ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Медицина білімі мен ғылымының инновацияЛЫҚ технологиялар республикалық орталығы
Қарағанды мемлекеттік медицина Университеті
Ж.Ғ.ТАНКИБАЕВА
ПАРОДОНТ АУРУЛАРЫН КЕШЕНДІ ЕМДЕУДЕ ФИЗИОТЕРАПИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ
Оқу- әдістемелік құралы
ҚАРАҒАНДЫ - 2010
УДК 616. 31 : 615.8
ББК 56.6 я 73
Т 18
ПІКІР БЕРУШІЛЕР:
А.Ж. Жұмадилова - «Астана медицина университеті» АҚ терапиялық және хирургиялық стоматология курсының меңгерушісі., PhD
А.Ғ. Курашев - ҚММУ ДКББ және ҮКЖФ стоматология кафедрасының профессор м.а., м.ғ.д.
С.М. Закишева – ҚММУ хирургиялық стоматология курсына жауапты, доцент, м.ғ.к .
Т18Танкибаева Ж.Ғ. Пародонт ауруларын кешенді емдеуде физиотерапиялық әдістерді қолдану:Оқу-әдістемелік құралы. - Қарағанды, 2010.- 66 б.
ISBN 9965-406-92-8
Оқу-әдістемелік құралы пародонтология тәжірибесінде қолданылатын, негізгі физиотерапия әдістері туралы мәліметтер келтірілген. Әсер ету механизмі мен емдік нәтижесі, олардың тағайындалуының көрсеткіштері баяндалған.
Оқу - әдістемелік құралы стоматологиялық жоғары оқу орындарының студенттеріне мен дәрігер-стоматологтарға арналған.
УДК 616. 31 : 615.8
ББК 56.6 я 73
Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығы жұмыс комиссия мүшелерінің шешімімен қосымша оқу құралы ретінде бекітілді және басылымға рұқсат берілді.
№3 Хаттама «_30_»___03____2010
ISBN 9965-406-92-8
©Танкибаева Ж.Ғ., 2010
Қысқартылған сөздер тізімі
АТФ - аденозин-3 – фосфорлық қышқылы
ДНК - дезоксирибонуклеаза
ИҚС - инфрақызыл сәулелену
ОАҚ - озонды-ауа қоспасы
ОНЖ - орталық нерв жүйесі
ТЛС - төмен қарқынды лазерлік сәуле
УЖЖ - ультражоғары жиілік
УК - сәулелер - ультракүлгін сәулелер
ЭОЖ - эритроциттердің отыру жылдамдығы
Ig A - иммуноглобулин А
Ig G - иммуноглобулин G
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ………………………………………………………………...…
|
5
|
Гальванизация және электрофорез……………………………..………
|
8
|
Диадинамометрия……………………………………………………..…
|
11
|
Электроұйқы терапия……………………………………………………
|
12
|
Ультратонды терапия................................................................................
|
13
|
Флюктуоризация........................................................................................
|
14
|
Дарсонвализация........................................................................................
|
15
|
Диатермокоагуляция және диатермотомия.............................................
|
16
|
УЖЖ-терапия.............................................................................................
|
17
|
Микротолқындық терапия.........................................................................
|
17
|
Инфрақызыл сәулелену.............................................................................
|
19
|
Ультракүлгін сәулелену............................................................................
|
21
|
Лазерлік терапия.........................................................................................
|
22
|
Биоптрондық жарық терапиясы................................................................
|
29
|
Магниттік терапия......................................................................................
|
34
|
Ультрадыбыстық терапия..........................................................................
|
35
|
Аэроиондық терапия..................................................................................
|
37
|
Парафиндік терапия...................................................................................
|
38
|
Криотерапия................................................................................................
|
39
|
Массаж.........................................................................................................
|
40
|
Бальнеотерапия ..........................................................................................
|
41
|
Пелоидотерапия .........................................................................................
|
42
|
Оксигенотерапия .......................................................................................
|
44
|
Озонды терапия .........................................................................................
|
44
|
Қорытынды ....... ........................................................................................
|
51
|
Тақырыпты меңгеруге арналған тестер................................................... 52
Әдебиеттер тізімі....................................................................................... 66
Кіріспе
Физиотерапия процедуралары пародонт аурулары кезінде емдеу-алдын алу шаралары кешенінде маңызды орын алады.
Олар пародонт патологиясының кез-келген түрінде және сатысында көрсетілген, патогенетикалық және симптоматикалық емдеу мақсатымен емдеудің, алдын ала сақтандыру мен еңбекке жарамды етудің әр түрлі кезеңдерінде кеңінен қолданылады.
Қазіргі заманғы түсініктер бойынша, физикалық факторлардың организмге әсері олармен тудырылатын клеткалардың физика-химиялық қасиеттерінің және оларда болатын алмасу процестерінің жиынтығымен, сондай-ақ олардың ықпалының әсерінен физиологиялық функционалдық жүйелерде пайда болатын ортақ реакциялармен анықталады, сонымен қатар олардың нерв-рефлекторлы және гуморальды табиғаты болады.
Қазіргі заманғы физиотерапияның емдеу мүмкіндіктері өте үлкен. Кез келген ауруды (соның ішінде пародонт ауруларын да) кешенді емдеу тиімділігінің физикалық факторларды алдын алу-емдеу арқылы пайдаланудың келесі 10 жалпы принципін сақтағанда жоғарылайтынын атап кету қажет :
-
теория мен практиканың диалектикалық бірлігі (бір жағынан, аурудың патогенетикалық аспектілерін, екінші жағынан, физикалық факторлардың әсер ету механизмдерін терең білу);
-
барлық емдік физикалық факторлардың әсер етуінің бірыңғай (рефлекторлық) механизміне негізделген әмбебаптылық және саногенез процестерінің әмбебап сипаты (ауру кезінде организмнің өзін-өзі реттеуінің бұзылуын қалпына келтіру механизмдері);
-
этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық амалдар бірлігі (этиологиялық фактордың әсерін бір мезгілде бәсеңдететіндей немесе жоятындай, негізгі патогенетикалық буындарға және аурудың маңызды белгілеріне әсер ететіндей әдісті тағайындау);
-
организмнің меншікті қорғау күштерін ынталандыруға, басым көпшілігінде әр түрлі жүйелерге реттеуші және қуаттандырушы ықпал етуге, гомеостатикалық әсер тудыруға қабілетті аз мөлшерлемелер;
-
ол бойынша физикалық фактордың қолданылу уақыты, әдістемесі және негізгі параметрлері патологиялық процестің сипатына, жеделділігіне және фазасына сәйкес келуі тиіс болатын ықпалдардың барабарлығы;
-
физиотерапияны жекешелендіру (яғни берілген науқастың бойындағы нақты ауруды емдеу; науқастың биоқалыптарын есепке алып емдеу
шараларын жүргізу);
-
емдеу динамизмі (науқастың әрбір берілген сәттегі жағдайын және патологиялық процестің өзінің динамикасын есепке алу);
-
созылмалы аурулар және полипатиялар кезінде ерекше маңызды, осы патологиялық жүйедегі детерминантқа ықпал ету кешенділігі (аурудың негізі ретінде патологиялық жүйе туралы қалыптасқан түсініктерді есепке алғанда);
-
ықпал ету параметрлерінің түрленуі (курстық емдеу процесінде физиотерапиялық емдеу шараларын жүргізу шарттарының, дозиметрлік сипаттамалардың өзгеруі);
-
сабақтастық (физиотерапия алған науқаста алдыңғы емделуінің бүкіл
спектрін қатаң есепке алу).
Физиотерапия процедуралары тұтас алғанда адам организміне және жеке алғанда пародонтқа көп факторлық әсер етеді.
Оларды қолдану нәтижесінде организмнің тіндері мен қорғаушы күштерінің өзгеше емес күшіне енуінің қозуы байқалады, қабыну процестерінің белсенділігі азаяды, тіндердің қоректенуі жақсарады, қалпына келу процестері күшейеді. Өзгеше емес әсерлермен қатар көптеген физикалық факторлар патологиялық процестің биофизикалық, биохимиялық және патофизиологиялық механизмдеріне өзгеше әрекет етеді.
Физикалық құралдарды патологиялық процестің кешенді терапиясына қосқан кезде екі негізгі аспектіні:
1) физикалық факторлардың әрекет ету механизмін, процедураны тағайындау әдістемесін, параметрлерін;
2) организмнің жалпы жағдайын, аурудың сатысын және клиникалық суретін есепке алу керек.
Физиотерапияны тағайындау кезінде берілген физикалық факторларға жалпы және өзгеше қарама-қарсы көрсеткіштерге ерекше көңіл аудару қажет.
Ең ортақ қарсы көрсеткіштерге жаңа өскіндерді немесе олардың бар болуына күдіктерді, қан ағуға бейімділікті, күрт айқындалған жүрек-қан тамыры және тыныс алу жеткіліксіздігін, улану жағдайын, жүдеуді, тері ауруларын, қанның жүйелі ауруларын, жеке төзуге болмаушылықты жатқызу керек.
Процедураларды жүргізудің үйлесімділігі мен жүйелілігі мәселелері үлкен роль атқарады.
Қазіргі физиотерапияның емдеу мүмкіндіктері үлкен екендігін есте сақтау керек, бірақ, емдеудің әрбір активті әдісі сияқты, ол білікті және абайлы ыңғайды талап етеді.
Пародонтология практикасында қолданылатын
Достарыңызбен бөлісу: |