5.2.79. Барлық босандыру ұйымдарында ана өлім-жітімі мен акушериялық асқынудың жіті жағдайларын жасырын тексеруд і қолдау
Есептік жылда ана өлімінің 26 жағдайына талдау жүргізілді. Ал қалған 26 ЦККА мүшелерінің қарауында.
Талдаудың алдын ала деректері бойынша ана өлімінің жетекші себебі ұрықтың уақытынан бұрын түсуі, атоникалық қан кетудің және жатырдың жыртылуы себебінен болатын акушериялық қан кетулер (23,0%) болып табылады.
Эктрагениталдық патологиядан болған ана өлімінің талдалған 7 жағдайының арасында өлім жағдайларының негізгі себептері ушыққан екі жақты толық қамтитын вирустық-бактериялық пневмония (57%), жүрек-қан тамыры патологиясы (28,6%), туберкулез (14,2%) болып табылды.
Ятрогенияның 4 жағдайы назар аудартады, оның ішінде 3 жағдай – операциялық кірісулерден кейін жеткіліксіз гемостаздың салдарынан болған қан кету және 1 жағдай – ішектің зақымдалуына байланысты перитонит.
Өкпе артериясы тромбоэмболиясынан болған з өлім жағдайы да бар. Аталған жағдайларда тромбоэмоликалық асқынулардың даму қаупінің факторлары ескерілмеген, тромбоэмболия профилактикасы жүргізілмеген.
2012 жылы босандыру ұйымдарында ана өліміне және акушериялық асқынулардың ауыр жағдайларына жасырын аудиттің түпкілікті талдауы 2013 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық Іс-шаралар жоспарына сәйкес ұсынылатын болады.
Іс-шараларды іске асыру жалғастырылады.
5.2.81. Ересек тұрғындар арасында холестерин, қан глюкозасын анықтау арқылы АГ, ЖИА, қант диабетін ерте анықтаудың экспресс-диагностика әдісін дәрігерге дейінгі кабинеттерге жүргізу
Мақсатты топтағы халыққа профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды өткізу ережелеріне («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қазандағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 16 наурыздағы № 145 бұйрығы) сәйкес дәрігерге дейінгі кабинеттерде АГ, ЖИА, кант диабетін ерте анықтаудың экспресс-диагностика әдісі жүргізіледі. Холестерин, қан глюкозасын анықтау үшін аппараттар жергілікті деңгейде сатып алынады.
2012 жылы ересек тұрғындар арасында холестерин, қан глюкозасын анықтау үшін 27 300 мың теңгеге МСАК ұйымдарының дәрігерге дейінгі кабинеттеріне 525 жабдық сатып алынды.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.2.82. Есту қабілетінің туа біткен және тұқым қуалайтын патологиясын анықтауға ерте жастағы балаларға скрининг жүргізу (босандыру ұйымдарын аталған отоакустикалық эмиссияны тіркейтін портативтік кұрылғыларымен жарақатандыру
2012 жылы ТТО шеңберінде облыстық бюджеттерге және Алматы мен Астана ққ. бюджеттеріне босандыру ұйымдары үшін аталған отоакустикалық эмиссияны (АОАЭ) тіркейтін портативтік кұрылғыларына сатып алуға жалпы сомасы 21 284 мың теңгеге 17 аппарат сатып алынды.
2012 жыл ішінде 0-17 жас аралығындағы 4 487 445 бала профилактикалық тексерістермен қамтылды. 16.5 балада әртүрлі аурулар айқындалды.
5.2.83. Әйелдерді жатыр мойны обырын ерте анықтауғаа скрининг жүргізу
Жатыр мойнының ісік алдынғы және қатерлі ісігін ерте анықтау үшін 30, 35, 40, 45, 50, 55 және 60 жастағы 582 566 әйел тексеріліп-қаралды. Нәтижесінде жатыр мойны обыры 194 жағдайда (1-2-дәреже 90,5%) және 28 805 ісік алды жағдай анықталды, оның ішінде 6780 жағдайда жасушалардың атипиясы және ауыр дисплазиясы. Анықталған патологияның ішінен Д-есепке 90,2% пациент тұрғызылды, оларға сауықтыру жүргізілуде.
Іс-шараны іске асыру жалғастырылады.
5.2.84. В және С гепатитіне нысаналы тәуекел топтардың скриникгін жургізу:
балаларда (қан аурулары бар науқастар, гемодиализ, қатерлі ісік қан, оның компоненттерін құюды қоса алғанда және операция жасалғандар)
ересек турғындарды (медицина қызметкерлері: операция жасайтын хирургиялық бейін, ем шара кабинеті, жедел медициналық жәрдем, қан орталықтары, патологоанатомиялық қызмет, сот медидиналық сараптама, сондай-ақ қан аурулары науқастары дәрігерлері мен м/б
2012 жылы В және С гепатитіне скрининг шеңберінде 120 696 бала мен 277 926 ересек қамтылды, оның ішінде 484 балада және 2870 ересекте анықталды.
Іс-шараны іске асыру жалғастырылады.
5.2.86. Онкодиспансерлерді жатыр мойны ісік алды және ісік ауруларына РаР тестін жүргізу үшін қазіргі заманғы сұйықтық цитология аппараттарымен жарақтандыру
Осы іс-шара бойынша 2012 жылы республиканың онкологиялық диспансерлері үшін жалпы сомасы 240 мың теңгені құрайтын сұйықтық цитологиясы аппараттары сатып алынды.
5.2.88. Аурулардың профилактикасы мен саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу және тарату
2012 жылы 40 түрлі ақпараттық-шолу материалдары (плакаттар, буклеттер, үнпарақтар) әзірленді.
Республика бойынша профилактика мәселелері туралы ақпараттық-оқыту материалдары таратылды:
-
ана мен баланың денсаулығын сақтау – 1790246 дана,
-
ҚЖА - 1010236 дана,
-
онкологиялық аурулар – 1382205 дана,
-
туберкулез - 1137974 дана,
-
шылым шегу – 1131529 дана,
-
нашақорлық – 1127872 дана,
-
алкоголизм – 1100113 дана,
-
физикалық белсенділік - 1083053 дана,
-
тамақтану - 1125726 дана,
-
УРВИ, вирустық гепатит - 2541037 дана,
-
жарақаттану – 722620 дана,
-
АИТВ/ЖИТС – 5419462 дана.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.2.89. Ревматологиялық, гастроэнтерологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық, нефрологиялық және дерматовенерологиялық қызметтердің тиімді жұмысы үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің мынадай бұйрықтары әзірленді және бекітілді.
1) «Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 364;
2) нормативтік құқықтық актілерде 2012 жылғы 15 наурыздағы № 7461 тіркелген «Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы қағиданы бекіту туралы» 2012 жылғы 15 ақпандағы № 86 бұйрықтары;
5.2.90. Ревматологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту
Республика өңірлерінде медициналық көмекті жетілдіру мақсатында қалалық және облыстық ауруханалардың материалдық-техникалық базаларын нығайту үшін ревматологиялық науқастарды емдеуге арналған физиотерапия кешендерін сатып алу жалғасуда. 2012 жылы жалпы құны 112,9 млн. теңгені құрайтын ревматологиялық науқастардың буындарын емдеуге арналған 15 физиотерапия кешені сатып алынды.
5.2.91. Диагностикалау мен емдеудің жаңа жоғары технологиялық түрлерін енгізу есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін кеңейіу
«Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 20.11.2012 ж. № 815 бұйрығы бекітілді.
Бүгінгі таңда технологиялардың тізбесі 268-ден бастап 341-ге дейін кеңейтілді, оның ішінде кардиохирургия, трансплантология, диагностикалық қызметтер, онкология саласында. Коронарлық артерияларды стенттеу, транслюминалды ангиопластика, сүйек ісігінде буынды және сүйекті ауыстыру, FISH әдісімен онкогематологиялық және онкологиялық ауруларды молекулалық-цитогенетикалық диагностикалау, конформдылық сәулелі терапия әдістері енгізілді.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.2.92. Интервенциялық кардиологиялық қызметті, оның ішінде аритмологиялық қызметті одан әрі дамыту жөнідегі шаралар кешенін әзірлеу және жүргізу
Интервенциялық кардиологиялық қызметті, соның ішінде аритмологиялық қызметті одан әрі дамуға бағытталған шаралар қабылданды.
2012 жылы республикада 20 мыңнан астам кардиохирургиялық операция (солардың 9633 операциясы ересектеге ашық жүрекке жүргізілді), соның ішінде 1976 кардиохирургиялық операция балаларға жасалды.
Республикада жүргізілген интервенциялық оперативті әрекеттердің саны – 11 333 (29%) құрады, бұл сәйкесінше 2011 жылдың кезеңімен (6309) салыстырғанда 56%-ға артық.
Интервенциялық (оперативті емес) әрекеттердің саны – 38 900 құрады, бұл өткен жылдың кезеңімен (27 753) салыстырғанда 11 147 әрекетке артық, солардың 78,3% өңірлерде (30 454), 21,7% республикалық медициналық ұйымдарда (8 446) жүргізілді.
Коронароангиографиядан 27 739 науқас өтті (71,3%), солардың ішінде жоспарлы – 41,6% (11 537) және шұғыл – 58,4% (16 202).
8958 стенттеу жүргізілді, бұл 2011 жылдың сәйкесінше кезеңімен (4740) салыстырғанда 53% артық, солардың ішінде жоспарлы тәртіпте – 32,9% (2836), ал шұғыл тәртіпте – 67,1% (6122).
2011 жылдың сәйкесінше кезеңімен (554) салыстырғанда 2012 жылы 259 артық эндоваскулярлық әрекет (813) жүргізілді.
Қабылданған шаралар мидың тамырлық зақымдануынан болатын өлімді 2011 жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Жіті коронарлық синдромы (ЖКС) бар және МҚЖЗ бар емделушілерге медициналық көмекті көрсетудің сапасын арттыру үшін ЖКС/МҚЖЗ бар науқастарды емдеудің алгоритмдерін енгізу жүзеге асырылуда.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
ТТО жоспары – 3067,3 факт.
5.2.93. Кардиологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту
Кардиологиялық көмекті көрсететін ұйымдарға жалпы сомасы 1 176,2 мың теңгені құрайтын ангиографтар, тредмил жүйелері, ЭКГ және АҚ тәуліктік мониторингтау жүйелері, бипландық балаларға арналған ангиограф сатып алынды.
5.2.96. Туберкулезге қарсы ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту
2012 жылы жалпы сомасы 209,6 мың теңгені құрайтын жылжымалы рентгентік флюорографиялық сандық кешендер, жұмыс станциясы және 3 жұмыс орнына суреттерді өңдеуіш бар рентгендік диагностикалық стационарлық сандық аппарат.
5.2.98. Инъекциялық есірткіні тұтыну (ИЕТ), секс-қызметкерлері (СҚ), бас бостандығынан айрылған тұлғалар және ерлермен сексі бар еркектер (ЕСЕ) АИТВ инфекциясы эпидемиясына қатысты халықтың топтарында АИТВ инфекцкясының профилактикасын жүргізу, оның ішінде:
ИЕТ.СҚ ЕСЕ стационарлық және мобильді сенім пункттері және достық кабинеттерінде шприцпен, Презервативпен алмастыру бағдарламасымен камтамасыз ету
155 сенім пунктінде ИЕТ-ті профилактикалық бағдарламалармен қамту ИЕТ-тің бағалық көлемінің (116 840 адам) – 72,8% (85 041 адам) құрады (2011 жылы ИЕТ қамту 64,4% құраған).
АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас жолымен берілуінің алдын алу үшін халықтың әлсіз тобының арасында 33 достық кабинеті (бұдан әрі - ДК) жұмыс істейді.
ДК-ге бір жылда – 28 504 адам жүгінді (2011ж. – 25 345 адам). ДК-ге жүгінген адамдар ішінде – 34,9%-ын (9976 адам) секс қызметкерлері (бұдан әрі – СҚ) (2011ж. - 40,4%), 3,3%-ын - (950 адам) ер адамдармен жыныстық қатынаста болатын ер адамдар (бұдан әрі – ЕЖҚЕ) (2011ж. – 2,7%), 28,1%-ды (8025 адам) ИЕТ құрайды (2011ж.- 24%) және 33,5%-ды (9553 адам) жастар (2011ж. – 32,9%) құрайды. Инъекциялық есірткілерді тұтынатын адамдар үшін барлығы – 22 260 819 дана шприц таратылды, оның ішінде ИЕТ үшін - 22 148 045 шприц, есірткі тұтынатын СҚ үшін – 111 262 шприц, есірткі тұтынатын ЕЖҚЕ үшін – 1512 шприц.
барлық ниет білдірген ИЕТ, СҚ ЕСЕ және бас бостандығынан айрылған тулғаларды сапалы презервативтермен қамтамасыә ету
ИЕТ, СҚ, ЕЖҚЕ-ге – 11 884 766 презерватив таратылды, (2011ж. - 11 396 791), оның ішінде ИЕТ үшін - 4 656 303 презерватив (2011ж. – 6 448 642 дана), СҚ үшін - 5729971 презерватив (2011ж. – 4264040), ЕЖҚЕ үшін – 1 498 492 презерватив (2011ж. – 684109). ҚАЖ мекемелерінде – 661 716 презерватив таратылды.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.2.99. АИТВ инфекциясына тестілеу және сапалы консультация беруде халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету
Тест алдында және тесттен кейін консультация өткізу арқылы АИТВ инфекциясын анықтауға барлығы 2 341 969 адам тексерілді (республиканың жалпы халқының 13,6%-ы), бұл ретте 2015 АИТВ жұқтырған адамдар анықталды (2011 жылы 2 207 055 адам тексерілді, 2006 АИТВ жұқтырғандар анықталған).
ИЕТ, СҚ ЕСЕ, әлсіз жастарға достық кабинеттер мен сенім пунктерінде АИТВ инфекциясының әкспресс-диагностикасын жүргізу
АИТВ инфекциясын анықтауға 51 659 шұғыл – тест сатып алынды, оның 28 745 данасы сенім пункттері үшін (бұдан әрі - СП) және 22914 данасы ДК үшін. СП-де шұғыл тәсілмен 25548 ИЕТ тесерілді. ДК-те шұғыл тәсілмен 18498 адам тексерілді, оның ішінде 7328-і СҚ, 3221-і ИЕТ, 699-ы ЕЖҚЕ және 7250 – жастар.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.2.100. АИТВ жуктырған тұлғаларды ретровируска қарсы препараттармен қамтамасыз ету
РВҚ препараттармен ересектерді және балаларды қамтамасыз ету толық көлемде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.2.101. АИТВ жұқтыру қаупіне шалдыққан тұлғаларды байланыстан кейінгі профилактикамен қамтамасыз ету
Апаттық жағдайларда АИТВ инфекциясын жұқтырудың (биологиялық сұйықтықтармен жанасу, жұқтырылған медаспаптармен және басқалармен тері жабынының бұзылуы) алдын алу мақсатында антиретровирустық препараттармен жанасудан кейін алдын алу қамтамасыз етіледі (жедел көмек станцияларында, ірі стационарларда және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталықтарында анретровирустық препараттардың таусылмас қоры жасалған). Барлығы 2012 жылы жанасудан кейінгі профилактиканы АИТВ жұқтыру тәуекеліне ұшыраған 110 адам алды. Профилактикалық емдеумен қамту 100%-ды құрады.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.2.103. Иммундық статусты анықтау үшін тест-жүйелермен қамтамасыз ету
АИТВ жұқтырған адамдардың иммундық мәртебесін анықтау үшін өңірлерде 211 тест-жүйе жиыны сатып алынды.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.2.104. Вирусты жүктөмені анықтау үшін тест-жүйелернен қамтамасыз ету
АИТВ жұқтырған адамдарда және ЖИТС-пен ауыратын науқастарда вирустық жүктемені анықтау үшін өңірлерде 86 тест –жүйе жиыны сатып алынды.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.2.105. Инъекциялық есірткілерді тутынушыларды алмастыратын терапия опиоидті тәуелділігімен камтамасыз ету
Қазақстан Республикасында алмастырушы қолдау терапиясын (бұдан әрі – АҚТ) іске асыру жөніндегі мәселе ҚР Ішкі істер министрлігінің нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес және қылмыстық-атқарушылық жүйе комитетінің қызметкерлерінің қатысуымен Министрліктің басшылығымен 2012 жылғы 21 маусымда жұмыс кеңесінде талқыланды.
Кеңестің жұмысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Біріккен ұлттар ұйымы есірткі және қылмыс Басқармасының, Жаһандық қордың және АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің өкілдерін қоса, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Министрліктің бастамасымен Колумбия университетінің халықаралық сарапшылары жүргізген «Қазақстан Республикасында опиодты алмастырушы терапия бағдарламасын бағалау» есебі тыңдалды.
Кеңестің жұмысы барысында Қазақстанда 2012 жылы жаңа сайттарды ашумен 2015 жылы АҚТ ұлттық деңгейге шығуымен жобаны кезең-кезеңмен кеңейту туралы шешім қабылданды.
Қазіргі таңда АҚТ бағдарламасы Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Семей, Тараз, Орал, Екібастұз қалаларындағы, Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы наркологиялық диспансерлердің базасында іске асырылуда және 400 пациентке арналған. Жобаны қаржыландыруды Жаһандық ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес қоры жүзеге асырады.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.2.106. Ретровирусқа карсы терапияға АИТВ резистенттілігін анықтау үшін ЖИТС РО референс-зертханаларын тест-жүйелермен қамтмасыз ету
АИТВ вирусының антиретровирустық терапияға резистенттігін айқындау үшін ЖИТС РО-на секвинаторға арналған шығыс материалдары және 3 диагностикалау жиыны сатып алынды
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.2.107. АИТВ жұқтырған тұлғалардың вирустық 2 жүктөмені анықтау үшінЖИТС РО референс-зертханаларын тест-жүйелермен қамтамасызету
АИТВ-жұқтырған адамдардың вирустық жүктемесін анықтау үшін тест-жүйенің 40 жиыны сатып алынды
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.2.108. Глаукоманы ерте анықтаудың тиімділігін арттыру (өңірлерде, Астана және Алматы қалаларында глаукома кабинеттерін ұйымдастыру және жарақтандыру)
Глаукома кабинеттерін жарақтандыру үшін 282,8 мың теңге сомасына біріктірілген лазерлік қондырғы; байланыссыз тонометрлер; компьютерлік периметрлер сатып алынды.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.3.109. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің нормативтік құқықтық актілерін халықаралық стандарттармен және кеден одағының талаптарымен үйлестіру бойынша жумысты жалғастыру
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің нормативтік құқықтық актілерін халықаралық стандарттармен және Кеден одағының талаптарымен үйлестіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде мынадай жұмыс жүргізілді:
1) 27 санитариялық қағида әзірленді және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді;
2) «Қазақстаның ДСҰ-ға кіруі шеңберінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» Дүниежүзілік банктің Жобасының Ғ компонентін іске асыру;қамтамасыз ету бойынша»
3) Кеден одағының тағам саласындағы 2 техникалық регламенті бекітілді:
- «Арнайы тамақ өнімдерінің, диеталық және емдік-профилактикалық тағамның қауіпсіздігі туралы»;
- «Тағамдық қоспалардың, ош иістендіргіштердің және техникалық қосымша заттардың қауіпсіздік талаптыр».
5.3.113. Зертханалық зерттеулерге Бірыңғай базалық тарифтер бойынша бағдарламалық өнімді енгізу (кезең-кезеңмен) және сүйемелдеуді қамтамасыз ету
ҚР ДСМ МСЭҚК-ның 2010 жылғы 29 қарашадағы № 323 «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарындағы қаржыландыру әдістерін жетілдіру туралы» және 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 267 «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет кәсіпорындары көрсететін қызметтердің тарификаторын қалыптастыру және енгізу» (ААЖ-тарификатор) бағдарламалық өнімін енгізу туралы» бұйрықтарына сәйкес
2012 жылғы қаңтардан бастап барлық аумақтық СЭСО-нда мемлекеттік кәсіпорындар зертханалық зерттеулер жүргізген кезде қаржыландырудың бірыңғай базалық ставкасы бар қызметтер тарификаторы енгізілді.
Одан басқа, 2012 жылы орындалуына мониторинг жүргізе отырып, қызметтер тарификаторына түзету енгізілді.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.3.115. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының қызметіне сапаны сыртқы бағалау жүйесін енгізу
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың барлықт деңгейлерінде зертханалық зерттеулер жүргізу сапасын бағалауды көздейтін сапаны сырттай бағалау жүйесі 2011 жылы барлық 16 СЭС орталығына енгізілген болатын.
2012 жылы Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес ССБ жүйесіне тамақ өнімдерінің, балалар тауарларының, радиологияның және т.б. қауіпсіздік сапасын бағалау бөлігінде толықтыру енгізілді.
2012 жыл ішінде сапаны сырттай бағалау шеңберінде СЭС орталықтары 394 жасырын сынаманы зерттеді. Бұл ретте, зерттеу сапасын расталуы 91,1%-ды құрады.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.3.116. 5 жасқа дейінгі балаларды пневмококк инфекциясына қарсы (кезең-кезеңмен) вакцинациялауды жүргізу
Балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау 200 жылы енгізілді. 2010-2012 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының балалары қамтылды.
2012 жыл ішінде пневмококк инфекциясына қарсы республика бойынша 134584 бала вакцинацияның толық курсымен қамтылды.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.3.118. Жұмыс істеп турған орталықтар базасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы, туляремия, бруцеллезді диагностиқалау бойынша мамандандырылған зертханалар желісін ұйымдастыру
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын, сібір жарасын, туляремияны, бруцеллезді диагностикалауды жақсарту мақсатында «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы зертханалық зерттеу бөлігінде жетілдіру туралы» ҚР ДСМ 2011 жылғы 21 ақпандағы № 35 бұйрығы шықты.
2012 жылдың қорытындысы бойынша туляремияға – 2305, геморрагиялық қызбаға – 2846, бруцелезге 7334, сібір жарасына – 1308 зерттеу орындалды.
5.3.120. Қазақстанда аса қауіпті инфекциялардың таралу атласын шығару және жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізу
Қазақстан Республикасында аса қауіпті инфекциялардың таралу атласы 2011 жылы әзірленді, 2012 жылы басып шығарылды.
Осы Атласта:
12 аса қауіпті және зооноздық инфекцияларға сипаттама берілген: оба, тырысқақ, күйдіргі, бруцелез, туляремия, бруцеллез, лептоспироз, иерсиниоз, листериоз, геморрагиялық қызба, кене энцефалиті; инфекциялардың 12 негізгі тасымалдаушылар мен таратушылары сипатталған;
ҚР Ұлттық атласынан карталардың электронды нұсқалары алынып пайдаланылды, ол Қазақстанның табиғи жағдайын кәсіби деңгейде сипаттауға мүмкіндік берді.
Атлас инфекциялық аурулардың кеңістікте және уақытпен таралу заңдылығын, халық үшін қауіптіліктің болуын, техникалық, экономикалық және рекреациялық жобаларды көрсетеді.
5.3.121. Тамақ өнімдері қауіпсіздігі жөніндегі республикалық референс-зертхана және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніңдегі мамандандырылған зертханалар құру
Құрамында гендік-түрлендірілген объектілері (бұдан әрі – ГТО) бар өнімдерді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мақсатында «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы зертханалық зерттеу бөлігінде жетілдіру туралы» ҚР ДСМ 2011 жылғы 21 ақпандағы № 35 бұйрығы шықты.
2012 жылы Дүниежүзілік даму банкінің желісі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау бойынша мамандандырылған зертханаларды және Республикалық референс-зертхананы жабдықтау жүргізілді.
2012 жылы кейіннен персоналды оқыта отырып, он бір санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын 13 атау бойынша 3,5 млн.АҚШ долларына тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша қазіргі заманғы зертханалық жабдықпен жаңғырту жүргізілді.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.3.122. Гендік түрлендірген объектілерді жүргізуді қамтамасыз ету
2012 жылы ГТО-ны анықтау бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізілді. Жыл қорытындысы бойынша СЭСО-ның зертханалары 2185 зерттеу жүргізді, оның ішінде 9 сынамада гендік-түрлендірілген көздер анықталды: 2 сынамада – «Bonduelle» (Ресей) тәтті жүгерісінде және «Коррадо» (Венгрия) тәтті жүгерісінде ГТО белгіленген нормалардан (0,9% астам) жоғары, қалған7 сынамада генетикалық түрлендірілген көздердің құрамы рұқсат етілген нормалар шегінде.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.3.123. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне бактериологиялық және химиялық заттарды анықтауға экспресс-зерттеулерді енгізу
2012 жылы барлық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары (СЭСО) полимерлік тізбекті реакция (ПТР) әдісін игерді және тиісті жабдықпен жабдықталды. Республика бойынша СЭСО-ы бактериологиялық және химиялық заттарды анықтауға барлығы 51340 шұғыл зерттеу жүргізді.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.3.124. АИТВ инфекциясына эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіру, ЖИТС-ке қарсы әрекет ету іс-шаралары мониторингі және бағалау жүйесін нығайту
Шолғыншы эпидемиологиялық қадағалаудың (бұдан әрі – ШЭҚ) серологиялық кезеңін жүргізу үшін скринингтік және сараптау тест-жүйелері сатып алынды. ШЭҚ далалық кезеңі үшін сауалнама көбейтілді. « Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы жағдайларын электрондық бақылау жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 144 бұйрығы бекітілді. Электрондық қадағалау жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру жалғастырылады.
Іс-шараны іске асыру жалғасуда.
5.4.127. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі желісінің үлгілеуді аяқтау
Денсаулық сақтау ұйымдарының желісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №395 ««Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарының желісі мемлекеттік нормативке сәйкес келтірілді.
Желіні үлгілеу аяқталды. Іс-шара орындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |