұйымның экономикалық қызметін жобалау барысында әртүрлі көлем және көрсеткіштер талдауға ұшырауы мүмкін.
Абсолюттік өлшем- өлшем, процестер мен құбылыстардың көлемін көрсетеді.
Қатынастық (относительные) өлшем екі өлшем арасындағы қарым-қатынастарды сипаттайды. Олар коэффициент немесе процент түрінде көрсетілуі мүмкін.
Динамика көрсеткіштері құбылыстардың уақыт арасында өзгеруін сипаттайды, даму белсенділігін өлшейді. Мысалы, өсу немесе өсімділік темпін көрсетеді.
Динамикалық көрсеткіштер базистік (қалыпты салыстыру базасы) және цепные (салыстыру базасы- өлшемнің алдыңғы көрсеткіші) болады.
Көрсеткіштер құрылымы оқылатын объект құрамын сипаттайды.
Сатылымның бөлікті шамасы
Құрылым көрсеткіші = Барлық сатылым шамасы х 100%.
Жоспар құруда келесі көрсеткіштерді пайдаланылады: Нақты (фактические) (есеп беру) өткен жылғы көрсеткіш, тіркеу журналынан алады.
Күтіп отырған (базисті) осы жалдарға жоспарланған көрсеткіштер. Күтіп отырған көрсеткіштер деп айтады, себебі, жоспарланған тапсырмаларды талдауға ІІІ квартал соңында немесе ІV квартал басында кіріседі, ол кезде дәріхана әлі осы жылғы есепті алдын-ала біле алмағандықтан, тек қана көрсеткіштің қалай болатынын болжай алады. Күтіп отырған көрсеткіштер нақты 9 айдың және жоспарланған ІV кварталдың осы жылғы көрсеткіштердің қомындысынан алады.
Кесте 3.
Динамикалық көрсеткіштердің әдісі негізінде жобалау этаптары
Этаптар
|
Мазмұны
|
І
|
Көрсеткіштер жиынтығы
|
ІІ
|
Көрсеткіштерді жүйелеу. Диаграмма, график, көрсеткіштермен динамикалық қатар тұрғызу.
|
ІІІ
|
Көрсеткіштердің нақты маңызын есептеу.
|
ІV
|
Абсолюттік және қатынастық көрсеткіштер, өсу темпін есептеу. Қатынастық көрсеткіштер тенденциясын табу немесе жарты жылдық өсу темпін есептеу.
|
Жиналған көрсеткіштермен хронологиялық тәртіппен аналитикалық таблица жасайды. Мұнда көрсеткіштердің орналасуын динамикалық қатар деп атайды. Динамикалық қатар абсолютті, қатынастық және орта өлшемдерден тұрады.
Белгілі осы уақыттағы көрсеткіштер кіретін динамикалық қатар осы уақыттағы деп аталады.
Кесте 4.
Динамиканың осы уақыттағы қатары
Есеп беру уақыты
|
Жыл А
|
Жыл Б
|
Жыл В
|
Жыл Г
|
Дәріхананың 1 қаңтарға дейінгі тауарлық қоры, млн.тенге
|
25,0
|
23,0
|
21,0
|
18,0
|
Көрсеткіштердің нақты уақыт арасындағы динамикалық қатарды уақытылы деп аталады.
Кесте 5.
Динамикалық уақытылы қатары
Есеп беру уақыты
|
Жыл А
|
Жыл Б
|
Жыл В
|
Жыл Г
|
Дәріхананың тарату көлемі, млн.тенге
|
8,0
|
15,0
|
49,5
|
72,0
|
Тесттер:
1. Фармацевтикалық көмек анықталады:
А) тұрғындарды, емдеу-профилактикалық және басқа мекемелерді дәрілік препараттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және басқа да дәріханалық белгілеуі бойынша тауарлармен қамтамасыз ету.
Б) тұрғындарды барлық дәріханалық ассортиментімен қамтамасыз етуге және медициналық қызметкерлердің ғылыми-кеңес беру қызметін көрсетуге, азаматтардың таңдау сұрақтары, қолдану тәсілі, сақтау және дәріханалардан тауарларды қабылдау бойынша бағытталған фармацевтикалық қызметінің әртүрлі түрлерінің жиынтығы.
В) тұрғындарға, медициналық қызметкерлерге фармацевтикалық көмек көрсету тәсілдерін және ең тиімді, экономикалық, ресурсты сақтайтын экологиялық қауіпсіз әдістерін қарастыру.
Г) тұрғындарды медициналық мақсаттағы бұйымдармен және басқа да дәріханалық белгілеуі бойынша тауарлармен қамтамасыз ету
Д) тұрғындарды, емдеу-профилактикалық және басқа мекемелерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету.
2. Региондық деңгейде дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ететін рұқсат-бақылау жүйесі ұсынылған:
А) ҚР денсаулық сақтау министрі
Б) Фармакопеялық мемлекеттік комитетімен
В) Кеңес беру комитетімен
Г) Дәрілердің сапасын бақылау бойынша орталық
Д) Дәрілер және медциналық техникалардың сапасын бақылау бойынша мемлекеттік инспекциясымен
3. Дәріханада тауар жүру каналдары жиі ұсынылады:
А) өндіруші
Б) көтерме звеносы
В) бөлшектік звеносы
Г) майда көтерме звеносы
Д) соңғы тұтынушы
4. Дәріханалық ұйымда фармацевтикалық қызметті лицензирлеу деп түсіндіріледі:
А) дәріханалық көмек және қызмет көрсету бойынша бекітілген талаптарға сай, олардың қызметінің орны және жағдайының сәйкестігін анықтау.
Б) дәріханалық мекемелерге, олардың ұйымдастыру-құқықтық статусына және фармацевтикалық қызметіне қойылатын заңдылық талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау тәсілдері.
В) құжаттарды меңгеру, тіркеу және оның безендіруіне енгізу үшін мемлекеттік жарна төлеу.
Г) фармацевтикалық қызметіне қойылатын заңдылық талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау тәсілдері.
Д) дәріханалық мекемелерге, олардың ұйымдастыру-құқықтық статусына сәйкестігін анықтау.
5. Дәріханалық ұйымның тауарлық атаулары түсіндіріледі:
А) нарыққа пайдалану немесе тұтыну мақсатында ұсынылатынының барлығы.
Б) тауар бірлігі, ассортимент топтарының жиынтығы.
В) баға диапазоны, топ көрсеткіштері, функционалдық ұқсастығы және т.б. бойынша өзара байланысты тауарлар топтары.
Г) тауарлық атаулар топтары
Д) функционалдық ұқсастығы бойынша өзара байланысты тауарлар топтары
6. Фармацевтикалық маркетингте тауар ассортименті анықталады:
А) нарыққа пайдалану немесе тұтыну мақсатында ұсынылатынының барлығы.
Б) тауар бірлігі, ассортимент топтарының жиынтығы.
В) баға диапазоны, топ көрсеткіштері, функционалдық ұқсастығы және т.б. бойынша өзара байланысты тауарлар топтары.
Г) тауарлық атаулар топтары
Д) функционалдық ұқсастығы бойынша өзара байланысты тауарлар топтары
7. Тауарға дәріхана сұранысын қалыптастыру негізделеді:
А) дәрілік препараттарға сұранысты оқуға
Б) табыс және ұсталымдарды талдауға
В) келісім-шарт жағдайын сақтауға
Г) дәрілік препараттарға ұсынысты оқуға
Д) шығындарды талдауға
8. ҚР ДС Фармация комитетінің негізгі мақсаты болып табылады:
А) денсаулық сақтау ісінде мемлекеттік саясат бірлігін өңдеуге және таратуға қатысу.
Б) қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік мақсаттық бағдарламаны тарату.
В) медициналық, фармацевтикалық өндірісінің дамуы.
Г) жалпы білім беру сұрақтары.
Д) ұлттық мәдениет.
9. “Улы, наркотикалық және т.б. медикаменттер және этил спиртін” тіркеу журналында дәрілік заттардың әр айдағы қалдықтарын және нақты барын келесі ай басындағы есептеулер жүргізіледі:
А) шығыннан
Б) қалған қалдықтан
В) нақты қалдықтан
Г) жалпы табыстан
Д) тауар қорынан
10. Шаншуға арналған дәрілік түрлердің міндетті дәріханаішілік бақылау түрі болып табылады:
А) ауызша
Б) химиялық
В) физикалық
Г) органолептикалық
Д) босату кезіндегі бақылау
11. Шығыстың болжамдалуына негіз болып табылады:
А) пайданың көбеюінде
Б) жарнамада
В) халықтың әл – ауқатын жақсарту
Г)тауарлардың топтық құрылымының өзгеруінің тенденциялық белгіленуі
Д) қаржылық
12. Жалпы табыс:
А) шығыс элементі
Б) өнімнің бірлік бағасы
В) өнімнің тағы бір бірліктің сату нәтижесі
Г) бөлшектік звеноның өткізу нәтижесінің қызметі
Д) көтермезвеноның өткізу нәтижесінің қызметі
13. Тауарлық қор өлшенеді:
А) бос бөлшектік бағасымен
Б) сатып алушы бағасымен
В) өндіруші өнеркәсіптік бағасымен
Г) масса бойынша
Д) көлем бойынша
14. Тазартылған су, тез бұзылатын және тұрақсыз дәрілік препараттар сапасын тексеру үшін дәріханадан бақылау – аналитикалық зертханасына алынады:
А) жылына бір рет
Б) ай сайын
В) аптасына бір рет
Г) кварталда бір рет
Д) алынбайды
15. Дәріханада дайындалған ДЗ – ң сапасын бағалауға қандай термин қолданылады:
А) МФ сәйкес емес
Б) МФ талаптарына сәйкес
В) техникалық шарттарға сәйкес
Г) брик
Д) қанағаттандырады
16. Полипрагмазия деген не:
А) науқасқа бір уақытта медикаменттердің көп мөлшерін белгілеу
Б) бірнеше сырқаттарды бір уақытта емдеу
В) деонтология
Г) дәрілердің келіспеушілігі туралы оқу
Д) емдеуге «махаббат» жайында оқу
17. ҚР ДСМ қолдануға бірінші рет рұқсат етілген дәрілік заттардың сапасын мемлекеттік бақылау мына тәртіпте жүргізіледі:
А) арбитражды бақылау
Б) дәріхана ішілік бақылау
В) алдын – ала бақылау
Г) ескерту шаралары
Д) кейінгі таңдамалы бақылау
18. Сериялы шығарылатын ДЗ сапасын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады:
А) арбитражды бақылау
Б) дәріхана ішілік бақылау
В) алдын – ала бақылау
Г) ескерту шаралары
Д) кейінгі таңдамалы бақылау
19. Сапаларында ауытқулар анықталған импорт бойынша сатып алынатын және отандық ДЗ сапасын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады:
А) арбитражды бақылау
Б) дәріхана ішілік бақылау
В) алдын – ала бақылау
Г) ескерту шаралары
Д) кейінгі таңдамалы бақылау
20. Қазіргі таңда дәріханаларда аспириннің бірнеше түрлері бар. Оның қабылдау шарттары қандай?
А) тамақтан кейін
Б) толығымен
В) 0,5 стакан суда ерітіп
Г) қабылдау шарттары дәрілік түрмен анықталады
Д) тамаққа дейін
21. Синонимдер препараттардың сапасын қандай критерийлермен анықтайды?
А) сыртқы түрі
Б) орам сапасы
В) бағасы
Г) биологиялық тиімділік
Д) жарнама саны мен сапасы
22. Дәріхана қоймасында дәрілік заттарды сақтаудың ең рационалды әдісі болып табылады:
А) стеллажды
Б) штабельді
В) поддондарда
Г) контейнерлік
Д) материалдық шкафтарда
23. Инкурабельді онкологиялық науқастар үшін дәрілік препараттардың босату нормасын 2 есе көбейтуге болады:
А) улы
Б) ұйықтатқыш
В) анаболикалық
Г) наркотикалық
Д) бас айналдыратын
24. Дәрігер рецепте дәрілік заттың дозасын сөзбен жазып, леп белгісін қоюға міндетті, егер жоғарылатылса:
А) жоғарғы реттік дозасы
Б) жоғарғы тәуліктік дозасы
В) дәрілік препараттардың орам саны
Г) штрих коды болмаса
Д) бір уақытта босату нормасы
25. Қала дәріханасы үшін наркотикалық заттар қорының келесі нормативі бекітілген:
А) 5 күн
Б) 1 ай
В) 10 күн
Г) 3 ай
Д) тауарлық қордың күнге шаққандағы нормативтер көлемінде
26. ФМ сәйкес ішке және сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрлерде қолданылатын су қалай аталады:
А) дистилденген
Б) бидистилденген
В) апирогенді
Г) су құбырының
Д) тазартылған
27. Улы дәрілік заттары бар штангластарда жазулар безеңдіріледі:
А) қара фонда ақ түспен
Б) қара түспен ақ фонда
В) қызыл түспен ақ фонда
Г) ақ түспен қызыл фонда
Д) қызыл түспен қара фонда
28. Көрсетілген дәрілік заттардың қайсысы № 108 у түріндегі рецептуралық бланкіде жазылуы мүмкін:
А) этил спирті
Б) күміс нитраты
В) атропин
Г) димедрол
Д) инсулин
29. Екі айға дейінгі курсқа созылмалы науқастарға белгілінеді:
А) кодеин фосфаты
Б) эфедрин гидрохлориді
В) клофелин таблеткалары
Г) ұйықтатқыш дәрілік препараттар
Д) наркотикалық дәрілік препараттар
30. Рецептуралы - өндірістік бөлімнің міңдеттеріне жатады:
А) тауарды дәріханаға әкелушіден қабылдау
Б) таблеттелген препараттар өндірісі
В) титрленген ерітінділер дайындау
Г) дайындалған дәрәләк түрлерге бактериологиялық бақылау
Д) рецепттер бойынша дәрілік түрлер дайындау
Жауаптар эталондары:
1. Б
2. Г
3. В
4. А
5. Б
6. Б
7. А
8. А
9. Б
10. А
11. А
12. А
13. А
14. Г
15. Д
16. А
17. В
18. Д
19. А
20. Г
21. Г
22. Г
23. Г
24. А
25. Б
26. Д
27. А
28. Д
29. В
30. Д
НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫ ЖОБАЛАУ ТӘСІЛДЕРІ
Кесте 6.
Экономикалық талдауды жобалау
Есеп беру уақыты
|
Жыл Г
Жыл
В
Жыл
Б
Жыл
А
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
20 40 60 80
Абсолютті көрсеткіштерде периодты қатарды құрайтын жаңа динамикалық қатарды алуға болады, әрбір көрсеткіш ұзақ уақыт аралығындағы шамасын сипаттайды.
Біршама жыл қатарындағы экономикалық көрсеткіштерді салыстыру кезінде құлдырау процестерін міндетті түрде ескеру керек, ол өз кезегінде баға деңгейінің жоғарлауына алып келеді. Сондықтан шынайы бағаны білу және жобалау үшін бастапқы барлық көрсеткіштерді салыстыру қажет, яғни, бір жылдың бағасын айқындалу керек. Ол үшін баға индексі (Ібаға) қолданылады:
ДП осы уақыттағы бағасы_____
Ібаға = ДП өткен уақыттағы бағасы
___ ∑ Барлық ДП осы уақыттағы бағалары___
Іжалпы баға = ∑ Барлық ДП өткен уақыттағы бағалары
Баға индексін қолдана отырып, әр периодтағы шынайы көрсеткіш мәні есептеледі (салыстырмалы бағада).
Кесте 7. Дәріхананың босату көлемі Есеп беру уақыты |
Жыл А
|
Жыл Б
|
Жыл В
|
Босатылымның номинальды көлемі, млн.теңге
|
100,0
|
150,0
|
200,0
|
Баға индексі
|
1,0
|
2,5
|
5,0
|
Босатылымның шынайы көлемі*, млн.теңге
|
100:1=100,0
|
150:2,5=60,0
|
40,0
(200/5)
|
*Босатылымның шынайы көлемі әр жыл сайын төмендейді.
Динамикалық қатарларды талдау кезінде абсолютті және салыстырмалы шамалары қолданылады, сонымен қатар зерттеліп отырған уақыттағы шынайы әр жылғы және жарты жылдық өсу темпі қолданылады.
Өсу темпі салыстырмалы жылдардағы көрсеткіштердің қанша рет өзгергенін көрсетеді :
Алдағы жылдардағы көрсеткіштер мәні
Т өсу = Өткен жылдардағы көрсеткіштер мәні
Ол коэффициент түрінде, сондай-ақ процент (пайыз) түрінде де көрсетіледі.
Өсім темпі салыстырмалы жылдардағы көрсеткіштердің қанша пайызға өзгергенін көрсетеді :
Алдағы жылдардағы Өткен жылдардағы
көрсеткіштер мәні көрсеткіштер мәні
Төсім = Өткен жылдардағы көрсеткіштер мәні х 100%.
Егер де есептелген өсу темпінде (өсім) арнайы тенденция өзгерісі болса, онда ол жоспарланған уақытқа ауыстырылады. Егер де жыл сайынғы өсу темпі (өсім) көрсеткіш өзгерісінің айқын тенденциясы болмаса, онда жарты жылдық өсу темпі (өсім) орташа хронологиялық немесе орташа арифметикалық формуласы бойынша есептеледі:
_ Т 1 + Т2 + ...+Тп , _ __ _____
Т = n Т = n √ Т1 Т2 ... Т , мұндағы
Т 1, Т 2, ....,Т п - жыл сайын өсу темпі (өсім).
Кесте 8.
Дәріхана қызметінің шынайы көрсеткіштер мәні
Есептеу периоды
|
Жыл А
|
Жыл Б
|
Жыл В
|
Жыл Г
|
Босату көлемі, млн.теңге
|
100,0
|
120,0
|
156,0
|
218,4
|
Өсу темпі
|
1,2
(120/100)
|
1,3
(156/120)
|
1,4
(218,4/156)
|
Айналым ұсталымдары
|
40,0
|
42,4
|
44,52
|
46,30
|
Өсу темпі
|
1,06
(42,4/40)
|
1,05
(44,52/42,4)
|
1,04
(46,3/44,52)
|
Тауар қоры, күндері
|
35
|
33
|
36
|
34
|
Өсу темпі
|
0,94(33/35)
|
1,09(36/33)
|
0,94(34/36)
|
Орташа өсу темпі
|
0,99(0,94+1,09+0,94)/3
|
Достарыңызбен бөлісу: |