Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы



Дата22.02.2016
өлшемі40 Kb.
#489
УДК: 616:18.7
Калмакова Ж.А., Аскарова Г.Ш.

ҚорқытАта атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛАЙСЫЗ АЙМАҚТАРЫНДА ТҰРАТЫН ХАЛЫҚТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Қызылорда облысының экологиялық қолайсыз аймақтарында тұратын халықтың денсаулық жағдайындағы жайсыз беталыстардың өсуі тіршілік ету ортасының адам денсаулығының жағдайына теріс әсер етуін көрсетеді.

Жалпыға мәлім болғандай, халықтың денсаулығы қоршаған орта сапасының негізгі экологиялық өлшемі болып табылады, ал популяциялық денсаулық деңгейі әлеуметтік-экологиялық, медицина-демографиялық және басқа факторлардың күрделі кешенінің әсер етуімен айқындалады.

Қызылорда облысында қалыптасқан күрделі экологиялық ахуал халықтың денсаулығына, оның ішінде демографиялық үдерістерге де айтарлықтай ізін салып отыр.

Базалық өлшемдерді таңдауда ең объективті өлшемдермен тек қоршаған ортаның ластану сипаты мен деңгейі ғана емес, сонымен бірге сәби, аналар өлім-жітімі мен жалпы өлім-жітім және бала туу, халықтың орташа өмір сүру жасы сияқты денсаулық көрсеткіштерінің де қарқыны байқалады.

Соңғы жылдардың ішінде Арал өңірінде халықтың бала туу деңгейі 27,21-ден (2009 жыл) 27,96-ге дейін (2013 жыл) өскендігі, өлім-жітім көрсеткіштері 6,05 дейін (2009 жыл – 7,24) төмендегендігі, халықтың табиғи өсім коэффициенті 1000 адамға шаққанда 19,97-ден (2009 ж.) 21,91-ге дейін (2013 ж.) көтерілгендігі байқалады.

Сәбилер өлімінің көрсеткіші республика бойынша жоғары деңгейде тұр. Бірақ, сәби өлім көрсеткіші соңғы 5 жыл көлемінде 7,02 % төмендегені байқалады. 2013 жылдың 9 ай қорытындысымен облыста сәбилер шетінеу көрсеткіші 1000 тірі туылған нәрестеге шаққанда - 13,7%, Республика көрсеткіші 2013жылы - 11,31%.

Перинатальдық көрсеткіші 1000 тірі және өлі туылған нәрестелерге шаққанда 19,3%, республика деңгейінде 5 орындамыз.

Сәбилер шетінеу көрсеткішінің себептерiне тоқталсақ: І-орында перинаталды кезеңдегi жағдайлар 63,7% (ҚР-61,1%), туа бiткен аномалиялар 17,6% (ҚР-19,1%), тыныс жолының аурулары -5,1% (ҚР-4,9%), былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге төмендеген.

Шетінегендердін 74,1% шала туылғандар, өте төмен (500-999 грамм) салмақпен туылып шетінеген балдардың үлесі 1,7 есеге өсіп, шетінегендер арасында 31,0% құрайды. Ерте неонатальды өлімінің құрылымында салмақтары 1500 граммнан жоғары туылған арасында шетінегендер саны азайған.

Облыс бойынша ана өлім көрсеткіші 100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда соңғы 5 жылда 67,8 % төмендеген.

Ана өлімінің негізгі себептері акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патология, жасанды түсік жасау мен аурушаңдық (жыныс жолдарымен берілетін инфекциялар, қан аздық) деңгейі жоғарылығы болып отыр. Бұл ахуал медициналық қызметтердің жеткіліксіздігімен және білікті мамандардың, әсіресе ауылдық жерлерде жетіспеушілігімен тереңдей түсуде. Салмағы аз және шала туылған балалар арасындағы өлім-жітім 60,3% құрады.

Сәби өлімінің негізгі себебі мыналар: перинаталды патология (66,3%), екінші орынды туабітті даму кемшілігі (14,4%), үшінші орынды тыныс алу органдарының аурулары алады (7,6%). Неонатолог дәрігерлердің тапшылығы, босанатын әйелдерге медициналық жәрдем беретін мекемелердің заманауи стандарттарға сай еместігі, нәрестелерге арналған тыныс алу аппараттарының және қажетті дәрі-дәрмектердің (куросурф) жетіспеушілігі сәби өлім-жітімінің себебі болып отыр.

Арал аймағында бала туу деңгейі төмен, өлім-жітім деңгейі жоғары, халық денсаулығының индексі төмен, экологиялық ахуал қолайсыз және әлеуметтік-маңызды аурулар күтілетін өмір сүру жасының ұзақтығын төмендетеді, оның деңгейі 2013 жылы 70 жасты құрады (ҚР - 70,3, 2013 жыл). Қан айналу жүйелерінің аурулары, қатерлі ісіктер, туберкулез және ВИЧ/СПИД, жарақат алу барынша маңызға ие. Жалпы өлім-жітім құрылымында ең көп үлес салмақты (54,9%) қан айналу жүйесінің аурулары (ҚЖА) алады.

ҚЖА-нан болатын өлім-жітімді төмендету мақсатында Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдарға арналған Кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы жасалды, оның шеңберінде облыста кардиохирургиялық көмек беру қызметінің жұмысы жолға қойылды.

Арал және Қазалы аудандарындағы 2009-2013 жылдардағы өлім-жітімдікті зерттеген кезде, Арал ауданында 2009 жылы 1000 адамға шаққанда 5,3 болғандығы анықталды, және адамдардың ең көп саны қан айналысы жүйесінің ауруларынан өлген; екінші орында қатерлі ісіктер, ал үшінші орында – тыныс алу органдарының аурулары. 2012 жылы бұл көрсеткіш 7,06 құрады.

Қазалы ауданындағы осыған ұқсас зерттеу көрсеткендей, 2009 жылы-6,5, олардың ең көбі қан айналысы жүйелерінің сырқаттарынан; екінші орында тыныс алу органдарының сырқаттары және үшінші орында – басқа да сырқаттар болды. 2012 жылы Қазалы ауданы бойынша өлім-жітім көрсеткіші 6,40 болды.

Әрі қарай, зерттеліп отырған аудандардағы 2009-2012 жж сәбилер өлім-жітімінің өзгеру қарқыны зерттелді. 2009 жылы Арал ауданында да, Қазалы ауданында да сәбилер өлім-жітімі облыстық орташа мәннен (1000 халыққа 22,1) жоғары болып, сәйкесінше 26,1 және 26,9 құрады. 2012 жылы Арал ауданында, зерттеліп отырған көрсеткіш облыстық мәннен төмен (22,3), ал Қазалы ауданында – жоғары (25,2) болды. Бұл ретте 2009 жылмен салыстырғанда, зерттеліп отырған көрсеткіш екі ауданда да төмендеді (сәйкесінше 14,6% мен 6,3%-ға).

Қазалы ауданындағы сәбилер өлім-жітімінің негізгі себептері мыналар болып табылатыны анықталды: тыныс алу органдарының сырқаттары, нәрестелердің асфиксиясы және іштегі нәрестенің гипоксиясы (барлық өлім-жітімдердің 50,5%); себептер құрлымында екінші қатарлық орынды туабітті даму кемшіліктері алады (43,7%); үшінші орында – босану кезіндегі жарақаттану (12,5%). Арал ауданында барлық себептер ішінде бірінші қатардағы орынды тыныс алу органдарының сырқаттары (50,0% дейін); екінші орынды – жаңа туылған нәрестелердің сырқаттары (24,3%); үшіншіні – туабітті ауытқулар - (16,3%) және төртінші орынды – қайғылы жағдайлар (6,2%) алды.

Зерттеулер көрсеткендей, Қазалы ауданында соңғы 10 жылда жаңа туылған нәрестелер арасындағы туабітті ауытқулардың жиілігі 2,5 есе өсті, олардың ішінде негізгі үлесті Дауна синдромы, жүректің көптеген ақаулары, нәрестелердің гемолитикалық сырқаттары құрайды.

Сонымен бірдей, Қазалы ауданында сәбилердің өлідей туылуы 4,7%-дан 10,4%-ға дейін өсті, яғни 2,21 есе; Арал ауданында – 4,6%-дан 13,7 дейін, яғни 3 есе дерлік. Нәрестелердің өлідей туылуының негізгі себептері іштегі нәрестенің жатырішілік гипоксиясы, кіндіктің оралып қалуы, туабітті даму ақаулары (Дауна синдромы, анэнцефалия, туабітті жүрек ақаулары) болып табылады.



Осылайша, бақыланып отырған аудандардың халықтарының демографиялық көрсеткіштеріне жасалған талдау аналар өлімінің деңгейі жоғары екендігін дәлелдейді, бұл алаңдаушылық туғызатын белгілер әрі емдеу мекемелерімен барынша жауапты алдын алу шаралары қабылдану қажеттігін табанды түрде талап етеді.

ТҮЙІН

Ж.А. Қалмақова

Г.Ш.Аскарова
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚОЛАЙСЫЗ АЙМАҚТАРДА ТҰРАТЫН ХАЛЫҚТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН САРАПТАУ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қызылорда облысының экологиялық тұрғыдан қолайсыз аймақтарында тұратын халықтың медициналық демографиялық көрсеткіштерін сараптау барысында зерттеу жылдарында бұл аймақтарда еліміздің басқа өңірлерімен салыстырғанда, әсіресе аналар өлімінің өте жоғары болғандығын байқатты. Бұл жағдай келешекте дәл осы көрсеткішті төмендетуге қарсы үлкен күш жұмсау қажет екендігін көрсетті.
Summary

Kalmakova ZH.A.

Askarova G.Sh.
FEATURE PHYSICIAN-DEMOGRAPHIC CONDITION OF THE POPULATION LIVING IN ECOLOGICAL НЕБЛАГОПОЛУЧНЫХ REGION KYZYLORDINSKOY AREA
Kyzylordinskiy state university im. Korkytata
The Analysis speakers demographic factors of the population observed region are indicative of high level of maternal death-rate that is an alarm симптомом and urgently dictates need of the acceptance by medical institutions of the most serious preventive measures.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет