367
Асептикалық жағдайда дайындалатын барлық дәрілік түрлер үшін негізгі
және жалпы талап
дайын өнімнің стерильдігі, яғни дамудың барлық
сатысында болатын микроорганизмдердің барлық түрлерінің болмауы. Ол
үшін, біріншіден дәрілік түрді дайындау кезінде
асептика жағдайларын
сақтау және екіншіден, сәйкес әдіспен дәрілік түрді стерильдеу қажет.
Дәрілік түрлердің құрамына кіретін дәрілік заттардың табиғаты және
дайындаудың технологиялық процесіне байланысты стерильді дәрілік түрлер
екі топқа бөлінеді.
1. Соңғы орамасымен стерильденетін дәрілік түрлер (инъекциялық
ерітінділер, көз тамшылары, жууға арналған ерітінділер және т.б.);
2. Стерильдемей, дәрілік түрді дайындау үшін
стерильді еріткіш, ыдыс,
қосымша заттарды және т.б. пайдаланады. Құрамында антибиотиктері бар
дәрілік түрлер, термолабильді заттары бар шаншуға арналған ерітінділер
асептикалық жағдайда дайындалады.
Ерітінділерді дайындау процесінде микробтармен ластану мүмкін
болғандықтан, асептика ережелерін қатаң сақтауға, өнімнің микробтық
ластануын максималды болдырмаудың жағдайларын
жасауға көңіл бөлу
қажет.
Стерильді дәрілік түрлердің сапасына қойылатын талаптар -
халықаралық стандарттардың санитарлық-гигиеналық талаптарына жауап
беретін асептикалық жағдайды дайындауды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: