Конюхов селолық округі
Селолық округ құрамына үш елді мекен кіреді: 457 халқы бар Конюхово селосы, 37 тұрғыны бар Камышлово селосы, 147 халқы бар Куломзино селосы.
Тұрғындардың жеке қосалқы шаруашылығында 1352 ірі қара мал, соның ішінде 644 сиыр, 824 бас шошқа, 177 бас жылқы, 754 бас қой және ешкі, 4491 дана құс бар. Округтің барлық тұрғындары қысқы кезең үшін қажетті сабан және шөппен қамтамасыз етілген. Осы орайда толғандыратын тағы бір мәселе бар. Біздің аймақ мал шаруашылығы үшін өте қолайлы, бұған мысал ретінде мал өндірумен айналысатын, 430 бас ІҚМ, 600 шошқасы, 120 бас жылқысы, 55 бас қойы бар «Куломзино» ШҚ келтіруге болады. 2010 жылы «Куломзино» ШҚ өткізген еті үшін мемлекеттен 5 млн. 320 мың субсидия алды. Округте тәулік бойы сүт сатып алу ұйымдастырылған. 2010 жылы 9 млн. теңгеге 322 тонна сүт сатып алынды. Сүт сатып алу бойынша селолық округіміз ауданда екінші орында тұр. Селолық округінің тұрғындары айына бір рет Петропавл қаласында өтетін жәрмеңкеде ет – сүт өнімдерін сату мүмкіндігіне ие.
2010 жылы округтің ауылшаруашылығы құрылымдары 11208 га егістік екті. «БОГВИ» ЖШС - 8171 га, ШҚ – 3037 га. Округ бойынша ең жоғары көрсеткіш «Куломзино» ШҚ-да гектарынан 11 ц өнім алынды. Шаруашылықтағы жұмысшылардың айлық жалақы мөлшері 40,0 мың теңгені құрады.
Конюхово селосының тұрғындары ауыз сумен 1 құты 10 теңге бағасымен су тарату пунктінен қамтамасыз етіледі. Ағымдағы жылы Конюхово селосының тұрғындарын су тарату пунктінен сумен қамтамасыз ету бағытында үлкен жұмыстар атқарылды. Тұрғындарды шаруашылық қажетіне жарататын сумен қамтамасыз ету үшін селоның солтүустік бетінде су қоймасы қазылды. Куломзино селосының тұрғындарына су таратылады, Камышлово селосында ашық су қоймасы жабдықталған.
Селолық округтің аумағында 80 оқушыны қамтыған 1 орта және 1 бастауыш мектеп жұмыс істейді. Мектептер оқу жылының басталуына өз уақытылы дайындалды, мектептерде жылу тәртібі сақталады. Конюхово орта мектебінді жылы тамақ ұйымдастырылған, тамақтың бағасы 40 теңге. 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтанады, ал Куломзино селосының оқушылары «Куломзино» ШҚ есебінен тегін тамақтандырылады. 25 – 26 қараша күндері Конюхов орта мектебі мемелекеттік аттестациядан өтті. Балаларды мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамтамасыз етуге бағытталған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында оқу жылының басында Конюхово және Куломзино селоларында мини-орталықтар ашылды.
Округте волейбол мен баскетбол бойынша спорттық секциялар жұмыс істейді, округ спортсмендері аудандық және облыстық жарыстарға белсенді қатысады.
Округте тұрғындарды ең қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін 3 дүкен, 3 киоск жұмыс істейді. Азық-түліктердің негізгі түрлеріне бағалар орта облыстық деңгейде.
Конюхово және Куломзино селоларында 2 медпункт бар. Өкінішке орай, Камышлово селосында фельдшердің жоқтығынан медпункт жұмыс істемейді. Камышловоға Конюхово селосы медпунктінің фельдшері бекітілген, одан басқа апта сайын біздің округке аудан емханасынан терапевт келіп тұрады.
Қазан айында қарт адамдар айлығы өткізілді. Қарттардың ешқайсысы назардан тыс қалған жоқ. Өндірістен қол үзіп қалған зейнеткерлер «БОГВИ» ЖШС-не бекітілді.
Село халқының өмір сапасын жақсартуда ауылдың инфроқұрылымын дамытудың маңызы үлкен. Селолық округ аумағында көшелерге жарық орнатылған, Конюхово селосында жарық үшін төлем тұрғындар есебінен жүргізілсе, Куломзинодағы жарық үшін төлемді «Куломзино» ШҚ төлейді.
150 абоненттік АТС жұмыс істейді, желтоқсан айынан ұялы байланыс, пошта байланысы бөлімшесі, кітапхана жұмыс істейді, күн сайын Конюхово-Булаево, Куломзино-Петропавл бағытында автобус қатынасы ұйымдастырылған.
2010 жылы округте жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде 35 жұмыс орнын құру жоспарланды, нақты 48 орын құрылды, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 10 жұмыс орны.
Өткен жылда 71,0 мың теңгелік атаулы әлеуметтік көмек 2 отбасыға немесе 8 балаға көрсетілді, 11 отбасыға немесе 18 жасқа дейінгі 22 балаға 183,7 теңге сомасына жәрдемақы төленді.
Округті дамытудың басты міндеттерінің бірі болып округтің селоларын көркейту мәселесі табылады. Сәуір айынан үй иеліктерінің аумақтарын, өндіріс учаскелерін, көшелерді, жолдарды тәртіпке келтіру бойынша жұмыстар атқарылды, ағаштар егілді, қоқыс тастайтын жерлер жойылды және басқа да жұмыстар жүргізілді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қорғау үшін селолық округте учаскелік полиция нұсқаушысы жұмыс істейді және ол өз міндеттерін тыңғылықты атқарады.
Жыл бойы 2010 жылғы қаңтар – ақпан айларында М.Жұмабаев ауданы әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізілді. Кейбір сұрақтарға жауаптар кездесу барысында берілді, ал жолды жөндеу мәселесі бақылауға алынды, қазіргі уақытта «Куломзино» ШҚ күшімен Конюхово – Куломзино жолына жөндеу жүргізілсе, Конюхово-Октябрьское жолындағы ойықтарды жөндеу Конюхово селосы тұрғындарының қаражатына жүргізілді. Ағаш кесу тек елді мекен маңайында ғана рұқсат етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |