Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



бет1/10
Дата17.07.2016
өлшемі3.68 Mb.
#205156
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Б.К. Койчубеков, А.С. Букеева

БИОЛОГИЯЛЫҚ СТАТИСТИКА НЕГІЗДЕРІ

Оқу-әдістемелік нұсқау

Қарағанды 2010

ӘОЖ 616-07:519.22

КБЖ 53.4

К19
ПІКІР БЕРУШІЛЕР:



Б.М Әдібаев - ф.м.ғ.к., профессор., КазҰМУ медбиофизика, информатика және медстатистика кафедрасының меңгерушісі;

А.З. Муратова – ҚММА оқу-әдістемелік орталықтың директоры, б.ғ.к.;

Ж.Т.Бакеев – ҚММА медициналық биофизика және информатика кафедрасының доценті, м.ғ.к..
К19 Койчубеков Б.К., Букеева А.С. Биологиялық статистика негіздері. - Оқу-әдістемелік нұсқау. - Қарағанды. – 2010 ж. - 56 б.

КБЖ 53.4


Оқу-әдістемелік нұсқауда әдетте медициналық және бтологиялық зерттеулерде қолданылатын негізгі анықтамалар және статистикалық процедуралар, нақты есептердің шешімі келтірілген. Өздігінен тексеру үшін оқырмандар қосымшадағы есептер мен тестілік сұрақтарды қолдана алады. Нұсқау медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған.
ҚММА Әдістемелік кеңесінде талқыланған және келісілген

№ 3 Хаттама «12» қараша 2008 ж.

ҚММА Ғылыми кеңесімен бекітілген және ұсынылған

№ 4 Хаттама «27» қараша 2008 ж.


© Б.К. Койчубеков, А.С. Букеева, 2010 ж.



КІРІСПЕ


Қазіргі кезде сәйкес заңдылықтарды математикалық түрде жазуға тырысу білімнің барлық салаларына таралды, сонымен қатар биология мен медицинаға да. Көптеген медициналық-биологиялық құбылыстарға жиынтықтарды зерттеу кезінде анықталатын статистикалық заңдылықтар тән. Осы жағдай математикалық-статистикалық әдістерді қолдануды анықтаған маңызды жағдай еді. Осылайша,көптеген экологиялық, генетикалық, цитологиялық, микробиологиялық, фармакологиялық және басқа құбылыстар – табиғаты жағынан көп көлемді болып табылады.

Клиникалық зерттеулерді өткізуге қатысты қарастырсақ, математикалық статистика мақсат қойғанда, рандомизация әдістерін таңдағанда, статистикалық мәнді қорытынды алу үшін қажетті пациенттер санын анықтауда, алынған нәтижелерді талдау өткізгенде көмектеседі. Бұл құрал статистикалық талдаудың негіздерін түсінуге көмектеседі, және де біз бұл құрал студенттерді ғана емес, сонымен қатар статистикада өз ағаттықтарын жабуға кіріскендердің барлығына көмек болады деген сенімдеміз.


СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ТИПТЕРІ


Кез келген биообъект қандай да бір белгілермен сипатталады. Бұл сипаттарды өлшеу кезінде статистикалық мәліметтер алынады. Белгілер сандық және сапалық болады. Сандық белгілердің мәндері үздіксіз (мысалы, салмақ, бой, артерия қысымы) немесе дискретті (мысалы, пульс, балалар саны, түған жылы) болу мүмкін.

Сапалық белгілер мәліметтердің түріне байланысты номиналды (классификациялық) және ординалды (қатарлы) деп бөлінеді.

Номиналды шкалада өлшенетін белгі алдын-ала орнатылған градациялардың шекті санының бір мәнін қабылдайды. Мысалдар: жынысы (ер, әйел), көздің түсі (көгілдір, қара, қоңыр, жасыл), жануарлар жіктелуі және т.с.с.

Номинальды шкалада өлшенетін статистикалық мәліметтер, осы немесе басқа градациялық белгілердің пайда болатын жиіліктері көрінетін кестелер түрінде көрсетіледі. Номинальды мәліметтер социологиялық сұрауларды өңдеген кезінде жиі пайда болады. Мысалы: белгілі бір сырқатта кездесетін белгілі бір белгілердің жиілігі туралы сұрақ қызығушылық тудыруы мүмкін.

Ординалды шкалада өлшенетін сапалық белгілердің мәндері реттелген болады.

Мысалдар: тесттік баллдар және мектеп бағалары (1,2, 3, 4, 5), өмір жағдайының сапасы (нашар, орташа, жақсы, өте жақсы), температура (қалыпты, қызуы көтерілген, жоғары, өте жоғары және т. б.).

Ординалды шкалада өлшенетін белгілер үшін қосып - алынатын операциялардың ешқандай мағынасы жоқ..Мысалы: емтиханды «беске» тапсырған студент статистика бойынша осы пәннен «төртке» тапсырған студентке қарағанда бір бірлікке жоғары біледі деп айтуға болмайды. Себебі білімді өлшейтін өлшем бірлік болмайды. Бірақ бірінші студент екіншісіне қарағанда статистиканы жақсы біледі деп айтуға болады.

Ординалды белгілердің мәндерін сандық формада көрсету үшін келесі әдіс қолданады. Белгілердің барлық мәндері өсу тәртібімен қатар түрінде жазылады. Әрбір мәнге қатардағы номерге тең болатын сәйкес натурал сан қойылады. Бұл санды ранг деп атайды. Мысалы: өмірдің сапалық жағдайы (жаман, қанағаттанарлық, жақсы, өте жақсы) рангтармен көрсетіледі 1, 2, 3, 4. Рангтар түрінде көрсетілген ординалды белгілер үшін белгілер жақындығының дәрежесін өлшеуге (мысалы: рангты корреляция), тарамдалу түрі болжамды тексеруге және дисперсионды анализ жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы статистикалық әдістер жоспарланған.

Номиналды шкалада көрсетілген мәліметтер үшін қосу және алу операциялары да анықталмаған. Бұл мәліметтер (ординалды белгілерге қарағанда) реттелуге келмейді, сондықтан рангілер көмегімен сандық түрге келтірілген. Арнайы статистикалық әдістерді қолдана отырып, белгілер тәуелсіздігі туралы болжамды және екі не одан да көп таңдаманың бір түрге қатысы туралы болжамды тексеруге болады.

Зерттелетін объектілердің барлық жиынтығы генеральды жиынтық деп аталады. Егер бұл жиынтықта элементтердің саны аз болса, онда генеральды жиынтықты толық зерттеуге мүмкіндік бар. Бірақ көп жағдайда генеральды жиынтықта элементтер саны өте көп болғандықтан, немесе оның элементтеріне жету қиындық туғызса, немесе басқа жағдайлардан генеральды жиынтықтың бір бөлігі (таңдама) ғана зерттеледі.

Таңдама зерттеу нәтижелері нақты ықтималдық үлеспен барлық генеральды жиынтыққа таралады.

Бұл жағдайда генеральды жиынтықтың негізгі сипаттамалары таңдама бойынша бағаланады (яғни жуықтап анықталады). Сәйкес статистикалар «таңдама орташа», «таңдама дисперсия» және т.б. деп аталады.

Таңдама генеральды жиынтық туралы дұрыс, бұрмаланбаған көрініс беру керек, немесе репрезентативті болу керек. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсы аймақты зерттеп, ішек инфекциясы ауруы туралы жорамалдауға болмайды.

Егер генеральды жиынтықтың қасиеттері алдын-ала белгілі болмаса, онда қарапайым кездейсоқ таңдау қолдану керек. Бұл дегеніміз – генеральды жиынтықтың барлық элементтердің таңдамаға түсу ықтималдықтары бірдей болу керек.

Мысалы, университет студенттерінен қандай да бір мәселе бойынша сұрау өткізгенде бірінші курс студенттерінен құрылған таңдама репрезентативті болмайды. Кездейсоқ таңдау процедурасын мысалға келесідей ұйымдастыруға болады. Барлық студенттердің фамилияларын картоякаларға жазып аламыз, сосын жақсылап араластырамыз да, барлық карточкалардың арасынан керек мөлшерін таңдап аламыз. Осылайша таңдалған студнттердің жауаптары репрезентативті таңдама құрайды. Егер таңдамада генеральды жиынтық құрайтын әртүрлі топтардың элементтерін көрсету қажет болса, титі іріктеу процедурасы қолданылады. Осылайша, егер бірінші курс студенттері университеттің барлық студенттерінің 15% құрса, онда таңдамада да олар 15% құру керек. Кейбір жағдайларда курсты ғана емес, сұрау нәтижелеріне әсер етсе сонымен қатар студенттердің мамандығын да көрсету қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет