5.4.141. Жақ-бет саласының туа біткен патологиялары («жырық таңдай», «коян жырық») бар балаларды ортодонтиялық емдеуді косу бөлігінде тегін медициналық көмектін кепілдік берілген
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 Қаулысына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1363 Қаулысына сәйкес 2011 жылдың басынан бастап жақ-бет саласының туа біткен патологиялары («жырық таңдай», «коян жырық») бар балаларды ортодонттық емдеуді косу бөлігінде тегін медициналық көмектін кепілдік берілген көлемі кеңейтілді. 2012 жылға 2295 баланы емдеу үшін 48 195 мың теңге бөлінді.
Іс-шараны іске асыру жалғастырылады.
5.4.142. Жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту
Жедел медициналық жәрдем қызметі үшін 2012 жылы 213,7 мың теңгеге реанимобиль және санитариялық автокөлік сатып алунды.
5.4.144. Аудандық, қалалық және облыстық ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту
Қалалық және аудандық ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2012 жылы 508,3 мың теңгеге ревматологиялық бейінде буындар ауруын емдеу үшін физиотерапиялық кешендер, уретеропиелоскопы бар байланысты лазерлік литотриптер, эндоскоптардың толық желісі бар эндоскопиялық видеотірек, жиынтығында датчиктер бар УДЗ аппараттары, жиынтығында датчиктері, басқару панелі бар УДЗ аппараттары сатып алынды.
5.4.146. Паллиативті көмек пен оңалтуды көрсететін ұйымдардың қызметін жетілдіру
Министрлік паллиативтік көмектің әр түрлі формаларын (амбулаторлық паллиативті көмек, оңтайлы қызметтері дамыту) дамытумен паллиативті көмек қызметін жетілдіру, паллиативті көмекті ұйымдастыру бойынша медициналық және әлеуметтік қызметтердің күштерін біріктіру, паллиативті көмек көрсететін ұйымдар және басқа медициналық ұйымдар арасында мирасқорлықты дамыту жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Республикада хоспис және мейіргерлік күтім ауруханасы (МКА) түріндегі паллиативті қызмет қызметі құрылды. Қазіргі таңда хоспистер немесе хоспистік бөлімшелер ҚР-ның 6 қаласында – Қарағанды, Өскемен, Семей, Қостанай, Павлодар және Алматы қалаларының көпбейінді ауруханалары және онкологиялық диспансерлері жанында қызмет атқаруда. Шығыс Қазақстан облысында МКА (30 төсек), Қарағанды қ. (30 төсек), Алматы қ. (паллиативті көмектің 100 төсегі, соның ішінде МКА 30 төсек) ұйымдастырылды.
Министрлік паллиативті көмекті одан әрі жетілдіру мақсатында қазіргі кезде паллиативті көмек стандартын әзірлеуде.
Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалтуды көрсету ҚР Үкіметінің «Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту, соның ішінде балаларды оңалту ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 15 қарашадағы №1342 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.
Министрлік оңалту жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жүргізуде.
Сүйек-бұлшық ет патологиясы бар науқастарды диагностикалаудың, емдеудің және диспансерге жатқызудың сапасын арттыру үшін диспансерлік науқастар және мүгедектер мәліметтерінің электрондық жүйесі (бұдан әрі – «Д») құрылды, денсаулық сақтау ұйымдарында оперативті емдеуді қажет ететін мүгедектердің тізімі құрастырылды, «Д» науқастарды оңалтудың жоспары құрылды.
Науқастарды одан әрі оңалту және жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру үшін кардиологиялық, кардиохирургиялық, травматологиялық, нейрохирургиялық және неврологиялық бейіндерді қайта бейіндеу бойынша шаралар жүргізілуде.
Халықаралық стандарттарға сәйкес оңалту көмегін, ерте қалпына келтіру емін көрсету мақсатында өңірлерде МҚЖЗ бар науқастарға 20 инсульттік орталық ашылды, мамандар шетелде оқытылды.
ДСБҰЖ аясында жіті жағдайлардан және оперативті әрекеттерден кейін ерте қалпына келтіру емін көрсетудің және медициналық оңалтудың технологиялары енгізілді.
Оңалту қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2012 жылдың 11 мамырында барлық медициналық ұйымдарда оңалту іс-шараларын белсендіру мәселелері жөнінде оңалту, физиотерапия саласындағы барлық мамандардың қатысуымен республикалық мәжіліс өткізілді. Мәжіліске қатысушылар оңалту қызметін жетілдіруге бағытталған негізгі іс-шаралар, нақты айтқанда 2012-2015 жылдарға арналған оңалту қызметін дамытудың консепциясын, оңалту қызметін дамыту бойынша жол картасын, оңалту көмегін көрсетудің стандарттарын, хаттамаларын, алдын алуды ұйымдастырудың, сауықтырудың және халықтың мақсатты топтарына (балаларға, ауыл тұрғындарына, еңбек ұжымдарының мүшелеріне және т.б.) медициналық оңалтуды көрсетудің практикалық ұсынымдарын әзірлеу анықталған резолюцияны қабылдады.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.148. Астана қаласында Сот медицинасы орталығының ғимаратын, Алматы, Қостанай, Жамбыл филиалдарында мәйітханасы бар әкімшілік-зертханалық корпустарының ғимараттарын, Маңғыстау, Ақтөбе, Көкшетау, Талдықорған, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан филиалдарында мәйітханалар салу
Бүгінгі күні Астана қаласыҚабанбай батыр даңғылындағы Сот медицинасы орталығының құрылысының жобасы мемлекеттік сараптаманы өтті және оған 2011 жылғы 15 желтоқсандағы «Мемсараптама» №01-552/11 қорытындысы шықты. 2012 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-шаруашылық агенттігінің №12-ПИР бұйрығымен 5 150,843 млн. теңге соммасымен бекітілген.
Құрылысқа мемлекеттік сатып алу жарыс және бюджеттік қаржыны жоспарланған игермеу бойынша соттың істі қараушылығымен байланысты құрылыс бастауына 2012 жылға республикалық бюджеттің екінші нақтылау кезінде 446 000 мың теңге жалпы сомаға шығындар қысқартылған (15.10.2012 жылдан № 23 РБК.).
Осыған байланысты 2013 жылда объкттің құрылыс бастауына 1 898,7 млн. теңге жарияланды, 2014 жылда жалғастыруға – 2 277,7 млн. теңге ал 2015 жылда аяқтауға 515,1 млн. теңге болжанды.
Шараны жүзеге асыру жалғастыруда.
5.4.149. Медициналық сараптаманың материалдық-техникалық базасын жетілдіру
Ақтөбе филиалының сот-медициналық орталық үшін адамның тұлғалылығын биоидентификациялау үшін геномдық зертхананың жабдықтар жинағы сатып алынған.
5.4.150. Сот-медициналық саратамаларды жүргізудің барлық кезеңдерінде оның қолжетімділігін, тиімділігін және сабақтастығын арттыру
Сот-медициналық қызметінің тиімділігін және сапасын арттыру үшін ҚР бойынша ғимараттарға жөндеу, оларды стандарттар мен талаптарға сәйкес арнайы медициналық жабдықпен жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Ай сайын тексерістер мен ішкі аудит жүргізіледі. Сарапшылар мамандандыру, біліктілікті арттыру курстары мен мастер-кластар есебінен біліктілікті арттырады.
Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.
5.4.152. Зертхана бөлімшелерде жүргізілетін сот-медициналық сараптам алардың сапасын бағалау үшін ISO2009 халықаралық стандарттарын енгізу
Зертханалық бөлімшелерде жүргізілетін сот-медициналық сараптамалардың сапасын бағалау үшін ISO2009 халықаралық стандарттарды енгізу мақсатында сот-медициналық сарапшыларына оқыту жүргізілуде. 2012 жылы шетелде – 26 сарапшы, шеберлік-сыныптарында – 45 сарапшы оқытылды.
5.4.152. Көшпелі жағдайларда қан дайындау үшін мамандандырылған автокөлік сатып алу
2012 жылда Ақмола және Шығыс Қазақстан облысындарда мамандандырылған автокөлік сатып алуға жоспарланған.
Ақмола облысында қаражаттың болмағандығынан, Шығыс Қазақстанда облыстық маслихаттың және әкімшіліктің бюджеттік комиссияның рұқсатты болмағандығынан көлік алынбаған.
5.4.154. Қан препараттарын өндіретін зауыт салу
Келісімшарттық фракциялау жолымен алынған қан препараттарын орталықтандыра сатып алу жөніндегі мәселені шешу үшін, қан препараттарын сатып алу бөлігінде «Тегін медициналық көмектін кепілдік берілген көлемі шеңберінде плазмалық қан препараттарымен қамтамасыз ету үшін плазманы келісімшарттық фракциялауды енгізудің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасы әзірленді.
Осы уақытта қаулы жобасы мүдделі министрліктердің қарауында.
Құрылыс салу жөнділігі жөніндегі мәселе донорлық плазманы дайындаудың ұлттық желісін дамытуға және өз өндірісінің пайдалылығын қамтамасыз ету үшін қажетті көлемдерге жетуге байланысты қарастырылады.
5.4.156. Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын енгізу
Нәтижеге бағыттылған бюжеттік жоспар бойынша пилоттық жоба шеңберінде бюджетті құрастыруға әдістеме құрастыру бойынша жұмыс жасалған.
Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.
5.4.157. Денсаулық сақтау саласына басқарудың ресурс үнемдейтін технологияларын енгізу
БҰДЖ қағидаттарын жүзеге асыру стационарлық сектордағы төсектің нақты қажеттілігін анықтауға, еліміздің барлық жерінде бірыңғай тарифті және халықтың медициналық көмекке қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірыңғай төлемші жүйесінде қатысатын медициналық ұйымдарда БҰДЖ енгізу аз шығынды стационарды алмастыратын технологияларды (бұдан әрі – САТ) одан әрі дамытуға себеп болды.
2012 жылдың алдын ала деректеріне сәйкес 2011 жылмен салыстырғанда амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жанындағы күндізгі стационарлардың және ауруханалық ұйымдардың күндізгі бөлімшелеріндегі/палаталарындағы төсек саны 1439 төсекке ұлғайды, бұл 20380 (2011 ж. - 18941) құрады.
Стационарды алмастыратын технологияларды қолданумен 2012 жылдың алдын ала деректеріне сәйкес 1 152 536 адам емделді (стационарға емдеуге жатқызылғандардан 42,6%), оның ішінде күндізгі стационарларда – 775462 адам (67,3%), күндіз болу бөлімшелерінде/палаталарында – 282 807 адам (24,5%), үйдегі стационарда – 94 267 адам (8,2%).
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.158. Қазіргі заманғы басқару технологияларын қосқанда, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың кәсіби нысандарын кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру
Оқыту менеджменттің тиімді жүйесін енгізудің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Сонымен, есепті жылы жоспарлы түрде денсаулық сақтау саласындағы басқарудың өзекті мәселелері бойынша басқарушы деңгейіндегі 3000 маман оқытылды, денсаулық сақтау менеджерлер және профессорлық-оқытушы құрамы арасынан.
Сондықтан ресурстарды басқару тиімділігін арттыру мақсатында «Бүгін ең үздік – сен, ертең – бәрі» жобасы шеңберінде жаңа оқыту нысаны енгізілді, басқару технологияларын тәжірибеге менеджментпен бірге енгізу мақсатында республиканың ең үздік медициналық ұйымдарының қатарынан «өсу нүктелері» анықталды және дайындалды. Жобаның әрбір қатысушыларының «Бизнес-жоспарларын» әзірлете отырып, аталған «өсу нүктелері» оларды өз кірістері мен шығыстарын тиімді басқару әдістеріне үйретті.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталық негізінде Денсаулық сақтау менеджменті орталығы және бес медициналық жоғары оқу орындарда аймақтық өкілдіктер ашылды.
Үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес денсаулық сақтау менеджменті бойынша іс басқару магистратура (МВА) бағдарламасы жасалды, және оқу басталды. «Қазақстан республиасының денсаулық сақтау менеджері» салалық тоқсан сайын журнал шығарылады.
Шараны жүзеге асыру жалғастырылуда.
5.4.159. Практикаға енгізу үшін қазіргі заманғы әдіснамалық тәсілдер негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі жай-күйін зерделеу және талдау жүргізу
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының шеңберінде консалтингтік компаниялар мынадай бағыттар бойынша ағымдағы жағдайға талдау жүргізді:
- Денсаулық сақтаудың бюджетін және шығынын қалыптастыру, ТМККК қаржыландыру және медициналық қызметті ұсынушыларға ақы төлеу әдістері (саяси және бюджеттік циклдерді үйлестіру бойынша нұсқаулықтар МСАК деңгейінде өңірлердің қаржыландырылуын түзету үшін формулалар әзірленді, медициналық қызметті ұсынушыларға ақы төлеу жүйесін жетілдіруде үлес қосу, оның ішінде КШТ әзірлеу, МСАК қаржыландыру, қызмет түрлері бойынша ТМККК бағасын есептеу үшін модель ұсынылды);
- Денсаулық сақтаудағы менеджментке оқыту (денсаулық сақтау менеджментіне оқытуда әлеуетін бағалау жүргізілді, Ұлыбританияның Ұлттық кәсіби стандарттары негізінде денсаулық сақтау менеджерлеріне қойылатын біліктілік талаптары әзірленді, оларды апробациялау жұмысы жүруде, менеджментке қысқа мерзімнің ішінде оқыту үшін оқу бағдарламалары мен материалдары (базалық және тереңдетілген курстар), денсаулық сақтаудағы менеджмент бойынша магистратура үшін бағдарлама әзірленді);
- Инвестициялық жоспарлау стандарттары (халықаралық стандарттармен Еуропалық Одақ, Австралия, Канада) салыстыру негізінде) Қазақстан үшін ауруханалық секторды инвестициялық жобалауға арналған стандарттар, ауруханалық секторды қайта құрылымдау бойынша нұсқаулық, медициналық қызмет нарқының қажеттілігіне және 2025 жылға дейінгі халықтың демографиялық болжамын талдау негізінде 14 облыс үшін инвестициялық жоспарлар әзірленді);
- Денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу жүйесінің талдау (стационарлар, МСАК, жәдел және жедел жәрдем медициналық көмек ұйымдары, зертханалық, қан қызметтері үшін аккредиттеу стандарттары әзірленді, 20 денсаулық сақтау ұйымында жаңартылған стандарттар мен рәсімдерге пилоттық тестілеу жүргізілді);
- Дәлелді медицина және клиникалық хаттамаларды пайдалануды талдау (талдау негізінде дәлелді медицина орталықтарының желілерін дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді, КХ басымдықпен дайындау бойынша критерийлер әзірленді, өңірлерде топтық оқулар басталды);
- Медициналық білімді басқару және қаржыландыру жүйесін бағалау (халықаралық тәжірибені есепке алумен, медициналық білім ұйымдарын басқару және қаржыландыру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді, бір медициналық ЖОО-ның базасында пилоттық енгізу жоспарлануда);
- Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін дамытуды талдау (ұсыныстар негізінде порталдық шешімдер енгізілуде);
- Фармацевтикалық сектордағы ахуалды талдау (ескірген және тиімсіз дәрілік заттарды жою бойынша Ұлттық Формулярға ұсыныстар енгізілді);
- Амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікті дәрілік қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша ахуалды талдау (талдау негізінде амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жүйесін дамыту, республикалық және жергілікті бюджеттен бағдарламаны қаржыландыру барысында қайталануды жою туралы тетіктер ұсынылды;
- Қауіпсіз тағам өнімдерін бақылау жүйесі бойынша ахуалды талдау (тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша бақылау жүйесін дамыту стратегиясы әзірленді);
- Үй шаруашылығындағы адамдардың денсаулығын зерттеу (республиканың барлық өңірлерінде 12000 үй шаруашылығындағы адамдардың «Үй шаруашылығындағы адамдардың денсаулығын шолу» зерттеуі басталды, 2012 жылы аяқтау жоспарланған. Зерттеуге биомаркерлерді (дене салмағының индексі, артериалды қысым, қандағы холестерин деңгейі) өлшеу енгізілген);
- Медициналық қызметті ұсынатын және алатын медициналық ұйымдарды кешенді зерттеу (денсаулық сақтау саласының қажеттілігін бағалау, жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін талдау үшін 2-кезеңдік зерттеу басталды);
- Дәрілік заттардың қолжетімділігі және бағалау бойынша дәрілердің қолжетімділігіне мониторинг жүргізілуде.
5.4.160. Денсаулық сақтау объектілерін баскаруға жеке меншік компанияларды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және жеке меншік секторды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевтың мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетіктерін пайдаланумен денсаулық сақтау объектілерін салудың пилоттық жобаларын іске асыру бойынша 2012 жылғы 10 қазандағы № 20-45/5248 тапсырмасын орындау шеңберінде өңірлер келесі концессиялық ұсыныстарды енгізді, олардың негізінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің салалық қорытындылары берілетін болады:
1) «Көкшетау қаласында 300 төсектік көп бейінді қалалық ауруханасын салу»;
2) «Алматы қаласында ми инсультіне және ми қанайналымының өтпелі бұзылуларына шалдыққан науқастарға арналған оңалту орталығын салу»;
3) «Орал қаласында «Облыстық клиникалық ауруханасы» ШЖҚ МКК жанында гемодиализ орталығын салу»;
4) «Ақтөбе қаласында Батыс-2 тұрғын-үй массивінде ауысымына 500 науқасты қабылдайтын қалалық емхананы салу»;
5) «Маңғыстау облысы Ақтау қаласында 34 шағын ауданында ауысымына 500 науқасты қабылдайтын калалық емхананы салу және пайдалану»;
6) «Павлодар облысы Екібастұз қаласында 50 төсектік диализ орталығын салу»;
7) «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында ауысымына 500 науқасты қабылдайтын емхананы салу».
Сонымен қатар, «Алматы қаласында «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті» РМКК жанында 300 төсектік көпбейінді клиникалық аурухананы салу», «Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті» РМК жанында 300 төсектік көпбейінді клиникалық аурухананы салу» денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің екі пилоттық жобасын (бұдан әрі – Жобалар) іске асыруды сүйемелдеу бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Қазіргі таңда Жобалар техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу сатысында. Барлық қажетті сараптамаларды өткізгеннен кейін Жобаларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілетін концессияға беру ұсынылатын объектілер тізбесіне енгізу, содан кейін концессионерлерді таңдау бойынша байқау өткізу жоспарланады, нәтижелері бойынша концессия шарттарына қол қойылады және Жобаларды іске асыру келесі кезеңіне көшіріледі.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.161. Әкімшілік тоскауылдарды жою, медициналық ұйымдарды қолдау және ынталандыру бойынша шаралар қабылдау
2012 жылы тексеру жиілігін айына 1 реттен тоқсанына 1 ретке, тоқсанына 1 реттен жарты жылда 1 ретке қысқарту бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер енгізілді.
Мемсанэпидқадағалау органдары беретін рұқсат ету құжаттарын қысқарту бойынша жұмыс жалғасуда:
- Кеден одағының аумағына әкелген кезде рұқсат ету құжаттары берілетін санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімдер тізбесі айтарлықтай азайтылды (81 түрден 11 түрге дейін);
- жұмысқа рұқсат етуді жүзеге асыру және декреттелген контингентті аттестаттау бойынша функциялар бәсекеге қабілетті ортаға берілді;
- Кеден одағы шеңберінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын өнімдерге рұқсат ету құжаты ретіндегі санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қысқартылды;
- қадағалау объектілеріне санитариялық паспорт жойылды;
- лицензияланатын қызмет түрлерінің тізбесі қысқартылды;
- халықты гигиеналық оқыту, санитариялық-эпидемиологиялық сараптау, санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер алынып тасталды;
- рұқсат ету құжаттарын беру үдерісін стандарттау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
5.4.162. Денсаулық сақтау саласында жеке меншік секторды дамыту үшін әдіснамалық базаны жетілдіру
Жоғары сапалы медициналық қызмет көрсетудің кең қолжетімділігі азаматтардың ажырамас құқықтарына жатады және денсаулық сақтау жүйесін жақсы ұйымдастырудың қажетті шарты болып табылады. Қазақстанның экономикалық, қаржылық және өнеркәсіп әлеуетінің өсуі әлеуметтік салаға мемлекеттік шығыстарды елеулі түрде ұлғайту үшін алғышарттар жасайды.
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесімен қатар, соңғы он жылда республикада денсаулық сақтаудың жеке меншік секторын кеңінен дамыту орын алды.
Осыған орай денсаулық сақтаудың жеке меншік секторы да, сондай-ақ мемлекеттік те ұсынатын медициналық қызметтер стандарттарының және сапасының тиісті деңгейде сақталуына тиімді бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттің рөлі күннен-күнге өсіп келеді.
Медициналық статистика көрсетіп отырғандай, Қазақстанда соңғы уақытта жеке меншік медициналық кормпаниялардың саны өсіп келеді, 2013 ж. 01.01 жағдай бойынша олардың саны 1071 (132 аурухана және 939 амбулаторлық-емханалық ұйымдар) жетті, бұл 2011 жылғыдан 4,4%-ға жоғары (1026 бірлік, 126 және тиісінше 900).
Денсаулық сақтау ұйымдарының жалпы желісіндегі жеке меншік медициналық компаниялардың үлес салмағы 29,5%-ды, оның ішінде ауруханалар бойынша 14,7%-ды, амбулаторлық-емханалық ұйымдар бойынша – 34,3%-ды құрайды.
Жеке меншік медициналық секторда 9 985 дәрігер (15,8%) және 13 838 орта медициналық қызметкер (9,4%) жұмыс істейді.
Қазақстанда Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін енгізумен (ДБҰЖ) бірге медициналық қызметтердің жеке меншік өнім берушілерінің саны 2009 жылмен салыстырғанда күрт өсті. Егер 2009 жылы жеке меншік компаниялар (0) жоқ болса, онда 2012 жылы олардың саны 119 (16%) болды.
ДБҰЖ шеңберінде алғаш рет пациентті таңдау құқығы – медициналық ұйымды таңдауды іске асыруға қол жетті, бұл жеке меншік сектордың артықшылықтарының бірі болды. Оны толтыру, қаржыландыру арқылы тарифтің тартымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жеке және мемлекеттік өнім берушілерге арналған тең талаптар жасалды, 2009 жылдан бастап 1,9 есеге ұлғайтылды, сондай-ақ алғаш рет мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасалды.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтаудың ұлттық шоттары жөніндегі есептің деректері бойынша 2011 жыл ішіндегі жеке меншік сектордың денсаулық сақтауға арналған шығындары 310,03 млрд.теңге көлемінде немесе ІЖӨ салыстырғанда 1,15% құрады, онда денсаулық сақтауды мемлекеттік қаржыландыру 657,04 млрд.теңгені немесе ІЖӨ-ге 2,4%-ды құрады. Мемлекеттік және жеке меншік сектор арасындағы денсаулық сақтау шығыстары жөніндегі арақатынас 32 және тиісінше 68 құрады. Бұл ретте жеке меншік секторға азаматтардың медициналық қызметтерге және дәрілік препараттарға жеке тұтынуына арналған шығыстар енгізілген.
Денсаулық сақтауға арналған жеке шығыстардағы ақылы медициналық қызметтердің көлемі 91,16 млрд.теңгені құрады. Денсаулық сақтауға арналған бюджеттік қаражаттың ақылы қызметтерінің үлес салмағы 14%-ды құрады.
Бұл ретте 2010 жылмен салыстырғанда жеке шығыстардың көлемі (290,44 млрд.теңге) 9,3%-ға ұлғайды.
Медициналық сақтандыру денсаулық сақтауды ресурстық қамтамасыз етуді елеулі түрде ұлғайтуға мүмкіндік жасауы мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанда негізінен, ірі ұлттық компаниялар өз қызметкерлері үшін медициналық сақтандыруды сатып алуда. Ұлттық банктің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің деректері бойынша 2012 жылдың 1 қазанында сырқаттанған жағдайда сақтандыру класы бойынша 9,0 млрд. теңге тартылған, бұл небәрі ІЖӨ-ге 0,03%-ын немесе денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 1,2%-ын құрайды.
Сақтандыру қызметтері нарығында сырқаттанған жағдайда сақтандыру бойынша жұмыс істейтін 22 сақтандыру компаниясы бар.
Қазақстанда денсаулық сақтаудың мемлекеттік және жеке меншік секторларын жұмыс істеуін салыстырмалы талдауы мыналарды көрсетті:
- мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көбінесе бюджеттік қаржыландыруда тұр және олардың қаржы-шаруашылық қызметі тиісті мемлекеттік органдармен регламенттеледі. Алайда, мемлекеттік қаржыландырудың көлемі мен өзіндік ерекшелігі әрдайын медициналық ұйымдардың нақты қажеттіліктерін сәйкес келе бермейді.
- жеке меншік медициналық құрылымдар қаржы құралдарын тарту және салу тәсілдерін таңдауда барынша еркін. Сондықтан жеке меншік секторда инвестициялар жаңа технологияларды енгізуге, осы заманғы техникамен жарақтандыруға, мамандардың біліктілігін арттыруға, ілеспе инфрақұрылымдарды дамытуға жиі жіберілуде, көрсетілетін қызметтер тізбесі кеңейтілуде.
Жеке меншік медицинаның мемлекеттік медицинаның алдындағы негізгі артықшылығы біріншісі өз қызметінің бейінін таңдауда және мамандарды жинауды жүзеге асыруда дербестігі болып табылады. Бұл педиатрия, хирургия, стоматология, косметология және басқа да бағыттар бойынша орталық болуы мүмкін.
Денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлер халықтың басым сұранысына ие медицинаның сол бағыттарын дамытуға қызығушылық танытуда және өз кезегінде көп пайдамен қамтамасыз етілуде. Осыған байланысты жеке меншік емханалардың ең көбі бірнеше бағыттар бойынша мамандандырылуда: стоматология, венерология, урология, гинекология, косметология, пластикалық хирургия, гемодиализа қызметтері, аурулар диагностикасы.
Қазіргі уақытта жеке меншік сектор мемлекеттік сектормен бәсекелесе алмайды, мұнда көбінесе көп бейінді болып табылатын ірі медициналық ұйымдар құрылады және ең көп қамтылған халықты қамтамасыз етеді, мемлекет есебінен медициналық қызметтердің кең спектрін көрсетеді. Олардың тар бағыттылығы және пайда алуға бағдарлануы жеке меншік сектордың кемшілігі болып табылады. Сол кезде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қолжетімділік, жалпыға бірдей қамту және әлеуметтік әділдік қағидатын сақтайды.
Сондай-ақ жеке меншік медицинаның проблемалары мыналар болып табылады:
- медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырыс алған жеке меншік медициналық ұйымдар қаражатты еркін жұмсай алмайды, өйткені оларға мемлекеттік ұйымдарға сияқты нормативтік құқықтық актілер таратылады;
- (фармация, стоматология, косметология және офтальмологияны қоспағанда) медициналық қызметтер нарығы жеткілікті түрде дамымаған;
- медициналық жабдықтар паркін жаңарту (қаржылық лизинг жүйесі жеткіліксіз түрде дамыған);
- сақтандыру компанияларының салық салу мәселелері;
- жеке меншік медицинаны және медициналық сақтандыруды дамытуға арналған нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіздігі.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау саласындағы жеке меншік секторды дамытуды ынталандыру жөніндегі нақты шаралар көзделген. Бұл медициналық қызметтердің жеке меншік өнім берушілері үшін артық әкімшілік тосқауылдарды тиісті нормативтік құқықтық базаны жоспарлы жетілдіру, медициналық қызметтердің өнім берушілері арасында бәсекелестіктің дамуын көздейтін ДБҰЖ одан әрі жетілдіру жолымен жою.
Бұдан басқа, Дүниежүзілік Банк бірлесіп қаржыландыратын «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалды реформа жүргізу» атты іске асырылатын Жоба шеңберінде, әлемдік тәжірибені ескере отырып, өнім берушілер автономиясының стратегиясы әзірленуде, онда автономия өнім берушілер тиімділігін арттыруға арналған құрал, басқарудың корпоративтік қағидаттарын енгізудің мүмкіндігі ретінде қаралады, өнім берушілердің дайындық қажеттілігіне қарай автономияға өкілеттік беру тәсілі ұсынылды.
Халықаралық сарапшылар ұсынған тәсіл біртіндеп 5-10 жыл ішінде іске асырылатын болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұзақ мерзімді перспективада денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті енгізу және дамыту бойынша салалық стратегияны қабылдайтын болады, бұл ретте медициналық және медициналық емес қызметтерді жобалау, салу, пайдалану, сенімгерлік басқаруға беру, көрсетуді қоса алғанда, МЖӘ халықаралық танылған схемаларын пайдалану көзделіп отыр.
Жеке меншік компанияларды мемлекеттік және ведомстволық медициналық объектілерді басқаруға, объектілерді, жабдықтарды жалға беруге тарту жоспарлануда.
Осы жұмыстың шеңберінде мемлекет тарапынан да, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы жеке инвестицияларды пайдалануда да, қаржыландырудың әртүрлі көздері бар көптеген құрылысы бар медицина енгізілетін болады.
Реттегіш тетіктер қайта қаралатын болады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жеке сектор үшін тартымды медицинаны жасау үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады.
Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.
Достарыңызбен бөлісу: |