Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет260/369
Дата21.02.2022
өлшемі6.31 Mb.
#455600
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   369
sagyndykova ba. anabaeva rm

Артықшылықтары: 
- пилюлялық массада физика-химиялық қасиеттері әр түрлі дәрілік заттарды 
біріктіруге болады; 
- пилюля түрінде дәрілік заттардың жағымсыз иісі мен дәмін жасыруға болады; 
- пилюлялар 
қолдануға ыңғайлы: домалақ және ауыз қуысында 
шырыштанады; 


349 
- дәрілік заттардың дозалануы дәл; 
- тасымалдауға ыңғайлы; 
- кейбір дәрілік препараттар үшін, мысалы йод үшін пилюля қолайлы дәрілік 
түр болып табылады; 
- қажет болған жағдайда пилюляны әсері ұзартылған дәрілік түр ретінде де 
қолдануға болады. 
Кемшіліктері: 
- асқазан ішек-трактісінде баяу ыдырайды; 
- балалар іс-тәжірибесінде қолдану қолайсыз
- сақтағанда тұрақсыз, кеуіп кетеді, микробиологиялық бұзылуға ұшырайды; 
- технологиясы қиын. 
Пилюля құрамы бойынша - күрделі, дисперсологиялық жіктелу бойынша 
байланыс - дисперсті жүйеге жатады. Пилюлялар дәрілік зат пен көмекші 
заттардан тұрады. Көмекші заттарды пилюлялық массаға белгілі бір қасиет 
беру үшін, атап айтқанда пластикалық, байланыстырғыш, пилюляларды кеуіп 
кетуден сақтау мақсатында қосады. 
Пилюлялық массаға қойылатын талаптар: 
1. Пилюлялық масса пластикалық болуы керек. Пилюлялық массаның 
пластикалылығы - оның сәйкес формаға оңай айналуын, серіппеге, содан 
соң шарикке оңай ауысу қасиеті. Жеткілікті мөлшерде тығыз болуы керек. 
2. Асқазан немесе ішек сөлінде ыдырайтын қабілеті болуы керек. 
Пилюляларға қойылатын талаптардың орындалуы көмекші заттарды 
дұрыс таңдаумен түсіндіріледі. 
Көмекші заттар пилюляларға тиісті салмақ, қасиет және көлем беруге 
қолданылады. Көмекші заттар дәрілік заттармен химиялық әрекеттеспеуі, 
олардың емдік әсерін өзгертпеуі, пилюлялардың ағзада ыдырауына кедергі 
келтірмеуі керек. 
Көмекші заттардың жіктелуі 
1. Пилюлалық массаны тығыздаушы (консистенция, салмақ, көлем) және 
оған пластикалық қасиет беруші заттар: жалаң мия тамырының, бақ-
бақтың, ащы жусанның, итмұрынның, шүйгіншөп тамырының, 
жалбызтікен тамырының ұнтақтары; крахмал, бентонит, ақ балшық
алюминий гидрототығы, сахароза, лактоза, крахмал - қант қоспасы (2:1 
немесе 1:2). 
2. Байланыстырғыш және сұйықтықтарды эмульгирлеуші, гидрофобты қатты 
бөлшектерді байланыстырғыш заттар: мия тамырының экстрактылары 
(құрғақ, қою), бақ-бақтың (қою), ащы жусанның (қою) экстрактылары; 
итмұрын жемісінің ұнтағы, бал, глицерин жағар майы, аравия шайыры, 
декстрин, ұн, альгин қышқылы 
3. Пилюлялардың құрғап кетуін болдырмайтын қосымша заттар: глицерин 
суы (глицерин + су, 1:1), су, спирт, глицерин, қант шырыны, қантты су 
(шырын + су, 1:1), шырын + глицерин + су (1:1:8), бал. 
Пилюлялар технологиясында қолданылатын қосымша заттар 18 кестеде 
келтірілген.


350 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   369




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет