6. І ПЕТРДІҢ РЕФОРМАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ
XVIII ғасырдың басы Ресейде, І Пётрдің жаңа өзгерістерімен сипатталады. Оның билігінің тұсында күшті әскер құрылды, мемлекеттік аппарат қайта құрылды, ақша жүйесі жаңартылды, теңіз флоты құрылды. Солтүстік соғыста Швецияны жеңіп Балтық теңізіне шығуды басып алуы, І Пётрдің жетістіктерінің бірі болды. 1703 жылы Ресейдің жаңа астанасы- Санкт Петербургтың құрылысы басталды. І Пётрдің өзгертулері елдің мемлекеттік, экономикалық және мәдени өмірімен қоса, медицина мен фармациялық ғылым мен тәжірибеге де қатысты болды.
Медицина саласындағы негізгі реформаларға госпитальдардың, емшілер мен дәріханашыларды дайындайтын госпиталдық мектептердің ашылуын атауға болады.
Дәріханалық іс-шаралар бұл кезде ерекше орын алды. І Петрдің ұлы жарлығымен 1700 жылы әскери және теңіз госпитальдарында әскери дәріханалар ашылды.
1706 жылы І Петр Мәскеуде хирургиялық училище мен анатомиялық театры бар «әскери госпитальді» ашты. Онымен қатар, орыс армиясындағы бірінші тұрақты госпиталь дәріханасы жұмысын бастады. Русьте бірінші 1581 жылы Кремльде ашылған ескі және Ильинкадағы жаңа қонақ ауласындағы (1673) жаңа дәріханалардың ашылуынан медициналық мемлекеттік қызмет құрылымын бастады.
Зелейный, москательный және көкөністі лавкалар дәріхананың бір бейнесі болды. Олардың иесін «лавка отырушылары» немесе «зелейниктер» деп атаған. Олар емдік шөптерді сатып, әр түрлі емдік өсімдіктердің емдік қасиетін зерттеумен айналысқан.
1581 жылыМәскеуде дипломы бар бірінші дәріханашы пайда болды. Бұл, Иван Грозныйдың өтініші бойынша келген медиктер тобының мүшесі, қолында ағылшын патшайымы Елизаветаның нұсқаулық хаты бар, Джеймс Френчем болды. Чудов шіркеуіне қарсы, Кремльдегі бірінші дәріхананы ашқан да сол болды.
Дәріханалық бұйрық, оның міндеттері
Мәскеу мемлекетінде денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемесінің негізі, XVI ғасырдың соңында Иван IV ашқан «дәріханалық палатадан» бастау алады. Ол 1620жылы «Дәріханалық бұйрыққа» ауысты. Ол елдегі дәрігерлік істі бақылайтын орталық мемлекеттік органға айналды.
Дәріхана бұйрығының құзырында армияға дәрігерлерді тағайындау, полктық дәріханаларды дәрі-дәрмекпен қамтамассыз ету, сот-медициналық сараптамасын жүргізу болды. Ол, «азаматтардың жалпы дені сау болуына, жабысқақ аурулардың таралуына бөгет жасауға тырысқан», сол сияқты, дәрілердің сапасын бақылап отырған. Дәріхана бұйрығының міндеті, дәріханалық бақтарда емдік өсімдіктерді өсіріп, жинау болды.
Кремль қабырғасында орналасқан дәріхана бағы, І Петрдің тұсында, Мещан слободасына көшірілді. Ал 1805 жылы университет меншігіне беріліп, Ботаникалық бақ атанды.
Дәріхана бұйрығы, сол уақытта айтарлықтай тұрақты болған, емдік өсімдіктерді жинау жүйесін жасаған. Дәрілік шөптерді жинау, бағынышты таптарға, міндетті жаза ретінде жүктеліп отырған. Арнайы жинаушыар- «шөпшілер» штаты болған. Дәрілік шикізат, дәріханалық аула атанған ерекше қоймаларға келіп түсіп отырған.
Дәрілік бұйрық қызметкерлерінің көбісі шетелдіктер болған. Бірақ, басқаруы XVII ғасыр бойына білімді, әрі патшаға жақын, орыс боярларына ғана сенімделген. Дәріханалық бұйрықтың басқарушылары: И.Б. Черкасский (1629-1633); Ф.И. Шереметьев (1645); Б.И. Морозов (1646); И.Д. Милославский (1662); А.С. Матвеев (1673); И.Н. Одоевский (1678); Я.Н. Одоевский (1689) болған.
Тұрғындарға арналған алғашқы дәріханаларды ашу.
Ерікті дәріханаларды ашу.
Тұрғындарға арналған алғашқы дәріхана Мәскеуде 1672 жылы ашылды. Бұл дәріханаға әскерді дәрімен қамсыздандыру жүктелген. Ал халыққа, дәрілер, бірінші баға кітабы- «нұсқаулық кітапта» көрсетілген баға бойынша сатылған.
XVII-XVIII ғасырлар тоғысында, 200 мыңдай халқы бар Мәскеу қаласында, екі-ақ дәріхана болған. Осыған байланысты, мәскеуліктердің негізгі бөлігі зелейных, москательді, көкөніс лавкаларының қызметін пайдаланған.
Тұрғындарды дәрілік көмекпен қамтамассыз ету мақсатында 1701 жылы Мәскеуде «ерікті» (жеке меншік) дәріханалар ашылды. Осы жағдайға байланысты шығарылған өкімде: «Ерікті дәріхана ашқысы келген әрбір орыс, не шетелдік, өкіметтің рұқсатымен бірге, осыған қажетті орын мен мекемесін мұраға беруге рұқсат беретін қағазды алады»,- делінген. Мәскеуде дәріхана ашуға жеңілдік алған алғашқы шетелдік, дәріханалық бұйрықтың алхимисті, Иоганн Готфрид Грегориус болды.
Екінші дәріхананы никольский көшесінде Гурчин ашты. Бірнеше қожайыны ауысқаннан кейін, ол фармацевт Карл Иванович Феррейнге көшті. Осы дәріхана Ресейдегі фармацевтика ісінің дамуында үлкен роль атқарды.
Үшінші дәріхананы Мәскеуде, Покров қақпасының тұсында, 1703 жылы, дәріхана өнерін Голландияда оқыған, Гавриил Саульс ашты.
Варвар қақпасының артында, 1707 жылы ашылған төртінші дәріхана, Иессин Арникелге тиесілі болған.
Бесінші дәріхананы 1709 жылы, Пречистен көшесінде, Алексей Меркулов ашты. 1712 жылы, ескі тас көпірдің артындағы Ақ қалада, Авраам Рут алтыншы дәріхананы ашты. Дәл осы кезде, Варваркада, Гавриил Бышевский жетінші дәріхананы ашты. Сегізінші дәріхана, 1713 жылы, Сретенск көшесінде, Альберт Зандермен ашылды. Мәскеудегі дәріханалардың осы саны XVIII ғасыр бойына өзгермеді. Дәріхана қожайындарына көрсетілген монополия, Мәскеуде дәріхана санының көбеюін шектеді және тек, 1784 жылы ғана, жаңа дәріханалар ашуға рұқсат берілді.
Осыдан кейін дәріханалар басқа қалаларда да пайда бола бастады. Қазыналық және госпиталдық дәріханалар, жеке меншік дәріханалардың ашылуына негіз болғанын, атап өту керек. Петербургтегі бірінші қазыналық дәріхана, 1704 жылы, қаланың ашылуымен қатар, бір уақытта ашылды. Кейіннен ол Бас дәріхана дәрежесіне көтерілді. Кейіннен, қазыналық дәріханалар, Қазанда, Глуховта, Ригада, Ревелде ашылды. 1707 жылы Лубнада дала дәріханасы ашылып, жүз жылдай қызмет етті.Дәріханалар Ресейдің басқа қалаларында да: Киевте (1715), Астраханда (1721), Симбирскіде (1778), Нижний Новгородта (1780), Пермьде (1786) ашыла бастады.
Уақыт өте келе, дәріханалық жүйе айтарлықтай үлкейді. Егер, 1843 жылы Ресейде 1302 дәріхана болса, 1910 жылға қарай олардың саны 4523-ке жетті.
Дәріханалық бұйрық міндеті, Сарайдың дәріханаларын қамтамассыз етіп, патша жанұясына арнап, шет елдерден дәрігерлерді шақырту болатын. 1707 жылы ол, елдегі барлық әскери-медициналық істі басқаратын, мемлекеттік мекемеге өзгертілді. Көп ұзамай, «дәріханалық» деп аталған бұл мекеме, Бас медициналық кеңсеге айналды (1725). Бұл мекеменің басшысы, «император мәртебелісі, архиятер, лейб-медикус және медицина кеңсесі мен факултетінің президенті» атағына ие болған. Бас медициналық кеңсені Николай Бадлоо, Роберт Эскин, Иван Блюментрост басқарған.
Дәріханалық бақшалар мен бақтарды ашу. Химия өндірісінің қалыптасуы
1714 жылдың ақпанында І Петрдің ауызша өкімі бойынша, Дәріхана аралында, Дәріхана бақшасы салынған. Екі онжылдық бойына, ол, қазыналы дәріханаларды, дәрілік өсімдіктермен қамтамассыз етіп отырған. Ал 1735 жылдан бастап, оның негізінде, медициналық мектеп оқушыларына, ботаника мен фармакогнозияны оқытуға бастау салған, өсімдіктерколлекциясын жасау жұмыстары басталды. Дәріханалық бақшаны, дәріханалық бақшаның бірінші директоры, медицина докторы, ботаника және Ресей ғылым академиясының жаратылыс тарихының профессоры, Иоганн Георг Сигизбек басқарды (1686-1755). Ол отандық және шетелдік флораның өсімдіктерінің кеңейтілген коллекциясын жасады.
1765 жылы Петербург дәріханалық бақшасының меңгерушісі қызметін Карл Липийдің шәкірті, Иоганн Перт Фальк (1727-1774) атқарды.
1798 жылы медико-хирургиялық академияның ашылуына байланысты, дәріханалық бақша «ботаникалық бақ» болып өзгерді. Қазір бұл, Ресей Ғылым Академиясының Ботаникалық институты.
Мәскеудегі Ботаникалық бақтың орнында, І Петр кезінде, 1717 жылы дәріханалық бақ ұйымдастырылған, ал, 1720 жылдың 13 сәуірінде І Петр өз үкімімен «дәріханалық бақшаны» Астраханьда ашуды бұйырды. Ол: « Гүлзар жасап, Персиядан әкелінген, дәріханаға қажетті ағаштар мен шөптерді баптауға, Санкт-Петербургтен дәріханашы мен бағбан алдыруды» бұйырды.
1724 жылы дәріханалық бақша жаңа мекенге көшірілді де, XVIII ғасырдың аяғына қарай 11 ғимараты болды. Оның ішінде, зертхана, гүлзар, кептіргіш сарай т.б.. Бақта жеміс ағаштары, жүйектерде жалбыз, түймедақ, ревень, шалфей, жусан, цикорий, марена т.б. өсірілді. Жиналған емдік өсімдіктер, кептіріліп, Петербург және Мәскеудегі бас дәріханаларға жіберіліп отырған, ал ол жерден, дала дәріханаларына бөлінген.
Лубенск ботаникалық бағында да дәрілік шөптердің көптеген түрлері өсірілген.1750 жылы осында, Қытайдан әкелінген ревень тұқымы, бірінші рет себілді. XVIII ғасырдың соңына қарай, Лубнада қызыл қызылша өсірілді. Одан бірінші рет отандық спирт алынды. Лубнада жыл сайын, астана дәріханаларына арналып, солтүстікте өспейтін емдік өсімдіктер дайындалып отырған. 1758 жылы Мәскеуге 3 кеме дәрілік шикізат жіберілсе, 1777 жылы оның саны 15-ке дейін көтерілді.
Қазына үшін, жабайы өсімдіктерді дайындау, дәріханалық бақта өсіргенге қарағанда, тиімдірек болғанджықтан, 1852 жылы Лубна бағы жойылды.
І Петр тұсында, дәріханалық бақшалардың ашылуымен қатар, отандық жабайы флораны зерттеу жұмыстары да үлкен орын алды. Ресейдің түрлі аудандарының флорасын зерттеуге экспедициялар құрылды. 1702 жылдың 15 ақпанында І Петр Сібірден әкелінген дәрілік өсімдіктерді пайдалануға үкім жасады. Сібірде дайындалатын тамырлар,шөптер, гүлдер, мускустар және т.б. император дәріханасына, «бағасы көрсетіліп жіберілсін», деп атап өткен. 1721 жылы император, емдік өсімдіктерді Ресейдің барлық губернияларынан жинауға және оларды белгімен белгілеп, ішкі нарыққа жіберілуіне үкім жасады.
Бас дәріханадан армияға жіберіліп отырған «дәрілік заттардың» тізімі, сол уақытта пайдаланған емдік заттар туралы түсініктеме береді.Бұл дәрілердің тізімі сан алуан болатын. Ол 160 емдік арақтар, эссенциялар, экстракттар,микстуралар, ұнтақтар, майлар, жақпа майлар, жапсырмалар атауынан құрылған. Терпентин, шпан мушкалары, мүсәтір,күкірт, қорғасын сілтісі,камфара,мия тамырының шырыны, т.б. дәрілер, госпитальдағы солдаттарды емдеу үшін және жаңа астананың құрылысына жіберілген, «жұмыс адамдарына» тегін берілген. І Петрдің өкімі бойынша, емдеу орындарына шарап пен сыра жіберіліп отырған, «шарап пен сырасыз берілген дәрінің пайдасы аз, ал дәрілерге бос ысырап» делінген. Қарағай қылқанында тұндырылған арақпен емдеген.
1717 жылы І Петр Парижде аспапшы шебер Этьен Стефан Луботьемен келісім-шарт жасады. 1718 жылы ол, медициналық кеңсенің штатына тіркелді. 1719 жылы бас дәріхананың жанындағы Дәріханалық аралда, емдік құрал-жабдықтар дайындала бастады. Бұл Ресейде медициналық өндірістің қалыптасуының бастамасы болды.
Көптеген дәрілік құралдарды, дәріханалар меншікті зертханаларында дайындаған. Химиялық өндірістің дамуындағы дәріханалардың ролі зор болды, себебі, олар, негізгі шикізат дайындайтын және оларды дайындау әдістері талқыланатын «ғылыми-зерттеу» зертханалары болып табылды. І Петрдің кезінде ашудас, тотияйын, күкірт, патша арағын (азот қышқылы мен тұз қышқылының қоспасы), күшті арақты (азот қышқылы) өндіру, дәріхана қабырғаларынан шықты.
Химиялық өндірісті дамытуға І Петр шет елдік мамандарды шақырған. Скипидар-шайыршық заводын салдырды, сақар мен селитра өндірісі жетілді, күкірт зауыттары салынды. 1724 жылы Мәскеуде крахмал өндіретін фабрика салынды. І Петрдің өмірінің соңына қарай,мүсәтір алатын зауыт, бірнеше селитра зауыттары, бояу жасайтын химиялық өндіріс жұмыс істеді.
Осылайша І Петр реформалары, елдің экономикалық дамуында, фармацияның дамуында күшті серпіліс болды.
Ғылми зерттеулердің дамуы
Ресейде фармация мен медицинаның дамуындағы үлкен жаңалық- 1725 жылы ашылған ғылым Академиясы. І Петр Академи жұмысына белгілі Европа ғалымдарын жұмылдыра білді: физик Георг Вольфганг Краффтты (1701-1754), тарихшы Герард Фридрих Миллерді (1705-1783), математик Леонард Эйлерді (1707-1783), Христиан Гольдбахты (1690-1764)және т.б..
Петербург Академиясындағы бірінші химия профессоры Иоганн Георг Гмилин болды. (1709-1755) Ол Ресейге 1731 жылы келеді, бірақ, 1733 жылы Витус Беринг басқарған онжылдық Камчат экспедициясына кетеді. Тек, 1741 жылы ғана М.В. Ломоносов академиясындағы химия саласындағы жүйелі зерттеулерді жаңғыртты.
М.В. Ломоносов (1711-1765) – ғұлама орыс ғалымы, энциклопедист, әрі ағартушы. Петербург Ғылым академиясының орыс ұлтты бірінші мүшесі болды. 1745 жылы М.В. Ломоносов химия профессоры және Петербург Ғылым академиясының мүшесі болып тағайындалды. Оның жемісті қызметі тәжірибелік әдісті бекітуге бағытталды және физика, химия, геология,география, астрономия, тау ісі, шыны технологиясы, металлургия, орыс тарихы мен грамматикасы салаларының дамуына әсерін тигізді.
Заттардың сақталу заңы, сандық сараптама, жану процессін түсіндіру ғалымның болашақ зерттеулерінің негізі болды.
М.В. Ломоносов химияның медицина үшін қажеттілігін басып айтқан. « Химияны жетік білмейінше, дәрігердің қалыптасуы мүмкін емес. Онымен қан мен нәрлі шырындардың табиғи ауысуы танылады, онымен сау және зиянды тағамдардың қоспасы ашылады, оның әр түрлі шөптен ғана емес, сонымен қатар, жер қойнауынан алынған заттарынан пайдалы дәрілер дайындалады».
XVIII ғасырдың орасында М.В. Ломоносовтың Ресей ғылымының негізін қалап беруі, фармацияның дамуына да әсерін тигізді. М.В. Ломоносовтың ізбасарлары, Ресей ғалымдары қысқа мерзім ішінде, өз қажеттіліктерімен отандық фармацияны Еуропа ғалымдарының жетістіктерімен бір қатарға қойған, ғылыми жұмыстар қатарын жазды.
Осындай химиктердің бірі Иоганн Готлиб Лемен (1719-1767) болған. Ол 1760 жылдан бастап Петербург Ғылым академиясының химия кафедрасында еңбек етті, профессор болды, химиялық зертхананың меңгерушісі, және бір уақытта, табиғи тарих бөлмесінің меңгерушісі болған. Леман минералдардың химиялық сараптамасы мен сынаулық сараптамасмен айналысқан. 1761 жылы ол сынаулық ісі туралы нұсқаулық басып шығарды.
Леман қайтыс болғаннан кейін, Ломоносовтың химиялық зертханансын Петербург Акадкемиясының академигі, фармацевт, Иоганн Георг Модель (1711-1775) басқарды. Ол 1737 жылы келіп, Ресейде 38 жыл өмір сүрді. 20 жыл бойына Модель Петербургтегі бас дәріхананы басқарды, госпиталь мектебінде химия мен фармацияны оқытты. Ол тәжірибелік мағынасы бар сұрақтарды шешумен айналысқан (ас тұзын, бураны, т.б. байыту және тазалау әдісі). Модель, М.В. Ломоносовтың 1759 жылы жасаған, сынапты қатыру туралы бірінші тәжірибелерінің сарапшысы болған. Ол М.В. Ломоносовтан кейінгі алғашқы орыс микроскопистерінің бірі болған.
Тау ісі мен тиын өнерінің ірі мамандарының бірі Иван Андреевич Шлаттер (1708-1768) болған.
1724 жылы І Петр негізін қалаған, Петербург тиын ауласының жанынан ашылған химиялық зертханада алтын мен күмісті бөліп алудың құрғақ әдісін ойлап тапқан. Ол орыс тіліндегі зерттеулік сараптама жүргізу туралы бірінші нұсқаулықтың авторы.
Ресейде еңбек еткен көрнекті химиктердің бірі, финн Кирилл Густавович Лаксман (1738-1796) болған. Ол Ресейдің флорасы мен фаунасын зерттеген. Сібірде жүріп, өнертапқыш И.И. Ползуновтың басшылық етуімен тау ісін, металлургия мен техникалық химияны таныған. 1770 жылы К.П. Лаксман химия кафедрасына акдемик болып қабылданып, Ломоносов зертханасын басқарған. Ол Глаубер тұзынан жасанды соданы алу әдісін ойлап шығарған.
Иоганн Готлиб Георги (1729-1802) К.Г. Лаксманнан кейін Петербург ғылым академиясының химия кафедрасын басқарды. Оның еңбекткрі тұздардың, теміртастардың,мәрмәрлердің,жанғыш сланцтардың, су өсімдіктерінің, саңырауқұлақтардың, Нева суының т.б. химиялық сараптамасына арналған. Оның барлық еңбектері уақыттың тәжірибелік талаптарын шешуге бағытталған.
XVIII ғасырдың екінші жартысында Ресей жаратылыстануының көтерілуі байқалды. Ғалымдар, флораны зерттей келе, негізі, халықтық медицинады пайдаланатын өсімдіктерге көп қызығушылық танытқан. Олар халықтың көп жылдық тәжірибесі, оның осы саладағы бақылаулары, медицина мен фармацияның ғылыми негізін қалаудағы басты құндылық деп есептеген.
Зерттеу жұмыстарын И.Г. Гмелин-аға бастады. Ол 1733 жылы Сібір бойымен бағыты Ярославль, Тобольск, Семей, Өскемен, Томск, Енисейск, Иркутск және Якутск арқылы өтетін саяхат жасады. «Reise durch Sibiren von dem jahre 1733 bis 1743 » (4 том) еңбегі Сібір табиғаты мен оны мекендеушілері жайлы күнделік түрінде жазылған. Сібірдің емдік өсімдіктерінің тізімін ол «Flore Sibirica» еңбегінің 4 томында жариялаған. (1747-1749)
Гмелинмен бірге екінші Камчат экспедициясының қатысушысы, М.В. Ломоновсотың болашақ шәкірті, студент, орыс ботанигі Степан Петрович Крашеннинников (1713-1755) болды. «Сібір флорасы» және «Камчатка жерінің сипаты» еңбектері осы экспедицияның нәтижесі болып табылады. Соңғы еңбегі жарыққа 1756 жылы, автор қайтыс болғаннан кейін шықты.
«Петербург губерниясының флорасы» еңбегінде басым бөлігі емдік болып сипатталатын 501 өсімдіктер мен шөптерге сипаттама берілген. Бұл өсімдікткрдің барлығы бірінші орыс фармакопеясына енген.
1750 жылы С.П. Крашенинников ғылым Академиясының ректоры, профессор, петербург ғылым академиясының ботаникалық бағының меңгерушісі болып тағайындалды.
40 жыл өмірін Ресей табиғаты мен халқын тануға жұмсаған, жаратылыс зеттеуші- энциклопедист, медицина докторы, академик Петр Симон Палластың (1741-1811)1786 жылы шыққан, тамаша : «Ресей флорасы немесе Ресей мемлекетінің өсімдіктерінің П.С. Паллас берген сипаттамасы» кітабы үлкен қызығушылық тудырды.
Дәрілік өсімдіктерге сипаттама бергенде, ол олардың халық медицинасында қолданылуына да сипат береді. Қайыңды сипаттай отырып, Паллас қайың шырынын құрқұлақты, подаграны, қышыма қотыр бөртпесін емдеуге пайдалануын сипаттайды. Ол: «Қарапайым халықтың немесе жабайы сауатсыз адамдармен байқаусызда ашылған көптеген үй дәрілері, дәрігердің қолында құтқарушы құралға айналады»,- деп жазған.
Иван Иванович Лепехин (1740-1802) – аса көрнекті ғалым, патриот, Петербург ғылым акдемиясының тұрақты хатшысы, медицина коллегисының мүшесі, 1783 жылы ІІ Екатерина ашқан, Ресей ғылым акдемиясының мүшесі, әрі хатшысы. Оның 600 өсімдіктің сипаты берілген «Доктор және ғылым акдемиясының адъюнкты Иван Лепехиннің Ресей мемлекетінің түрлі провинциясына жасаған саяхатының күнделікті жазбалары» (1771-1805) еңбегі ғалымдардың үлкен қызығушылығын оятты. Ол «адам, өсімдік әлемі және ішкі ортаның арасында байланыс бар» деген ой тастап, емдік мақсатта жергілікті өсімдіктерді пайдалану керек деп есептеген. Ол жергілікті емдік шөптерді пайдалану тәртібін қарапайым тілде түсіндіретін, халыққа арналған емдік кітап шағаруды армандаған.
И.И. Лепехин үлкен әдеби мұра қалдырды. Оның еңбектері жеке баспа түрінде ғана емес, еркін экономикалық қоғамның еңбектерінде де, академиялық шығармалар мен журналдарда да шақты.
И.И. Лепехиннің шәкірттері Николай Яковлевич Озерецковский (1750-1827)мен Василий Феодорович Зуев (1754-1794) . Н.Я. Озерецовский – академик, медицина ғылымының докторы, ғалым-энциклопедист. Қартайған шағына дейін, экспедициялық қызметін тоқтатпаған. Оның ботаника, география, зоология, минералогия, этнография, медицина мен фармация салаларындағы еңбектері бар.
«Дәрігерлік ғылым,- деп жазған Н.Я. Озерцовский,- пайдалануға, пайдасын алдымен қарапайым адамдар таныған, көптеген заттарды енгізді. Дәрігерлерге тек қана халықта пайдаланылатын заттардың әсерін нақтырақ зерттеуге бар ынтасын салу ғана қалды... Бірақ түрлі ауруларға қажеттілігі дәрігерлерге қарағанда, халық арасында көбірек белгілі заттар да бар».
В.Ф. Зуев И.И. Лепехинмен бірге барған экспедициядан қайтып келгеннен кейін, Қара теңіз жағалауына жаңа саяхат жасады. Экспедиция аяқталғаннан кейін бес жылдан соң ол 1781-1782ж. «Петербургтан Херсонға дейінгі саяхат жазбалары» кітабын шығарды. 1786 жылы В.Ф. Зуев, халық училищелеріне арналған, орыс тіліндегі бірінші оқулық «Ресей империясының халық училищелеріне арналған жаратылыс тарихы жазбаларын» жазды. 40 жыл бойына бес баспадан өткен ең үздік оқулық болды. 1787 жылы В.Ф. Зуев академик болып сайланды, халық училищесінде жаратылыс тарихының профессоры болған. Білімді Лейден және Страсбург университеттерінде алып, медицина докторы атанды. П.С. Паллас экспедициясының құрамында, Ресейдің алыс аймақтарында алты жылын өткізді. Оның үлкен қызығушылық тудырған, «Химияның пайдасы туралы сөз» дәрісінде химиялық зерттеулердің медицина мен фармация үшін маңыздылығы туралы айтылады.
XVIII ғасырда Ресей медицинасының аса көрнекті қайраткерлерінің бірі Константин Иванович Щепин (1728-1770) болған. Ол Котельничеде туып, Киев-Могилян академиясының Вятск духовный семинариясында оқыған. Кейін Константинопольде, Грецияда, және Италияда тұрған. Латын, грек және бірнеше батыс еуропа тілдерін жетік меңгерген. Ресейге оралғаннан кейін, академик С.П. Крашенинниковтың қол астында еңбек етті, Петербург маңайының өсімдік әлемін зерттеген. Кейін Лейденде білімін жалғастырып, өсімдік қышқылы туралы докторлық диссертациясын қорғаған. Бұл жұмысында ол, адам тағамындағы өсімдік қышқылы әсерінің сараптамасын жасап,оның құрқұлаққа қарсы күрестегі ролін көрсеткен.
1962 жылдан бастап, К.И. Щепин Мәскеу госпитальдық мектебіндегі бірінші орыс профессоры болған. Орыс тілінде оқыған дәрістерінің бесеуінің екеуін ол дәрітануға арнаған. Ол рецептураны оқытуды енгізді, дәрістерінде фармацевтік препараттамен таныстырған және тәжірибелік сабақтарды дәріханаларда өткізуге қол жеткізген.
Ресей дәрілік флорасын зерттеуде үлкен үлес қосқан, ұлы ғалым дәрігерлердің бірі- Нестор Максимович Мкасимович- Амбодик (1744-1812). 1775 жылы Страсбург университетінің медициналық факультетін аяқтағаннан кейін, «Адам бауыры туралы» тақырыбында диссертациясын қорғап, Петербургтегі алдымен, Адмиралтей, кейіннен Кронштадт госпиталінде еңбек етті. Мұнда ол физиологиядан, медико-хирургиялық тәжірибеден және дәрілік өсімдіктер туралы дәрістер оқыды. 1781 жылы ғалым акушерлердің ішінде бірінші болып орыс тілінде дәрістер оқи бастады.
Н.М Максимович- Амбодик емдік өсімдіктанудың белсенді жақтаушыларының бірі болды. Ботаниканы ол дәрілік тәжірибенің бөлігі деп қабылдаған. Ол ботаникадан бірінші орысша «Ботаниканың бастапқы негізі» (1796) оқулығының авторы, «Ботаникалық сөздікті»(1798) және капиталды «Дәрігерлік затсөздік немесе дәрігерлікте пайдаланатын, әр өсімдіктің табиғи түріне сәйкес суреттерді қосу арқылы түсініктемелерін сипаттау» (1783-1789) еңбегін жазды. Ғалымның барлық еңбектері емдік өсімдіктер туралы материалға бай. «Дәрігерлік зат сөздігінде» ол 123 дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын келтірген. Осы өсімдіктердің көпшілігі XVIII ғасырдың фармакопеясына енгізіліп, қазіргі уақытта да өз мағынасын жоғалтпаған. Н.М.Максимович- Амбодик - Ресей фармакогнозиясының негізін қалаушылардың бірі.
Мартын Матвеевич Тереховский (1740-1796) 1775 жылы Страсбург университетінде қорғаған «Линнейдің кұюшы хаосы туралы» диссертациясында тұнбаларда болатын микроскопиялық организмдердің шығу тегін көрсеткен. Ол бірінші Ресей микробиологы деп саналады.
М.М. Тереховский Петербур дәріхана бақшасының директорларының бірі болған. Дәрілік өсімдіктерді зерттеп жүріп, өлерінің алдында «Өсімдіктердің пендеге берер пайдасы» поэмасын жазды.
Семен Герасимович Зыбелин (1735-1802) ММУ-ды бітіргеннен кейін, Лейден университетіне жіберілді. Онда ол медицина докторы дәрежесіне диссертация қорғады.
1765-1802 жылдары Мәскеу университетінде теоретикалық медицина кафедрасын меңгерген. Ол анатомия, физиология, химия, хирургия, затенгізу және рецептура дәрістерін латын тілінде емес, алғаш рет орыс тілінде оқыды. Оның негізгі еңбегі «Табиғаттың үштік патшалығынан өндірілетін қарапайым емдік сабындар, олардың химиялық өзгерістері, қасиеттері және медицинада пайдалануы туралы химико- медициналық диссертация» деп аталған.
Александр Михайлович Шумлянский (1748-1795) Петербург адмиралтей госпиталі маңайындағы госпитальдық мектепті бітіргеннен кейін, Страсбург университетінде білімін жетілдіріп, 1782 жылы «Бүйрек құрылысы туралы» тақырыбында диссертация қорғады.
1785-1786 жылдары ол шетелде медициналық және фармацевтикалық білім беруді оқыды.
Талантты дәрігерлердің замандасы, өз уақытының білімді адамдарының бірі- Андрей Тимофеевич Болотов (1783-1833). Ол емдік өсімдіктерге арналған 570 мақаласын «Экономикалық дүкенде» басып шағарған. Өз жұмыстарында ол өсімдіктерді жинау, кептіру және сақтау мәліметтерін келтірген, дәрілік шикізаттан тұнбалар, буламалар, жинақтар т.б. дайыдау әдістерін келтірген.Оның еңбектері Ресей фармакогнозиясының дамуына үлкен үлес қосты.
XVIII ғасыр аяғындағы фармацевт ғалымдар арасындағы көрнектісі – Товий Егорович (Иоганн Тобиас) Ловиц (1757-1804). Оның суды адсорбционды тазалау, «нан шарабы», қант шырыны туралы жұмыстарының тәжірибелік мағынасы зор болды.
Ловиц тас көмірдің адсорбционды қасиеттерін ашты, күкірт қышқылының коагуляциялық әсерін тапты, көмірдің жеміс шырындарына, зығы және канопля майларына түссіздендіру әсерін тапқан. Ол бірінші болып, мұзды сірке су қышқылын алған, жасанды суық жасаудың жаңа әдістерін құрастырған.
Органикалық химия саласында 1792 жылы криссталл жағдайындағы жүзім қантын бөліп алды, 1798 жылы абсолютты (сусыз) спирт және эфирді алды. Ол- қышқылдың күшін анықтау үшін титрлеу әдісін пайдаланған, алғашқы химиктердің бірі.
30 жасында ол ғылым академиясының корреспонденті болып сайланды, ал 36 жасында – академик, медициналық коллегия мүшесі болды.
М.В. Ломоносовтан кейінгі ірі орыс академик – химиктерінің бірі - Василий Михайлович Севергин (1765-1826) болды. Оның «Дәрілердің химиялық қоспасының тазалығы мен шынайылығын зерттеу әдісі (1800)» еңбегінің формация үшін бағасы құнды. Бұл дәрілердің сараптамасы туралы, орыс тіліндегі бірінші бастамасы болды. Кітапта емдік ортақ жоспармен қарастырылған: алу, физикалық қасиеті, тазалығы мен шынайылығын анықтау. Дәрілік құралдарды сипаттаудың бұл реті осы уақытқа дейін сақталып келген.
В.М. Севергиннің «Минералды суларды зерттеу әдістері» жұмысының медицина үшін макңызы зор болды.
В.М. Севергиннің замандасы Яков Дмитреевич Захаров (1775-1836) болған. Оның еңбегі – ол неміс тілінен аударылған Х. Гиртаннердің «Антифлогистикалық химия» (1801) оқулығы. Ол жаңа орыс химиялық номенклатурасын құруға қатысты. Мәскеу унирверситетінің химиктерінің арасында фармацевтік химия мен фармация профессоры Иоганн Якоб Биндгейле (1750-1825) белгілі болған. Ол ақ қызылшадан қантты бөліп алған (1799) және Ресейде қант қызылшасы өндірісінің дамуына бастау салды.
Биндгейлемен бірге Ресейдегі қант технологиясының құрылымы мен Давид Шероним Гриндель (1776-1836) айналысқан. Ол 1802 жылы қызылшадан қант алуды ашқан үшін Петербург еркін экономикалық қоғамының алтын медалін алды. Ириндельдің ұсынысы бойынша, Рига химико-фармацевтикалық қоғамы – Ресейдегі фармацевтердің бірінші қоғамы ұйымдастырылды. Ол бірінші отандық фармацевтикалық «Russisches Jahrbichder Pharmarie» (орыс фармация жылнамасы) журналының негізін қалаушы. Фармацияның жалпы сұрақтары, фармакогнозия, фармацевтік химия салаларындағы ғылымның жұмыстары белгілі.
Демек, XVIII ғасырда Ресей ғалымдары, Ресей фармациясының негізін дайындап берген.
Ресей фармакопеяларының құрылуы XVIII ғасырдың екінші жартысына дейін, Ресейдің дәрігерлері мен дәріханашылары, отандық фармакопеяның жоқ болуының себебінен, Еуропа елдерінің фармакопеясын пайдаланған.
1763 жылы II Екатеринаның үкімі бойынша медициналық кеңсенің орнына медициналық коллегия ашылды. Оның алдында отандық дәрігерлер мен дәріханашылардың кадрларын дайындап қана қоймай, Ресей фармакопеясын құру мақсаты тұрды.
Коллегия ережелерінде «мұндай кітап баспаға шығарылмас бұрын, ол туралы барлық Ресей докторларына хабарлау керек. Олардың әрқайсысы өз тәжірибелері бойынша ескертулер жасап, коллегия талқыға салып, өз апробациясында бүкіл Ресейге тарайды» деп жазылған. Медициналық коллегия, фармакопеяға материалдар жинай отырып, әр медикке «Ресейдің табиғаттың үш патшалығында әлі белгісіз, жаңа, сирек кездесетін заттар бар. Олар туралы коллегияға хабарлау керек. Коллегия барлығын ескереді. Қабылдаған ескертулер әдістемелік жаңалықтарға енгізіліп, басылады» делінген.
Осы нұсқаулықта жақсы еңбектері үшін, медиктер мен емшілер «Ресейде бар заттардан жаңа дәрілерді ойлап шығарып, сенімді тәжірибелермен олардың пайдалануға күмән келтірмеуі» үлкен үлес болып саналады.
Орыс армиясының күшейіп, көбеюіне байланысты медициналық коллегия өз қызметін полктік дәріханаларға арнаған әскери фармакопеяны құрудан бастады. Ол 1765 жылы латын тілінде шықты. Ол «Pharmacopoea Castrensis continens tiiulos et clescriptiones medica mentorum in cistis chirurgoram» (хирург жәшіктеріндегі дәрілердің атауы мен сипаттамасы бар, әскери фармакопея).
Фармакопеяны құрау кезінде, медициналық коллегия дәрілік заттардың орналасуының алфавиттік жүйесін қабылдаған. Емдік тәжірибеде өзін-өзі ақтаған заттар ғана алынған. Бірінші бөлімде 191 дәрілік заттар енген, олардың 82-і өсімдіктерден алынған шикізаттар, 88-і гален препараты, қалғандары химиялық препараттар.
Химиялық препараттар дәріханаларда дайындалған. Олардың ішінде сынап және сурьме препараты айтарлықтай орын алған. Өсімдік шикізаттарынан каталогқа: миндаль, жалбыз шөбі, мелисса, шалфей, анис тұқымы, түймедақ гүлі т.б. енгізілген. Гален препараттарынан хин тұнбасы, жусан, горечявка т.б. тұнбалары енгізілген. Шетелдік дәрі-дәрмектердің жалпы санының 15 % құраған, олардың арасында түрлі шайырлар, апиын, копай және перувиан бальзамдары.
Полктық жинақтың екінші бөліміне күрделі дәрілік заттардың (жапсырмалар, жақпа майлар, сіркесу балы) 47 жазбасы енгізілген. Бұл фармакопеяның екінші баспасы 1779 жылы шықты.
Отандық дәрілік флораны және халықтық медицина құралдарын зерттеу нәтижесі, емдеуші дәрігерлер мен дәріханашылардың бақылауы мен тәжірибесі, жалпы мемлекеттік бірінші орыс фармакопеясын латын тілінде дайындап шығаруға мүмкіндік берді.
Фармакопеяның енгізуінде М.В. Ломоносовтың Ресейдің зор табиғи байлығын пайдалану туралы ойы оның негізі болып табылатындығы айтылған. Фармакопеяны құруға Х.Пекин, И.И.Лепехин және медицина коллегиясының басқа да мүшелері қатысты. Фармакопеяда 770 дәрілік заттың атауы бар, оның ішінде: өсімдік – 316, жануарлық – 29, химиялық – 147 және әр түрлі қиын қоспалар -278. 1782 жылы фармакопея қайта басылды, ал 1788-1830 жылдары ол Копенгаген мен Лейпцигте шықты.
1793 жылы мед-коллегияның төрағасы болып II Екатеринаның кезіндегі көрнекті сановник – А.И. Васильев тағайындалды. (1742-1807) Соның кезінде 1798 жылы латын тіліндегі екінші орыс фармакопеясы «Pharma – Copoea Rossica» шықты. Фармакопея авторы – анатомия мен физиология профессоры Никон Карпович Карпинский (1745-1810). Ресей фармакопеясында дәрілік заттардың мақалалары бірінші рет алфавиттік ретте орналасты. Жаңа отандық шикізат ретінде: пеон тамыры, наперстянка, ақ қына дәні, су қымыздығы, лаврине жапырағы т.б. енгізілді. Жануарлардан алынған өнімдерден екінші фармакопеяға: өгіз майы, жұмыртқа ақуызы, құмырсқалар т.б. енді. Фармакопеяда келесі майлар: жусан, түймедақ, аскөк, лаванда, вазелеин, мускат, скипидар т.б. майлары қарастырылған.
1798 жылы фармакопеяға алғаш рет «эмульсия» енгізілген., экстрактарды, шырындарды, кисельдерді, жапсырмаларды, бальзамдарды, майларды, балауызды, спиртті дайындау әдістері енгізілген.
XVIII ғасырда жасалған және 1798 жылғы фармакопеяға енгізілген дәрілік заттардың тізімі кейіннен XIX, XX ғасырлар фармакопеясын дайындау материалы болды. 1798 жылы фармакопея 1799 жылы Ресейде қайта шықты. 1825 жылы Италияда шығарса, 1830 жылы неміс тіліне аударылды. 1802 жылы екінші Ресей фармакопеясы орыс тілінде шығып, Ресей дәрігерлері мен дәріханашыларына үлкен роль атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: |