1) Дәріханада көз жағармайларын дайындау үшін фармакопеямен ұсынылған негіз қолданылады. Құрамы: Көз жағар майына арналған вазелин
90 бөлік
Сусыз ланолин
10 бөлік
2) Антибиотиктермен жағармай дайындауға арналған негіз құрамы:
вазелин
60 бөлік
сусыз ланолин
40 бөлік
3) ХНИХФИ зерттелінген адсорбциялық негіздің құрамы:
жүнді балауыз спирті
6 бөлік
вазелин
10 бөлік
церезин
24 бөлік
вазелин майы
60 бөлік
Климаттық жағдайлары әр түрлі өлкелерде, консистенциясы алуан негіз алу
мақсатында церезин және вазелин майының концентрациясы өзгеруі мүмкін.
б) Эмульсиялық негіз - көп компонентті жағармай негізі. Оның
адсорбциялық негізден айырмашылығы, құрамында су бар. Олар 2 типті болуы
мүмкін: май/су, су/май. Бұл - дәрілік заттарды сулы және майлы фазаға енгізуге
мүмкіндік береді. Негіз жағар майға енетін дәрілік заттардың теріге резорбциясын
жоғарылатады.
Эмульсиялық жағармай негізгі жағар майлардың құрамына кіретін дәрілік
заттардың терімен резорбциясы жоғары болғандықтан үлкен маңызға ие. Бұл
оның құрамындағы эмульгатор (ББЗ) бар болуымен түсіндіріледі. Сонымен қатар
эмульсияланған сулы фаза теріге сүрткен жағдайда тері және май бездерімен тез
сіңірілуін қамтамасыз етеді. М/С типті эмульсиялық негіз теріге қалың қабатпен
жаққан жағдайда мацерацияға және терінің қызуына алып келеді, бұл тері
қабатында қанның толуы нәтижесінде дәрілік заттың сіңірілуін қамтамасыз етеді.