Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет285/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Хлорбутанол гидрат – (хлорэтон) - 0,5% дейінгі концентрацияда 
қолданылады. 
Трикрезол – метилфенол - фенолға қарағанда бактерицидтік әсері жоғары 
(0,3% дейін). 
Фенол – 0,5% дейінгі концентрацияда қолданылады. Консерванттар 
ретінде сонымен қатар спирт, глицерин, кейде сулы сығындыларына 
қосылатын хлороформ, салицил қышқылы (0,1%) қолданылады. 
Химиялық стерильдеудің ерітіндімен стерильдеуінде бақылау параметрлік 
әсер етуші заттың бастапқы және жұмысшы ерітінділердегі құрамын, сонымен 
бірге жұмысшы ерітіндінің температурасы анықтау арқылы жүргізіледі. 
Стерильдеудің жаңа әдісі температураны бірден төмендету, немесе 
жоғарылатуға негізделген. Микроорганизмдер температураның бірден 
өзгеруіне өте сезімтал болады. Объектіні 155-160 
0
С дейін 20-40 секунд 
жылдамдықта қыздырады, 0,25 секунд уақыт ұстап, 50-40 секунд 
жылдамдықпен температураны тез төмендетеді. Барлық процесс 5 секунд 
аралығында жүргізіледі Бұл кезде микроорганизмдер өліп, ал дәрілік заттар 
ыдырап үлгермейді.
Дәріханада дайындалатын инъекциялық дәрілік препараттардың 
стерильділігін бақылау, ҚР ДС ӘД министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы 
№ 232 "Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілерге қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қаулысының 7 қосымшасына 
сәйкес санитарлық-эпидемиялық станцияларда (СЭС) жүргізіледі. СЭС 
тоқсанына екі рет инъекциялық ерітінділердің, көз тамшыларының, оларды 
дайындауға қажетті инъекциялық сулардың стерильділігін бақылайды; 
тоқсанына бір рет іріктеп суды және инъекциялы ертінділерді пирогендікке 
тексереді.
Бақылау сұрақтары: 
1. Қандай дәрілік түрлер асептика жағдайында дайындалады? 
2. Стерильденген обьектерді бақылау қандай нормативтік құжаттар негізінде 
жүргізіледі? 
3. Дәріханаларда асептика жағдайлары қалай ұйымдастырылады? 
4. Дәрілік 
түрлер 
технологиясында 
стерильдеудің 
қандай 
әдістері 
қолданылады? 
5. Термиялық стерильдеу қалай жүргізіледі? 
6. Термиялық стерильдеуді бақылаудың қандай әдістері бар? 
7. Ағынды бумен стерильдеуде неліктен қаныққан буды қолданады? 
8. Дәріхана жағдайында фильтрлеп стерильдеудің мүмкіндіктері мен 
перспективалары қандай? 
9. Ультракүлгін сәулелермен стерильдеу дәріхана жағдайларында қалай 
жүргізіледі? 
10. Шаншуға арналған дәрілік түрлердің пирогенділігі қандай қауіп тудырады?


381 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет